Похожие презентации:
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін қалыптастыру
1.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетіДене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің
басқарушылық мәдениетін қалыптастыру
7М01404 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы
Магистрант: Әлімхан Шерхан
Ғылыми жетекші: PhD доктор Дошыбеков А.
Алматы, 2022 ж.
2.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Біздің елімізде қазір қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай қоғамдық өмірдің
барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында мазмұнды өзгерістерді талап етті.
Жаңа экономикалық қатынастар дене шынықтыру мұғалімдеріне жаңа талаптар ұсынады. Бұл
тек кадрларды іріктеу, оқыту және жұмысқа орналастыру ғана емес, сонымен бірге жаңа
сананы, менталитетті, кәсіби мәдениетті қалыптастыру болып саналады.
Білім беру жүйесін жаңартудың анықтаушы шарты ретінде мұғалімдердің жалпы
нәтижелілігін және іс-әрекетінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жағдайларды құруды
талап етеді.
Сонымен қатар, заманауи қоғамның сұранысы күйзелісті сәтті жеңе білетін, өзіндік
педагогикалық іс-әрекетін рефлексия жасай алатын, кез келген жастағы білім беру үрдісінің
қатысушыларымен жұмыс жасай алатын, тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жетілдіре алатын,
бәсекеге
қабілеттілігін
арттыратын
мұғалімдерге
қажеттілікті
күшейтуде.
3.
Зерттеу мақсаты: болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылықмәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу, әдістемесін әзірлеп,
тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
1.Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін
қалыптастыру мәселесінің зерттелу деңгейін анықтап, «болашақ дене шынықтыру
мұғалімдерінің басқарушылық мәдениеті» ұғымының мәні нақтылау.
2.Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін
қалыптастырудың компоненттері мен көрсеткіштерін айқындау.
3.Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін
қалыптастырудың әдістемесін әзірлеп, тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
4.
Зерттеу жүргізудің нәтижесінде міндеттербойынша келесі нәтижелерге қол
жеткізілді:
5.
1-міндет бойынша, болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылықмәдениетін қалыптастыру мәселесінің зерттелу деңгейі анықталып, «болашақ дене
шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениеті» ұғымының мәні нақтыланды
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттер талдауы көрсеткендей, «басқару мәдениеті» ұғымының
күрделі, көпқырлы табиғаты болады. Бір жағынан, мұны басқару іс-әрекетінің табиғаты арқылы
түсіндіруге болады, ал екінші жағынан, «мәдениет» терминін түсіндірудің көпқырлылығымен
түсіндіруге болады.
Е.Н.Ильин, В.А. Сластенин, М.С.Каган, Е.Н.Шияновтың жұмыстарында: Мәдениет әлеуметтік
құбылыс болып табылады және қоғамның жинақтаған байлығын білдіреді.
Тұлғаның мәдениеті жеке кәсіби міндеттерді шешудегі саналылық дәрежесімен; социумның
талаптары мен жағдайларына сезімтал тұрғыда жауап қайтарумен; жоғары технология және ғылымды
қажетсінетін техниканы меңгеру еркіндігімен; жаңа сезімнің даму деңгейімен, даму қарқынынан «артта
қалмау» қабілетімен анықталады.
П. Друкер бойынша, басқару - бұл әлеуметтік өзгерістер мен әлеуметтік алмасулардың
ынталандырушы элементі. Ол басқаруды ең маңызды феномен, білім берудегі дүмпу деп атайды .
С.Н. Тидор басқарудың мәнінің басқа анықтамаларын атап көрсетеді:
– бұл объектіні мақсатты бағытталған тұрғыда үйлестіру;
– бұл қойылған мақсатқа жету үшін объектіге әсер ету;
– бұл қойылған мақсатқа жетуге бағытталған жүйенің элементтерінің вертикалды координациясы.
Ю.А. Конаржевский басқаруды күрделі динамикалық жүйелерде іс-әрекетті ұйымдастыру және
үйлестіру үшін адамдар ұжымына мақсатты бағытталған әсер етуді түсіндіреді.
6.
Маманның басқарушылық мәдениетін қалыптастыру бағыттарыӘлеуметтік жұмыс маманының басқарушылық мәдениеті, Поздняков А.С.
Білім беру саласындағы жетекшінің басқарушылық мәдениеті,
Белолипецкий В.К., Павлова Л.А.
