Похожие презентации:
Римдегі отбасы құқығы
1. Римдегі отбасы құқығы. 1. Отбасы құқығы туралы жалпы ережелер. 2. Римдегі неке ұғымы, құқықтық сипаттамасы.
2.
Римдегі отбасын Ульпиан, табиғи немесе заңисебептерге орай біртұтас үй иесінің билігіне тәуелді
аса үлкен емес топ немесе тұлғалар жиынтығы
ретінде айқындайды. Ал, Цицеронның еңбектерінде
отбасы «қаланың негізі және мемлекеттің бейне бір
қайнар көзі ретінде» сипатталады. Үй иесі
(paterfamilias) отбасы мүшелерінің барлығына
қатысты толықтай және шектеусіз билікті иеленеді.
Үй иесінің билігі келесідей нысандарда болады: 1)
әкелік билік яғни, әкесінің балаларына қатысты
билігі; 2) отбасының мүшесі болып табылатын
әйеліне қатысты билік; 3) қожайынының билігі яғни,
құлдарға қатысты билік.
3.
Гайдың айтуынша, әкелік билік тек, рим азаматтарына ғанатән болып келеді және осы тұрғысында ол былай дейді:
«өздерінің балаларына қатысты біз сияқты билікті
иеленетін ешбір халық жоқ сияқты». Әкенің абсолютті
және толықтай билігі келесідей құқықтарды қамтыды: құлдыққа сату құқығы: бұл құқыққа әкесінің өзінің ұлын
рим жерінде құлдыққа сата алмауы сияқты бірқатар
шектеулер де қойылды. 12 кесте заңы бойынша әкесі өзінің
ұлын үш рет сатқаннан кейін оған қатысты билігін
жоғалтатын болды. ІІІ ғ. орын алған экономикалық
дағдарысқа орай балаларды құлдыққа сату құқығы қайта
жанданды; - залалдың орнын толтыру үшін ұсыну құқығы
яғни, ұлының заңға қайшы әрекетінен келген залалға
қатысты жауаптылықтан босау мақсатында әкесінің ұлын
жәбірленушіге ұсынуы. Кейіннен, бұл Юстиниан тұсында
жойылды;
4. - жаңадан дүниеге келген сәбиден бас тарту не оны тастау құқығы: кейіннен, аталған құқықтың қоғамдық сынға ұшырауына орай келесідей мазмұн
- жаңадан дүниеге келген сәбиден бас тарту не онытастау құқығы: кейіннен, аталған құқықтың қоғамдық
сынға ұшырауына орай келесідей мазмұнға ие заң
қабылданды «жақын маңдағы бес көршісіне
көрсетіп, олардың келісімін алмайынша балаларды
тастауға болмайды»; - үй иесіне тәуелді
тұлғалардың барлық тапқандары әкесінің мүлкіне
айналатын болды. Бұл ережеден басқалай болатын
жағдай ретінде әскери пекулийді атауға болады.
Әскери пекулий император Августтың тұсында пайда
болды және ол бойынша ұлының әскери қызметте
алғаны оның жеке меншігіне өтетіндігі бекітілді.
5.
Әкелік билікті алудың әралуан жолдарыболды: - заңи некеде дүниеге келу; - асырап
алу арқылы.
Бас бостандығы бар рим азаматшасымен
құрылған заңи некеде дүниеге келген
балалар бірден, әкелік биліктің аясына
түсетін. Заңи некеде дүниеге келген балалар
әкесінің құқықтық мәртебесін иеленетін. Ал,
некесіз дүниеге келген балалар анасының
мәртебесін иеленетін болды.
6. Егер, бала үйлену тойы өткеннен соң 6 ай немесе 182 күннен кейін дүниеге келсе немесе ажырасқаннан соң не күйеуі қайтыс болғаннан кейін 10 айд
Егер, бала үйлену тойы өткеннен соң 6 ай немесе 182күннен кейін дүниеге келсе немесе ажырасқаннан соң не
күйеуі қайтыс болғаннан кейін 10 айдың ішінде дүиеге
келсе, заңи некеде дүниеге келді деп саналды. Дигестыда
Ульпианның мынадай бір сөздері кездеседі: «Мұра
қалдырушы әкесі қайтыс болғаннан соң 10 айдан кейін
дүниеге келген балалар заңи мұрагерлікке енбейді»
(D.38.16.3.11). Бала анасының бойына анасы күң кезінде
бітіп, бірақ бостандық алғаннан кейін дүниеге келсе, онда
анасының мәртебесін иеленеді. Әкелік билік үй иесінің
қайтыс болуымен тоқтатылды. Әкесінің қайтыс болуына
орай, оның отбасының жекелеген мүшелері енді, өз
отбасыларының иесіне айналатын еді.
