4.10M
Категория: КультурологияКультурология

Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер

1.

Қазақстандағы этногенез және
этникалық процестер
Қазақстан тарихы
10 сынып, 2 – тоқсан, 1 сабақ

2.

Оқу мақсаты:
10.2.1.1 Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін
«антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдалану;
Бағалау критериі:
Қолдану
Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез»,
«этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдаланады;
Жоғары ойлау дағдылары
Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдері мен ерекшеліктерін айқындайды;

3.

1-тапсырма: «Миға шабуыл»
«Этнос», «этногенез», «антропогенез» ұғымдарына ассоциация жасаңыз. Бұл
ұғымдардың өзара байланысы қандай?
Этнос
Этногенез
Антропогенез

4.

ГЛОССАРИЙ
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес,
едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің
бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар,
оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан
тұрақты тобы.
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық, genozіs – шығу тегі) – әр түрлі қауымдық
топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.
Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде
болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып
кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан
аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу
нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан.
Антропогенез – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның
жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі
жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы.
Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология,
геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне
сүйенеді.

5.

Талқылауға арналған сұрақтар:
Антропология нені зерттейді?
Этнология нені зерттейді?
Этностың негізгі белгілері қандай?
Этногенез дегеніміз не?

6.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз
тіркестер:
этностың қалыптасуы.....
........ факторлар келесі факторларға әсер
етті, мысалы...
Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…
Бұл оқиғаның/өзгерістің тарихи маңызы зор болды,
өйткені...

7.

Антропология және антропогенез
Антропология
Палеоантропология
Антропогенез
Қазбалардан табылған сүйектер негізінде
адамның биологиялық түрінің шығу тегі
мен эволюциясын зерттейді
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
1. Адамның пайда болуы мен оның түр
ретіндегі эволюциясы
Антропогенез
2. Палеоантропология пәні

8.

Антропология және археология
Антропология – биологиялық ғылым. Ол адам денесін, бас сүйегін,
жасын, жынысын, өзгергіштігін зерттейді.
Археология – әлеуметтік ғылым. Ол адамдардың тұрағын, пайдаланған
құралдарын зерттейді.

9.

Антропология және гендік география
Гендік география – дүниежүзінің әр түрлі аймақтарындағы генетикалық
белгілердің таралуын зерттейтін ғылым.

10.

Этнос және этнология
Этнос – халық немесе ұлт
дегенді білдіреді
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Этнос – ортақ өзіндік атауымен, өзіндік сана – сезімімен, шығу тегінің
ортақтығымен, тілімен, мәдениетімен, шаруашылық түрлерімен,
менталитетімен бірігетін және өзін осындай басқа қауымдастықтардан
ерекшелендіретін адамдардың әлеуметтік қауымдастығы.
Этнос – қандық-туыстық емес, мәдени – тілдік қауымдастық. Этносты
ортақ мәдениет, өмір салты, салт –дәстүр біріктіреді.

11.

Этностар мен этникалық қауымдастықтарды (этнос болып
қалыптаспаған тайпалар), этникалық үдерістерді зерттейтін
ғылым – этнология деп аталады.
Этностың шығу тегі және оның өткен уақыттағы дамуы
- этногенез деп аталады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Этногенез – этностың пайда болуының тарихи үдерісі.

12.

Жаңа этностар құрылуының тәсілдері
Жаңа этностың құрылуы
Тайпалардың
бірігуі
Ассимиляция
ортақ дінге;
табиғи
апатқа;
жауға қарсы
бірігу
Жаулап
алушыларды
ң жергілікті
автохтонды
ұлтпен
араласуы
Иммигрант
топтардың
қосылуы
Мысалы:
Америкалық
этностың
құрылуы
Жіктелу
арқылы
Өзгеру
арқылы
Ірі этнос
ыдырайды
немесе өз
құрамынан
бір бөлігін
шығарады
Бұрынғы
этнос тарихи
жағдайларға
байланысты
жаңа этносқа
айналады

13.

2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Ерте темір дәуірінде Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар, түрік
дәуірінің халқы мен XIV-XV ғғ. аралығындағы ру-тайпалардың арасында
байланысты анықта, олардың антропологиялық ерекшеліктерін салыстыр және
қорытынды жаса.
Қазақ
халқының
қалыптасу
кезеңдері
Қорытынды
Антропологиялық
сипаты
Мәдениеті, тілі
Аумағы, саяси құрылымы

14.

Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері
Б.з.б. І мыңжылдықта қазақ жерінде өмір сүрген сақ, үйсін, қаңлы тайпалары тілі жағынан иран тілдес,
ал бет-келбеті жағынан еуропеоидтік нәсілге жатқан, яғни андрон тайпаларына ұқсас болды. Осы ертедегі
тайпалардың тұрмыс-тіршілігі, салты кейінгі замандарда өмір сүрген қазақтардың өміріне өте ұқсас
болған. Қазақстанға шығыстан келген ғұн тайпаларының араласуы нәтижесінде VI-IX ғасырларда
монғолоидтық белгілер дами бастады.
Түрік дәуірінде түрік тілдес монғолоидтық ру- тайпалардың миграциясы нәтижесінде араласу
бұрынғыдан да күшейіп, монғолоидтық белгілер тереңдей бастады. VI ғасырда ежелгі түрік мемлекеттері
- Түрік, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік, кейінірек Қарлұқ және Оғыз мемлекеттері, Қимақ қағанаты
мен Қыпшақ хандығы құрылды.
Моңғолдардың жаулап алуына байланысты Қазақстанда антропологиялық процестер жаңа өзгерістерге
ұшырайды. Моңғол тайпалары түркіленіп, моңғолдық сипаттан ажырайды. Ал жергілікті ру- тайпаларда
моңғолдық тұрпат күшейе түсті. Қазақ жерінде жаңа этникалық топтар пайда бола бастады. Бұл үрдістер
қазақ халқының халық болып қалыптасуын 150-200 жылға кешеуілдетті.
ХІІІ-ХV ғғ. Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мен Моғолстан хандықтарындағы этносаяси
құрылым қазақ халқының халық болып қалыптасуына зор әсерін тигізген, себебі, олардың құрамындағы
қыпшақ, арғын, найман, дулат, қаңлы, т.б. тайпалар кейін қазақ халқының негізін құрады.
ХV ғасырда тайпалардың Керей мен Жәнібек сұлтандар төңірегіне шоғырлануы бір ел болып
қалыптасуын тездетті. ХІV-ХV ғ. алғашқы жартысында Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар қазақ
тілінде сөйледі. Әр түрлі тайпалар топтасып, олардың арасындағы айырмашылықтар жойылды, сөйтіп
қазақ халқы қалыптасты.

15.

Дескрипторы:
1. Әр кезеңдегі тайпаларды атайды;
2. Әр тайпаның антропологиялық сипатын атайды;
3. Әр тайпаға тән шаруашылығын, тілін, дінін атайды;
4.Әр тайпаның мекендеген аумағы мен мемлекеттерін
атайды;
5. Әр кезеңдегі өмір сүрген тайпалардың ерекшеліктері мен
өзара байланысы туралы қорытынды жасайды.
6. Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін
«антропогенез»,«этногенез»,«этнос»ұғымдарын
пайдаланады.

16.

3 -тапсырма. Халықтың қалыптасуына әсер ететін
шарттарды жазыңыз.
Халықтың халық болып
қалыптасуы үшін қажетті
шарттар

17.

18.

19.

Үйге тапсырма:
«Қазіргі заманда халықтардың этникалық процесстері
жүріп жатыр ма?» тақырыбында эссе жазу. (200-250 сөз)

20.

Бүгінгі сабақта орындаған іс-әрекеттерді құс белгі
ұяшығында белгілеп шық
Оқу нәтижелері
1. «Этнос», «этногенез», «антропогенез» ұғымдарына ассоциация
жасап, бұл ұғымдардың өзара байланысын анықтадым.
2. Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін
«антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдаландым.
3. Ерте темір дәуірінде Қазақстан территориясын мекендеген
тайпалар, түрік дәуірінің халқы мен XIV-XV ғғ. аралығындағы рутайпалардың арасында байланысты анықта, олардың
антропологиялық ерекшеліктерін салыстырдым және қорытынды
жасадым.
4. Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттарды
анықтадым.

21.

Пән бойынша апталық
іс-әрекет жоспары
Тапсырма
ресурс
Тапсырма 1.
Сайтқа сілтеме:
«Миға шабуыл» Қазақстан аумағындағы этникалық процестер http://ehistory.kz/ru/contents/view/432
Тапсырма 2.
Мәтінмен
жұмыс
Тапсырма 3.
Халықтың халық
болып қалыптасуы
үшін қажетті
шарттарды жазу
Үй тапсырмасы,
эссе жазу
Консультация
алу
Қайталау
Қазақ халқы шығу тегінің антропологиялық аспектілері
http://e-history.kz/ru/contents/view/500
№ 311. Қазақ халқының қалыптасуы /этногенезi/
http://lms.nci.kz/history/view?f=311&id=10&lang=kaz
«Қазіргі заманда халықтардың этникалық процесстері
жүріп жатыр ма?» тақырыбында эссе жазу. (200-250 сөз)
Zoom арқылы офис сағаты
Орындайтын
мерзімі,уақыты
English     Русский Правила