Рим құқығы
Рим құқығының субъектілері. 1. Халықтың жекелеген категорияларының құқықтық мәртебесі. 2. Заңды тұлғалардың ұғымы және құқықтық мәртебесі.
Толық құқыққабілеттілігі 3 элементтен тұрды:
Capitus deminutio maxima барысында рим азаматы бостандығын жоғалтып, құлға айналады және бұл келесідей жағдайларда орын алуы мүмкін болды: - егер, рим
Рим азаматының ар-намысына нұқсан келген ретте, оның құқыққабілеттілігін шектеуге болатын болды. Құқық қабілеттілігінің шектелуі азаматт
Рим азаматтығын келесідей жолдар арқылы алуға болды: - рим азаматтарынан дүниеге келсе немесе рим азаматы асырап алса (некеде дүиеге келге
Жеке құқық саласындағы рим азаматының құқыққабілеттілігі екі басты элементтен тұратын: ius conubii яғни, заңды некеге тұру құқығы. Мұндай некед
Көне дәуірден бастап соңғы күніне дейін рим қоғамы құлиеленуші сипатында болды. Гайдың мынадай бір сөзі бар: «Тұлғалар өздеріне тиесілі құ
Құлдық келесідей жолдар арқылы тоқтатылуы мүмкін болды:
Сонымен бірге, либертин өзінің бұрынғы қожайынына тәуелді болды. Мысалы, паторынының келесідей құқықтары болды: 1) либертиннің өзіне құрме
536.50K
Категория: ПравоПраво

Рим құқығы

1. Рим құқығы

2. Рим құқығының субъектілері. 1. Халықтың жекелеген категорияларының құқықтық мәртебесі. 2. Заңды тұлғалардың ұғымы және құқықтық мәртебесі.

Рим қоғамы әрбір адамды құқық субъектісі
ретінде тани бермеді. Толыққанды рим азаматы
“Persona” терминімен сипатталды.
Тек, рим азаматы ғана құқықтар мен
міндеттерді иелене алатын болды.
Қоғам мүшесінің құқықтарды иелену,
құқық субъектісі болу қабілеті құқыққабілеттілік
деп аталады. Оны CAPUT терминімен
сипаттады.

3. Толық құқыққабілеттілігі 3 элементтен тұрды:

1) Status libertatis – бостандығына байланысты. Осы
тұрғыдан алғанда бас бостандығы бар және құлдар деп
жіктелді. 2) Status civitatis – азаматтығына байланысты.
Бұл негіз бойынша рим азаматтары және өзге де бас
бостандығы бар азаматтар деп жіктелінді (латындар,
перегриндер). 3) Status familiae – жанұяның отағасы және
оған тәуелділер деп жіктелінді. Осы үшеулерінің бірінде
болған өзгеріс “Capitus deminutio” термині арқылы
сипатталды. Рим азаматының құқыққабілеттілігінде болған
өзгерістің келесідей түрлері болды: (maxima) жоғары,
(media) орташа және (minima) төменгі.

4. Capitus deminutio maxima барысында рим азаматы бостандығын жоғалтып, құлға айналады және бұл келесідей жағдайларда орын алуы мүмкін болды: - егер, рим

Capitus deminutio maxima барысында
рим азаматы бостандығын жоғалтып,
құлға айналады және бұл келесідей
жағдайларда орын алуы мүмкін болды:
- егер, рим азаматы жаудың қолына
тұтқынға түсетін болса;
- егер, рим азаматы құлдыққа
сатылатын болса;
- өлім жазасына кесілсе не өмірлік
жұмыс түрлеріне жазаға тартылса;

5.

Capitus deminutio media
жағдайында рим азаматы
бостандығын жоғалтпағанымен,
оның құқыққабілеттілігі латындар
мен перегриндерге теңестірілетін
болды және ол келесі жағдайларда
туындайтын: - егер, ол латындар
мен перегриндерге жер
аударылатын болса.

6. Рим азаматының ар-намысына нұқсан келген ретте, оның құқыққабілеттілігін шектеуге болатын болды. Құқық қабілеттілігінің шектелуі азаматт

Рим азаматының ар-намысына нұқсан
келген ретте, оның құқыққабілеттілігін
шектеуге болатын болды. Құқық
қабілеттілігінің шектелуі азаматтың өзінің
лайықсыз іс-қимылының нәтижесінде
қоғамдағы құрметін жоғалтуына тікелей
байланысты болды.
Ар-намысына нұқсан келудің бірнеше
түрлері болды және олардың ішіндегі ең
елеулісі Infamia (ар-намысынан айрылу)
деп танылды.

7.