Болашақ мектепке дейінгі педагогтың басқарушылық мәдениеті,
Горюнова Т.М.
Мұғалімгің басқарушылық мәдениеті, Кононенко М.А.
Жас педагогтың басқарушылық мәдениеті, Андреева Л.Д.
7.
Басқарушылық теориясындағы негізгі стильдер (А.Х.Пашаев)авторитарлық стиль
өкілдік стиль
демократиялық стиль
8.
Болашақ маманның басқарушылық мәдениетінің қызметтері, Поздняков А.С.ақпараттық-аналитикалық қызмет
жоспарлау-жобалаушылық қызмет
ұйымдастырушылық-орындаушылық қызмет
бақылаушылық-диагностикалық қызмет
реттеушілік-коррекциялық қызмет
9.
Кесте-1Шетелдік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріндегі «Болашақ мұғалімнің басқарушылық мәдениеті, басқарушылық
құзыреттілігі» ұғымдарының контент талдауы (2002-2018жж)
№
1
Автор
Горюнова Т.М.
Ұғымның мәні
Дерек көздері
Болашақ мектепке дейінгі педагогтың басқарушылық мәдениеті-тұлғаның негізгі
Развитие управленческой культуры будущего
салаларының күрделі сипаттамасы (эмоционалдық ,интеллектуалдық, мінез-құлықтық)
педагога дошкольного образования. автореферат
дисс.к.п.н.М. 2002
2
Кононенко М.А.
Мұғалімгің басқарушылық мәдениеті-субъекттің жеке-дара және тұлғалық
Формирование управленческой культуры
сипаттамасы, ол өзіне денсаулық сақтау, психологиялық , функционалдық, тұлғалық- учителя
в
процессе
профессиональной
шығармашылық, коммуникативтік сипаттағы білім, білік, дағды, құндылық бағдарды подготовки.М.2002 автореферат диссертации
кіріктері,олар өз кезегінде педагогтың басқаруды жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
к.п.н.
3
4
Белолипецкий В.К.,
Білім беру саласындағы жетекшінің басқарушылық мәдениеті-тәжірибеге тікелей
Этика и культура управления, М.2004-269с.
Павлова Л.А.
немесе жанама қатынасы бар, практикалық әдістер жүйесі.
Андреева Л.Д.
Жас педагогтың басқарушылық мәдениеті-оның кәсіби қалыптасуының
Формирование управленческой культуры
мәдениеттанушылық фенмені ретінде анықталады,тұлғаның бойында басқаруды молодго учителя.автореферат дисс.к.п.н.М2005
жүзегеасыратын білім,кәсібилік,адамгершілік қаситтердің жиынтығы.
5
Поздняков А.С.
Әлеуметтік жұмыс маманының басқарушылық мәдениеті-тұлғаның жаңашалануы,
Формирование управленческой культуры
оның кәсіби -әкімшілік бағытталуын ашатын, микро, мезо, макро деңгейде әлеуметтік будущего специалиста социальной работы в
жұмыстың мәселелерін тиімді шешілуін қамтамасыз етуге даярлығы мен тәжірибелік вузе.автореферат диссерт. д.п.н.Тамбов -2007-39с.
қабілеттері
6
Милютин П.
Білім беру ұйымы жетекшісінің басқарушылық мәдениеті-интеллектуалдық,
Управленческая
культура
личности
эмоционалды-еріктік, адамгершілік, физикалық қасиеттердің жоғары деңгейі, олардың факторы ее развития, Власть 2007,-№5-90с.
жиынтығы кәсіби міндеттерді жоғары дәрежедегі тұрақтылық пен тиімді шешуге
мүмкіндік береді
7
Садирбекова Д.К.
Басқарушылық құзыреттілік-басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз ететін
Болашақ
педагогтардың
басқарушылық
кәсіби тұлғалық қасиеттер мен басқару білім,білік, дағдыларының кіріктірілген құзыреттелігін қалыптастыру. философия докторы
жиынтығы.
дәрежесін алуға дайынд диссер.Алматы. 2018
8
Serjakovak, S.B.,
Nikitovskaja, G.V.
