Похожие презентации:
Ауыз қуысы шырышты қабатының травмалық зақымдануы
1.
Қожа Ахмет Ясауи атындағыШымкент Медицина Институты
Тақырыбы: Ауыз қуысы шырышты
қабатының травмалық
зақымдануы
Орындаған: Жанұзақова А.
Қабылдаған : Жаханова С.
СК - 606
2.
• Жарақаттаушыәсерлерден
туындайтын
зақымдар:
• 1. Механикалық
зақым;
• 2. Химиялық зақым;
• 3. Физикалық
зақым;
• 4. Лейкоплакия.
3.
• Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлердензақымдануы.
Еріндер жиегі мен ауыз кілегей қабығы сыртқы
ықпалдар (механикалық, температуралық, химиялық,
физикалық) әсеріне толассыз ұшырап отырады. Ықпал
етуші факторлардың әсер ету күші кілегей қабықтың
төземділік көрсеткішінен жоғары болмаса, ол онда
қорғаныс қызметінің бұзылмауына байланысты
ешқандай өзгеріс туындатпайды. Кілегей қабық
төзімділігі шегінен басым ықпалдар патологиялық
өзгерістер туындатады және олардың клиникалық
белгілері жарақаттаушы ықпалдың түріне, әсер ету
қарқындылығына және ұзақтығына байланысты
болады. Сонымен қатар жарақаттану үрдісінің
дамуында сыртқы ықпалдың әсер ету аймағының
анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, жергілікті
тіндердің және организмнің жалпы реактивтілік
қасиеттері маңызды роль атқарады.
4. Механикалық зақым
Механикалық зақымдану (механическая травма) жедел және созылмалы болып екі түрге
бөлінеді.
Жедел механикалық зақым (острая механическая трама –trauma mechanicum acutum)
жарақаттаушы ықпал аз уақыт ішінде және үлкен күшпен әсер еткенде дамиды.
Жарақаттаушы ықпалдар: соғып алу немесе тістеп алу және әртүрлі өткір немесе
11өтпейтін заттармен жарақаттану (кейде мұқият жүргізілмеген дәрігерлік әрекеттер де
кілегей қабықтың зақымдануына әкеліп соғады). Зақымдаушы ықпалдың күшіне байланысты
кілегей қабық тіндерінде жаншылу (ушиб), қан құйылу (гематома) үрдістері дамып, жабынды
эпителий қабатының бүтіндігінің бұзылуы әсерінен жұқа жара (эрозия), дәнекер тін
қабатының бүтіндігінің бұзылуынан ойық жара (язва) пайда болады (1- сурет).
Ауыз
гигиенасы нашар және организмінің жалпы реактивтілігі төмен адамда зақымдану эрозиясы
мен жарасы екіншілік инфекцияның әсерінен асқынып, терең оңайлықпен жазылмайтын
жарақат ошағына айналуы мүмкін. Кілегей қабықтың жедел зақымын анықтау қиынға
соқпайды. Себебі, ауру анамнезін жинақтаған кезде зақымдаушы ықпал туралы мәлімет алуға
болады.
Емі. Емдеу шаралары зақымдану ошағының тереңдігіне және көлеміне байланысты
жүргізіледі. Жаншылу және гематома пайда болған кезде (көбіне қатар пайда болады) ауру
сезімін басып, ауызды және жарақат ошағын антисептиктер ертіндісімен өңдеп, зақымданған
аймаққа тыныштық жағдай тұғызады. Гематома ошағында қанның ұйымай, тез сорылып
кетуі ішін гепарин жақпасын қолдануға болады. Үлкен көлемді зақымдану жарасына
антисептикалық өңдеуден кейін тігіс салады, ал ұсақ эрозия мен жараның тез жазылуы үшін
кератопластиктер (А және Е витаминдерінің майлы ертінділері, кароталин, итмұрын майы,
0,2% тезан линименті) мен дәнекер тіннің белсенділігін жоғарылататын жақпалар
(солкосерил, апилак, актовегин, «Аропоцеум») қолданады. Оларды ауызды антисептиктер
ертіндісімен өңдегеннен кейін жарақат бетіне 15-20 минутқа бастырма (аппликат) ретінде
қою немесе жағып сіңіреді (оның алдында зақымдану ошағын уақытша жансыздандырып алу
керек).
5.