Ар-намысынан айрылу келесідей жағдайларда
орын алатын: 1) егер, тұлға қылмысы немесе
ерекше нұқсан келтіретін құқықбұзушылығы
(ұрлық, алаяқтық) үшін жазаға тартылатын
болса; 2) некеге қатысты кейбір құқықтық
нормаларды бұзатын болса (мысалы, күйеуі
қайтыс болғаннан кейін 1 жыл тоспай жаңа
тұрмыс құрған әйел) немесе ұятты кәсіптермен
айналысатын болса (жеңгетайлық, актерлік).
Мұндай тұлғалардың жария лауазымдарға
сайлануына шектеу қойылды.

8.

Адам құқық субъектісі ретінде танылуы үшін дүниеге
келуі тиіс болды. Сәбидің дүниеге келгендігін
растайтын факті ретінде прокулиандық мектептің
заңгерлері нәрестенің өмірге келгендегі дауыс
шығаруын атаса, ал, сабиниандықтар сәбидің қандай
да бір қозғалыс жасауы немесе дем алуы жеткілікті
деп санады. Юстиниан кодификациясында осы
соңғысы бекітілді. Б.з.д. 9 жылы Август қабылдаған
Элия Сенция мен Папия Поппейдің заңдарына сәйкес
сәбидің дүниеге келгендігі туралы магистраттың
алдында хабарлануы керек болды. Ал, кейбір
деректер бойынша б.з. 161 жылғы Марк Аврелийдің
бұйрығына сәйкес нәрестенің әкесі сәби дүниеге
келгеннен кейінгі 30 күннің ішінде ресми жариялауы
тиіс болды.

9.

Құқықтың толыққанды субъектісі
ретінде рим азаматы танылды.
Оларды бастапқыда квириттер деп
атады. Оларды ерекшелендіріп
тұратын бір белгі ол, «рим есімі»
болды. Мысалы, бірінші өзінің жеке
есімі, кейіннен, руының, ал, соңғысы
рудың бір тарауының есімі. Мысалы,
Марк Туллий Цицерон.

10. Рим азаматтығын келесідей жолдар арқылы алуға болды: - рим азаматтарынан дүниеге келсе немесе рим азаматы асырап алса (некеде дүиеге келге

Рим азаматтығын келесідей жолдар арқылы
алуға болды:
- рим азаматтарынан дүниеге келсе немесе
рим азаматы асырап алса (некеде дүиеге
келген сәби әкесінің мәртебесін иеленсе, ал,
некесіз дүниеге келген нәресте анасының
мәртебесін иеленетін);
- құлдықтан бостандыққа жіберілу арқылы
(manumissio). Дегенмен, libertini әрекет
қабілеттілігі шектеулі болды;
- шетелдікке рим азаматтығының сыйға
тартылуы.

11. Жеке құқық саласындағы рим азаматының құқыққабілеттілігі екі басты элементтен тұратын: ius conubii яғни, заңды некеге тұру құқығы. Мұндай некед

Жеке құқық саласындағы рим азаматының
құқыққабілеттілігі екі басты элементтен тұратын: ius
conubii яғни, заңды некеге тұру құқығы. Мұндай
некеден дүниеге келген балалар рим азаматтығын
алатын, ал, балаларына қатысты билік әкесіне тиесілі
болды; ius commercii яғни, мәміле жасасу, сауда
құқығы, мүліктерді алу және иеліктен шығару;
ІІІ ғ. формалды тұрғыдан құқыққабілеттілігі
тұрғысынан теңдік жарияланғанымен, шынайы
теңдік орын ала қойған жоқ. Өйткені, әртүрлі
кәсіптерге байланысты қоғам жіктелініп кеткен
болатын. Мысалы, әскери әлеуметтік топ,
саудагерлер, шаруалар, өнеркәсіп иелері.

12. Көне дәуірден бастап соңғы күніне дейін рим қоғамы құлиеленуші сипатында болды. Гайдың мынадай бір сөзі бар: «Тұлғалар өздеріне тиесілі құ

Көне дәуірден бастап соңғы күніне дейін
рим қоғамы құлиеленуші сипатында
болды. Гайдың мынадай бір сөзі бар:
«Тұлғалар өздеріне тиесілі
құқықтарында не еркін не құл ретінде
жіктеледі».

13.

Құлдық келесідей жолдар арқылы туындауы мүмкін
еді: 1) құл анадан дүниеге келсе; 2) тұтқынға алу немесе
Риммен шарттық байланысы жоқ мемлекетке тиесілі
тұлғаны ұстау арқылы; Мысалы, Тарента қаласын
(б.з.д. 209 ж.) жаулау нәтижесінде 30 мың адам
құлдыққа сатылса, ал, Эпир қаласын (б.з.д. 167 ж.)
жаулау нәтижесінде 150 мың адам құлдыққа сатылған;
3) құлдыққа сатылу арқылы; бас бостандығы бар рим
азаматы мәртебесінің құлдың мәртебесіне ауысуы
келесідей негіздер болған ретте жол берілетін болды: әскерге шақырудан жалтарса; - өзінің шарттық
міндеттемелерін уақытылы орындамаса; - ұрлық
үстінде ұсталған тұлға; - өлім жазасына немесе кен
орындарында жұмысқа кесілген тұлға; 4) бостандыққа
жіберілген тұлға өзінің патронына қатысты өрескел
дөрекілік білдірсе.