и
Дене шынықтыру мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігі-күрделі, жеке-дара
Формирование
управленческой
психологиялық құрылым, өзіне келесідей біліктерді кіріктіреді: мақсат қою, мақсатқа компетентности будущих учителей физической
жетудің құралдарын таңдау,өз бетінше шешім қабылдау, оқу-танымдық іс-әрекетті культуры//
Teorija i praktika fiziceskoj kul'tury,
ұйымдастыру, өз іс-әрекетіне рефлексия жасау.
2018, 3, S. 30-32,
10.
«Басқарушылық мәдениет» ұғымының зерттелінуі№
1
Автор
Е.П.Кортунова
Ұғымның мәні
Басқарушылық мәдениетін
кәсіби ұжымға бірыңғай ортақ мінез-құлық
нормаларын белгілейтін құндылықтардың, көзқарастардың, қатынастардың жиынтығы
ретінде түсіндіреді.
басқарушылық мәдениетінің мәні қоғамдық-тарихи, психологиялық және саяси
элементтері бар басқарушы сананың феномендерінің үйлесімді бірлігі және түйісуі
саласында анықталады
2
Л.З.Гумерова
3
В.А.Сластенин
«басқарушылық мәдениеті» ұғымы тұлғаның тұлғалық, жеке және субъективті
сапаларын қамтиды, білім беру ұйымын басқарудағы құндылықтар мен
технологияларды меңгеруге, таратуға және құруға бағытталған басқару іс-әрекетінің
алуан түрлеріндегі тұлғаның шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруының
өлшемі мен тәсілі болып табылады
4
А.М. Борлаков
«басқарушылық мәдениет» ұғымын қарастыруда тұлғаның іскерлік, кәсібитұлғалық сапаларын, сонымен бірге оның жеке сипаттамаларын қамтитын субъективті
факторды ескерудің қажеттілігін атап көрсетеді.
5
В.А.Киселев
6
Н.В.Кузнецова
«басқарушылық мәдениет оның сапалық белгілері мен ерекшеліктерін көрсететін
басқару еңбегінің жалпылаушы сипаттамасы болып табылады
Басқарушылық мәдениет келесі компоненттердің жиынтығы деп түсіндіреді:
1) басқару процестеріне, яғни басқару іс-әрекетіне қатысудың қажеттілігі және
қабілеттілігі;
2) ұйымдастырушылық-техникалық құзыреттілік;
3) басқару саласында білімдерді, біліктерді және дағдыларды меңгеру;
4) тұлғааралық қатынастардың субъектісі ретінде маманның жеке мәдениеті
(адамдармен жұмыс істеу білігін, тұлғааралық қарым-қатынас өнерін қамтитын)
11.
ТиімдіСлободян В.
жетекшінің
үлгісі,
әлеуметтік есею
қызметтік этика
функционалды
ерекшеліктер
басқарушылық ойлау
эмоционалды-еріктік
әлеует
12.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің басқарушылық мәдениет жүйесінің элементтерібасқарушы
педагог
психолог
шешен
этик
идеолог
13.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің басқарушылық мәдениетінің құрылымыоқу тобын басқару, оқу
тобының менеджменті
өзін-өзі басқару: өзін-өзі
бақылау, өзін-өзі
ұйымдастыру
бірлесе басқару,командада
жұмыс жасау қабілеті
14.
Сонымен,жоғарыда
қарастырылған
ғалымдардың
көзқарастарын түйіндей келе, біздің ойымызша:
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің басқарушылық
мәдениеті-кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауымен қалыптасатын,
шығармашылық деңгейдегі кәсібиліктің, кәсіби-педагогикалық
имидждің тұрақтануы, «педагог-басқарушы-шешен» жүйесіндегі басқарушылық шеберлікпен қамтамасыз етілетін күрделі
құрылым.
15.
2-міндет бойынша, Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің басқарушылықмәдениетін қалыптастырудың компоненттері мен көрсеткіштері анықталды.
№
Компоненттер
Көрсеткіштері
1
Мотивациялыққұндылықтық
компонент
-басқаруға деген қызығушылығының болуы,
-басқаруда адамгершілік, серіктестік, бірлесе жұмыс жасау
құндылықтарына сүйенуі,
-шиеленіскен, қақтығыстық қарым-қатынасты шешуде тұрақтылық
қабілетінің болуы,
- лидерлік қасиеттерін белсендіруге ынтасының болуы.