7.
Римде туыстық байланыстың екі түріболды: 1) агнаттық туыстық: үй иесінің
билігіне тәуелді тұлғалардың туыстығы; 2)
когнаттық туыстық: қан туыстығы. Қан
туыстығы тікелей және жанама тізбек
бойынша болуы мүмкін. Туыстықтың
тікелей тізбегі төмен түсуші және жоғары
өрлеуші деп жіктелінуі мүмкін.
8.
Гарсиа Гарридо өзінің еңбегінде рим заңгерлерініңнекеге тұру жасын ер балалар үшін 14 жас деп, ал,
қыз балалар үшін 12 жас деп белгілегендігі туралы
мәліметтерді келтіреді. Осы мәселеге қатысты
сабиниандық және прокулиандық мектеп өкілдерінің
арасында пікір қайшылықтары туындап жататын.
Атап айтқанда, бірінші мектеп өкілдерінің
пайымдауынша, некеге тұрушылардың денесін
тексеру арқылы неке жасы әрбір жағдайда жекелей
айқындалуы тиіс болса, ал, олардың
қарсыластарының пікірінше, 14 жасқа жетуі
жеткілікті болып табылады.
9.
Некеге қатысты Модестин мынадайанықтаманы ұсынады: «Неке дегеніміз
адами және рухани құқықтардың
байланысы орын алатын ер мен әйелдің
өмірлік одағы». Ал, Гай институцияларында
некеге қатысты келесідей анықтама
берілген: «Неке дегеніміз бірлескен өмірге
негізделген ер мен әйелдің одағы».
10.
Некеге тұру үшін белгілі-бір талаптарсақталуы тиіс болды. Мұны Ульпиан
келесідей мазмұнда сипаттайды: «Егер,
некеге тұрушылар арасында заңи некеге тұру
құқығы болатын болса және егер, ер мен
әйел неке жасына жеткен болса және
олардың немесе егер, олар тәуелді тұлғалар
болатын болса онда ата-аналарының
келісімдері алынған ретте неке заңи неке
болып табылады».
11. Демек, некеге тұру үшін келесідей талаптар сақталуы қажет болды: - тараптар неке жасына жетуі тиіс; - заңи некені жасасуға құқықты иеленетін
тұлғалар болуы тиіс; - некегетұрушылардың арасында некеге тұруға ортақ
келісімі болуы тиіс. Сондай-ақ, некеге тұруға
қойылған бірқатар шектеулер де болды: - туыстық
жағынан қойылатын шектеулер; - басқа некеде
тұрмауы.
12. А.В. Орлянскаяның еңбектерінде заңи некені жасаудың бірнеше әдістерінің болғандығы айтылады: - белгілі-бір нысанда әйелді сатып алу: тарап
А.В. Орлянскаяның еңбектерінде заңи некені жасаудыңбірнеше әдістерінің болғандығы айтылады:
- белгілі-бір нысанда әйелді сатып алу: тараптардың
келісімі арқылы жасалынатын некенің көне әдісі болып
табылады. Pater familias бес куәнің қатысуымен салтанатты
түрде қалыңдықты оның болашақ еріне немесе оның Pater
familias беретін. Ал, өз кезегінде ол бекітілген ресми бір
сөйлемдерді айтып, төлемді төлеуі тиіс болды;
- конферрация: некені жасасудың діни нысаны болып
табылды;
- usus: некені жасасудың қарапайым түрі болып
табылды. Некенің бұл нысанына сәйкес күйеуінің үйінде бірге
тұратын ер мен әйел үйленген деп танылды. Тараптардың
әлеуметтік жағдайының біркелкі болуы бұл некенің азаматтық
некеден басты айырмашылығы болып табылды.
13. Римдегі некенің екі түрі болғаны белгілі: Cum manu және Sine manu. Cum manu некесі негізінен ер адамның билігіне негізделді. Некенің бұл түрінде әйелін
Римдегі некенің екі түрі болғаны белгілі:Cum manu және Sine manu. Cum manu некесі
негізінен ер адамның билігіне негізделді.
Некенің бұл түрінде әйелінің өміріне ері
билік ететін. Егер, әйелі рұқсатсыз үйін
тастап кететін болса, оны кез-келген адамнан
тіпті, әйелдің ата-анасынан да талап ете
алатын. Ал, Sine manu некесінде жағдай
мүлдем басқалай болды.
14.
