3.32M
Категория: ИсторияИстория

Ерте дәуірдегі Қазақстан

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТОО «Арес PetroTehnic Жоғарғы колледжі»
Қазақстан тарихы
Сабақ тақырыбы:
Ерте дәуірдегі Қазақстан
Б.з.б III-I ғасырлардағы ғұн тайпалары.
Оқытушы: Даулетбаева Гулбану Сагынбаевна
[email protected]
8701538-91-91
Атырау 2023

2.

• Мақсаты:
Ерте дәуірдегі Қазақстан жеріндегі ғұн мемлекетінің қалыптасуы,
ғұн мемлекетінің құрылымы, ғұн тайпаларының бірлестігі,
Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы,
ғұндардың
тұрмысы
мен
шаруашылығы,
қоғамдық
құрылысы,ғұндардың мәдениеті жайында студенттердің жанжақты түсінігін қалыптастыру.
• Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:
Ертедегі Қазақстан жеріндегі ғұн мемлекеті. Гун руң, хун ю,
шаньюй, Дунху, түменбасы, Цинь патшалығы, Чжи-чжи
шаньюй, Халықтардың ұлы қоныс аударуы, Аттила Еділ.

3.

• Сабаққа шолу
• Білуі керек:
Ерте дәуірдегі Қазақстан жеріндегі ғұн мемлекетінің қалыптасуы,
ғұндар мемлекетінің құрылымы, ғұн тайпаларының бірлестігі, ғұн
жорықтарының маңызы дәуірге жалпы сипаттама.
•Үйренуі керек .
Студенттердің өз ойын айтуға, өзгенің пікірін тыңдауға дағдыландыру,
шығармашылық қабілетін дамыту
• Негізгі түсініктер:
Ғұн мемлекетінің ерекшеліктері, дәуірге сипаттама, халықтардың ұлы
қоныс аударуы, ғұндардың тұрмысы, қоғамдық құрылысы, ғұндардың
мәдениеті, көшпелілер жетістіктері, қару-жарағы.
Сабақтын жоспары.
1. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
2. Ғұндар мемлекетінің құрылымы, ғұндардың бірлестігі.
3. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
4. Ғұн жорықтарының маңызы. Тарихтағы ғұндар сипаттамасы.
5. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы,
6. Ғұндардың мәдениеті.

4.

Ғұн мемлекетінің
қалыптасуы.

5.

Ғұн тарихы.
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
Ғұндар б.з.б III ғ мен б.з IV ғ аралығында өмір сүрген.
Б.з.б III ғ. соңы б.з.б II ғ. басында Еуразия құрлығында
бірден-бір ірі мемлекетке айналды. Қытай деректерінде:
«ғұн» сюнну атауы б.з.б III ғ. аяғында пайда болған.
Мекендеген жері: Солтүстік Қытайда, Моңғолияда,
Байкал өңірінде қоныстанған. Енисей
жағалауларынан Алтайға дейінгі аралықты қамтыды.
Негізін салушы -Мөде шаньюй. Ғұн басшысының
титулы Шаньюи. Ғұндар Қытайды алым салық
төлеуге мәжбір еткен.
*Шығыстанушы ғалым Л.Н.Гумилевтің дерегінде
б.з.б 209 ж Мөде бастаған Ғұн державасы құрылған
деп көрсетеді.
*Қытай дерегінде ғұндардың күш қуаты туралы. «Ғұндар
құдіреттілігі сондай, елшісі қолындағы шаньюйдің сенім
таңбаларымен көрші елдерге барды. Олар жыл сайын
көршілеріне азық-түлік, әшекей заттар жіберіп тұрған.

6.

Ғұндардың мемлекеттік құрылымы: Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша 3
қанатқа бөлінген. Сол, орталық, оң қанатқа бөлінген. Билік мұрагерлікпен
берілді. Шаньюйден кейінгі басты тұлға «Түменбасы» деп аталатын бекзадалар
болды. Ғұндар 24 руға бөлінген. Оларды бекзадалар басқарған. Бұлар шаньюй
ұлдары, інілері жақын туыстары еді. Түменбасы әскерінің құрамы 10 мың атты
әскер болған. Ғұн әскері Атты әскер болды. Ғұндарда ру көсемі ақсақалдар.
Бекзадалар жылына үш рет ақсақалдар кеңесіне жиналатын. Ғұндардың
өзіндік құқық қорғау жүйесі болды. Ауыр қылмыстар мен опасыздық
жасағандарға өлім жазасы кесілген. Ал ұсақ қылмыстар үшін жаза түрі бетін
тілген.

