3.15M
Категория: ПедагогикаПедагогика

Студент болу оңай ма

1.

1. Студент болу оңай ма?
2. Біздің жатақхана
3. Есімдік, жіктеу есімдігі

2.

Міне, арманыңыз орындалып, мектептегі «сеннен» арылып, мәртебелі
«сіз» атағына ие болдыңыз. Себебі, сіз – есейдіңіз. Сіз – студентсіз.
Енді сізді қоршаған орта да, өзіңіз де өзіңізге өзгеше көзқараспен қарай
бастайсыз. Сіз үлкен өмірге алғашқы қадамыңызды бастыңыз, алғашқы
жетістікке қол жеткіздіңіз: мамандық таңдадыңыз.
Сіздің өміріңізде оң өзгеріс орын алды,жаңа өмір басталды: бұл –
студенттік өмір.
Студент – университетке түскен адам ғана емес, оқу орнына иелік
ететін үй қожайыны. Өйткені, университет атты екінші үйіңізде болып
жатқан бар оқиға сізбен тікелей байланысты: оқу, сауық кеші, өзге де
шаралар. Егер «Студенттік өмір қызық емес» деген улы ой сарп ете қалса,
оған өзіңіз кінәлі екеніңізді ұмытпаңыз.

3.

Студент болудың артықшылықтары:
1. Пайдалы әрі көңілді:
Басқаларға қарағанда, студенттерге оқумен бірге саяхаттау
мүмкіндігі мол. Мысалы:
– Өзге елге шығар сәтте мақсатыңызға «Оқу» деген нұсқаны
белгілесеңіз, сіздің шекарадан өту рұқсатын алу мүмкіндігіңіз
жоғары болмақ.
– Алмасу (Exchange) бағдарламасы арқылы өзіңіздің
университетіңізге келген шетел студенттерімен достасуыңызға
болады.
– Бос уақытыңызға кез келген оқу курстары мен спорттық
секцияларға бара аласыз. Сізді ешкім шектемейді әрі жұмыс
деген ой мазаңызды алмайды.

4.

2. Жеңілдіктер, жеңілдіктер тағы да жеңілдіктер:
Студенттерге әркез ұсынылатын баға өз бағасына
қарағанда арзан болатынын білетін шығарсыз.
Тіпті, кинотеатрларда студенттерге арналған
жеңілдіктер бар. Арнайы студент картасы арқылы
кейбір оқу курстарында білім алуға да болады.
Тіпті, спорт залдары да қымбат емес.

5.

3. Еркіндік
Сіз немен айналысамын десеңіз де өз еркіңіз. Кітап
клубына мүше бола аласыз немесе компьютер клубына
бара аласыз. Бос уақытыңыздың барлығын өзіңіздің
сүйікті ісіңізге арнайтын сәт туады. Бірақ,
болашағыңыздың басты іргетасы осы студенттік
шағыңызбен байланысты екенін ұмытпаңыз. Бұл
жастық шақ тек көңіл көтеріп, қыдыруға ғана емес,
берілген мүмкіндіктерді шап беріп ұстап алуға
беріледі. Қолыңыздан келетін, сіз бағындыра алатын
сәт туып тұрғанда қапы қалмаңыз.

6.

4. Аз да болса, менікі
Мемлекеттік грант иегерлері шәкіртақы алатыны
анық.
Бұл
шәкірақының
аздығы
соншалықты, кейде «микроскоптың» көмегіне
сүйенеміз. Бірақ, мұның өзі үлкен көмек. Ең аз
дегенде, үстіңізге таза киім алып немесе түскі ас
ішуге жетеді. Сонымен қатар, ата-анаға
баласының шәкіртақы алатыны – үлкен
мақтаныш.

7.