14.

Шаруашылық қызметтің дами түсуімен құлдық
пекулий институты қалыптасты. Аталған терминге
қатысты Дигестілерде келесідей сөздер бар:
«Құлдың иелігіне қожайынының бөліп беретін
мүлкі пекулий деп аталады». Пекулийге ие құлдың
алған құқықтары оның қожайынына өтетін болса,
ал, міндеттері өзінде қалатын болды. Алайда, өз
міндеттемелері бойынша жауап бермейтін құлмен
шарттық қатынасқа түсушілердің көп бола қоймауы
себепті, кейіннен, қожайыны бөлінген пекулий
шегінде жауап беруге тиіс болды.

15. Құлдық келесідей жолдар арқылы тоқтатылуы мүмкін болды:

1) manumissio арқылы;
2) заңи бұйрықтың негізінде; Мысалы,
денсаулығы нашар жағдайында қожайыны
тастап кетсе; қожайынының өлтірушісі
туралы мәлімет жеткізсе; бостандық
жағдайында 20 жыл өмір сүрсе.

16.

Қожайынының өз қалауы бойынша құлдарын
жабайы аңдармен шайқасу үшін гладиаторлыққа
жібере алмайтындығы б.з. 61 жылғы Петрония
заңында бекітілді. Мұны тек, қожайынының
шағымдануымен сот қана тағайындай алатын.

17.

Қожайыны бостандық берген құлдар либертиндер
деп аталды. Юстинианның басқаруына дейін
либертиндердің жария құқық саласында келесідей
құқықтары болмады: - рим әскерінде қызмет ете
алмады; - сенатор, магистрат бола алмады; - І ғ.
бастап халық жиналыстарына қатынаса алмады.
Осы сияқты шектеулер жеке құқық саласында да
кездесетін. Мысалы, Августтың басқаруына дейін
олар бас бостандығын иеленіп дүниеге
келгендермен үйлене алмайтын сондай-ақ, сенатор
лауазымына ие тұлғалармен либертиндердің
некесіне салынған тыйым Юстинианға дейін
сақталынды.

18. Сонымен бірге, либертин өзінің бұрынғы қожайынына тәуелді болды. Мысалы, паторынының келесідей құқықтары болды: 1) либертиннің өзіне құрме

Сонымен бірге, либертин өзінің бұрынғы қожайынына
тәуелді болды. Мысалы, паторынының келесідей
құқықтары болды: 1) либертиннің өзіне құрметпен
қарауын талап етуге; Мысалы, осы себепті либертин
өзінің паторынын сотқа шақыра алмайтын яғни,
патронының өзім білем деушілік әрекетінен қорғансыз
болатын; 2) патронға белгілі-бір қызмет көрсету. Бірақ,
manumissio арқылы бостандық берілген құлдардың
санының артуына орай, императора Август бірқатар
шектеу шараларын қабылдайды.
(Октавиан Август б.з.д. 31 жылдан бастап б.з.14
жылына дейін билік құрды)

19.

Б.з.д. 2 ж. Фуфия Каниния Заңы бойынша
құлдардың санына қатысты манумиссияға шектеу
қойылды. Ал, б.з. 4 ж. Элия Сенция Заңы
бойынша бостандық беруші кемінде 20 жасқа, ал,
бостандыққа шығушы 30 жасқа толуы қажет
болды. Сондай-ақ, несие берушілердің мүддесіне
зиян келтіретін манумиссия заңсыз деп танылды.

20.

Колондар: формалды тұрғыдан бас бостандығы
болғанымен, жер иесі мен жасалынған шарттық міндеттерге
байланысты оған тәуелді болатын және бөтеннің жерін жалға
алатын тұлғалар колондар деп аталды.
Б.з. IV ғ. қабылданған заңға сәйкес бөтеннің жерін
пайдаланатын жалға алушыларға жалға алынатын жерлерін
тастап кетулеріне тыйым салынды және жер иесінің жерді
ондағы колондарсыз сатуына болмайтындығы бекітілді.
Колондар құқықтық мәртебесі тұрғысынан құлға
жақын болды. Айырмашылығы сол, колондар некеге тұра
алатын, жеке мүлікті иелене алатын болды.
Колондардан дүниеге келген балаларда олардың
құқықтық мәртебесін иеленетін. Колон келесідей жағдайда
еркіндікке шыға алатын: 1) өзі жұмыс істеп жүрген жер
бөлігін өзінің меншігіне алса; 2) жер иесінің келісімімен
босай алатын.
English     Русский Правила