Ғұндар
Жалпы мәлімет
Тарихы
Шаруашылығы
Мал шаруашылығы
Егіншілік кəсібі мен қоныстары
Қоғамдық құрылысы
Қоғамы
Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым-қатынасы
1.31M
Категория: ИсторияИстория

Ғұндар

1. Ғұндар

Slides.kz

2. Жалпы мәлімет

Slides.kz
• Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі
жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде
«шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен
алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және
ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи)
тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан
Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін
созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал
солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан
арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты.
Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған
жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы
сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын
жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли
елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде
әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны
айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін
созылып жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай
тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты
толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде
осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-логиялык
материалдар да көрсете алмады.

3.

Slides.kz
• Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар
батыста да қызу кимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде
көршілеріне қарсы оз бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің
батыстағы туктерін (князьдарын) юедилерге қарсы жорыққа
аттандырды. Ғұндардың атты әскерлері Чжанье-Ганьчжоу ауданы
маңында юедилерді жеңіліске ұшыратты және сонымен бірге
ғұндардың қалыптасып жаткан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше
үлесті бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай
деген: «Аспанның рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты
шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп
немесе багындырып, (оз билігін) ныгайтты. Лоулань, Усун, Хуцзе және
оларга шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге қаратылды. Олардын бәрі
сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды».

4.

Slides.kz
• Бұл құжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды
талап етеді. «Отыз алты мемлекет» деп қазіргі
Шығыс Түркістан аумағына орналаскан
князьдіктер, яғни жалпы алғанда батыстағы
Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер
айтылған. «Тарихи жазбалардың» (Шицзи)
авторы Сыма Цянь юедилердің «толық»
талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл
орайда б. з. б. 177 жылы қытайларға юедилердің
(юечжилердің) Хуанхэнің солтүстік ойпатынан
батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі
болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде
юеди деп аталған көшпелі тайпалар ГрекБактрияны талқандаганнан кейін олар туралы
мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала
бастайды.

5.

Slides.kz
• Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-гұндардың Тынық мүхиттан Каспий
теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері
күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек.
Дегенмен де, шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ,
нақ сол сияқты Лоулан, Усун және Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге
тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың
географиялық орны онша айқын емес. Қазіргі картаға Лобнор
ауданындагы Лоулан (Крораина) князьдігі ғана азды-көпті сәйкес
келеді. Қытай жазбаларындагы басқа деректердің есімен теңестірілген
Хуцзе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр
атауынан шығуы мүмкін. Ол Усун және Цзянь- кунь елдерінің
арасында, яғни шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геродоттың
аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналасқан деп саналады. И. X.
Дворещсийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі гректерше
«арғамақ», «тұлпар» дегенді білдірді, демек нақ сол ұғымға жақын
әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан
алғанда, ертедегі қытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын
түркілердің «арғымақ» немесе «айғыр» деген сөздерімен салыстыру
дұрыс сияқты. Ғұндар бірлестігіне шыкқан тегі әр түрлі тайпалар
немесе этникалық- саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның
қоғамдық өміріне бір орталықка бағынғысы келмейтін куатты күштер,
кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және
экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады. Алғашқы
кезде біршама бірлік ғұн коғамындағы фратрияаралық ұйымның
ерекше түрі болуы арқылы орнаған.

6. Тарихы

Slides.kz
Тарихы
• Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси
тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары
ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда
Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар
деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды.
Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209
жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы
дейін дәурен сүрді.
• Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр.
Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін
өлтіріп, таққа ие болады.
• Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады
(атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы
ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды
бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп
тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы
да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)
• Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан
Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның
әскері 300-400 мың болды.

7.

Slides.kz
• Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде,
біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып
екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал
солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа
кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына
түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың
Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.
• Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы
Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды.
Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл
көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы
тайпаларының түріктенуі басталады.
• Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан
тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті
тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және
батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің
заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне
үш ғасыр уақыт керек болды.
• Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары
ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376
жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі
ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

8. Шаруашылығы

Slides.kz
Шаруашылығы
• Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал
шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты
рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік
дамыды.
• Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан,
сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан,
керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек
маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар
көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген.
Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған.
Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды
жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық
стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда
дамыған. Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды
безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болған.

9. Мал шаруашылығы

Slides.kz
Мал шаруашылығы
• Ғүндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығының маңызы
зор болған. Мал санының өсуіне байланысты мал өсірушілер
жаңа аумақты игеруді эəне шұрайлы жайылымдарды алуды
көздеді. Жайылымды жиі-жиі ауыстырып, малды барған сайын
қоныстардан алыс жерге жаю күшейді. Қытай деректерінде
олардың үй малынан жылқы, ірі қара жəне қой-ешкі өсірген,
біразя түйе, есек ұстайтынын жазады. Олар үй малымен
тамақтанып, олардың терісін киім қылып, жүн мен терісін киім,
жамылғы есебінде пайдаланды.
• Ғүндар ат сайысы ойындарының негізін салған. Ал қойдың етін,
терісін, жүнін пайдаланды. Малдың бəрі дерлік бүкіл жыл
бойына өрісте жайылып бағылды. Сондықтан жазда
қуаңшылық немесе қыста көктайғақ жұт болуы, мал індеті
үлкен апатқа ұшыратып отырды. Ғұндар қосымша кəсіп ретінде
аң аулаумен де айналысқан. Бұл кəсіп негізінен өздерініе азық
қорларын молайту үшін жəне сейіл құру үшін жүргізілген.

