Похожие презентации:
Тырысқақ
1.
Тырысқақ – аса қауіпті, карантиндік,конвенциялық, нәжіс-ауыз механизмімен
таралатын, антропонозды ішек жұқпалы
ауруы.
Тырысқақ ауруы көбіне гастроэнтерит
түрде өтеді, сондықтан организмнің су мен
электролиттерді сұйық нәжіс пен құсық
арқылы жоғалтуымен, токсикозбен,
асқазан-ішектің зақымдалуымен
сипатталады.
2. Тырысқақ пандемиялары
Бірінші І тырысқақ пандемиясы Индияда 1817жылы басталған, бүкіл әлемде таралып, 1823
жылы аяқталған;
ІІ пандемия 1826-1837 жылдары бүкіл
континенттерде таралған;
ІІІ пандемия 1844-1859 жылдары таралған;
ІҮ пандемия 1865-1873 жылдары таралған;
Ү пандемия 1883-1896 жылдары таралған;
ҮІ пандемия 1902-1926 жылдары таралған;.
ҮІІ пандемия 1960-1970 жылдары 117 елде
таралған, 1 713 057 адам ауырған.
3. Этиологиясы
Қоздырғышы: үтір белгісі тәрізді, ұзынталшықты, грам теріс өте ұсақ 0,4-0,6
вибриондар.
Сүт, балмұздақта 14 күн,
шикі етте 7 күн,
жеміс-жидектерде 3-8 күн,
топырақта 60-90 күнге дейін сақталады
4.
5.
Тырысқақ вибриондарының холероген -токсин бөліп шығаратын 3 түрі:
классикалық 01
0139
Эль-Тор.
Инаба, Гикошима, Огава биотиптері бар.
Эль-Тор вибрионының ерекшелігі:
Сыртқы ортаға жақсы бейімделген
Ұзақ уақыт сақталады
Антибиотиктерге төзімді
Жеңіл түрде өтеді.
6. эпидемиологиясы
Инфекция көзі: науқас адам және вибрионтасымалдаушы
Беріліс механизмі: - нәжіс-ауыз
механизмі.
Берілу жолдары: су, тағам, тұрмыстық
заттар мен жанасу.
Тырысқақтың негізгі таралу жолы- су
арқылы.
7.
8. Патогенезі
Ауыз арқылы асқазанға түскен қоздырғыштар асқазанқышқыл сөлі және пепсин әсерінен жойылады.
Қоздырғыштың біраз бөлігі ащы ішекке түседі, сілтілі
ортада интенсивті көбейеді.
Экзотоксин бөлінуінен негізгі клиникалық көрінісі пайда
болады.
Дегидратация нәтижесінде гемоконцентрация,
гиповолемия, гипоксия, бүйректің жедел жетіспеушілігі
дамиды. Қан тамыр жетіспеушілігі дамиды.
Сумен бірге көп мөлшерде электролиттер кетеді, әсіресе
калий.
Гипокалиемия бұлшық еттер әлсіздігін тудырады,
бұлшық ет топтары тартылуы мүмкін, тырысу синдромы
туындайды.
9.
10.
Жасырын кезең: бірнеші сағат-5 тәулік.Тырысқақ ағымы бойынша жеңіл, орташа
ауыр және ауыр түрде өтеді.
Тырысқақ 5 вариантта өтеді:
1. Гиповолемиялық экзотоксикалық түрі
2. Аралас, эндо-экзотоксикалық түрі
3. Нормоволемиялық эндотоксикалық түрі
4. Нормоволемиялық атоксикалық түрі
5. Субклиникалық түрі.
11.
12. Гиповолемиялық экзотоксикалық түрі.
5-10% классикалық түрде өтеді.Ауру жедел түрде, ауырсынусыз, сұйық іш
өтуімен басталады.
Нәжісі сулы, күріш қайнатпасы тәрізді.