• Созылмалы механикалық зақымСозылмалы механикалық зақым (trauma mechanicum chronicum) жиі кездеседі. Жарақаттаушы ықпалдар: тісжегі
әсерінен бұзылған тістердің өткір қырлары, қатты тіс шөгінділері, сапасыз көпірге ұқсас және алмалы протездер, ауытқи
шыққан және қозғалмалы тістер, жағымсыз әдеттер (ернін, ұрттың кілегей қабығын тістелеу).
Созылмалы
механикалық зақым ұзақ уақыт және аз күшпен әсер ететін ықпалдардан дамиды. Клиникалық ерекшелігі және ағым үрдісі
зақымдану ошағының орналасуына, аурудың жас ерекшелігіне, екіншілік инфекцияның әсеріне, зақымдаушы ықпалдың күшіне
байланысты және көбіне жасы ұлғайған адамдар арасында жиі кездеседі. Бұған кілегей қабықтың тургорының төмендеуі,
тістердің патологиялық қажалуына және көптеп жұлынуына байланысты тістем биіктігінің кішірейуі себепкер болады.
Сонымен қатар тіндердің қайта құрылу қасиетінің төмендеуіне байланысты жасы ұлғайған адамдарда зақымдану ошағы
баяу жазылады.
Кілегей қабықтағы созылмалы зақымдану ошағы ауруды аса көп мазаламауы мүмкін, кейде шамалы ыңғайсыздық
,аздаған ауру сезімі, домбығу (ісіну) белгісі болуы мүмкін.
Созылмалы зақымдану көбіне кілегей қабықтың катаралды қабынуы, оның бүтіндігінің бұзылуы (жұқа және терең
жара), пролифермативті (өсу) үрдістері (қызылиек бүртіктерінің және жиегінің өсуі), тіл бүртіктерінің өсуі
(папилломатоз), жабынды эпителийдің шамадан тыс мүйізгектенуі (лейкоплакия) түрінде кездеседі.
Кілегей қабықтың катаралды қабынуы. Бұл кезде зақымдану ошағында қызару (гиперемия), домбығу (отек) және
клеткалар шоғырлануы (инфильтрация) байқалады. Қабыну үрдісінің айқындылығы әсер етуші ықпалдың (тітіркендіруші)
күшімен және әсер ету уақытымен тығыз байланысты. Егер тітіркендіруші әсер жойылмаса, қабыну ошағында
жалқықтану үрдісі (алғашында сарысулы, ал кейінірек іріңді) орын алады. Іріңді жалқықтану кезінде кілегей қабықтың
жоғарғы қабаты бұзылысқа ұшырап, беті фибринді немесе іріңді қақпен жабылған жұқа жара (созылмалы зақымдану
эрозиясы-хроническая траматическая эрозия) пайда болады және ауырып мазалай бастайды. Зақымдаушы фактордың
әсерін дер кезінде тоқтатып, емдеу шараларын жүргізсе қабыну үрдісі басылып, эрозия тыртықтанбай тез арада
жазылады. Ал егер зақымдаушы фактор жойылмаса, зақымдану эрозиясы жараға айналады. Созылмалы зақымдану жарасы
(хроническая травматическая язва – ulcus chronicum braumaticum) немесе декубиталды жара (декубитальная язва – ulcus
decubitale) зақымдаушы әсер аймағынан оған қарама қарсы аймақта орналасады. Жараның көлемі, тереңдігі және пішіні
әртүрлі, жиегі тегіс емес, қызарып ісінген кілегей қабықпен және қабыну инфильтратымен қоршалған, беті кейде таза,
кейде ақшыл-сұр қақпен жабылған болып келеді(-сурет). Сипап тексергенде жараның табаны және жиегі жұмсақ. Егер жара
ұзақ уақыт емделмесе, жиегі және табаны қатая бастайды (пролиферациялану үрдісінің басым болуына байланысты).
Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған және аздап ауырады. Ауыз гигиенасы нашар болса, жара анаэробты инфекция әсерінен
асқынып тереңдейді, бетінде сасық иісті жасыл-сұр қақ пайда болады. Жара алғашқы кезде ауырып мазалайды, бара-бара
ауру сезімі бәсеңдеп, ауру адам оған көңіл бөлмей қояды. Ұзақ уақыт (2-3 ай) емделмеген созылмалы зақымдану жарасы
қатерлі ісікке ауысуы мүмкін .Зақымдаушы факторларды жойып, тиімді, кешенді емдеу шараларын жүргізсе, жара тез
тыртықтанып жазыла бастайды.
