2.36M
Категория: ЭкономикаЭкономика

Макроэкономика

1.

2.

Қарастырылатын сұрақ:
1.Макроэкономика түсінігі
2.Негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштер

3.

Макроэкономика - экономикалық
теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі.
Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер
менэкономикалық өрлеу, жұмыспен
қамтылу, инфляция мәселелерін,
жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді,
сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын
зерттейді.

4.

Макроэкономика ғылымының өзіне
тән зерттеу әдістері бар.
Әдіс – белгілі бір нақты ғылымның
пәнін зерттеу тәсілдерінің,
амалдарының, формаларының
жиынтығын, яғни ғылыми зерттеудің
нақты құралдары.
Макроэкономикалық талдаудың ерекше
әдісі агрегаттау. Агрегаттау – берілген
экономикалық құбылыстар мен үрдістерді
біртұтас жиынтық ретінде жалпылама түрде
көрсету және біріктіру.

5.

Макроэкономикалық үлгі —
әртүрлі экономикалық құбылыстар мен
үрдіс арасында пайда болатын
функционалдық байланыстарды
айқындау мақсатында құрылған
жүйеленген сипаттама.

6.

Экзогенді айнымалылар – зерттеуден бұрын белгілі бастапқы
ақпарат. Олар үлгіден тыс қалыптасады. Сондықтан оларды
сыртқы айнымалылар деп те атайды. Экзогенді айнымалылар
үлгіде тәуелсіз шамалар болып табылады, экзогенді
айнымалылардың өзгеруі автономдық өзгерістер деп
аталады.
Эндогенді айнымалылар –үлгілеу барысында есептеулердің
нәтижесінде анықталатын айнымалылар. Олар экзогенді
айнымалылардан тәуелді болып табылады. Эндогенді
айнымалылар - үлгіні шешудің нәтижесі.
экзогенді
айнымалылар
Үлгі
эндогенді
айнымалылар
келтірілген сызба экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді
айнымалылардың шамасына қалай әсер ететіндігін көруге мүмкіндік береді.

7.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:
ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;
инфляция мен инфляция қарсы саясат;
экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
экономикалық дамудың циклдары;
мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

8.

9.

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ЖАТАТЫНДАР
жалпы ұлттық өнім
(Ж.Ұ.Ө.)
жалпы ішкі өнім
(Ж.І.Ө.)
таза ұлттық өнім
(Т.Ұ.Ө.)
ұлттық табыс (Ұ.Т.)
Қолда бар табыс
(ҚБТ.)

10.

11.

12.

Табыс
бойынша
Шығын
бойынша
Қосылған
құн
бойынша
Бұл жағдайда ЖІӨ экономикалық ресурстардың меншік
иелерінің табыстарының қосындысы ретінде, яғни
факторлар табыстарының қосындысы түрінде анықталады.
Халық, корпорациялар табыстары, жинақтаулар
пайыздары, мемлекеттің іскерлік табыстары, импортқа
және өндіріске салығы түріндегі табысытарының
қосындысы;
Барлық макроэкономикалық агенттердің шығындарының
қосындысын көрсетеді. Үй шаруашылығының пайдалану
шығыны, фирмалардың инвестициялық шығыстары,
мемлекеттің тауарлар сатып алу шығыстары, қызметтер мен
инвестициялар және таза экспорт (эспорттан импортты
алып тастағандағы) қосындысы
Барлық макроэкономикалық агенттердің шығындарының
қосындысын көрсетеді. Үй шаруашылығының пайдалану
шығысы, фирмалардың инвестициялық шығыстары,
мемлекеттің тауарлар сатып алу шығыстары, қызметтер
мен инвестициялар және таза экспорт (эспорттан
импортты алып тастағандағы) қосындысы

13.

Шығыстар бойынша
ЖҰӨ = С + I + G + NX,
мұндағы С – үй шаруашылықтарының жеке
тұтынушылық шығыстары,
I – жалпы инвестициялар,
G – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу,
NX – экспорт (X) пен импорттың (Z) айырмасына тең
тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.

14.

Табыстар бойынша :
ЖҰӨ =W+R+I+P;
Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының
жалақысы,
R – ренталық төлемдер,
I – жинақ капиталының пайызы (%),
P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

15.

Мысалы, Қазақстан территориясында шетелдік
компания шығарған мұнайдың құны еліміздің ЖІӨ
есептеліп, оның ЖҰӨ ескерілмейді. ЖҰӨ = ЖІӨ +
шетелден түсетін таза факторлық табыстар Жабық
экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі.
Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп
көрсетуге болады:
Барлық экономикалық агенттер табысының
жиынтығы.
Өндіріс тауарлары мен көрсетілген
қызметтердің жалпы шығын көлемі.

16.

Жалпы ұлттық өнім – экономика жағдайын
сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда
үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс
тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған
сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі,
өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі, өндірістік
және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.
Жалпы ұлттық өнім экономикадағы табыс пен
өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл
өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика
үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек.

17.

ЖҰӨ
өлшеудің
әдісі
қосылған құн
арқылы
бір жыл ішіндегі
қосылған құндар
сомаланады
Өндірістік
шығындар
бойынша
жыл көлемінде
жұмсалған барлық
шығындар сомасы
да ЖҰӨ береді
кірістер
бойынша
жыл көлеміндегі
барлық кірістер
сомаланады

18.

ЖҰӨ нің номиналды, реалды, потенциалды
түрлерін ажыратып қарауға болады.
Номиналды ЖҰӨ ағымдық бағамен есептелген
ЖҰӨ.
Реалды ЖҰӨ баға индексіне (дефлятор)
түзетілген номиналды ЖҰӨ.
Баға индексі ағымдағы жылғы тауарлар мен
қызметтер бағаларының базалық жылдағы сондай
бағаларға қатынасы.
Потенциалды ЖҰӨ толық жұмыспен
қамтамасыздық жағдайына сәйкес келетін ЖҰӨ.

19.

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның
қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген
барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Экономикалық теорияда
жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы
ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның
номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін
номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту
арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.
Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық
өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.
English     Русский Правила