3.33M
Категория: ПсихологияПсихология

Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі

1.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Тақырып № 2
Бухгалтерлік есептің пәні
мен әдісі
Лектор: э.ғ.к., доцент Қажмухаметова А.А.
Нұр-Сұлтан, 2022 г.

2.

Дәрістің
мақсаты
бухгалтерлік
тұжырымдамаларын, қағидаларын және
қарастыру.
.
есептің
әдістерін
Дәріс сұрақтары:
1. Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамалары
2.
Бухгалтерлік
есеп
тұжырымдамалары
және
бухгалтерлік есеп қағидалары.
2. 3. Бухгалтерлік есеп әдістері.
2

3.

«Махаббат, музыка және
бухгалтерлік есеп – мәңгілік!»
В.К. Радостовец
Есеп білген ұтылмас !
3

4.

1. Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамалары
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір
әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп,
тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен
бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта
істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның
болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте
қажетті жүйе болып табылады.
Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу
экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып
табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға,
сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де
ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық
үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады.
Ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ
шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы
4
экономикалық талапқа сай бухгалтерлік
есептің негізі болып табылады.

5.

Бухгалтерлік есептің мақсаты - барлық ұйымдарды
орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың
қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына бақылау жасау.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің міндеттері:
ұйымдағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың
заңдылығы,
шығындардың орынсыз жұмсалынбауы,
қорлардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы.
5

6.

Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет
атқарады:
болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып
жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ
оны керек уақытына дейін сақтайды;
қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы
беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы
деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім
қабылдайды.
6

7.

Бухгалтерлік есеп – бұл барлық шаруашылық операцияларды
тұтастай, үздіксіз құжаттық бейнелеу жолымен ұйымның
қаржылық шаруашылық қызметі туралы ақпараттарды жинақтау,
тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі.
Бухгалтерлік есеп үш түрге бөлінеді:
Қаржылық есеп - кәсіпорындардың қаржы ресурстарының
болуы мен қозғалысын есепке алу, ішкі және сыртқы
пайдаланушылар пайдаланатын есептік ақпаратты дайындау
процесі.
Басқару есебі - бұл басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті
ұйымның және оның ішкі құрылымдық бөлімшелерінің
экономикалық қызметі туралы ақпаратты жинау, тіркеу,
жалпылау және ұсынудың реттелген жүйесі.
Салық есебі – ҚР Салық кодексінде көзделген тәртіпке сәйкес
топтастырылған бастапқы құжаттардың деректері негізінде
салық базасын анықтауға арналған ақпаратты жалпылау жүйесі.
7

8.

8

9.

Бухгалтерлік есеп объектілері:
- мүліктің түрлері,
- ұйымның міндеттемелері,
- шаруашылық операциялар.
Есепете
қолданыдатын
өлшемдер:
- ақшалай,
- еңбек,
- сандық (натуралды)
Есепті кезең:
- 1 ай,
- квартал,
- жарты жыл,
- 1 жыл
9

10.

2. Бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары және бухгалтерлік
есеп қағидалары
Бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп
жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың
ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің
әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын
анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
стандарттарының қай-қайсының болмасын өз мақсаты, қолданылу
аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және
мазмұны болады.
Бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамалары:
- ақшалай өлшеу,
- жеке кәсіпорын,
- жұмыс істеп тұрған кәсіпорын,
- құны бойынша есепке алу,
- қос жазу,
- есептік кезең.
10

11.

ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы»
Заңына сай бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық
есептілікті жасау қағидалары есептеу мен үздіксіздік болып
табылады.
Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары
түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық
болып табылады.
Тәжірибеде келесі есептік қағидалары сақталады:
мәнділік, маңыздылық, әділетті әрі тура көрсету,
бейтараптық, сақтық, толықтылық, дәйектілік.
11

12.

3. Бухгалтерлік есеп әдістері
12

13.

Бухгалтерлік есептің әдістері:
құжаттау,
түгендеу,
бағалау,
калькуляциялау,
шоттар,
екі жақты жазу,
баланс,
есептілік
13

14.

Құжаттау – жасалған уақытта шаруашылық опреацияны
алғашқаны тіркеу. Бухгалтерлік есепің айрықша белгісінің өзі осы –
құжаттау. Бухгалтерлік есепте шаруашылық операция құжаттарда
бейнеленуі керек. Қазіргі уақыттағы жетілген бағдарламалардың
арқасында (1-С бухгалтерия, Фаворит, т.б.) құжаттаудың барлығы
компьютерлерде жүргізіледі.
Түгендеу – іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп
мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің тәсілі. Түгендеу кәсіпорын
мүлкінің дұрыстығын анықтау үшін қажет. Түгендеуге негізгі
құралдар, материалдық – товарлық бағалықтар, ақшалай қаржылар
жатқызылады. Түгендеу белгіленген уақытта, материалды жауапты
адам ауысқанда, тергеу орындарының, аудитордың талабымен
өткізіледі.
14

15.

Шот – мүлік және оның құрылу көзі туралы ағымдағы
ақпарат жинақталатын экономикалық топтама. Бухгалтерлік есеп
әдісінің элементі бола отырып, счет біртекті экономикалық
белгілер бойынша шаруашылық операцияларды топтауда маңызды
роль атқарады. Қосарлы жазу – бухгалтерлік есеп счеттарында
шаруашылық операцияны тіркеудің тәсілі.
Шаруашылық операция бір сомада екі счетта жазылады.
Екі жақты жазу - бухгалтерлік есепте шаруашылық
операциялар
счеттар
көмегімен
(синтетикалық
және
аналитикалық) қосарлы жазу әдісімен жүргізіледі. Бір сома екі
шотың өзгерісін көрсетеді.
Бағалау – кәсіпорын мүлкін және олардың қайнар көздерін
ақшалай өлшеу тәсілі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыс
құрылуы үшін бағалау процесі дұрыс жүруі керек. Мүлікті
бағалаудың негізінде нақты шығынлар жатады.
Калькуляция - өзіндік құнды анықтау мен шығындарды топтау
тәсілі. өнімнің өзіндік құнын есептеу - өнімнің бір өлшеміне
кеткен шығындарды ақшалай формада көрсету.
15

16.

Бухгалтерлік баланс – қасіпорының мүлкі туралы ақпаратты
жинақтау және топтау тәсілі. Кәсіпорын қаржылары бухгалтерлік
баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді. Біріншісі кәсіпорын
қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден
құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы
керек.
Есеп берушілік – белгіленген кезеңде (ай, квартал, жыл)
кәсіпорынның, өндірістік – шаруашылық, қаржылық қызметін
сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Есеп берушіліктің көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдау үшін қажет.
16

17.

17
English     Русский Правила