Емі. Ең алдымен зақымдаушы әсерді жояды, қатты ауру сезімі болса, уақытша жансыздандыру әдісін пайдаланып, ауыз ішін
және жарақат ошағын антисептиктер ертінділермен өңдейді, жара бетін өлі тіндерден тазартып (механикалық жолмен
немесе протеолиздеуші ферменттерді пайдаланып) қабынуға қарсы дәрілермен,кератопластиктермен және жараның
жазылуын жылдамдататын дәрілермен бастырма қояды (20-30 минутке). Жараны күніне 2-3 рет өңдеген тиімді. Жалпы
реактивтілігі төмендеген және жасы ұлғайған адамдарға жалпылай ем тағайындау қажет (витаминдер жиынтығын,
жалпы реактивтілікті жоғарлататын дәрілер).
Жүргізілген емдеу шаралары жараның жазылуына көмегін тигізе алмаса, 7-10 күннен кейін науқасты дәрігеронкологқа кеңес алуға жіберу керек. Жара жазылғаннан кейін ауызды сауықтыруға көңіл бөлу керек.
6. Таңдайдың папилломатозды гиперплазиясы немесе таңдай папилломатозы.
Сапассыз жасалған алмалы-салмалы протез қатты таңдайдың кілегей
қабығын тітіркендіріп, жедел немесе созылмалы қабыну үрдісін туындатады. Бұл
кезде ошақталған немесе жайылған қызару ошағы пайда болады және біртіндеп
бетінде папилломаға ұқсас өсіктер шыға бастайды. Қатты таңдайдың
протездік базисі жатқан беті ашық-қызыл түсті түтіршікті аймаққа айналады
(сурет). Мұндай үрдістің дамуында созылмалы зақымдаушы әсермен қатар
протез бетінде көптеп Candida тектес саңырауқұлақтар да анықталады.
Сонымен қатар кілегей қабықта протез материалынан (акрилді
пластмассаға) аллергиялық реакция дамуы мүмкіндігін де ескерген жөн.
Емі. Протез әсерінен пайда болған тітіркендірісті біраз уақытқа жою керек
(протезді кимеу керек). Ауыз гигиенасын дұрыс сақтап, саңырауқұлаққа қарсы
дәрілер қабылдау қажет (егер саңырауқұлақтар мөлшерден көп болса). Жарақат
ошағына «Лоринден-А» жақпасынан күніне 2-3 рет бастырма қойған тиімді.
Ауызды ас содасының 1-2 % ертіндісімен күніне 2-3 рет шайып тұру керек.
Папилломатозды өсіктер сорылған соң, жаңа протез жасатуға болады және оны
дұрыс кіюді үйрету керек. Дәрілермен емдеу аса нәтижелі болмаса, хирургиялық
әдістерді (криохирургиялық, қуатты лазерді қолдану) қолдануға болады.
7. Ауыздың кілегейлі қабығының химиялық зақымы
Жедел химиялық зақым күнделікті тұрмыста жоғары концентрациялы химиялық
препараттарды кездейсоқ қабылдау кезінде (байқамай дәрі құтыларын химиялық заттар
құтыларымен ауыстырып алу), немесе өз өміріне қол жұмсау (суицид) мақсатында колдану
кезінде кездеседі. Көбіне дәрігер-стоматологтың тәжрибесінде әртүрлі стоматологиялық
емдеу шараларын жүргізгенде дамитын химиялық зақымдар орын алады. Олар мышьяк
қойыртпағының, фенолдың (карбол қышқылы), формалиннің, резорциннің, азотқышқылды
күмістің, тістің қатты тіндерін ерітуге арналған қышқылдардың (тісжегі қуысын
композитпен пломбылау кезінде), тістерді ағартуға арналған пергидролды колданудың
әсерінен дамиды. Кейде тістің қатты ауыруын басу үшін қолданылған спирт, иіссу,
ацетилсалицил қышқылы да кілегей қабықты күйдіре зақымдауы мүмкін.
Жоғары
концентрациялы химиялық препараттар (қышқылдар мен сілтілер) кілегей қабықты
күйдіреді. Күйіктің клиникалық көрінісі химиялық агенттің концентрациясына, мөлшеріне
және әсер ету уақытына байланысты дамиды. Қышқылдар әсерінен туындаған күйік кілегей
қабықтың коагуляциялық некрозға (өліеттенуге) ұшырауы нәтижесінде дамиды және бұл
кезде зақымдану ошағында тығыз ақ, сарғыш немесе ақшыл-сұр түсті жарғақ (пленка) пайда
болады. Жарғақ астындағы тіндермен берік байланысқан және төңірегінде дереу қабыну
үрдісі дамып, қатты ауру сезімі пайда болады.
