1/8

Қасақана қылмысты орындау сатылары

1.

Қасақана қылмысты орындау сатылары
Ю21-1 ЖОЛДАС ГҮЛФАЙРУЗ

2.

Жоспар
1. Қылмысқа дайындалу;
2. Қылмысқа оқталу;
3. Аяқталмаған қылмыс
4. Өз еркімен бастарту .

3.

Кез келген қылмыс белгілі бір кезеңдерден
немесе сатылардан өтеді. Көп жағдайда адам
қылмыс жасауға даындалып барып, өз ниетін
іске асырады. Ниет жүзеге асса, толыққанды
аяқталған қылмыс, жасаушыға қатыссыз
себептермен жүзеге аспай қалса, не өзі бас
тартса, аяқталмаған қылмыс болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында бір бірінен
әрекет сипаты мен аяқталу дәрежесіне қарай
ажыратылатын қасақана қылмыстың үш сатысы
көрсетіледі. Олар:
1.
2.
3.
4.
Қылмысқа дайындалу;
2. Қылмысқа оқталу;
3. Аяқталмаған қылмыс.
Осы үш саты тек қана тікелей ниетпен
жасалған қысқаша қылмыстарда болады.

4.

Қылмысқа дайындалу деп «тікелей ниетпен қылмыс
құралдарын немесе бейімдеп жасау, қылмысқа
қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз
байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана
жағдайлар жасау» объектіге жанасу жолдарын
іздестіру танылады. Ол қылмысқа оқталу мен
аяқталған қылмысқа қарағанда қауіптілік дәрежесі
төмен. Қылмысқа дайындалушы бұл жағдайларды өз
қолымен жасайды, бірақ еркіне байланысты емес
мән-жайлар бойыншаақырына дейін жеткізілмейді.
Егер де бұлай болмай қылмыстық өзгерістерді
дайындалу сатысынан доғарса, қылмыстан өз еркімен
бас тарту болар еді.

5.

Қылмыс жасауға оқталу. «Тікелей қылмыс жасауға тура
бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер
бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар
бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға
оқталу болып табылады».

6.

Аяқталған қылмыс. Егер адам әрекеттерінде қылмыстық кодекстің ерекше
бөлімінде келтірілген баптың диспозициясындағы барлық объективті және
субъективтік белгілердің бәрі болса, аяқталған қылмыс болып есептеледі.

7.

26-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркiмен бас
тарту 1. Адамның дайындалу әрекеттерiн тоқтатуы не
осы іс-әрекетті жасауға тiкелей бағытталған әрекеттердi
(әрекетсiздiктi) тоқтатуы, егер адам оны ақырына дейiн
жеткiзу мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыстық құқық
бұзушылықтан өз еркiмен бас тарту деп танылады. Егер
адам осы іс-әрекетті ақырына дейiн жеткiзуден өз
еркiмен және біржолата бас тартса, ол осы қылмыстық
құқық бұзушылық үшiн қылмыстық жауаптылыққа
жатпайды.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықты ақырына дейiн
жеткiзуден өз еркiмен бас тартқан адам, егер оның іс
жүзінде жасаған іс-әрекетiнде өзге қылмыстық құқық
бұзушылық құрамы болған жағдайда ғана, қылмыстық
жауаптылыққа жатады.

8.

3. Егер қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы
және оған айдап салушы мемлекеттiк органдарға
хабарлауымен немесе өзге де қолданылған шараларымен
орындаушының осы құқық бұзушылықты ақырына дейiн
жеткiзуiне жол бермесе, бұл адамдар қылмыстық
жауаптылыққа жатпайды. Егер орындаушы қылмыстық
құқық бұзушылықты аяқтағанға дейiн оған күні бұрын уәде
берген жәрдемінен бас тартса немесе көрсетiлген көмектiң
салдарын жойса, көмектесушi қылмыстық жауаптылыққа
жатпайды.
4. Егер ұйымдастырушының немесе айдап салушының осы
баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетілген әрекеттері қылмыстық
құқық бұзушылықты болдырмауға әкеп соқпаса, онда
олардың қолданған шараларын сот жаза тағайындау
кезiнде жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.
English     Русский Правила