Лекция № 1
Неврология –нерв жүйесі ауруларының этиологиясын, патогенезін, клиникалық белгілерін анықтап және олардың алдын алуымен айналысатын мед
Неврология бөлінеді: - жалпы (пропедевтика) - жеке
Пропедевтика (жалпы неврология) нерв жүйесінің анатомиясын, атқаратын қызметін және зерттеу әдістерін, сонымен қоса синдромология негізд
Нерв жүйесінің адам организміндегі маңызы: - шартты және шартсыз рефлекстер негізінде ағзаның сыртқы ортамен қарым-қатнас орнатуы. - өмірл
Нерв жүйесі бөлінеді: - орталық (бас миы және жұлын) - периферикалық(нерв түбірлері, ганглии, өрім, нервтер) - вегетативті (симпатикалық және п
Нерв жүйесінің элементарлы анатомо-функционалды бірлігі –нейрон – ол дене мен өсіндіден тұрады (дендриттер және аксондар)
Нерв жасушасының поляризация заңына сәйкес ( Рамон-Кахаль заңы) нервты импульс бір бағытта ғана беріледі – бірнеше дендрит бойымен нейрон
Нейрон түрлері: - сезімталды (сенсорлы, афферентті, рецепторлы) – ақпаратты сезім ағзаларынан нерв жүйесінің орталық бөліміне жеткізеді - қ
Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе өзінің ішіндегі тіндермен ағзалардан келетін тітіргенгіштерді қабылдап, оларды
Сезімталдық түрлері: Жалпы сезімталдық қарапайым беткей (экстероцептивті) – ауырсыну, температуралық, тактильді терең (проприоцептивті)
Терең және беткей сезімталдық жолдары
Ұзын жолдардың орталықтан шеткей орналасуы
Ауырсынудың түрлері:
Перифериялық нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауырсыну көбіне активті қимыл-қозғалыс кезінде байқалады-бұл нерв бағандарының созылуы кезі
Симптом Вассермана – аяқты жоғары көтерген кезде санның алдыңғы беткейі мен шап аймағында ауырсынудың пайда болуы. Симптом Мацкевича - дә
Сезімталдықтың зықымдалу түрлері: Парестезия - денеде өздігімен бірнәрсе өрмелегендей, ұйу сезімінің пайда болуы Анестезия – Сезімталдық
Сезімталдықтың зақымдалу түрлері:
Перифериялық полиневралды – симметриялы түрде көптеген нервтер зақымдалған кезде-полиневриттер немесе полинейропатия кезінде кездесед
Перифериялық түбірлік-дерматомаға сәйкес аймақта сезімталдықтың бүкіл түрінің бұзылуы (артқы түбірлер зақымдалған кезде).
Спиналды-сегментарлы – жұлынның артқы мүйізі немесе алдыңғы сұр спайка зақымдалған кезде пайда болады – бұл кезде сәйкес дерматомда ауыр
Спиналды-өткізгіш – жұлынның артқы және бүйір бағандары зақымдалған кезде дамиды (немесе екеуі бірдей зақымдалса). Бұл кезде қай өткізгіш
Церебралды-өткізгіш– көбіне ішкі капсуланың артқы саны зақымдалғанда дамиды. Бұл кезде сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы жақта зақымдалад
Церебралды-қыртысты – төбе бөліктің орталықтан кейінгі иірімде.Егерде ошақ орталықтан кейінгі иірімнің жоғарғы бөлігінде орналаса, онда
2.10M
Категория: МедицинаМедицина
Похожие презентации:

Кіріспе. Неврология ғылымы. Оның басқа клиникалық пәндер қатарындағы орыны

1. Лекция № 1

“Кіріспе. Неврология ғылымы. Оның
басқа клиникалық пәндер қатарындағы
орыны.
Нерв жүйесінің құрылымы мен
атқаратын қызметі.
Жалпы сезімталдық және оның
зақымдалу ерекшелігі.”

2. Неврология –нерв жүйесі ауруларының этиологиясын, патогенезін, клиникалық белгілерін анықтап және олардың алдын алуымен айналысатын мед

Неврология –нерв жүйесі ауруларының
этиологиясын, патогенезін, клиникалық
белгілерін анықтап және олардың алдын
алуымен айналысатын медицинаның бір
бөлімі.

3. Неврология бөлінеді: - жалпы (пропедевтика) - жеке

4. Пропедевтика (жалпы неврология) нерв жүйесінің анатомиясын, атқаратын қызметін және зерттеу әдістерін, сонымен қоса синдромология негізд

Пропедевтика (жалпы неврология)
нерв жүйесінің анатомиясын,
атқаратын қызметін және зерттеу
әдістерін, сонымен қоса
синдромология негіздері мен
топикалық диагностика негіздерін
зерттейді.
Жеке неврология нерв жүйесінің
әртүрлі ауру түрлерін зерттейді.

