259.86K
Категория: БЖДБЖД

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
«Гигиена – 1 және эпидемиология» кафедрасы.
Пән: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»
Мамандық: 5В 110400- «Медициналық-профилактикалық іс
Дәріс №20
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі
жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
Лектор: Жумадилова Ақмарал Рахматуллақызы
Шымкент 2016 ж.

2.

Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
А) Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі табиғи
жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
Б) Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі
жасанды жарықтандыруға қойылатын гигиеналық
талаптар.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Кіріспе
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде
жарықтандырылу тәртібі барлық бөлмелердің
әсіресе негізгі бөлмелердің сандық және
сапалық жағынан ұтымды жарықтандырылуын
қарастырады.
Балалар
мекемелерінің
жарықтандырылу тәртібін көру қызметінің
дұрыстығын
сақтау
проблемесынан
бөліп
қарауға
болмайды. Негізгі
бөлмелердің
жарықтандыру жағдайы оқу тәрбие кезінде
жалпы
және
көру
қызмет
қабілетінің
сақталуына жағдай жасап, көздің қажуының м
алдын алып, соған сәйкес болатын көрудегі
ауытқулардың, жеке
алғанда
алыстан
көрмеушіліктің дамуына жол бермеу керек.

4.

Табиғи жарық
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде табиғи
жарық көптеген нормалық көрсеткіштермен сипатталады.
Олардың ішіндегі ең негізгілері: ғимараттың учаскесінің
дұрыс орналасуы, негізгі бөлмелердің бағыты, табиғи
жарық коэфицентінің жеткіліктілігі. Негізгі бөлмелердің
табиғи жарықтануына қойылатын талаптар: жеткіліктілігі,
беріктілігі, жұмыс
орнының
жарқырамауы, көлеңке
түспеуі, бөлменің ысымауы.
Бұл жағдайлардың орындалуы мекеменің құрылысы
(қайта салыну) кезінде жүзеге асырылады.

5.

Бірақ
ҚНменЕ - ның
талаптары
сақталған
күннің өзінде көптеген
жағдайлар кері әсер етіп,
табиғи жарықты сандық
және сапалық жағынан
біршама
төмендетуі
мүмкін.
Бұндай
жағдайларда
бөлме
иньтерерінің
бояуы ,
жиһаздар мен басқадай
құрал - жабдықтардың түртүсі
мен
орналасуы,
терезенің
өлшемі
мен
конфигурациясы,
санитарлық
жағдайы,
терeзе алдының биіктігі
т.с.с. жатады.

6.

Күнделікті
санитарлық
бақылауда
бөлменің жарықтандырылу жағдайын тексерген
кезде бөлменің бағыты, көлеңке коэффиценті,
тереңдік
коэффиценті
терезенің
конфигурациясы
мен
өлшемі, оның
санитралық
жағдайы, есіктердің, терезе
жақтауларының түр - түсі, әйнектелуі, терезе
алдының
биіктігі, қараңғылайтын
заттар
(перде, гүлдер т.б), қабырғаның, төбенің, құрал жабдықтардың
бояуының
түсі, оның
санитарлық жағдайы анықталады.

7.

Алынған мәліметтер СанНмен ҚНменЕ-рі сияқты
нормаландыру
құжаттарының
талаптарымен
салыстырылады. Қажетті жағдайда ұсыныс, нұсқаулар
беріледі.
Негізгі
бөлмелердің
терезелердің
бағыты
барлық
климаттық
аудандарда,
барлық
оқу - тәрбиесімен
мекемелері үшін - оңтүстік, оңтүстік- шығыс, шығыс болып
табылады.
Терезе өлшемдері мен конфигурациясы және саны
жарық коэффицентін, яғни оның жеткіліктілігін анықтап
біркелкілігін сипаттайды. Стандартты типтік терезелердің
биіктігі 2-2,5м, кеңдігі 1,8- 2,0 м, формасы жарық ағынын
(әсiресе жоғары жағынан) жақсы өткізу керек. Сондықтан
терезенің жоғарғы жағы мейлінше төбеге жақын (0,15-0,3
м) орналасқаны дұрыс. Екі терезенің аралығы 0,5м-ден
көп болмауы керек.

8.