Сілтілер әсерінен туындаған күйік кілегей қабықтың колликвациялық некрозға ұшырауы
нәтижесінде дамиды. Бұл кезде жарғақ пайда болмайды, өліеттенген тін жұмсақ,
балмұздаққа ұқсас және терең жатқан қабаттарды қамтиды. Кезкелген күйіктен соң
қатты ауру сезімі дамиды. Бірнеше тәуліктен кейін (4-7) химиялық зақым ошағындағы
өліеттенген тіндер біртіндеп ыдырауға ұшырап, астындағы эрозия немесе жара беті
ашылады. Төмен концентрациялы химиялық заттар әсер еткен кезде зақымдану ошағында
катаралды қабыну белгілері дамиды.
Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдарын анықтау аса қиынға түспейді. Клиникалық
көрінісі мен зақымдану себебі қосалқы тексеру әдістерін қажет етпейді.
8.
Кілегей қабықтың жедел химиялық зақымын (күйігін) емдеуді ауызды дереу сумен жуып тазартудан және
химиялық агентті бейтараптандыруға арналған шаралар жүргізілуден басталады. Ол үшін қышқылдан болған
зақым кезінде сабынды суды, ас содасының 1% ертіндісін, мүсәтір спиртінің 0,1% ертіндісін (бір стакан суға 15
тамшысын қосады), әкті суды (известковая вода) пайдаланады.
Сілтілерді бейтараптандыру үшін тұз, лимон, сірке қышқылдарының әлсіз ертінділері (бір стакан суға шай
қасықтың ¼ бөлігі) пайдаланылады.
Азотқышқылды күмістің әсерін жою үшін Люголь, натрий хлоридінің (ас тұзы) 2-3% ертінділерін
қолданады. Олар күмістің ерімейтін қоспасын құрайды.
Фенолдың әсерінен күю кезінде кілегей қабықты 50% спиртпен үпілмәлік майымен (касторовая масло)
өңдейді.
Мышьяктан болған күйік ошағын 5% иод тұнбасымен, 5% унитиолдың ертіндісімен, күйдірілген
магнезиймен өңдейді.
Химиялық зақым тұдырған заттарды бейтараптандырғаннан кейінгі емдеу шаралары ауру сезімін басуға
(1-2% тримекаин және лидокоин ертінділерімен бастырма қою), жарақат ошағын өліеттенген тіндерден
тазартуға (ферменттерді қолданып), екіншілік инфекцияның әсерін тоқтатуға (антисептиктер қолданып),
қабыну үрдісінің бетін қайтарып (кортикостероидтар қолданып), жаралы ошақтың тез жазылуын қамтамасыз
етуге (кератопластиктер қолданып) бағытталады. Сонымен қатар емдеу шаралары жүргізілген мерзімде
арнаулы емдеу (жарақат ошағын тітіркендірмейтін және жұмсақ тағамдар) қабылдаған тиімді.
Химиялық агенттерден ауыз, жұтқыншақ және өңеш кілегей қабықтарының үлкен көлемді аймақтары
зардап шеккен аурулар арнаулы ауруханалардың токсикологиялық бөлімдерінде емдеуді қажет етеді.
Ауыз кілегей қабығы жедел химиялық зақыммен қатар созылмалы зақымдануға ұшырайды. Ол көбінесе
шылым шегу, насыбай ату, арақ ішу және ащы тағамдар қабылдау сияқты зиянды әдеттер әсерінен дамиды.
Темекінің құрамындағы химиялық белсенді агенттер жиынтығы – никотин, пиридин негіздері, синил
қышқылы, цианитті қоспалар, фенол, қарамай шөгіндісі (дегтярный осадок) кілегей қабықты тітіркендіре әсер
етеді. Сонымен қатар темекі түтінінде темекінің жануы кезінде пайда болатын пирен,антрацен, 3-4бензопирен сияқты канцерогенді (обыр тудырушы) заттар бар.
Ұзақ уақыт химиялық әсерге ұшыраған кілегей қабық босап, іркіле-қызаруға, созылмалы қабынуға
ұшырайды, бара-бара жабынды эпителий күңгірттеніп гиперкератоздану (шамаданан тыс мүйізгектену)
ошақтары пайда болады.
Мұндай жағдайлар анықталған кезде ауруды зиянды әдеттерден арылту керек және жарақат ошағына А
және Е витминдерінің майлы ертінділерімен бастырма қойып емдейді, ауыз ішін сауықтырады.
