Макроэкономикалық тепе-теңдік
122.91K
Категория: ЭкономикаЭкономика

Макроэкономикалық тепе-теңдік

1. Макроэкономикалық тепе-теңдік

Орындаған: Оспан Жансая
Тобы: 3 бух «А»

2.

Жиынтық сұраныс
Жиынтық ұсыныс
Макроэкономикалық тепе-теңдік
Мультипликатор

3.

Жиынтық сұраным дегеніміз - белгілі бір баға деңгейімен
ұсынылған жалпы тауарлар мен қызметтер көлеміне
сұраныс. Ол тұтынушылардың, кәсіпорындардың,
мемлекеттің жалпы сұранысын көрсетеді.
Жиынтық сұраным инфляция деңгейімен сәйкестендірілген
нақты ЖҰӨ элементтерінің ақшалай сұранымын
көрсетеді. Ақшаның сандық теориясына сәйкес, жиынтық
сұраным (АД) келесі формула бойынша есептеледі:
.
MV=RY
M- ақша ұсыныс;
V- ақша айналымының жылдамдығы ;
R- баға деңгейі;
Y- өндірілген өнім және көрсетілген қызмет
саны.

4.

Жиынтық сұранымға әсер ететін факторлар:
Процент ставкасы;
Инфляция деңгейі;
Импорттық тауарлар санының өсуі;
Тұтынушылар күтімі;
Қалыптасқан салықты инвестициялық режим.

5.

Жиынтық сұраныс өзгеруіне екі фактор әсер етеді:
Бағалық факторлар:
• байлық салдары
(Пигу эффектісі)
• пайыздық
ставканың салдары
(Кейнс эффектісі)
• айырбас
бағамдарының
салдары (МанделлФлеминг
эффектісі)
Бағалық емес
факторлар:
• тұтынушылар
шығыны;
• инвестициялық
шығындар;
• мемлекетттік
шығындар;
• таза экспорттық
шығындар.

6.

Жиынтық ұсыным дегеніміз - өндірілген ұлттық
өнімнің барлық элементтерінің ақшалай көрінісіндегі
ұсынымның топтастырылған деңгейі.
Жиынтық ұсыным - бұл қалыптасқан баға деңгейіне
сәйкес ұсынылатын және
өндірілетін тауарлар
менқызметтердің жалпы саны.
Баға деңгейі мен жиынтық ұсыным арасында тура
қатынас болады. Баға деңгейі өскен сайын ұсыным да өседі.
Баға индексін есептеу үшін нақты уақыттағы
анықталған жиынтықтағы тауарлар мен қызметтердің
жиынтық бағасын базалық уақыттағы сондай тауарлар
мен қызметтердің жиынтық бағасына бөлеміз.
Жиынтық ұсыным құрылған ұлттық өнім мөлшері мен
баға өзгеруінің ұдайы өндірісін көрсетеді.

7.

Жиынтық ұсынымның өзгеруіне әсер ететін факторлар:
шығынның үлестік деңгейі;
өндіру деңгейі;
өндіріс факторлары жүйесіндегі өзгерістер;
өндірістік аппараттағы, ғылыми-техникалық, интелектуальды
және ұлттың мәдени-білім деңгейіндегі өзгертулер;
мемлекеттік саясат.

8.

Жиынтық сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдікті
қамтамасыз ететін инфляция қарқыны мен нақты ұлттық өнім
көлемі (баға өзгеріссіз қалған кездегі өнім құны) экономиканың жалпы
макроэкономикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Жиынтық сұраным
жиынтық ұсынымға тең болғанда, экономикалық тепе-теңдік
қалыптасады.
Кез-келген ұлттық экономикада нақты ЖҰӨ көлемінің өсуі,
инфляциялық процестердің жылдамдауына алып келеді.
Егер де нақты ЖҰӨ-нің ағымдағы өндірісі белгіленген потенциалдан
төмен болса, онда жұмыссыздық деңгейін, жиынтық сұранымды
өсіруді ынталандыру арқылы төмендетуге болады.
Мұндай жағдайға жету үшін, мемлекеттің экономикалық
саясатының 3 негізгі құралы қолданылады:
- салықтарды төмендету;
- ақша массасын көбейту;
- мемлекеттік шығынды өсіру.

9.

Мультипликатор дегеніміз – ұлттық табыс өсімімен
осы өсімге әкелетін шығындардың арасындағы тікелей
тәуелділікті көрсететін сандық көрсеткіш.
Инвестиция мен мемлекеттік шығындар ЖҰӨ-нің өсуіне
қатаң әсер етуі – мультипликаторлық эффект деп
аталады, ал осы әрекеттерді бейнелейтін үлгі –
мультипликатор үлгісін көрсетеді.
Шығын көздеріне тәуелсіз (жеке инвестиция I немесе
мемлекеттік шығындар G) экономикалық агенттердің
қосымша тұтыну шығындары жоғарылаған сайын,
мультипликатор эффектісі жоғарылайды. Ал жинақтауға
икемделу жоғары болған сайын, эффект төмендейді.

10.

Мультипликатор үлгісін төмендегідей көрсетуге болады:
∆ Y = k∆F.
Мұндағы:
∆ Y- ұлттық табыс өсімі;
k – сандық коэффициент немесе мультипликатор;
∆F – қосымша шығын.
Экономикалық жүйеге түсетін қандай да қосымша шығын
экономикалық агенттердің көрсететін қызметтері мен
тауарлардына алатын төлемдері – олардың табысы болып
табылады. k = 1/1-MPC –шығын мультипликаторы.
English     Русский Правила