5. Студент болу – өз бетінше өмір сүру:
«Егер ата-анаңызбен бірге тұрып, өзіңіз туған қалада білім
алсаңыз сіз нағыз студент емессіз» деген пікір қалыптасқан.
Сіз мұнымен қаншалықты келісесіз? Шынымен, өзге қалада
білім алып жатқан студент өз қатарластарына қарағанда ерте
есейеді. Өз мәселесін өзі шешетін, қиын шақта шешім
қабылдай алатын толыққанды тұлғаға айналады. Тіпті,
пәтер мәселесі бойынша ата-анасын мазаламайтын болады.
Ол ақша жоқ сәтте туатын қиындықтар, алдану, уақытша
«аштық» секілді мәселелермен бірнеше рет кездесіп,
соңында қиындыққа сына қоймайтын адам болып
қалыптасады.

8.

7. Өз бағытыңды таңдайтын сәт:
Мамандықтан бөлек, өзінің нақты бағытын
таңдайтын сәт туады. Яғни, мемлекеттік
қызметкер
боласыз
ба
әлде
бизнеспен
айналысасыз ба? Тіпті, ғылымның жолын қуамын
деушілер де бар. Сіз не шештіңіз?

9.

8. Студент болу – мүмкіндік:
Иә, бұл – сізге бір рет бер берілетін мүмкіндік.
Әрине, сіз бұдан кейін де оқуды жалғастырып,
тағы да студент бола аласыз. Бірақ, алғашқы
студенттік өмір қайталанбайды.

10.

Студенттік шақта сіз өмірлік достарыңызды
табасыз, жарыңызды кездестіресіз. Келешек
өміріңіз осы уақытта жасайтын таңдауларыңызбен
тікелей байланысты. Сіз – студентсіз! Сіз –
мыңдаған
мүмкіндіктер
лотереясының
жеңімпазысыз! Оны қалай жұмсасаңыз да,
студенттік уақыт сіздің құзырыңызда.

11.

Тиісті жұрнақты қойып, антонимдік
қатар жасаңыздар.
1. Білім... адам.
2. Жаңбыр... күн.
күн.
3. Ой... пікір.
4. Өнер... жігіт.
жігіт.
1. Білім... адам.
2. Жаңбыр...
3. Ой... пікір.
4. Өнер...

12.

Берілген чайнвордты шешіңіздер.
«Деньги» сөзінің аудармасы
«Сумма» сөзінің аудармасы
«Торговля» сөзінің аудармасы
Ұлттық ақша бірлігі
«Реклама» сөзінің аудармасы
Жүк кемесі мен фракт арасындағы
жалпы апат шығындарын бөлу
жөніндегі есептерді не деп атайды:
7. Тұрғын
үй
мәселесі
бойынша
берілетін несие.
8. Сатушы белгілеген жағдайда тауарды
сату
туралы,
не
тендерге
ықтималдылықты не деп атайды?
9. «Прибыль» сөзінің аудармасы
10. Кез-келген
тауар
мен
қызмет
көрсетулердің өзіндік құны.
11. «Сфера» сөзінің аудармасы
1.
2.
3.
4.
5.
6.

13.

Нақыл сөздерді аударыңыздар
• Жұмысы жоқтық,
• Тамағы тоқтық
• Аздырар адам баласын.
Абай
• Орынды мысқыл – оқтан да өткір.
Б.Момышұлы
• Сөз айқын болуға тиіс,әрекет батыл болуға тиіс.
Конфуций
• Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені.
С.Мұқанов

14.

Біздің жатақхана
• Жатақханада өмір сүрудің жеті заңы:
• Студенттік өмірдің қызықты шақтарының бірі
жатақханада өтеді десек қателеспейміз. Себебі,
мұнда өмірлік ұстанымыңды қалыптастырып,
нағыз дос, сырлас бауыр, тіпті өмірлік серігіңді
табуыңыз да мүмкін. Жастардың басын
біріктіретін жатақхананың өзіндік ережелері
мен заңдары да бар.

15.