7.

Ғұн тайпаларының бірлестігі: Ғұн мемлекетінің саяси күшейген уақыты
б.з.б II ғ. мен I ғ. аралығы. Мөде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену
кезеңін басынан өткізіп, халық саны 300 мыңға жетті. Оның жасаған
әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды.
Оңтүстігіндегі дунхуларды, басып алды.
* Ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Банды б.з.б 188
жылы жеңіп, өздеріне бағынышты етті. Қытай императоры Мөдемен
«тыныштық және туысқандық» шарт жасасып, жыл сайын жібек
маталар, салық төлеп отыруға және Қытай ханшасын Мөде шаньюйге
әйелдікке берген. Қытай жазбаларында ғұндарға 36-ға жуық көрші
ұлыстардың бағындырылғаны айтылады. Мөде б.з.б 174 ж қайтыс
болады.

8.

Мөденің мұрагері Лаушан Тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құріреті
күшейе түсті. Цинь патшалығы өз шекарасын қорғау үшін б.з.б 3 ғ. аяғы
Ұлы Қытай қорғанын салдырды. Қорған 5000 шақырымға созылып,
биіктігі 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған. Ғұндар
мен Қытай арасындағы соғыс 300 жылға созылған. Б.з.б 1 ғ Ғұн мемлекеті
толассыз соғыспен тақ таласынан әлсірей түсті. Б.з.б 1 ғ екіге бөлінді.
Оңтүстігі Хань әулетіне бағынды.

9.

Халықтардың ұлы
қоныс аударуы.
Ғұндар бүкіл Еуразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген
тайпалар мен

10.

Көшпелілер
баспанасы
Киіз үй екі бөліктен тұрады, жабуға арналған киіз және ағаш қаңқадан.
Киіз басу үшін қой жүні пайдаланылды. Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрды.
Кереге-киіз үйдің негізі, қабырғасы, керегеге байланған уықтар
шаңырақты көтеріп ұстап тұрды. Шаңырақ-дөңгелек немесе конус тәрізді
етіп жасалады. Қыста кірпіш үйде тұрды. Киелі орны Ошақ,
Көшпелілердің баспаналарының пеш орналасты.

11.

Діни-наным сенімдері
«Аң стилі» б.з.б 8 ғ. бастап Еуразия далалы аймақтарында аңдық
стиль пайда болып, сәндік сипатта қолданылды. Басты тақырыбы-аңдар
мен аңыздағы қиял-ғажайып бейнелерді суреттеді.
Темір дәуірінде адамдар Көк тәңірге сыйынды. Темір дәуірінде кең
тараған салт-дәстүр Аттарын бірге көму. Б.з.б 1 мыңжылдықтың
ортасында «дала жолы» жұмыс істей бастады. Б.з.б II ғасырдың
ортасында Ұлы Жібек жолы қызмет ете бастады. О.Сұмағұлов
антрополог Сақ, Сармат, Үйсіндердің келбеттері андроновтықтарға
ұқсас еуропалық нәсіл екенін айтқан. Темір дәуірі аяғында Қазақстан
жері мекендеген көне этностардың бет әлпетінде моңғолидтық белгілер
пайда болған.

12.

Көшпелілердің мәдени жетістіктері:
Ұлы Жібек жолы II ғасырдан бастап
қызмет ете бастады. Қазақстан
арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Ол
қытайдан басталып, Римге барып
аяқталған. Ұлы Жібек жолы тұрақты
дипломатиялық және сауда жүйесі
ретінде қызмет ете бастады. Б.з.б II ғ.
Ортасында Ұлы Жібек жолын
дипломатиялық мақсатқа Қытай
императоры У-Ди пайдаланған.
Б.з.б VI-III ғ. Сақтар Қытаймен,
Үндістан және Персиямен саудасаттық жүргізіп тұрған.

13.

Көшпелілердің мәдени
жетістіктері:
Жылқы өсіру
Көшпелілік тұрмыс-салт
пен мәдениет 3 мың
жылдан астам үнемі
шыңдалып даму,
сапалық өсу үстінде
болды. Жылқыны қолға
үйрету адамзат
өркениетіндегі әсіресе,
көшпелілердің ең үздік
жетістіктерінің бірі
болды. Көшпелілерде
жылқының 3 түрі,
тұқымы болған.

14.

Тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге шыдамды
қазанат және Түркіменстанның ақалтеке жылқысының арғы
тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әлемде алғаш рет екі
доңғалақты арбаны ойлап тапқан көшпелілер.

15.

Көшпелілердің сонау қола дәуірінен бері келе жатқан
киімдері көйлек, шалбар, бешпет, малақай, етік т.б
болды. Сақ заманынан бастап көшпелілер жұқа
матадан тігілген жағасыз жейде киді. Көшпелілердің
бас кимі-тымақ. Көшпелілерде ұзатылатын қыздың
баскиімі-Сәукеле болған.

16.

Қару-жарағы: Сақтардың қару-жарағы жебелі шағын садақтардан,
парсылар ақинақ деп атаған, шабуға да, түйреуге де ыңғайлы
қанжар. Б.з.б IV-III ғ.бастап қанжарлар тек темірден жасалынған.

17.

Ерте темір дәуіріндегі тайпалар:
• Сақтар
• Ғұндар
• Үйсіндер
• Қаңлы
• Сарматтар

18.

Сақтар: VIII-III ғғ.-сақ тайпалары Қазақстан аумағын мекендеді.
Сақ тайпасының халқы өздерін сақа, сақ деп атаған. Ал, көне гректер «скифтер»
деп атап кеткен. Ол туралы тарихтың атасы Герадот «Тарих» атты еңбегінің 5-ші
томында айтып өткен. Сондай-ақ, Герадот және басқа да антикалық тарихшылары
сақтарды «Азия скифтері», яғни «азиялық скифтер» деп атаған. Бірақ,
сақтардың қалай аталғандығы туралы деректер өте көп. Сонымен, гректер
сақтарды «азиялық скифтер» десе, парсылар «құдіретті еркектер», ал Иран
жазбаларында «жүйрік атты турлар» делінген. Тарихта олар Солтүстік
Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын
кең-байтақ аумақта мекендеген делінеді. Сондай-ақ, Геродот-Сақ жерінде Кирдің
өлтірілгені жөнінде жазған.
*Ксенофонт
*Ктесий грек авторы
* Страбон тарихта сақтар жайында құнды деректер қалдырған.

19.

Көне сына жазуларда сақтардың үш
тобы туралы айтылған: парадарайя
(теңіздің арғы бетіндегі сақтар),
хаомаварга (хаома сусынын жасайтын
сақтар), тиграхауда-сақтар (шошақ
бөрікті сақтар).
Мекендеген аумақтары:
Парадарайя сақтары
Арал өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысы жағында өмір
сүріп, тіршілік құрған.
Тиграхауда сақтары Сырдарияның орта ағысы мен
Тянь-Шаньды мекендеген.
Хаумоварга сақтары- Парадарайаның оңтүстік, Муғраб
аңғарын мекендеген.

20.

Сақтардың қоғамдық құрылысы. Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі
орнықты. Халықтың көпшілігі малшылар болды. Халық
жиналысының, яғни тайпаның барлық ересек ер адамдары
жиналысының рөлі күшті еді, олар көсемдерге ықпал жасады. Бұл
алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның
пайда болғаны. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметінде атқарып,
тайпалар мен рулар арасындағы даулы мәселелерді шешті. Сақ
әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып ерлермен бірге соғысу
құқығына ие болды. Сақ қоғамының сипаты-Әскери демократия.
Жазба деректерде сақ мемлекеті басшысының лауазымы-Патша.
Сақ қоғамы үш топқа бөлінді.
1. Жауынгерлер
2. Абыздар
3. Малшылар мен егіншілер.

21.

Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
Сақтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар екі, үш
жұп өгіз, ат, түйе жегіп көшіп қонған. Сақтар аңшылыққа және
соғысқа арнап, күймелер ат жеккен жасаған. Мал өсіретін көшпелі
сақтардың төрт және алты доңғалақты арбаға орнатылған киіз
үйлері болған. Сақтар қыс мезгілінде кірпіштен салынған үйлерде
тұрған. Сақтар өмірінде жылқы мен қой өсіру маңызды орын алған.
Сақтар түйе де өсіре білген. Ірі қара сиыр малы аз өсірілген. Сақтар
жылқы малын өсірген. Қосымша кәсіп ретінде балық аулаған. Б.з.б 1
мың жыл. Көшпелі мал шаруашылығы кең тараған.
* Таза көшпелі мал шаруашылығы
* Жартылай көшпелі мал шаруашылғы
* Отырықшы мал шаруашылығы

22.