Диарея тәулігіне 3-10 рет
Құсу (жүрек айнусыз) диареядан 12-24
сағаттан кейін басталады, күріш
қайнатпасына ұқсайды.
Сұйықтықпен тұздарды жоғалту әсерінен
тырысу қол, аяқ, шайнау, тізе бұлшық
еттерінде болады.
Дене қызуы көбіне қалыпты.
13. Ауыр түрі
іш өту жиіленеді,қан қысымы төмендейді,
„кір жуғыштың қолы“ симптомы.
Диурез төмендейді, олигурия, анурия.
Гиповолемиялық шок: цианоз, бет
жиектерінің үшкірленуі, көздің ішке кіруі,
қайғылы бет бейнесі- (Гиппократ маскасы).
Дауысы әлсіз, баяу, афонияға ауысады.
14.
Аурудың өршуі кезеңінде науқастың денеқызуы 35-34-33 градусқа төмендейді, тері
эластикалық қасиетін жоғалтады.
Жүрек тондары естілмейді, қан қысымы
анықталмайды, ентігу минутына 60 дейін.
Бұлшық еттердің тырысуынан тыныс алуы
қиындайды. Анурия болады.
Терминалды кезеңде науқас естен танып
комадан өліп кетеді.
15. Негізгі клиникалық белгілері:
жиі іш өту, нәжісі «күріш қайнатпасы»Құсу жүрек айнусыз,
ауыр түрде интоксикация,
эксикоз белгілері,
көп су жоғалтудан тырысулар,
«Гиппократ маскасы»
Лабораторлық диагностика: нәжіс,
құсық, өтті бактериологиялық әдіспен
зерттеу
16.
17.
Сусыздану дәрежесіне қарай жіктелуі:І. Науқастың дене салмағының дефициті 1-3 %
ІІ. Науқастың дене салмағының дефициті 4-6 %
ІІІ. Науқастың дене салмағының дефициті 7-9 %
ІҮ. Науқастың дене салмағының дефициті 10 % және
одан жоғары.
Асқынулары:
Дегидратациялық шок,
Екіншілік микрофлораның қосылуы
18. Тырысқақтың клиникалық зертханалық диагностикасы
БелгілеріІ дәреже 1-3%
ІІ дәреже 4-6%
ІІІ дәреже 7-9%
ІҮ дәреже 10% >
Диарея
10 ретке дейін
10 -20 рет
20 ретке дейін
20 реттен астам
Құсу
5 ретке дейін
10 ретке дейін
20 ретке дейін
20 реттен астам
Сусыздану
айқын емес
айқын
қарқынды
өте қарқынды
Цианоз
жоқ
мұрын-ерін
үшбұрышында
акроцианоз
жалпы цианоз
Тері тургоры
қалыпты
төмен
төмен
өте төмен
Дауысы
өзгермеген
жәй
әлсіз, қарлығу
жоқ
Тырысу
жоқ
балтыр б/е
ұзақ, ауыртпалы,
көлемді
жалпы, “гладиатор”
позасы
Пульс
қалыпты
мин. 100 дейін
мин.120, әлсіз
анықталмайды
АҚ
қалыпты
10-20% төмен
50% төмен
50% аса төмен
Диурез
қалыпты
олигурия
олигоанурия
анурия
Электролит
алмасу
қалыпты
калий көлемі
төмен
гипокалиемия,
гипохлоремия
-
19. Лабораторлық диагностика.
Бактериологиялық зерттеу үшіннәжісті, құсықты, өтті
антибиотикпен емдеуге дейін алу
қажет.
Экспресс әдіс: ИФА.
Серологиялық әдіс: ПЦР.
20. Емделуі
Науқасты ауруханаға жатқызу міндетті түрде.1. Патогенетикалық терапия – регидратация- жоғалғал
сұйықтың орнын толтыру. Біріншілік регидратиция
ауруханаға дейін жүргізілуі тиіс.
