790.50K
Категория: МедицинаМедицина
Похожие презентации:

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының даму тарихы

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
«Гигиена – 1 және эпидемиология» кафедрасы.
Пән: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»
Мамандық: 5В 110400- «Медициналықпрофилактикалық іс
Дәріс №2
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер
гигиенасының даму тарихы.
Лектор: Жумадилова Ақмарал Рахматуллақызы
Шымкент 2016 ж.

2.

Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А) ХІ ғ балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Б) ХV-XVI ғ балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
В) XIX-XX ғ балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Кіріспе
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы көптеген
ғылымдармен байланысты: педиатрия,
физиология, педагогика, психология, соның
ішінде физиология және педиатрия
ғылымдарымен байланысты арнайы
қарастырылады. Балалар мен жасөспірімдер
гигиенасының педиатрия ғылымымен көптеген
ортақ мәселелері бар. Негізінен ол дені сау,
дамуы үйдесімді, келер ұрпақты тәрбиелеуге
келіп тіреледі.

4.

Гигиенаның жекелеген жағдайлары әртүрлі континенттерде өте
ерте кездердің өзінде белгілі болса да, өз алдында бөлек ғылыми
пән болып дамығанына 150 жылдай ғана уақыт өтті деп
есептелінеді.. Мектеп гигиенасы-медициналық салыстырмалы
түрде жас саласы болғанымен оның қайнар көзі өте алыстан
басталады. Ежелгі Грецияда жастардың денешыныктыру тәрбиесі
мемлекеттік сипатқа ие болды. Педагогика мен гигиеналық
тәрбиелердің элементтері XI ғасырдағы “Владимир Мономахтың”
балаларға үйретулерінде және XV-XVI ғасырлардағы бірқатар
еңбектерде көрсетілген. Ежелгі адамдардың тәжірибелеріне
жинақтап, зерттей келіп, өткен ғасырлардағы көптеген ғалымдар
өздерінің балаларды оқытып, тәрбиелеу жөніндегі теорияларын
ұсынды.Бұлар Иороним Меркуриалис (VI ),Джон Локк(XVIII),Ян
Амос Каменский (XVI),Жан Жак Руссо(XVIII) т.б.

5.

Ресейде 1871 жылы Петербор қаласындағы Әскеримедициналық академия базасында алғашқы гигиена
кафедрасы құрылды. Кафедраның ірге тасын қалаушы
А.П. Доброславин (1842-1889) өзінің мектеп гигиенасына
арналған ең алғашқы оқулығын шығарды (1889).
Екінші осындай кафедра Мәскеу университетінде
еліміздегі мектеп гигиенасының негізін салушы Ф.Ф.
Эрисманның (1842-1915) басқаруымен ұйымдастырылды.
Оның балалар денсаулығын сақтау жөніндегі ғылыми
еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. Оның
басқаруымен балалардың физикалық дамуының бағалау
көрсеткіштері жасатып, олардың өсуінің заңдылықтары
анықталды, жабдықтап, жайластырудың гигиеналық
талаптары негізделді Медицинада жақсы танылған
«Алыстан көрмеушіліктің пайда балуына мектепің
тигізетін әсері» деген жұмысы 1870 жылы жазылған.

6.

Ф.Ф.Эрисман еңбектерінің зор нәтижесі әлеуметтікгигиеналық маңыздылығын көрсетеді. Ол гигиена,
соның ішінде мектеп гигиенасы ғылыми бағытта ғана
емес, сонымен қатар қоғамдық бағытта дамуы
қажеттілігіне ерекше көңіл бөліп, сонда ғана тиімді
нәтиже беретіндігін бірнеше рет атап көрсеткен
болатын. Егер, А. П. Доброславин еңбектерінде
мектеп гигиенасына шағын ғана орын берілсе,
(мектеп учаскесі мен ғимаратына қойылатын
талаптар) Ф.Ф.Эрисман атымен «Эрисман
көрсеткіші» «Эрисман партасы» және тағы басқада
көптеген түсініктер тікелей байланысты болып келеді

7.

Мектеп гигиенасының әрі қарай дамуына Ф. Ф.
Эрисманның оқушысы Г.В.Хлопин (1863-1929 жж) өз
үлесін қосты. Ол мектеп оқушылары үшін санитарлық
дәрежелер құрастырды, «Орта білім беретін оқу
орындарындағы оқушылар арасындағы мектептік
аурулар» деген енбектерін жазды.
Пәннің дамуына А. В. Мольков (1874-1947ж.ж.)
ерекше үлес қосты, әуле земство дәрігері, сонан кейін
санитарлық дәрігер, ал 1923 жылдан бастап әлеуметтік
гигиена институтының директоры А.В. Мольков
халықтың денсаулығына, соның ішінде балаларға
санитарлық жағдайлардың әсер етуіне ерекше көңіл
бөлді. 1926жылы Москва Университетінің медицина
факультетінің базасыңца ең алғашқы мектеп гигиенасы
кафедрасын ұйымдастырды. Осы кезең пәннің өз
алдына жеке қалыптасуының бастапқы кезеңі болып
есепгеледі.

