С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
376.01K
Категория: МедицинаМедицина

Жұлынның тамырлық аурулары

1. С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Неврология кафедрасы
Презентация
Тақырыбы: Жұлынның тамырлық
аурулары.
Орындаған: Мұқай Р.А.
Факультет: ЖМ-Терапия
Курс: 6
Тобы: 602-2к
Тексерген: Раимкулова К.Б.

2.

Жоспары:
І. Кіріспе:
ІІ. Негізгі бөлім:
Жіктелуі
Эпидемиологиясы
Клиникасы
Диагностикасы
Емі.
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

3.

Жіктелуі:
Жедел — кенеттен пайда болған: Ишемиялық
және Геморрагиялық жұлындық инсульт;
Өткінші (транзиторлы) — жұлын миының
қанмен қамтамасыз етілуінің кенеттен
бұзылуы,мұнда дамитын симптомдар сол сәттен
бастап бір тәулік ішінде жоғалады. Оларға: Аққан
тамшы синдромы(Cиндром «падающей
капли»),Унтерхарншейдт синдромы, Миелогенді
ауыспалы ақсақтық (Миелогенная
перемежающаяся хромота), Каудагенді ауыспалы
ақсақтық (Каудогенная перемежающаяся
хромота);
Созылмалы — ұзақ уақыт өтеді, баяу күшейе
түседі: созылмалы миелоишемия.

4.

Эпидемиология: Өлімнің, мүгедектіктің және еңбекке
қабілетсіздіктің көбіне себебі жүйке-жүйесінің
аурулары.АҚШ-та жыл сайын 750000 адам церебральды
инсультпен ауырады. Ал Ресейде жыл сайын 450000
ауырады, оның 1/3-інің соңы өліммен аяқталады.

5.

Созылмалы миелоишемия-жұлын миының
созылмалы қанмен қамтамасыз етілуі белгілі бір
уақытта өтпелі көріністермен басталады.Егер қанмен
қамтамасыз етілуінің бұзылысы жұлын миының
жоғарғы бассейнінде болса, онда мойынның, дененің
жоғарғы бөлігінің, диафрагманың ерікті қозғалысы
және дененің жоғарғы бөлігінің сезімталдығы
бұзылады. Ал созылмалы миелоишемия төменгі
бассейнде болса, онда перифериялық, орталық
немесе аралас төменгі парапарез, сегмент арқылы
аяққа таралатын сезімталдықтың бұзылысы,
жамбастағы мүшелердің қызыметінің бұзылысы,
трофикасының бұзылысы дамиды. Жедел түрінен
айырмашылығы диффузды зақымданулар болады,
және көбіне жұлын миының мойын және бел бөлігінің
қалыңдауымен жүреді.

6.

7.

Жұлын миының қанмен қамтамасыз етілуінің
өткінші бұзылыстары.
Клиникалық көріністері:
А) “Аққан тамшы синдромы” (синдром “подающей
капли)– басын тез бұрып немесе шалқайғанда
кентеттен аяқ пен қолда пайда болатын әлсіздікпен
көрінеді.Есі сақталады, көбінесе науқастар мойын
мен шүйде бөлігінде болатын ауырсынуға
шағымданады.2-3 мин соң аяқтағы күш қалпына
келеді. Қолдағы терең рефлекстер әлсірейді немесе
болмайды. Оншақты минуттан кейін неврологиялық
статус қалпына келеді.Бұл симптомдар жұлынның
мойындық бөлігінің айқын дегенеративтідистрофиялық зақымдануынан болады.

8.

Б)Унтерхарншейдт синдромы- кенеттен болатын аяқ
пен қолдың параличі және қысқа уақытқа есінен
танумен(2-3 мин) көрінеді.Есін жиғанда аяқ- қолын
қимылдата алмайды. 2-3 мин соң науқастың аяғындағы
еркін қозғалыстар қалпына келеді, науқаста осы жағдай
қайта қайталанама деген үрей дамиды. Ұстама
арасында науқас ауырлықты, мойын омыртқа
деңгейіндегі ауырсынуды сезеді.Остеохандроз
симтомдары, ишемия, жұлынның мойын бөлігінің
қалыңдауы,сонымен қатар ми түбіршегінің зақымдалуы
дамиды.

9.

В)Миелогенді ауыспалы ақсақтық –ишемия жұлын
миының төменгі бассейнінде болғанда дамиды.
Клиникасында науқас ұзақ жүргенде немесе физикалық
күш түскенде аяғында әлсіздік және ұю пайда болады.
Науқас 5-10 мин кейін тыныштық жағдайда басылып,
науқастың қайта жүруіне болады. Неврологиялық
статуста: науқастың аяғындағы әлсіздік, тізе және ахил
рефлекстің әлсіреуі, балтыр бұлшықеттерінің
гипотонусымен, кейде Бабинский рефлексімен көрінеді.
Г) Каудогенді ауыспалы ақсақтық-туа немесе жүре
пайда болған омыртқалық каналдың бел бөлігінің
тарылуы нәтижесінде болады. Мұндай науқастарда
парестезия дамиды. Неврологиялық статуста бірнеше
бел-сегізкөз рефлексі пайда болады. Бел лордозының
тегістелуімен, омыртқаның бел бөлігінде қозғалыстың
шектелуімен көрінеді.

10.