9. Ауыз кілегей қабығының физикалық әсерлерден зақымдануы.
Ауыз кілегей қабығының физикалық
әсерлерден зақымдануы.
Кілегей қабықтың физикалық зақымы жедел және созылмалы ағымды болуы мүмкін. Жедел
физикалық зақым жоғары температура (ыстық су, бу және от) және төменгі температура
(балалардың көбінесе аязда қалған заттарды ауызға алуы кезінде, криодеструкциялаушы ем
жүргізгенде суық азотты пайдаланған кезде), электр тоғы, иондаушы радиацияның үлкен мөлшері
әсерніен дамиды.
Жоғары температураның әсерінен кілегей қабық жеңіл және ауыр зақымдануы мүмкін.
Жедел зақым кезінде кілегей қабық (көбінесе қатты таңдайдың) қызарып, домбыға
бастайды, беті кедір-бұдырланып, жабынды эпителий кесек-кесек болып түлеп, жарақат
ошағында ашып ауру сезімі пайда болады.
Ауыр зақым кезінде кілегей қабық бетінде әртүрлі көлемді күлбірек бөрткендер пайда
болып, жарылғаннан кейін эрозиялы ошаққа айналады. Кейде күю әсерінен дәнекер тін қабатымен
қаттар астында жатқан ет және сүйек тіндері де өліеттенуге ұшырауы мүмкін.
Кілегей қабықтың электр тогының әсерінен күюі көбінесе физиотерапиялық емдеу
шараларын (электрофорездеу әдісі, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелермен емдеу) жүргізген
кезде электродтардың жалаңаштануы және жоғары күшті токты пайдалану кезінде және
техника қауіпсіздігін сақтамағанда байқалады.
Жедел температуралық зақымды анықтау қиынға түспейді, ауру анамнезін жинақтау
тиісті көмегін тигізеді.
Емдеу шаралары уақытша жансыздандыруды, қабыну үрдістерін тоқтатуды, зақымдану
ошағының тез айығуын қарастырады.
Оттан және үлкен күшті электр тогының әсерінен күю кезінде тек ауыздың кілегей қабығы
ғана емес, басқа да тіндер ауыр зардап шегуі мүмкін. Оларды емдеу арнаулы күйік
орталықтарында жүргізіледі. Дәрігер-стоматолог көрсете алатын алғашқы дәрігерлік көмекқатты аурудан туындайтын шокпен күресу (ауырсыздандыру), жарақат ошағын екіншілік
инфекциядан қорғау (антисептикрермен жуып-шаю), күйік алған адамды арнаулы емдеу
мекемесіне жеткізуді қамтамасыз ету.
10. Гальваникалық ток
. Ауыздың кілегей қабығына созылмалы әсер ететін физикалық
факторлардың бірі-гальваникалық ток немесе ауыз ішіндегі әртүрлі
металлдан жасалған конструкциялар әсерінен пайда болатын микротоктар.
Бұл токтар – сілекейдің электролиттік ортаға айналып металл иондардың
бөлінуіне немесе металлдың иондық жағдайдан ертіндіге ауысуына
байланысты дамиды. Ауыздағы микротоктардың мөлшері 10-19 мка жоғары
болған жағдайда кілегей қабықты тітіркендіріп, гальванизм белгілерінің
дамуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл белгілер көбіне ауызда металл дәмінің пайда
болуымен тілдің және ауыздың басқа аймақтарының ысып-күюімен, дәм
сезудің бұзылуымен (қышқыл және ащы дәм пайда болуы) сипатталады.
Сонымен қатар кілегей қабықта шамадан тыс мүйізгектену үрдісі де
байқалуы мүмкін. Кейде ауыздағы металлдан жасалған протезге қасық
немесе шанышқы тиіп кетсе электрлену белгісіндей ыңғайсыз сезім пайда
болады.
Көпшілік жағдайда гальванизм белгілері ауыз ішінде алтын-амальгама
алтын-латунь, металл-латунь араластығы орын алғанда дамиды.
Емі. Егер субъективтік сезімдер металлдан жасалған протез кигеннен
кейін дамыса, оны басқа зиянсыз металдардан қайта жасауға болады.
Сонымен қатар гальванизм белгісін туындататын факторларды жою
қажет болады (амальгамадан жасалған пломбыларды ауыстыру, жоғарыда
көрсетілген металдар араластығын жою немесе болдырмау).