Император Августтың заңдарына сәйкесжесір әйелдер ері қайтыс болғаннан кейін
2 жылдың, ал, ажырасқан әйелдер 18
айдың ішінде жаңа некеге тұрулары тиіс
болды. Бірақ, ері қайтыс болған әйел
адамға бір жыл өтпей некеге тұруға
тыйым салынатын.
15.
Неке келесідей негіздер болған реттетоқтатылатын:
- ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс
болуы;
- құқыққабілеттілігін жоғалтуы: мысалы,
азаматтығын жоғалтуы себепті заңи некеге
тұру құқығынан айрылуы немесе еркіндікке
жіберілген күңнің күйеуінің сенаторға
айналуы;
- Ажырасу.
16.
О.С. Иоффенің пайымдауынша,ажырасудың мүмкіндігінше оңайлатылуы ер
мен әйелдің өмірлік одағы ретінде танылған
неке институтына едәуір соққы болды. Некенің
бұзылуының күрт өсуі себепті, бала туылуы
азайды. Тиісінше, бұл әскер санының азаюына,
оның соғыс қабілеттілігіне кері ықпал етті.
Осыған байланысты мемлекет бірқатар
шараларды қабылдауға мәжбүр болды. Атап
айтқанда, б.з.д. 18 ғ. император Августтың
тұсында қабылданған зинақорлық туралы Юлия
заңы зина жасаған адамдарға жазаны бекітті.
17.
Ал, бірнеше жылдан кейін қабылданған Юлияжәне Папия заңы 25-60 жас аралығындағы ер
адамдардың, сондай-ақ, 20-50 жас аралығындағы
әйел адамдардың некеде тұру және балалы болу
міндетін бекітті.
Ал, кімде-кім некеде тұрмаса, өсиет бойынша
мұраға алу мүмкіндігінен айырылатын болса,
баласыз ерлі-зайыптылар мұраға қалған мүліктің
тек, жартысын ғана ала алатын болды.
18.
О.С. Иоффенің деректері бойынша егер, ерадамның бір баласы болса ал, әйел адамның үш
баласы болса жоғарыдағы шектеу
қолданылмайтын болды. Ал, құлдықтан
бостандыққа жіберілген әйелде кемінде төрт
бала болуы тиіс болды. Дегенмен, кейіннен бұл
заңдардың отбасы қатынастарының құқықтық
реттелуінде елеулі рөл атқармауы себепті ІV ғ.
күші жойылды.
19.
Б.з. 331 жылы біржақты тәртіппен ажырасудыреттестіру мақсатында ерге де және әйелге де тек, үш
негіз болған ретте ғана ажырасу мүмкіндігін бекіту
талпынысының жасалынғандығын Гарсиа Гарридо
өзінің еңбегінде жеткізеді . Аталған дерекке сүйенсек,
ері мына жағдайларда ажыраса алатын болды:
опасыздық жөнінде кінә тағылса, уласа немесе
жеңгетайлықпен айналысса. Егер, күйеуі басқалай
себептермен ажырасатын болса, онда әйелінің
жасауын қайтаруы тиіс болды және жаңа неке жасау
құқығынан айрылды. Ал, әйелі келесідей жағдайларда
ажыраса алатын болды: егер, кісі өліміне кінәлі болса,
уласа немесе зираттарға залал келтірсе.
20. Кейіннен, аталған ережелер тым қатал деп танылып, бірқатар өзгерістерге ұшырады. Юстинианның тұсында ажырасуға қарсы бағытталған жаңа жар
Кейіннен, аталған ережелер тым қатал деп танылып, бірқатарөзгерістерге ұшырады. Юстинианның тұсында ажырасуға
қарсы бағытталған жаңа жарлықтар қабылданып, келесідей
ережелер бекітілді: 1) Заңи негіздер бойынша ажырасу:
опасыздық немесе әйелінің лайықсыз іс-қимылы, күйеуінің
үйінен кетуі, опасыздық жөніндегі күйеуінің жалған айыбы; 2)
Себебі жоқ ажырасу: заңи себептерсіз орын алатын ажырасу;
3) ортақ келісім негізінде ажырасу; 4) ерлі-зайыптылардың
еркіне немесе кінәсіне байланысты емес себептер бойынша:
соғыс кезінде тұтқынға түсуі, құлға айналуы, ақыл-есінен
айрылуы, балалы болу қабілетінің болмауы. Заңи себептерсіз
ажырасқан ретте жасауынан немесе сыйға тартқан заттарынан
айрылатын. Ал, егер, ондай заттар болмаған ретте өзінің
мүлкінің 4/1 бөлігінен айрылатын болды.