Ишемиялық жұлындық инсульт- ер және әйел
адамдар арасында бірдей деңгейде 30 бен 70 жас
аралығындағылар бірдей ауырады. Клиникалық
ағымы бірнеше сатыға бөлінеді: алғаш пайда болу
кезеңі, инсульттің даму кезеңі, кері даму кезеңі,
резидуальді көрініс кезеңі. Клиникалық көрінісінің
бірнеше түрлері кездеседі:

11.

а) Жұлын миының вентральды бөлігінің ишемия синдромыжедел дамитын аяқтың салдануымен , диссоцирленген
паранестезиямен, жамбас қуысындағы мүшелердің
қызыметінің бұзылуымен көрінеді. Егер ишемия жұлын
сұйықтығының мойын бөлігінде таралса паралич(парез)
қолдарында әлсіздік, ал аяқтарында спастикалық парездер
дамиды. Ишемия кеуде бөлігінде таралса аяқтарында
спастикалық парапарез, бел-сегізкөзде миелоишемия
дамиды.Ишемия бел-сегізкөзде болса, аяқтарында әлсіз
параплегия арефлексиямен, зәр мен нәжістің болмауы
байқалады. Бұл симптомакомплекс Станиловский-Танон
синдромы деп аталады.
Б)Алдыңғы ишемиялық полиомиелопатия синдромы- жұлын
миының вентральді бөлігінің зақымдануында дененің жоғарғы
немесе төменгі бөлігінің белгілі бір бұлшықет топтарының әлсіз
парезімен,
арефлексиямен,атрофиясымен,Электромиографиядағы (ЭМГ)
өзгерістермен көрінеді.

12.

В)Ишемиялық Браун Секар синдромы –зақымданған
жақта буын-бұлшықет сезімталдығының сақталуы.
Г)Центромедуллярлы ишемия синдромы
Д)Алдыңғы және бүйірлі баудың бүйірлік зонасындағы
ишемия синдромы-аяқтағы спастикалық парезбен,
мишықтық атаксиямен көрінеді.
Ж)Бүйірлік амиотрофикалық склероздың ишемиялық
синдромы- көбіне жұлын миының жоғарғы артериялық
бассейнінде дамиды.Клиникасында қолдың дистальді
бөлігіндегі әлсіздік, қолдың ұсақ бұлшықеттерінің
атрафиясы,терең рефлекстердің
жоғарылауымен,патологиялық саусақтық және табандық
(қолғап, шұлық) белгілермен көрінеді.
З) Уиллямсон синдромы-бұндай науқастарда бір
немесе екі жақты сенситивті атаксия,аяқта әлсіз
спастикалық парез, сегментарлы гипестезия дамиды.
И) Жұлын миының көлденең ишемиялық синдромы.

13.

Геморрогиялық жұлындық инсулть-клиникалық көрінісі
гематоманың таралуына байланысты дамиды.Сәйкес
бұлшықет топтарының парезі, жамбастағы
мүшелердің қызыметерінің бұзылыстары
болады.Мойын аймағындағы сегменттерідің
гематомиелиясында жоғарыдағы бұзылыстармен бірге
тыныс алу бұзылыстары байқалады.

14.

Диагностикасы: науқастың шағымына,
басталғанына, ағымына, клиникалық
симптомдарына және неврологиялық статусына
және қосымша зерттеулерге сүйене отырып,
диагноз қойылады. Сондай-ақ ангиография,КТ,
МРТ, ликворды тексеру үшін жұлын сұйықтығына
пункция жасалады, мұнда жұлын сұйықтығының
қысымының жоғарылауы және белок деңгейінің
жоғарылағандығы анықталады.

15.

Емі: Жұлын миының қанмен қамтамасыз етілуінің
бұзылысында этиотропты және патогенетикалық ем
қолданылады.
Жұлынның қанмен қамтамасыз етуінің бұзылысының
жедел кезеңінде жүрек қызыметін, АҚ,микроциркуляцияны
және жұлын миы тінінің нейронының метоболизмін
жақсартатын(реосорбилакт, пентоксифиллин, сермион,
кавинтон, дипиридамол, ксантинола никотинат, цераксон
(цитиколин), ноо-тропил (пирацетам), церебролизин,
актовегин), жұлын миы ісінуінің алдын алатын (маннитол,
фуросемид, глицерин) дәрілік заттар тағайындалады. Одан
басқа аз дозада гепаринизация (гепарин — 5000 ЕД 4 рет
тәулігіне тері астына кіндік маңы аймағына) 7 тәулік
жүргіземіз, сосын - 2500 ЕД тәулігіне 4рет 5-7 күн немесе
төменмолекулярлы гепарин (фраксипарин, клексан). Егер
науқастың аортасы зақымданса, онда емдеу тактикасы
хирургиялық ота жүргізіледі. Міндетті түрде төсектік режим.
Қалпына келу кезеңінде антихолинэстераза препараттары
(прозерин, нивалин, нейромедин), бұлшықет тонусын
төмендететін дәрілік заттар (мидокалм, баклофен, меликтин,
сирдалуд), физикалық емдеу тәсілі, массаж, емдік
физикалық жаттығулар тағайындалады.

16.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Кайшибаев С.К.
«Неврология І,ІІ бөлім»
Алматы 2009 жыл.
Надирова К.Г. Дарибаев Ж.Р.
«Клиникалық невропатология».
Қарағанды 1995 жыл.
http://kazmedic.kz/archives/3037
English     Русский Правила