11. Лейкоплакия
Лейкоплакия(лейкоплакия - Leucoplakia) – беті кілегей қабықпен жабылған ағзалар немесе тіндер бетінде
кездесетін, жабынды эпителийдің шамадан тыс мүйізгектенуімен және дәнекер тіннің созылмалы
қабынуымен сипатталатын патологиялық үрдіс. Лейкоплакия кілегей қабықтың әртүрлі ұзақ әсер
ететін ықпалдарға (физикалық, химиялық, механикалық және биологиялық) жауабы деп саналады.
«Лейкоплакия» (leuqos – белый, plaqva - бляшка) немесе «ақ тоға» терминін алғаш 1877 жылы
дерматолог Швиммер енгізген.
Лейкоплакияның дамуында белгілі орын атқаратын себептер: ұзақ әсер ететін механикалық
тітіркендіруші факторлар; темекі түтіні, ішімдік, гальваникалық ток. Ерін жиектерінде лейкоплакия
ошағының дамуына себепкер күн сәулесінің, ауа-райының, шаң-тозаңның, шылым шегудің зиянды әсерлері.
Сонымен қатар патологиялық үрдістің дамуында жалпы организмнің, оның ішінде асқазан-ішек
жолының жағдайымен тығыз байланыстылығы және ауыздың кілегей қабығының резистенттігінің үлкен
маңызы бар.
Машкиллейсон А.Л. (1983) байқауынша лейкоплакиямен ауыратын адамдардың 88%-да
асқазан-ішек жолдарының аурулары анықталған.
Лейкоплакия көбінесе 40-50 жастағы ер адамдар арасында кездеседі. Лейкоплакияның үш түрін
ажыратады: жазық немесе қарапайым, верукозды және эрозиялы-жаралы. Бұл түрлердің бір-біріне ауысуы
немесе бір адамның ауыз қуысы ішінде қатар кездесуі мүмкін. Лейкоплакия обыралды ауруға, оның ішінде
факультативті түріне жатады.
Жазық лейкоплакия (плоская лейкоплакия – leicoplaqia planus) кілегей қабық бетінде созылмалы
зақымдануға ұшыраған аймақта гиперкератоздану нәтижесінде ақшыл-сұр түсті, күңгірт біртұтас
ошақтың пайда болуымен және жұқа шылым оралған қағазды жапсырып қойғандай көрініспен
сипатталады. Жабынды эпителийдің мүйізгектенуі біркелкі болмағандықтан, жарақат ошағы ақшыл-сұр
немесе ақ түсті даққа ұқсайды, қырып байқағанда алынбайды, шекарасы тегіс емес, иір-қиыр, беті кедірбұдырлау және құрғақ болады. Төңірегіндегі дәнекер тінде қабыну үрдісі, ал мүйізгектену ошағының
астында тығыздану аса байқалмайды.
Лейкоплакия ошағы көбінесе ұрттың кілегей қабығында тістердің тістесу деңгейінде, езуге
жақынырақ, тілдің бүйір беттерінде немесе үстінде, тістері жұлынған альвеола өсіндісінің қырында, ерін
жиегінде көбірек ораналасады. Езуге жақын орналасқан лейкоплакия ошағының шыңы ұртқа қараған
үшбұрышқа ұқсас келеді. Қатпарлы тілдің үстінде орналасқан лейкоплакия ошағы ауыз түбінде немесе
ұртта орналасса, жиырылған ақшыл-сұр жарғаққа ұқсайды
12.
• Жазық лейкоплакияның бір түрі – Таппейнер лейкоплакиясы (шылым шегушілерлейкоплакиясы, таңдайдың никотиндік лейкокератозы). Көп жағдайда шылым шегушілер арасында кездеседі
және қатты таңдайдың кілегей қабығының ақшыл-сұрланып қалың дамуымен, күңгіртенумен
сипатталады және бетінде көптеп кеңейген ұсақ сілекей бездерінің түтіктері ашық-қызыл ноқаттар
түрінде көрінеді. Егер біраз тосып байқаса, олардың ауызынан еріген шыққа ұқсас мөлдір тамшылар
бөліне бастайды.
Жазық лейкоплакия ешқандай субъективтік белгілер туындатпай, ауызда ұзақ жылдар сақталуы
мүмкін, ал кейде жарақат ошағында құрғау, кедір-бұдырлық сезімдері мазалайды.
Аурудың бұл түрі 1-5% жағдайда қатерлі ісікке (обырға) айналады.Егерде созылмалы зақымдаушы
ықпалдардың әсері жойылмаса көп жағдайда жазық лейкоплакия верукозды немесе эрозиялы-жаралы
түріне ауысады.
