Похожие презентации:
Қылмыс істеу сатылары
1.
ҚЫЛМЫС ІСТЕУСАТЫЛАРЫ
2.
■ Қылмысты істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенгедейінгі өтетін кезеңдерін айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты
болады. Олар:
Қылмысқа дайындалу
Қылмысқа оқталу
Аякталған қылмыс
3.
■ 24-бап. Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу■
1. Тікелей пиғылмен жасалған, қылмыс құралдарын немесе қаруларын
iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа сыбайлас қатысушыларды
iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана
жағдайлар жасау, егер бұл ретте қылмыс адамның еркiне байланысты емес мәнжайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа дайындалу деп
танылады.
■
2. Ауыр немесе аса ауыр қылмысқа дайындалғаны үшiн, сондай-ақ
террористік қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайды.
■
3. Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер
(әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар
бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады.
■
4. Ауырлығы орташа қылмысқа, ауыр немесе аса ауыр қылмысқа оқталғаны
үшiн, сондай-ақ террористік қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық
туындайды.
■
5. Қылмысқа дайындалғаны және қылмысқа оқталғаны үшiн қылмыстық
жауаптылық осы Кодекстiң аяқталған қылмысқа арналған бабы бойынша, осы
баптың тиiстi бөлiгiне сiлтеме жасала отырып туындайды.
4.
■ 25-бап. Аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық■
Егер адам жасаған іс-әрекетте осы Кодекстің Ерекше
бөлігінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi
болса, қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған деп танылады.
5.
■ 26-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркiмен бас тарту■
1. Адамның дайындалу әрекеттерiн тоқтатуы не осы іс-әрекетті жасауға
тiкелей бағытталған әрекеттердi (әрекетсiздiктi) тоқтатуы, егер адам оны
ақырына дейiн жеткiзу мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыстық құқық
бұзушылықтан өз еркiмен бас тарту деп танылады. Егер адам осы іс-әрекетті
ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен және біржолата бас тартса, ол осы
қылмыстық құқық бұзушылық үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.
■
2. Қылмыстық құқық бұзушылықты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен бас
тартқан адам, егер оның іс жүзінде жасаған іс-әрекетiнде өзге қылмыстық құқық
бұзушылық құрамы болған жағдайда ғана, қылмыстық жауаптылыққа жатады.
■
3. Егер қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы және оған айдап
салушы мемлекеттiк органдарға хабарлауымен немесе өзге де қолданылған
шараларымен орындаушының осы құқық бұзушылықты ақырына дейiн
жеткiзуiне жол бермесе, бұл адамдар қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Егер
орындаушы қылмыстық құқық бұзушылықты аяқтағанға дейiн оған күні бұрын
уәде берген жәрдемінен бас тартса немесе көрсетiлген көмектiң салдарын жойса,
көмектесушi қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.
■
4. Егер ұйымдастырушының немесе айдап салушының осы баптың үшiншi
бөлiгiнде көрсетілген әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмауға
әкеп соқпаса, онда олардың қолданған шараларын сот жаза тағайындау кезiнде
жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.