Комендантпен жақсы қарым-қатынаста болу
• Жатақханаға орналасқан студенттің комендантпен
жақсы қарым-қатынаста болғаны абзал. Өйткені,
көрпе-төсегің мен бөлмеңді де беретін – жатақхана
коменданты. Ол – жатақханадағы оқиғаларға
жауапты тұлғалардың бірі. Сондай-ақ, комендант
студенттің тәртібі мен бөлмесінің тазалығына көп
мән беріп, сын көзбен қарайтын басшы да. Егер
көңілін тауып, жақсы қарым-қатынаста болсаңыз,
сізді қорғап қалуға қауқары жететін бірден-бір
қамқоршың.

16.

Кезекшімен жақсы қарым-қатынаста болу
Жатақханада коменданттан өзге кезекші де болады.
Олар – коменданттан кейінгі беделді жандар.
Жатақхана кезекшісімен жақсы қарым-қатынаста
болсаңыз – көп жағдайда қиындықтар туындамайды.
Мәселен, жатақханаға кешігіп келсеңіз, түн ортасында
далаға шыққыңыз келсе, т.б. Егер өте жақсы қарымқатынаста болсаңыз, сіздің таныстарыңыз бен
достарыңыз да қиын жағдайда далада қалмайды. Бірақ
байқаңыз, кезекшілердің төзімін тауысып жүрмеңіз –
қиынға соғады.

17.

Көршілермен жақсы қарым-қатынаста болу
Жатақханада бір бөлмеде тұратын, көрші тұратын
студенттермен етене араласқан дұрыс. Өйткені,
студенттік
жылдарыңда
қуанышыңды
бөлісіп,
қайғыңды қатар алып жүретін достарың да солар
болмақ. Бір бөлмеде тату-тәтті өмір сүру –
сыйластықтың да кепілі. Ал көрші бөлмедегі
студенттерді де ұмытпау керек. Жиі шайға шақырып,
шүйіркелесіп тұрған жөн. Асқазаның шұрылдағанда
есігін қаққанда да жүзің жарқын болады.

18.

Жоғары курс студенттерімен
қатынаста болу
жақсы
қарым-
Жоғары курс студенттерімен жақсы қарымқатынаста болу – жағдайыңызды жақсарта түседі.
Тіпті, кейін дос болып кетулеріңіз де мүмкін.
Көбіне бірінші курсқа келген студенттер үшінші
курс студенттерімен етене араласып жатады.

19.

Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз
Студенттік кезеңдегі қиын жағдайлардың бірі – дұрыс
тамақтанбау. Ол үшін жатақхана табалдырығын аттай
сала бірге тұратын достарыңызбен дұрыс тамақтану
мәселесін жолға қойып алыңыз. Ортадан ақша
шығарып, керекті заттарды сатып алу керек және
ыдыс-аяқ жуу кезегін де белгілеп алған жөн. Бөлме
тәртібі о баста қалай қалыптасса, солай жалғаса
беретін болады.

20.

Белсенді болуға талпыныңыз
Жатақханаға
орналасқаннан
кейін
белсенді
студенттердің қатарынан көрінуге күш салыңыз.
Студенттік
ұйымдардың
біріне
жазылып,
ұйымдастырушылық, болмаса өзге де бойыңыздағы
талантыңызды
таныта
біліңіз.
Белсенділіктің
арқасында оқытушылардың көзіне түсесіз, өзіңіз
туралы
ой
қалыптастырасыз.
Керек
кезінде
достарыңызға да көмегіңіз тиетін болады. Бастысы –
келер жылы жатақхананы еш қиындықсыз алуға
мүмкіндігіңіз туады.

21.

Уақытыңызды бағалай біліңіз
Жатақханада «ай дейтін ажа, қой дейтін қожа»
болмайды. Бәрі де өзіңе байланысты. Тәртіпсіздік
таныттың ба, шығып кетуің де мүмкін. Ал ең бірінші –
уақытыңызды бағалаңыз. Өйткені, жатақханадағы
уақыт – оқуға берілген мол мүмкіндік. Таным
көкжиегіңізді кеңейтіп, білім нәрімен сусындаңыз. Бос
уақытта бөлмеде ұйықтай бермей, кітапханаға
барғанды әдетке айналдырған жөн. Студенттік өмірден
кейін оқуға уақыт табу – қиындау.
English     Русский Правила