Жеңіл түрінде ауыз арқылы регидрон, цитраглюкосолин
ерітінділері қолданылады. Көктамырға физиологиялық
ерітінді, Рингер ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі
енгізіледі. Көлемі 200-300 мл/кг/тәулігіне.
Ауыр түрінде Филлипстің №1 ерітіндісі, хлосоль, трисоль
ерітінділері көктамырға енгізіледі. Ерітінді 37 С дейін
жылытылған ағынды түрде енгізіледі.
Науқастың жағдайы жақсарып, қан қысымы орнына
келсе Филлипстің №2 ерітіндісі немесе дисоль
көктамырға енгізіледі.
21. Емдеуі.
2. Этиотропты ем. Емдеу курсы 5 күн.Тамыр ішіне 1-3 күн - цефтриоксон, цефтизоксим,
цефалотин, цефазолин,амикацин, нетилмицин,
доксициклин, ципрофлоксацин, офлоксацин.
Бұлшық етке – сизомицин, мономицин.
Ауыз арқылы – пефлоксацин, ципрофлоксацин,
офлоксацин, норфлоксацин, доксициклин,
левомицетин, цефалексин.
Науқасты ауруханадан шығару: науқас толық
сауыққанда және бактериологиялық зерттеу нәтижесі 3
рет теріс болғанда.
22. Алдын алу шаралары « Тырысқақ бойынша профилактикалық және індетке қарсы іс шаралары» бұйрығы
Карантин 5 күн, ошақтан шығуға, ошаққа кіругетиым салу
Үйме-үй аралау арқылы науқастарды және
ауруға күдіктілерді ерте анықтау
(термометрия, сұрау)
Тырысқақ аурулары арнайы көлікпен
тырысқақ госпиталі не боксқа жатқызу
Аурумен қатынаста болғандарды анықтау,
оқшаулау, үйінде 5 күн медициналық бақылау,
3 рет бактериологиялық әдіспен тексеру
Шұғыл профилактика ретінде 5 күн
антибиотикпен емдеу
23. Тырысқақ
Іші өткен, құсатын адамдардыпровизорлық госпиталға жатқызу,1
тәулік ішінде 3 рет бактериологиялық
әдіспен тексеру.
Жедел ішек инфекциясынан қайтыс
болған науқастарды тырысқаққа қарсы
бактериологиялық әдіспен тексеру.
Қоршаған орта объектілерін тексеру
көлемін көбейту, бактериологиялық
әдіспен тексеру.
Тәулігіне 1 рет ішетін ауыз су, ашық
суларды (өзен, арық, бассейн, фонтан),
қалдық суларды тексеру, қоршаған
ортадан жұғынды алу.
24. Эпидемиологиялық мысал № 1
Шет елден, жапон теңізінен портқа кеме келген.Кемеден «кемеде тырысқаққа ұқсас 3 ауру анықталды» деген радио хабарландыру келіп түскен.
Кеме жолда бір портқа кірген, онда су алған.
Кемеде 48 команда қызметкері, 38 жолаушы бар.
Кемеде дәрігер, изолятор, антибиотиктер,
дезинфекциялық препараттар бар.
Аурудың себебін анықтау.
Алдын алу шараларын жоспарлау.
25. Эпидемиологиялық мысал № 2
Ауруханаға тырысқаққа күдікті науқас жеткізілген: ішіжиі өткен, құсқан, дене қызуы–37,1 . Науқас адам
ауырардан 3 күн бұрын ауылға тойға барған.
Тойда барлығы 150-200 адам болған,оның ішінде 12 адам
басқа жақтан келген. Ауылда 1200 адам тұрады.
Ауыл өзен бойында, шекараға жақын жерде
орналасқан. Ауыл тұрғындары суды өзеннен алады, су
дұрыс хлорланбайды. Соңғы 2 ай ішінде ауылда 95
асқазан-ішек аурулары тіркелген, аурулар ауруханаға
жатқызылмаған, 5 адам қайтыс болған.
Аурудың себебін анықтау.
Алдын алу шараларын жоспарлау.