Сақтардың қолөнері. Сақтардың қолөнер ісі жақсы дамыған. Зергерлік
өнерде ағаштан ойып жасалған бейнелер мен сәндік бұйымдарды алтын мен
аптау ісі жақсы дамыды. Әшекей бұйымдарды сердолик, халцедон, агат
сияқты тастардан жасады. Алтын тастардан сақина, сырға, белдіктер
әзірледі. Сақтардың б.з.б 3-2 ғғ қазылған арықтар орны Алматы маңындағы
Талғар қаласының жанынан және Жамбыл өңірінен табылды. Табылған
деректерден Сақтардың түркі тілдес болғанын дәлелдейді. Сақтарда бейнелеу
өнерінің Таңбалы ескерткіштерінен петроглифтер жасайтын сүйек өңдеу
қолөнері дамыған. Аңдық стиль б.з.б 8 ғ пайда болды. 3-5 ғғ зергерлік өнер
дамыды.

23.

Алтын адам – Қазақстан
тарихындағы ең танымал
археологиялық қазба. Есік
қаласында табылған сақ
жауынгері, біздің еліміздің
басты символына айналды.
Бұл адамның жасы – 16-18, ал бойы
– 165 см болған.
Зираттан 4000- аса алтын заттар
қылыш, қыштан жасалған 31 ыдыс,
күміс табақтар, ағаш қасық, қола
айна табылған.
Ғалымдар алтын адамның қалай
қайтыс болғандығын анықтады.
Оның арқасына, пышақ немесе
қанжар сұғылған.
Киімдерінің барлығы алтынмен
апталған.
Темір дәуіріне жататын бұл
жәдігерді 1969-1970 жж.
К.А.Ақышев тапқан.

24.

Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптары.
Сақтарда діни-нанымдардың негізгі бағыты Ата баба аруағына сыйыну,
мәйтті бальзамдау әдісін жақсы қолдана білді. Сақтарда мәйітке қызыл бояу
жағып, қабір басына отжағу от пен күннің белгісін білдірді. Сақтар құдай деп
күнді есептейді және жылқыны құрбандыққа шалған. Қабан бейнесі- күн
күркіреу құдайы. Арыстанды бейнелеу Арал маңындағы сақтардың тұрақты
тақырыбы болған.

25.

Сақ патшайымы Томиристің өмір сүрген мерзімі б.з.б 570-520 жж.
Ұлы Спаргапис.

26.

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
* Парсы патшасы Кир әскерінің басып кіруі
* Шырақтың ерлігі
* Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.
• 1 - Б.з.б 530 жылы Парсы патшасы
Кирдің Томириспен соғысы.
Томирис жайында Рим тарихшысы
Помпей Трог былай дейді: «Әйел
болсада жау шапқыншылығынан
қорыққан жоқ» ұсынылған
келіссөзден бас тартқан Томириске
Кир соғыс ашады. Осы соғыста
Кирдің алдауына түскен ханзада
Спаргапис қаза болады. Ұлы
үшән кек алуды көздеген Томирис,
Кирді осы соғыста жеңіп шығады.
Кирдің басын шапқызып, қан толы
торсыққа салып қояды.
• Кирдің қазасынан 11 жылдан соң
б.з.б 519 жылы Дарий бастаған
парсылар қайта сақ жеріне шабуыл
жасайды. Бұл соғыста сақтарды
Скунха атты көсем басқарады.
Сақтар бұл соғыста жеңіліс табады.
Бұл соғысқа сақтардың дайындығы
жоқ еді, олар өздерінің күнделікті
бейбіт шаруашылықтарымен
айналысып жатқан болатын. Осы
соғыстың таңғажайып оқиғасын грек
тарихшысы Полиен тамаша
суреттеген. «Шырақ» есімді
жауынгердің ерлігі жайлы.Ол өз елі
үшін құрбандыққа барып,
парсыларды алдап сусыз шөлге
апарып адастырып жібереді.
Шырақтың осы ерлігінің арқасында
сақтар тәуелсіздігін сақтап қалды.

27.

Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1. Т.Тұрлығұл. Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен
әдістемесі А. 2003
2. Г.Қ.Кәдірқұлова. Қазақстан тарихы А ақпарат, 2005
3. Г.В.Кан. Қазақстан тарихы А.Дәуір, 2002
4. К.Қасымбаев. Қазақстан тарихы, Білім 1999
English     Русский Правила