2
Танымдық
мазмұндық компонент
-ғылыми басқару саласындағы білімдер жүйесі,
-басқарушылық іс-әрекеттің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын
білуі
- басқарушылық іс-әрекеттің негізгі қағидалары туралы білімі
-кәсіби ұтқырлық, цифрлық сауаттылық және жаңашылдықты
жылдам меңгеруі.
3
Деңгейлері,
диагностикалық құралдар
Жоғары
Орта
Төмен
-И.В.Никишинаның
«Мұғалімнің шығармашылық
өзін-өзі дамыту қабілеті»
Ұйымдастырушылы
-білік пен дағдылар жүйесі (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, анкетасы;
қ-іс-әрекеттік
бақылау),
-К.Замфирдің әдістемесі
компонент
-басқарушылық іс-әрекетті жүзеге асыруда өзіне жауапкершілікті (А.Реанның модификациясы).
қабылдау қабілеті ,
-стандарттан тыс пайда болған мәселелерді жылдам әрі тиімді
шеше білуі,
-өз іс-әрекетіне рефлексия жасап, басқарушылық іс-әрекетте өзөзін бақылай алуы.
16.
3-міндет бойынша, Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетінқалыптастыру жүйесі әзірленді.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін
қалыптастыру жүйесі
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін
қалыптастыру жүйесі
"Болашақ дене
шынықтыру
мұғалімдерінің
басқарушылық мәдениеті"
элективті курс
"Мен Көшбасшымын"
психологиялық
жаттығулар, тренингтер
«Оқыту үрдісіндегі
инновациялық әдістер мен
тәсілдер " практикумы
17.
Кесте «Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениеті» элективті курсыныңтақырыптық мазмұны
«Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениеті» элективті курсының мақсаты болашақ маманның басқарушылық іс-әрекет
туралы түсінігін қалыптастыру, басқарушылық мәдениеттің құрылымы, қағидалары туралы білімдер жүйесін қалыптастырып, тәжірибеде қолдануға
дағдыландыру.
№
1
2
Тақырыптар атауы
Дәріс сағ.
Басқарушылық іс-әрекеттің әлеуметтік -психологиялық
сипаты
Басқарушылық мәдениет: құрылымы,мәні
3
4
5
6
Басқару қағидалары
Басқару стильдері
Көшбасшының қабілеттері
Болашақ
маманның
басқарушылық
қалыптастырудың технологиясы
7
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық
мәдениетін қалыптастырудағы цифрлық ресурстар
барлығы
мәдениетін
Семинар
сағ.
1
1
1
1
1
1
1
2
1
1
1
1
1
1
8
7
18.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін қалыптастырудыңКөшбасшымын» психологиялық тренингтер жиынтығы
«Аквариум» жаттығуы.
Мақсаты: топта жағымды климат қалыптастыру.
Материалдар: қағаз, қарындаштар (киізден жасалған қаламдар), желім, A4
парақтары, қайшы.
Уақыты: 5-10 мин.
Жаттығу барысы:Топ қатысушыларына парақтар, қайшылар, қаламдар
таратылады. 15-20 минут ішінде олар осы сабақта қандай тұқымды балық
болатынын шешіп, балықты сызып, кесіп, бояйды, оған қатысушының атын,
балық тұқымын жазуы керек.
Келесі кезеңде қатысушылардың әрқайсысы өз балықтарын қабырғаға (қағаз
парағы) жабыстыруы керек, бұл аквариумның бейнесі. Балықты қай жерде
желімдеу керек-әркім өзі шешеді (біреу тереңірек, біреу бетіне жақын), біреу
балдырларда, біреу тастардың арасында. Сондай-ақ, қатысушылар өз аттарын
атап, бұл балықтың аквариумда не іздейтінін, басқа балықтар арасында қалай
өмір сүретінін айтуы керек.
«Мен сені көруге қуаныштымын» жаттығуы.
Мақсаты: қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Уақыты: 5 мин.
Материалдар: жоқ.
Жаттығу барысы:Қатысушылардың әрқайсысы көршісіне: "мен сені
көргеніме қуаныштымын, өйткені..."деген сөздермен жүгінеді. Бұл
мәлімдемені адамның сыртқы сипаттамасымен емес, қатысушылардың
жеке қасиеттерімен жалғастыру керек.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Жаттығуды орындау оңай болды ма?
2.Көршіңіз сізге жүгінген кезде сіз қандай сезімдерді бастан
өткердіңіз?