Гистологиялық зерттеулер кезінде лейкоплакия ошағындағы кілегей қабықтың нағыз дәнекер тін
қабатында жайылған созылмалы қабыну үрдісі, ал жабынды эпителийде акантоз, паракератоз,
гиперкератоз байқалады.
Жазық лейкоплакияны емдеу төмендегі шараларды қарастырады:
тітіркендіруші әсерлерді жойып, ауыз қуысын сауықтыру.
Асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеу (егер анықталған болса).
Жарақат ошағына А витаминінің 3,44% майлы ертіндісінен, 10% дибунол линментінен күніне 3-4 рет
бастырма қою (3-4 жеті).
Жалпылай ем жүргізу: аевитті бір капсуладан күніне 2-3 рет немесе А витаминінің майлы ертіндісін 10
тамшыдан күніне 3 рет екі айға жуық қабылдау. Витамин С- 0,3г- күніне 3 рет қабылдау (20-30 күн);
пиридоксин – 0,02-0,03г күніне 1-2 рет немесе пиридоксальфосфат – 0,01г күніне 3-4 рет (1-2 ай) немесе В1
витаминін- 0,02г күніне 3 рет.
Емдеу шаралары бір курспен аяқталмайды. Жарақат ошағы толық жойылғанша емді жылына 2-4 рет
қайталап отыру керек. Жоғарыда көрсетілген емдік дәрілерді қолданумен қатар жарақат ошағындағы
созылмалы қабыну үрдісін тоқтатуға арналған шараларды жүргізген де тиімді болады(бутадион
жақпасымен, құрамында кортикостероидтар бар жақпалармен күніне 2-3 рет бастырма қою).
13.
• Веррукозды лейкоплакия (веррукозная лейкоплакия – leicoplaqia verucosa) ауызда екітүрде – тоғалы (бляшечная форма) және сүйелді (бородовчатая форма) түрде кездеседі.
Аурудың тоғалы түрінде кілегей қабық бетінен біраз көтеріңкі орналасқан аппақ немесе ақшыл-сүт түстес шекарасы
ашық, белгілі пішінсіз, беті жазық, бірақ онша тегіс емес тығыздау ошақтың пайда болуымен сипатталады және бетін
қырған кезде алынбайды.
Сүйелді түрінде лейкоплакия ошағы ақ немесе ақшыл-сұр түсті, төңірегіндегі
тіндерден жоғары орналасып, беті кедір-бұдыр немесе томпақ-томпақ топтаса орналасқан сүйелдерге ұқсас келеді
(сурет-5).
Веррукозды лейкоплакия кезінде кілегей қабықтың жарақат ошағында ысып-күю, кедір-бұдырлық, ыңғайсыздық
сезімдері, ас шайнағанда тістеп алу, кедергі жасауы сияқты машақаттар мазалауы мүмкін.
Веррукозды лейкоплакия факультативті обыралды ауруға жатады (5-20% жағдайда обырға айналады).
Сондықтан обырға айналу белгілерін жақсы ажырата білу керек. Олар – жарақат ошағының тығыздануы, түсінің
өзгеруі, мүйізгектену үрдісінің күшеюі, эрозия немесе жара ошағының пайда болуы.
Веррукозды лейкоплакия ошағы консервативтік емді аса қажет етпейді, көбіне хирургиялық әдіспен емделеді
(кесіп алып тастау, қуатты лазермен немесе төменгі температурамен деструкциялау әдістері қолданылады).
Лейколпакияның эрозиялы-жаралы түрі жазық немесе веррукозды лейкоплакия ошақтарында тіндердің созылғыштық
қасиеттерінің төмендеуіне және трофикалық үрдістің бұзылуына байланысты тілік немес эрозияның пайда болып,
екіншілік инфекция әсерінен асқынып, жараға айналуымен сипатталады. Кейде эрозия немесе жараның пайда болуы
қатерлі ісікке айналудың бірден-бір белгісі болып саналады және сырқат адам дәрігер-стоматологқа жарақат
ошағындағы ауру сезіміне шағымдана келеді. Қарап тексергенде жазық немесе веррукозды лейкоплакия ошағының
ортасында немесе шетін ала (сурет) қызыл шикі ет түстес эрозиялы-жаралы ошақ анықталады, сипап байқағанда
ауырады, беті таза немесе ақшыл-сары түсті қақпен жабылған. Аймақтық лимфа лүйіндері өзгеріске ұшырамауы
мүмкін, ал кейде аздап ұлғайып, сипағанда ауырады.