10. Егіншілік кəсібі мен қоныстары

Slides.kz
Егіншілік кəсібі мен қоныстары
• Ғүндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен
шұғылданғандары да болған. Ғұндар дəнді дақылдың
ішінде тарыны көп өсірген. Егіншіліктің жақсы
дамығанын білдіретін темір орақ, соқа тістері, қол
диірмендер, дəнүккіштер сияқты егін салуға жəне оны
жинап алуға қажетті құрал-саймандар табылған. Ал үйжайлардың ішінен астық сақтайтын ұралар табылса, еден,
қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан
сабанның қалдыхтары кездеседі.
• Олар негізінен киіз үйлерде тұрды. Киіз үй торкөз кереге,
уық, шаңырақ жəне киіз жабуынан тұрды. Киіз үйдің
төріне қамшы, ағаштан жасалған қынабы бар семсер,
садақ, жебелер салған қорамсақ т.б. іліп қоятын болған.

11. Қоғамдық құрылысы

Slides.kz
Қоғамдық құрылысы
• Ғұн тайпаларында
əлеуметтік теңсіздік
қалыптасты. Ауқатты
отбасылардың немесе үстем
тап өкілдерінің қабірлерінен
қымбат бағалы заттар көп
табылады. Кедей
адамдардың қабірлерінде
қарапайым жасалған арзан
бұйымдар кездеседі, кейбір
қабірлерден ешбір зат
табылмайды. Ғүндардың
билеушісі тобы ақсүйектер
рудың мүддесін қорғап,
көсем ретінде бар мəселені
шешіп отырды.

12. Қоғамы

Slides.kz
Қоғамы
• Патриархалды-рулық қарымқатынастардың белгілері өте күшті
болған. Ғұндар 24 руға бөлінген.
Олардың басында ағамандар
тұрған. Ағамандар кеңесі мен
халық жиналысы жұмыс істеген.
Әскери тұтқындардан құралған
құлдар да болған.
• Жазба деректер ғұндар
қоғамындағы өкімет белгісі туралы
мәлімет те қалдырған. Елді
шаньюй басқарған. Одан кейін
түменбасылар болды. Ғұндар
қоғамында мал мен жерге жеке
меншіктің пайда болуы, тұрпайы
бюрократтық аппараттың құрылуы,
алым-салық, жазу-сызудың болуы
таптық қоғам мен мемлекеттің
пайда болуын туғызды.

13. Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым-қатынасы

Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен,
үйсіндермен, қаңлылармен қарымқатынасы
Slides.kz
• Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер тек
біздің заманымызға дейін 174—165 жылдары түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде,
юэчжилер Орталық Азияға шегініп, Әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды.
Ғұндарға бағынғандардың арасында үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға
жуық көрші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған. Мөде біздің заманымызға
дейін 174 жылы қайтыс болды.
• Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тасталқан болып жеңіліп, олардың бір
бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір бөлігі юэчжилердің қысымынан
Ферғананы басып өтіп, Парфия, Бактрияға жылжып, келесі бір бөлігі Ауғанстан
Солтүстік Үндістанға (Кашмирге) өтіп кетеді. Үлкен юэчжилер Жетісуды 30—40 жыл
шамасындай ғана иемдене алды. Кейін Жетісуды үйсіндер юэчжилерден тартып алды.
Ғұндардың әскери көмегінің арқасында үйсіндер осылайша Жетісуға орналасқан
болатын. Батысқа қарай ығысқан юэчжилер Бактрияны өзіне бағындырады. Олардың
енді бір бөлігі үйсіндермен араласты.
• Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл, әсіресе ғұндарға тиімді
еді. Біздің заманымызға дейін 158 жылы шекарадағы сауда көздерін кеңейту
мақсатында тәңіркұты Қытайға қарсы соғыс ашты. Біздің заманымызға дейін 152 жылы
ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда
орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке қарай жайылымдарды
қайтарып алады.

14.

Slides.kz
• Біздің заманымызға дейін 133 жылы ғұн-қытай соғыстарының жаңа кезеңі
басталды. Бұл жолы соғысты қытайлықтар бастады. Әскери кимылдар
бұрынғы ғұн аумағына ауысты. Соңғы ұрыста 90 мың ғүн әскері
талқандалды. Біздің заманымызға дейін 90-жылдардағы қақтығыстарда 70
мың қытай әскері ғүн әскерін жеңе алмады. Өз күшімен ғұндарды жеңе
алмайтындығына көзі жеткен Қытай билеушілері енді 20 жыл үзілістен
кейін басқа көшпелі тайпаларды ғұндарға қарсы айдап салуға кірісті. Біздің
заманымызға дейін 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз жағына тарта
бастады. Солардың қатарында үйсін билеушісіне елші жіберіп, некелік
байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап қалмай, өз кезегінде үйсін
күнбиіне (гуньмосына) бір қызын береді. Ал ғұндар мен қытайлықтар
арасындағы текетірес одан әрі жалғаса берді. Ғұндар енді қытайлықтардың
одақтасы — үйсіндерден кек алуға кіріседі. Үйсіндердегі қытай ханшасы
император сарайына хат жолдап, үйсіндерге көмек беруін талап етеді.
Қытайдың 100 мың атты әскері ғұндарға қарсы аттанады. Үйсіндердің өзі
50 мың әскер шығарады. Біріккен үйсін-қытай күштеріне қарсы тұра
алмаған ғұндардың 39 мың беделді адамдары қолға түсіп, 700 мың малы
жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін орны толмас ауыр соққы болды.
Біздің заманымызға дейін 71 жылы үйсіндерге қарымта шабуылға шыққан
ғұндарға шығыстан дунхулар, батыстан үйсіндер шабуыл жасады. Ғұндар
әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан
айырылады. Үштен бір бөлігі ұрыс алаңында қаза табады. Адамдарының
3/10 бөлігі аштан өледі. Қытай әскерлері де үш бағытта шабуылдап,
мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлықтар ғұндарға қарсы
көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып алған жерге
әскери еңбек армияларын орналастырады.
English     Русский Правила