5. Нерв жүйесінің адам организміндегі маңызы: - шартты және шартсыз рефлекстер негізінде ағзаның сыртқы ортамен қарым-қатнас орнатуы. - өмірл

Нерв жүйесінің адам организміндегі маңызы:
- шартты және шартсыз рефлекстер негізінде
ағзаның сыртқы ортамен қарым-қатнас
орнатуы.
- өмірлік маңызы бар ағзалар қызметін
реттейді (тыныс алу, жүрек-қан тамыр
жүйесі, алмасудың барлық түрлерін)
- барлық реакцияларда организмнің
біртұтастығын сақтайды, сыртқы ортаның
кез-келген әсеріне ағзаның тұтастай жауап
беруін қамтамасыз етеді.

6. Нерв жүйесі бөлінеді: - орталық (бас миы және жұлын) - периферикалық(нерв түбірлері, ганглии, өрім, нервтер) - вегетативті (симпатикалық және п

Нерв жүйесі бөлінеді:
- орталық (бас миы және жұлын)
- периферикалық(нерв түбірлері, ганглии,
өрім, нервтер)
- вегетативті (симпатикалық және
парасимпатикалық)

7. Нерв жүйесінің элементарлы анатомо-функционалды бірлігі –нейрон – ол дене мен өсіндіден тұрады (дендриттер және аксондар)

8. Нерв жасушасының поляризация заңына сәйкес ( Рамон-Кахаль заңы) нервты импульс бір бағытта ғана беріледі – бірнеше дендрит бойымен нейрон

Нерв жасушасының поляризация
заңына сәйкес ( Рамон-Кахаль
заңы) нервты импульс бір
бағытта ғана беріледі – бірнеше
дендрит бойымен нейронға және
одан бір ғана аксон бойымен
бұлшықетке, ағзаға немесе келесі
нейрон дендритіне беріледі

9. Нейрон түрлері: - сезімталды (сенсорлы, афферентті, рецепторлы) – ақпаратты сезім ағзаларынан нерв жүйесінің орталық бөліміне жеткізеді - қ

Нейрон түрлері:
- сезімталды (сенсорлы, афферентті,
рецепторлы) – ақпаратты сезім
ағзаларынан нерв жүйесінің орталық
бөліміне жеткізеді
- қимыл-қозғалыс (моторлы, эфферентті) –
импульсты бұлшықетке, ағзаларға,
тіндерге жеткізеді
- қосымша (интернейрондар) – импульсты
өндеу мен жеткізу үшін қажет

10. Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе өзінің ішіндегі тіндермен ағзалардан келетін тітіргенгіштерді қабылдап, оларды

ажырата отырып жауап
беру қасиеті

11. Сезімталдық түрлері: Жалпы сезімталдық қарапайым беткей (экстероцептивті) – ауырсыну, температуралық, тактильді терең (проприоцептивті)

Сезімталдық түрлері:
Жалпы сезімталдық
қарапайым
беткей (экстероцептивті) – ауырсыну, температуралық,
тактильді
терең (проприоцептивті) – бұлшықет-буын сезімі,
вибрациалық сезім, қысым сезімі, салмақ сезімі
интероцептивті – хемо- және барорецепция
Күрделі
екіөлшемді кеңістік сезімі, орналасу сезімі, дискриминация
сезімі, стереогноз
Арнайы сезімталдық
көру
есту
иіс сезу
дәм сезу

12. Терең және беткей сезімталдық жолдары

13. Ұзын жолдардың орталықтан шеткей орналасуы

14. Ауырсынудың түрлері:

Жергілікті – ауырсыну тітіркенгіші
орналасқан аймақта кездеседі
Проекциалық – ауырсыну тітіркендіргіш
аймағына сай емес
Иррадиациалық – ауырсыну патологиялық
процесс орналасқан бір нерв тармағынан
басталып басқа нерв тармағына беріледі
Шағылысқан – ішкі ағзалар ауруларында
кездеседі

15. Перифериялық нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауырсыну көбіне активті қимыл-қозғалыс кезінде байқалады-бұл нерв бағандарының созылуы кезі

Перифериялық нерв жүйесі аурулары кезіндегі
ауырсыну көбіне активті қимыл-қозғалыс кезінде
байқалады-бұл нерв бағандарының созылуы кезінде
болады, оны тартылу симптомы деп атайды, олардың
түрлері:
Нери симптомы–науқастың басын алдыға қарай
еңкейткен кезде бел аймағында ауырсыну
Ласег симптомы – Ұзыннан созылған аяқты жамбас-сан
буынында бүккенде бел мен санның және балтырдың
артқы бетінде ауырсынудың пайда болуы (бірінші фаза),
ал тізе буынында бүккенде ауырсыну қайтады және ары
қарай аяқты көтеруге мүмкіндік туады (екінші фаза).

