Похожие презентации:
Мұнай тотықтырушы микроорганизмдерден препараттар алу
1. Мұнай тотықтырушы микроорганизмдерден препараттар алу
Орындаған:Қалдасов АМБТ 13-04
Тексерген:Кистаубаева А.С
2. Кіріспе
• Tопырақ жамылғысының мұнаймен ластануы үлкенэкологиялықмәселелерінің негізгі көзі болып отыр.
Слайдта көрсетілгендей топырақтың мұнай және
мұнай өнімдеріменластануы қазіргі кезде Қазақстан
үшін ең өзекті мәселенің бірі. Мұнай шикізаттарын
барлауда, өндіруде,дайындауда, өңдеуде және
тасымалдауда қоршаған ортаның мұнаймен
ластануы экономикалық және экологиялық
шығындарға алып келеді. Мұнайды ыдыратуда
микроорганизмдер үлкен рөл атқарады. Қазіргі
кезде әлемде қоршаған ортаны мұнай және мұнай
өнімдерінен тазалауда, мұнай көмірсутектерін
қолдану белсенделігі жоғары микроорганизм деструкторларға негізделген биотехнологиялық
тазалау әдістері қарастырылған.
3. Микроорганизм түрлері
• Жалпы микроорганизм түрлеріне келетін болсақ олардынөмір сүру ерекшеліктері болады.Олар-Micrococcus varians
PR 69, Micrococcus roseus УД 6-4, Rhodococcus erythropolis
, Dietzia sp. МВЗ, Dietzia maris, Dietzia sp., Arthrobacter
,Bacillus sp. - Micrococcus roseus, Bacillus sp., Bacillus sp.,
Bacillus sp.
• Саңырауқұлақтар
• Aspergillus,
• Candida
4. Препараттарды шығару жолдары
Биопрепараттар — адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда,
оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше
биологиялық қосылыстар.Прототип ретінде алынған лабораториялық әдіс
мұнайтотықтырғыш микроорганизмдердің таза дақылдарын тығыз минералды ортада
дақылдау әдісі жақын болып келеді. Бұл минералды орта тұз микроорганизмдерінің
дамуы үшін барлық жағдайға ие және құрамында ешқандай органикалық заттар
болмайды. Мұнайтотықтырғыш микроорганизмдердің мұндай ортада дамуы үшін кез
келген көмірсутек немесе мұнай енгізу қажет. Тығыз минералды ортаны сұйық
минералды ортаға микробиологиялық агарды қосу арқылы дайындайды (20г 1л-ге ).
Зерттеу материалынын екпелерін Петри табақшасында жасайды, ерітілген және
салқындатылған агарлы минералды ортаның жұқа қабатымен бетін құяды, кейіннен
Петри табақшасының қақпақшаларын бірнеше секундқа ашып қояды, және кейін оның
бетіне жұқа қабатпен алдын ала дайындалып қойылған стерилденген көмірсутек құяды,
осылайша оның беті біртегіс жабылады (1,1 мм қалыңдықтан артық емес). Жеке
көмірсутектерді жұқа етіп жағатын күрделі әдістер түрлері белгілі. Биологиялық
препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі — мал азықтық ашытқылар басқа
микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі
қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни
олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін
қамтамасыз етеді.
5. Препарат түрлері
Бактериалды препарат –биодеструктор
БАК- Верад® (ТУ 9291-003-812790532014). Бұл препарат мұнайлы
көмірсутектермен ластанған топырақ
беттері мен сулы объектілерді
экологиялық қауіпсіз тазартуға арналған
микробиологиялық реагент,
биодеструктор немесе бактериялар
ассоциациясы.
Rhodococcus , Pseudomonas . Бұл
табиғи, улылық қасиеті жоқ, патогенді
емес, селекциялық жағынан
жақсартылған микроорганизмдер тобы,
олар күрделі көмірсутек қосылыстары
мен олардың ыдырау өнімдерінің
критериялары бойынша таңдап
алынған.
Биопрепараттың құрғақ
ұнтақты немесе сұйық формадағы
концентраты тірі
көмірсутектотықтырғыш
микроорганизмдердің штаммдарының
жиынтығынан құралады, титрі 1 x 10 в
10-11 КОЕ/гр., экологиялық таза
тасымалдаушы болып табылады.
6. Алу техникасы
Препаратты алу. Rhodococcus erythropolis BKM Ac-2271 и Rhodococcus erythropolis
BKM Ac-2017 әр микроорганизмнің биомасса клеткаларын тереңдеп дақылдау арқылы
дизельды жағармайы бар сұйық минералды ортада бақылау мен дақылдау шарттарын
орындау арқылы өсірген. 5 л 10 г/л дейін концентрлі мұнайтотықтырғыш
микроорганизмдердің суспензияларын 0,2% концентрациядағы аммофос минералды
тыңайтқышына енгізіп, 1 кг Эколан құрғақ сорбентімен араластырған. Қосымша үш
валентті 0,6327 г/литр концентрациясындағы алюминий хлоридің енгізеді, бұл
тасымалдаушыда адгезияны көбейту үшін. Немесе бастапқы компоненттер белгілі бір
бірлікте өлшену үшін келесі қатынаста алынады:
сорбент "Эколан" - 97%;
минералды тыңайтқышы- 0,2%;
үш валентті алюминий хлориді- 0,013%;
су
Бір сағат өткеннен кейін әр қоспаны ситоға тастап отырған. Ылғалды сорбенттерді
жұқа қабатпен полиэтиленді пленкаға салып, құрғақ болғанша кептіреді. Алынған
құрғақ препараттарда 109 кл/г мұнайтотықтырғыш микроорганизмдер болады, олар
мұнай өнімдерімен ластанған әртүрлі грунттарды тазалауға қолданылады.
7. Фенол тотықтырушы микроорганизмдердің жинақ дақылын алу сызба-нұсқасы С көзі – Фенол (30% мөлшерлі); Е8 ортасы - минералді фон
Өндірістік жағдайда тексеруФенол тотықтырушы микроорганизмдердің жинақ дақылын алу
сызба-нұсқасы С көзі – Фенол (30% мөлшерлі);
Е8 ортасы - минералді фон (P, N, K, Na көзі)
в
Мұнай
8. Қорытынды
• Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдерэкологиялы-трофикалық микроорганизмдер топтарының
ішіндегі ең маңыздыларының бірі, себебі әртүрлі
биотоптарда толық тотықсызданған көмірсутегі
молекулаларын зат алмасу процесіне қатыстырады.
Дәлірек, олардың мұнай және мұнай өнімдерін
ыдыратуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан,
көмірсутектерді тотықтырғыш микроағзалар
функционалды белсенділігінің интенсивтілігі
биотоптарда маңызды практикалық мәнге ие және мұнай
және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың қайта
қалпына келуіне тікелей байланысты. Кейбір
микробиологиялық зерттеулердегі мәліметтер бойынша,
көмірсутектерді тотықтырғыш бактериялар ластанған
топырақта бірінші жарты жылдық ішінде максималды
мәнге дейін жетеді.