1.18M
Категория: БЖДБЖД

Жазғы сауықтандыру мекемелерін ағымды санитариялық бақылау

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
«Гигиена – 1, және эпидемиология» кафедрасы.
Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»
Мамандық: 5В 110400- «Медициналық-профилактикалық іс»
Дәріс №20
Тақырыбы:Жазғы сауықтандыру
мекемелерін ағымды санитариялық
бақылау.
Лектор: Жумадилова Ақмарал Рахматуллақызы
Шымкент 2017ж.

2.

Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық
жағдайымен денсаулық критериилерімен және
балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалаумен
таныстыру.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі
мақсаты-өсіп келе жатқан өркендердің денсаулығын
сақтау және оны нығайту болып табылатындықтан
«денсаулық» деген терминнің өзін анықтап алуымыз
керек.Бүгінгі күндері адамдардың денсаулығына баға
беру, бұл түсініктің біркелкі, дәлелденген анықтамасы
болмағандықтан едәуір қиындық туғызады.

3.

Жоспары:
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
А) Жазғы сауықтыру мекемелерін санитариялық
тексерудің тұрлері.
Б) Балалар мен жасөспірімдердің жазғы
салауаттандыру мекемелерінің гигиенасы.
В) Жазғы сауықтандыру мекемелерін
санитариялық тексеруден өткізу үшін жасалатын
жылдық жоспар..
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

4.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы салауаттандыру
мекемелерінің гигиенасы
Санитарлық-эпидемиологиялық
қызмет
жазғы
салауаттандыру мекемелеріне ескертпелі және ағымды
санитарлық бақылау жүргізеді.
Ең алдымен барлық бақылауға жататын жазғы
салауаттандыру орындары тізімге алынады. Ол үшін
әрбір лагерьдің нақты санитарлық жағдайын көрсететін
санитарлық төлқұжат толтырылады. Ескертпелі және
ағымды санитарлық бақылау жүргізген кездерде қажетті
өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

5.

Жыл сайын әрбір салауаттандыру мекемесіне,
балалардың жазғы демалыс кезеңінде қажетті
санитарлық жағдайды қамтамасыз ету үшін,
жоспар-тапсырма жасалады.
Оның негізінде:

6.

•а) қажетті нормалық құжаттардың
мәліметтері;
•б) объектінің санитарлық төлқұжаттары;
•в) объектінің ескертпелі және ағымды
санитарлық бақылау мәліметтері;
•г) мекемеге қызмет ететін педиатрлардың
есеп беруі т.б. алынады;

7.

Өте үлкен қаржы бөлінуін қажет ететін, үлкен
көлемдегі жұмыстарды (тұрғын корпустар, жүзу
бассейндерін салу т.с.) бір жылға немесе одан да
көбірек уақытқа жоспарлауға болады. Мұнда
жұмыстың аяқталу мерзімі, орындалу кезеңдері
талқыланады. Мұндай жоспар-тапсырмалардың
дұрыс жасалуы үшін, санитарлық дәрігерлер
күнделікті санитарлық бақылау жұмысы кезінде
анықталған кемшіліктерді, әсіресе сумен
қамтамасыз етілуі, канализация, жылу жүйесі
және санитарлық жайластыру жағдайлары
ескерілуі керек.

8.

Мұнда белгілі деңгейдегі мәліметтерді
педиатрлардың есеп берулерінен алуға болады.
Есеп беру қағаздарын уақытында талдап, онда
көрсетілген
кемшіліктерге,
объектінің
санитарлық жағдайына қатысты сұрақтарды,
денешынықтыру
тәрбиесіне,
тамақтану
жағдайына және т.б. сұрақтарды қосып,
кемшіліктерді түзетуге арналған арнаулы үлгі
жасалып
лагерь
дәрігерлеріне
таратылып
беріледі.

9.

Комиссия лагерьдің даярлық дәрежесін тексеріп,
"Балаларға арналған сала-уаттандыру лагерін
қабылдау актісін" жазады.
Әрбір маусым ашылар алдында, СЭС бас
дәрігерінің қолы қойылған балаларды ла-герьге
қабылдауға рұқсат қағаз беріледі. Әрбір маусым
ұзақтығы 21-26 күн. Лагерьге қосымша бала
қабылдау жұмысы да СЭС рұқсатымен жүргізіледі.
Екі кезеңнің арасында жалпы санитарлық жуыптазарту жұмыстарын жүргізу үшін 2 күндік үзіліс
болуы керек.

10.

Салауаттандыру лагерінің өзіне арналған құрғақ, таза, жақсы желдетілетін және күн
сәулесі жақсы түсетін жер учаскесі болуы
керек. Учаскенің шекарасы мен тұрғын
жайлардың ара қашықтығы 500м кем болмауы
керек. Учаскеге баратын ыңғайлы жолдар
қарастырылуы керек.

11.

Лагерь территориясында негізгі құрылыс
учаскесі және қызмет ететін ғимараттарға
(инженерлік
құбырлар,
шаруашылық,
қызметкерлердің тұрғын үйі, жеке көлік тоқтайтын
автоаялдамалар) арналған учаске бөлінеді. Негізгі
құрылыс учаскесі төмендегідей функционалдық
зоналарға бөлінеді: тұрғын үй, мәдени-тұрмыс,
денешынықтыру-салауаттандыру,
әкімшілікшаруашылық, техникалық. Негізгі құрылыс
учаскесі биіктігі 0,9м кем емес қорғанмен
қоршалып, оған кіретін екі жол - негізгі және
шаруашылық жолдары болуы керек.

12.

Лагерьдің асхана блогында сыйымдылығына
қарамастан, тағам даярлауға арналған цехтардың
толық жиынтығы болуы керек. Асхана блогына
қойылатын талаптар, қоғамдық тамақтану
орындарына арналған санитарлық ережелерге
сәйкес болуы керек.

13.

Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы
балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.

14.

НАЗАР
АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
English     Русский Правила