Терезе алдының биіктігі типтік жобамаен салынған оқу
орындарында 0,7-0,8 м; мектепке дейінгі мекемелерде – 0,50,6 м.
Терезе алдында гүлдер, өсімдіктер өсіруге күндізгі
мезгілде перделерді жабық ұстауға болмайды.
Терезенің шаң басу, ластануы табиғи жарықты 40%- ға
дейін төмендетеді. Сондықтан оларды мектепке дейінгі
мекемелерде аптасына 1 рет, оқу орындарында айына 1-2
рет ішкі жағынан жуып, тазалау қажет, сыртқы жағынан
тазалануы жылына реттен кем болмауы керек. Қыста қырау
басудан сақтандырмаса табиғи жарық 60-80%-ға дейін
төмендейді.
Бөлмелердің бояуы, жиһаздардың түр-түсінің жоғары
шағылысу коэффиценті мен жарқырауы оның
констрлығының дұрыс бөлінуіне жағдай жасайды,
сондықтан балалар мекемелеріне арналып ұсынылған
бояулар түрлерін қолданған дұрыc.

9.

Балалар мекемелерінің жеке жұмыстарына арналған
бояулар түрлері.
Боялатын беттер
Сынып
қабырғасы
Жиһаздар
шкафтар...
Түрлері, түстері
бөлмелерінің Сары,
сарғыш,
жасылдау, көгілдір
ашық түрлері.
парта,
қызғылт,
түстердің
стол, Табиғи ашық түрлері немесе
ашық жасыл түстер
Сынып тақтасы
Қою - жасыл, күңгірт - қоңыр
Есіктер, терезе жақтаулары
Ақ, аппақ түстер

10.

Жасанды жарықтандыру
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде таңертеңгі,
кешкі уақыттарда, әсіресе күз, қыс кездерінде табиғи
жарықпен қатар жасанды жарықтандыру жүйесі де
қолданылады.
Жасанды
жарық
негізгі
бөлмелердің
жасанды
жарықтандырылуына санитарлық бақылау жүргізіген кезде
жарықтандыруды өлшеу хаттамасы толтырылады, сонымен
қатар оның сандық және сапалық жағыда сипатталады. Ол
үшін бөлменің жасанды жарықтадырылуы табиғи жарық
спектріне жақын ба, біркелкілігі қандай, жарқырауы, көзге
қолайсыз емеспе деген сұрақтар анықталады. Бұл сұрақтарды
анықтау үшін жасанды жарық көздерін (люминисцентті шам,
қыздырғыш шам), жарықтандыру жүйесін (жалпы, аралас),
шырақтардың типтерін (түзу шағылысу, таралуы), олардың
іліну биіктігі, орналасау тәртібі, шамдардың электрлік қуаты
(жалпы Вт, меншікті үлесі Вт/м0 ) анықталады.

11.

Жасанды жарықтың нормасы ҚНменЕ-да беріледі.
Қолданылатын жарық көздерін үнемді, әрі ыңғайлы
болуы
керек. Люминисценттік
шамдар
қойылатын
талаптарға
сай
келеді
деп
есептеледі. Олардың
жарықтандыруы қыздырғыш шамдарға қарағанда жоғары
және берілетін жарықтың спектрлік құрамы табиғи
жарықтың
спектріне
жақындау
келеді. Қыздырғыш
шамдарға қарағанда люминисцентті шамдар жылу көзі
болып
табылмайды, яғни бөлме
ауасын
қосымша
қыздырмайды және олар жарықтандыру беті кең, түзу
жарық көзі болып табылады. Сәулелері үлкен көлеңкелер
туғызбайды. Қолданылуы есе арзанға түседі.

12.

Оқу - тәрбие
мекемелерінде
люминисцентті
шамдардың ЛЕ
(люмиинисцентті
табиғи жарық), ЛБ
(люминисцентті ақ
түс), ЛТБЦ
(люминисцентті
жылы - ақ түс)
түрлерін және т.б.
жарықтандыру
сипаты табиғи
жарыққа жақын
келетіндерін
пайдалану керек.

13.

Қортынды
Ұтымды жарық ең алдымен көру анализаторының
қолайлы
қызметі
үшін
қажет.
Жарықтың
психофизиологиялық әсері де бар. Ұтымды жарық ми
қыртысының функционалдық жағдайына оң әсер етеді, басқа
да анализаторлардың қызметін жақсартады. Жалпы алғанда,
жайлы жарық, орталық жүйке жүйесінің функционалдық
жағдайын жақсартаып, көздің жұмыс қабілетін жоғарылатып,
еңбектің өнімділігін және сапасын жоғарылатады, қажуды
кешеуілдетеді, өндірістік жарақаттанулардың азаюына
септігін тигізеді.

14.

Қорытынды сұрақтар:
1. Жарықтандыруға сипаттама беріңіз!
2. Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі табиғи
жарықтандыруды қалай түсіндіресіз?
3. Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі жасанды
жарықтандыруды қалай түсіндіресіз?
4. Жарықтандырудың қай түрі тиімді?

15.

Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп
жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
English     Русский Правила