Лейкоплакияның бұл түрі кезінде консервативтік емді екі жетіден артық уақытқа созбайды.
Емдеу шаралары жарақаттаушы ықпалдарды жоюға, кілегей қабықтағы қайта құрылу үрдістерін жылдамдатуға
бағытталады (қабынуға қарсы дәрілер, кератопластиктер, биогендік ынталандырғыштар қолдану). Аурудың бұл түрі
көбіне жасы ұлғая бастаған адамдарда кездесетіндіктен организмнің жалпы тұрақтылығын жақсартуға арналған
дәрілер тағайындау да қажет (витаминдер жиынтығы, белокты анаболизаторлар, амин қышқылдары). Егер
жүргізілген консервативтік ем көрсетілген уақытта нәтиже бермесе, хирургиялық емдеу әдісін қолданады және
патологиялық ошақтан алынған материалды гистологиялық зерттеуден өткізеді.
Лейкоплакиямен ауырған адамды стоматолог диспансерлік бақылауға алып, әрбір 3-4 айда тексеріп отыруы керек.
Қатерлі ісікке ауысу мүмкіндігі туралы күмән туса, дәрігер-онкологқа жолдама беру керек.
Аурудың алдын алу. Негізгі жүргізілетін шаралар: ауыз ішін сауықтыру, кілегей қабықты тітіркендіруші
ықпалдарды жойып, әрбір қабылдауға келген адамға ауыз гигиенасын сақтауды үйрету.
14.
• Жұмсақ лейкоплакияАлғаш рет бұл ауруды Б.М.Пашков 1963 жылы сипаттаған. Жұмсақ лейкоплакия (мягкая лейкоплакия –
leucopplakia mollis), кейбір авторларлардың атауынша «лейкоэдема»-қатерсіз ауру, ауыз кілегей
қабығының ақшылданып, жоғарғы қабаттарының жиі түлеуімен сипатталады.
Себебі толық анықталмаған, тұқым қуалайтын ауру деп есептелінеді, көбіне 30-қа дейінгі жастар
арасында жиі кездеседі, кейде өз бетімен жазылып кетуі мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Аздап домбыққан, борпылдақ және ақшыл-сұр түсті кілегей қабық аймағында
түлеу ошақтары пайда болады. Егер бұл аймақ тістелуге жиі ұшырайтын болса (ұрттың кілегей
қабығының тістердің тістесу деңгейі) үстінде толық түлеп түспеген ұсақ эпителий қиықтары
сақталып, «қара күйе» жеген тері бетін еске түсіреді және қырып байқағанда біртіндеп сылынып
түсе бастайды. Кейде осының әсерінен жұқа эрозия ошақтары ашылуы мүмкін.
Жұмсақ лейкоплакия көбінесе екі ұртты, еріннің кілегей қабықтарын жарақаттайды, сирек жағдайда
тілде, қызыл иекте орын алады. Жарақат ошағы шағын, кейде үлкен аймақты қамти орналасуы
мүмкін. Жұмсақ лейкоплакия кезінде субъективті белгілер аса көп мазаламайды және кездейсоқ
анықталуы мүмкін (ауыз ішін айнамен көру немесе дәрігер-стоматологтың қабылдауында болған
кезде).
Патологиялық анатомиясы. Гистологиялық зерттеу жүргізгенде паракератоз, акантоз және
тікенекті қабаттың барлық деңгейінде жарық клеткалар анықталады. Олардың ядролары
деформацияға ұшыраған (пикноздаған), цитоплазмасы боялмайды. Дәнекер тін қабатында ұсақ
қантамырлары кеңейіп, коллаген талшықтары жуандап, эластикалық талшықтары жіңішкерген.
Ауруды басқа аурулардан (жазық лейкоплакиядан, қызыл жалпақ темріеткінің әдеттегі түрінен, ауыз
кандидозынан, екіншілік папулезді мерезден) ажырата білу керек.
Емі. Ауыз қуысын сауықтырып, әртүрлі тітіркендіруші әсерлерді жойғаннан кейін А витаминінің
майлы ертіндісін, витаминдер жиынтығын тағайындайды.
15.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР- www.google.kz
-Терапиялық стоматология оқулық “АҚНҰР
баспасы”2014
-Д.М Мезгілбаева
- С.Ж Абдикаримов
-Н.Ғ Сапаева