3.Басқа адамға "Мен сені көргеніме қуаныштымын..." деген
сөздермен жүгіну керек болғанда не сезіндіңіз?
«Мен
«Көшбасшы-бұл…» жаттығуы
Мақсаты: көшбасшылық қасиеттерді анықтау.
Материалдар:
қағаз
парақтары,
маркерлер,
қарындаштар, газеттер, журналдар, қайшылар, желім.
Мақсаты: белсенді қарым-қатынас стилін игеру және
топта серіктестік қатынастарды дамыту.
Уақыты: 10 мин.
Жаттығу
барысы:10
минут
ішінде
газет
тақырыптарын, фотосуреттерді, суреттерді қолмен
немесе жарнамалық басылымдарда, журналдарда,
газеттерде "Көшбасшы – бұл"тақырыбында коллаж
дайындау керек. Жұмыстарды ұсыну.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Бұл жаттығуды орындау оңай болды ма?
2.Қандай сезім сіз бастан орындай отырып, осы
тапсырманы?
3.Тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтарға
тап болдыңыз?
4.Сіз қалай ойлайсыз, көшбасшы кім?.
19.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін қалыптастыру жүйесі:«Оқыту үрдісіндегі инновациялық әдістер мен тәсілдер» практикумы
Идеяларды тарату әдісі-бұл студенттерге тақырыпты
терең игеруге көмектесетін педагогикалық стратегия,
студент белгілі бір тақырыпқа қатысты ұғымдарды дәйекті
түрде байланыстыра отырып, өз ойларымен бөлісуді
үйренеді.Бұл әдіс студенттердің пәнді тереңдетіп оқытудағы
қызметін жеделдетуге және кеңейтуге қызмет етеді. Бұл
тақырыпты жалпылауға, шоғырландыруға және алынған
идеяларды сурет түрінде ұсынуға шақырады.
Венн диаграмма әдісін деректерді талдау,
салыстыру және салыстыру үшін қолдануға болады.
Бұл әдіс диссертация тақырыбы бойынша ақпаратты
жинау, зерттеу және талдау нысаны болып табылады,
мысалы, студенттерге немесе интерндерге жеке немесе
топтарда бөлінген уақыт ішінде. Бұл студенттердегі
тақырыпқа аналитикалық көзқарас жеке бөліктерге
негізделген
тақырыптың
жалпы
мәнін
игеру
дағдыларын дамытуға бағытталған. Әдіс шағын
топтардың қалыптасуына негізделген схема бойынша
жүзеге асырылады. Тақырып бойынша арнайы
тапсырмалар берілген. Тапсырмаларды орындағаннан
кейін көшбасшылар топ мүшелерінің ішінен таңдалады
және олар өз пікірлерін білдіреді, жинақтайды және
тақтада көрсетілген диаграмманы толтырады
Миға шабуыл әдісі-бұл топ аралық жұмыста
қолданылатын әдіс, ол мүмкіндігінше көп идеяларды
әзірлеуді және мүмкіндігінше көп идеяларды жинауды
қамтиды. Бұл әдістің міндеті - тыңдаушылардың оқу
процесіне белсенді қатысуы, оларды бірдей ойлау
инерциясынан босату, басқаларды әртүрлі идеяларды
білдіруде көп жұмыс істеуге шақыру, шабыт беру,
шығармашылық мәселелерді шешу процесінде бастапқы
идеяларды жеңу. Бұл ынталандырушы әдіс. Сондықтан
"миға шабуыл" әдісі активтендірудің маңызды әдісі
болып табылады-жалғыз жұмыс істеу мүмкін емес, бір
идея топтың барлық мүшелерін бірдей тартады.
Оқытушы қабілетті болуы тиіс анықтау проблема немесе
мәселе, ол көтеріледі, және жіберуге шешім
студенттікқауымдастық және олардың идеяларын жинау,
осылайша мәселенің дұрыс жауабын немесе шешімін
табуға көмектеседі.
Мысал: жүгіру, секіру, лақтыру нәтижесіне әсер
ететін 3 негізгі фактор мен қосымша факторларды
сипаттаңыз.