8.

Кафедраны 20 жыл бойы басқара келіп А. В. Мольков,
студенттерді оқыту бағдарламасын дайындады, оқу ісі
мен жұмыстарды ұйымдастырды. А.В.Мольков ең
алғашқы лекциялар вурсы мектеп гигиенасының
ең алғашқы оқу құралы болды. Ол өзінің
лекцияларыңца негізінен бағалар мен жасөспірімдердің
физикалық дамуы, дене шынықтыру тәрбиесі, балалар
мекемелерін жайнастыру, күн тәртібі мен оқу
жүктемесі сияқты сұрақтарды қамтыды.
Кейіннен бұл кафедра 1-ші Москва медицина
институтына ауыстырымды, ал 2-ші Москва медицина
институтында және дәрігерлердің білімін жотарылату
институтыңда А.В.Мольков тағы осындай кафедралар
ашты. 1934 жылы АВ.Мольков елімізде 5 рет қайта
басылымнан өткен «Мектеп гигиенасы» деген ең
алғашқы оқулықты шығарды.

9.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының құрамына
өсіп келе жатқан организмнің ерекшеліктерін ескере
отырып көптеген зерттеулер жүргізетін қосалқы
пәндердің бөлімдері енеді: (тағам тану,еңбек,
коммуналдық, әлеуметтік гигиена, эпидемиология).
1959 жылы барлық ғылыми зерттеу жұмыстарды
біріктіретін ССРО МҒА (ме-дициналық ғылыми
академиясы) жүйесінде балалар мен жасөспірімдер
гигиенасы ғылыми зерттеу институты ашылды. Осы
кезден бастап балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
медициналық жоғары оқу орындарының санитарлықгигиеналық
факультетінің
құрамына
кірді.
Қазақстанда осындай оқу орны Қарағанды мен
Алматы қаласында бар.

10.

Қазақстанда
алғашқы
санитарлық-гигиеналық
факультет
Алматы
мемелекттік
медицина
институтында 1943 жылы ашылған болатын. 1948
жылы мектеп гигиенасы кафедрасы өз алдына жеке
кафедра болып құрылды. Оны ұйымдастырған және
1960 жылға дейін басқарған м.ғ.к., доц. В.А.Смирнов
болды.
Кейіннен 1964 ж бұл факультет Қарағанды мемлекеттік
медицина институтына ауыстырылды және сол
жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
кафедрасы коммуналды гигиена кафедрасының
құрамына кірді, осы біріккен екі саланың меңгерушісі
м.ғ.д., доц. Ботенко Э.К. болды.

11.

1989 жылы Алматы мемлекеттік медицина
институтында
қайтадан
санитарлықгигиеналық факультет ашылып, алғашқы 100
студент қабылданып, оның 30 ең алғаш
мемлекеттік тілде дәріс алды. 1991 жылы
ашылған коммуналды гигиена және балалар
мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы
студенттерді
санитария,
гигиена,
эпидемиология саласынан екі тілде оқыта
бастады. Оның ұйымдастырушысы, әрі
меңгерушісі Ұлттық ғылым академиясының
корреспондент мүшесі, м.ғ.д., профессор
Б.А.Неменко болды.

12.

Осы
кезең
Қазақстан
тәуелсіздігін
жариялаған кезеңге тура келді және өткен
Кеңестер одағы кезіндегі осы саладағы
заңдылық, нормалық құжаттардың барлығы
м.ғ.д., проф. Неменко Б.А. басшылығымен,
Республикамыздағы осы саладағы басты
мамандардың
қатысуымен
елімізде
қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес
қайта қаралып, бекітіліп, басылып шықты.

13.

Қорытынды
Педиатрия мен гигиенаның бала мен қоршаған
ортаға қатынастары да әр түрлі. Бұл екі ғылым да
әсерлесуші жақтарды- сыртқы орта мен баланың
организмін ескереді. Педиатрия саласында сыртқы
ортаны ескере отырып, оның негізгі әсер ету нысаны
баланың өзі болып келеді. Ал, гигиена бала
организмінің жауап ретіндегі реакциясын есепке ала
– отырып, сыртқы орта факторларына әсер етеді, оны
ұйымдастыруға, қажет болған жағдайда оны
адамдардың мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктеріне
байланысты өзгертуге тырысады.

14.

Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп
жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.

15.

Қорытынды сұрақтар:
1. Балалар мен жасөспірімдер гигиена кафедрасы
қашан құрылған?
2. Екінші гигиена кафедрасы қашан құрылды?
3. Қазақстандағы алғашқы мектеп кафедрасы қай
жылы және қай жерде ашылды?

16.

НАЗАР
АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
English     Русский Правила