16. Симптом Вассермана – аяқты жоғары көтерген кезде санның алдыңғы беткейі мен шап аймағында ауырсынудың пайда болуы. Симптом Мацкевича - дә

Симптом Вассермана – аяқты жоғары көтерген кезде
санның алдыңғы беткейі мен шап аймағында
ауырсынудың пайда болуы.
Симптом Мацкевича - дәл сондай ауырсыну аяқты тізе
буынында бүккен кезде пайда болады
Симптом Сикара – аяқ бүкіл буындарда жазылған кезде
және аяқ басын жазып бүккен кезде тізе астында пайда
болатын ауырсыну.
Симптом Дежерина – жөтелгенде, түшкіргенде,
күшенген кезде бел аймағында пайда болатын ауырсыну

17. Сезімталдықтың зықымдалу түрлері: Парестезия - денеде өздігімен бірнәрсе өрмелегендей, ұйу сезімінің пайда болуы Анестезия – Сезімталдық

Сезімталдықтың зықымдалу түрлері:
Парестезия - денеде өздігімен бірнәрсе өрмелегендей, ұйу
сезімінің пайда болуы
Анестезия – Сезімталдықтың жоқтығы.
Гипестезия – Сезімталдықтың төмендеуі.
Гиперестезия – берілетін тітіркенгіш өте қатты сезіледі.
Дизестезия – сезімтал стимулдарды бұрмаланған түрде
қабылдау: укол суық сезімі тәрізді қабылданады
Аллохейрия – ауырсыну тітіркендіргіш орналасқан жерде
емес оған қарама-қарсы симметриялық аймақта
орналасады
Полиэстезия –бір тітіркенудің көп болып сезінуі.

18. Сезімталдықтың зақымдалу түрлері:

Перифериялық невралды – нерв
зақымдалған кезде кездеседі.Бұл
кезде зақымдалған нерв
инервациялайтын зонада
сезімталдықтың бүкіл түрі бұзылады

19. Перифериялық полиневралды – симметриялы түрде көптеген нервтер зақымдалған кезде-полиневриттер немесе полинейропатия кезінде кездесед

Перифериялық
полиневралды –
симметриялы түрде көптеген
нервтер зақымдалған кездеполиневриттер немесе
полинейропатия кезінде
кездеседі. Сезімталдықтың
бүкіл түрі аяқ пен қолдың
дисталды бөліктерінде
бұзылады «перчатки» және
«носки» түрінде.

20. Перифериялық түбірлік-дерматомаға сәйкес аймақта сезімталдықтың бүкіл түрінің бұзылуы (артқы түбірлер зақымдалған кезде).

Перифериялық түбірлікдерматомаға сәйкес аймақта
сезімталдықтың бүкіл түрінің
бұзылуы (артқы түбірлер
зақымдалған кезде).

21. Спиналды-сегментарлы – жұлынның артқы мүйізі немесе алдыңғы сұр спайка зақымдалған кезде пайда болады – бұл кезде сәйкес дерматомда ауыр

Спиналды-сегментарлы –
жұлынның артқы мүйізі немесе
алдыңғы сұр спайка
зақымдалған кезде пайда
болады – бұл кезде сәйкес
дерматомда ауырсыну мен
температуралы сезімталдық
жоғалып, тактилды және терең
сезімталдық сақталады.

22. Спиналды-өткізгіш – жұлынның артқы және бүйір бағандары зақымдалған кезде дамиды (немесе екеуі бірдей зақымдалса). Бұл кезде қай өткізгіш

Спиналды-өткізгіш –
жұлынның артқы және
бүйір бағандары
зақымдалған кезде дамиды
(немесе екеуі бірдей
зақымдалса). Бұл кезде қай
өткізгіш жолы
зақымдалуына байланысты
сезімталдық түрі бұзылады.
Сезімталдықтың бұзылуы
зақымдалған жерден төмен
орналасады.

23. Церебралды-өткізгіш– көбіне ішкі капсуланың артқы саны зақымдалғанда дамиды. Бұл кезде сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы жақта зақымдалад

Церебралды-өткізгіш– көбіне
ішкі капсуланың артқы саны
зақымдалғанда дамиды. Бұл
кезде сезімталдықтың бүкіл түрі
қарсы жақта зақымдалады –
гемитип, гемианестезия.

24. Церебралды-қыртысты – төбе бөліктің орталықтан кейінгі иірімде.Егерде ошақ орталықтан кейінгі иірімнің жоғарғы бөлігінде орналаса, онда

Церебралды-қыртысты –
төбе бөліктің орталықтан
кейінгі иірімде.Егерде
ошақ орталықтан кейінгі
иірімнің жоғарғы бөлігінде
орналаса, онда
сезімталдықтың бүкіл түрі
қарсы аяқта бұзылады, ал
егерде сол иірімнің
ортаңғы бөлігінде орналаса
, онда сезімталдық қарсы
жақ қолда бұзылады.
English     Русский Правила