20.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін зерттеу әдістемесіжәне нәтижесі
Болашақ дене шынықтыру мұғаімдерінің басқарушылық мәдениетін зерттеу деңгейі,
мотивациялық –құндылықтық компонент, Анықтаушы кезең
45
Респондент
Деңгейлер
саны
жоғары
орташа
төмен
адам
4
7
9
%
20
35
45
тер
35
20
Болашақ дене шынықтыру мұғаімдерінің басқарушылық мәдениетін зерттеу деңгейі,
танымдық- мазмұндық компонент, Анықтаушы кезең
Педагогтардың
саны
60
25
Деңгейлер
Жоғары
Орташа (өзін-өзі Төмен (тоқтап
(белсенді өзін- дамытудың
қалған өзін-өзі
өзі дамыту)
қалыптасқан
дамыту)
жүйесі жоқ)
адам
5
12
3
%
25
60
15
15
21.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін зерттеу әдістемесіжәне нәтижесі
Болашақ дене шынықтыру мұғаімдерінің басқарушылық мәдениетін зерттеу деңгейі,
ұйымдастырушылық –іс-әрекеттік компонент (анықтаушы кезең)
Респонденттер
саны
55
Деңгейлер
жоғары
орташа
төмен
адам
3
11
6
%
15
55
30
30
15
Болашақ дене шынықтыру мұғаімдерінің басқарушылық мәдениетін зерттеу
деңгейі, мотивациялық –құндылықтық компонент, бақылау кезеңі
45
Педагогтардың
саны
45
Деңгейлер
жоғары
орташа
төмен
адам
8
9
3
%
40
45
15
40
35
20
15
22.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін зерттеу әдістемесіжәне нәтижесі
Болашақ дене шынықтыру мұғаімдерінің басқарушылық мәдениетін зерттеу
деңгейі, танымдық -мазмұндық компонент, бақылау кезеңі
60
60
Педагогтардың
саны
Деңгейлер
Жоғары
Орташа (өзін(белсенді өзін- өзі дамытудың
өзі дамыту)
қалыптасқан
жүйесінің
болмауы)
Төмен
(тоқтап
қалған өзінөзі дамыту)
адам
%
12
60
2
10
30
25
15
10
6
30
Болашақ дене шынықтыру мұғаімдерінің басқарушылық мәдениетін зерттеу деңгейі,
ұйымдастырушылық –іс-әрекеттік компонент (бақылау кезеңі)
Педагогтардың Деңгейлер
саны
55
50
жоғары
орташа
төмен
адам
10
9
1
%
50
45
5
45
30
15
5
23.
ҚорытындыСонымен, зерттеу мәселесі бойынша ізденістер жүргізіліп, келесідей нәтижелерге қол жеткіздік:
1.Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің басқарушылық мәдениеті-кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауымен қалыптасатын,
шығармашылық деңгейдегі кәсібиліктің, кәсіби-педагогикалық имидждің тұрақтануы, «педагог-басқарушы-шешен» жүйесіндегі басқарушылық шеберлікпен қамтамасыз етілетін күрделі құрылым.
2. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін қалыптастырудың компоненттері мен көрсеткіштерін
анықтадық:
-Мотивациялық-құндылықтық компонент,
-Танымдық -мазмұндық компонент,
-Ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік компонент.
Аталмыш компоненттерге сәйкес жоғары, орташа, төмен деңгейлері анықталады.
3. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениетін қалыптастырудың жүйесі әзірленіп, тиімділігі эксперимент
арқылы тексерілді:
-"Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениеті" элективті курсы әзірленді,
-"Мен Көшбасшымын" психологиялық жаттығулар, тренингтер жиынтығы жасалды,
"Оқыту үрдісіндесі инновациялық әдістер мен тәсілдер" практикумы жасалды.
Сонымен, зерттеу аясында біз келесідей ұсыныстар береміз:
-Зерттеу аясында әзірленген "Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің басқарушылық мәдениеті" атты элективті курсын
жоғары оқу орындарында болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау үдерісіне еңдіру.
- Әзірленген "Мен Көшбасшымын" психологиялық жаттығулар, тренингтер жиынтығын біртұтас педагогикалық үрдісте
пайдалану,
- зерттеу аясында әзірленген
"Оқыту үрдісіндесі инновациялық әдістер мен тәсілдер" практикумын жоғары оқу орнының
оқыту үрдісінде пайдалану.
Жүргізілген зерттеу жұмысы толық мәселені шешті деп айта алмаймыз, дегенмен біршама оң өзгерістерді көрсеткенін
дәлелдеді.