« Жеткіншек жастағы балалардың ата-аналарына психологиялық кеңес »
Жеткіншек жасының кризасы
Ішкі конфликт.
Жеткіншектер арасындағы комплекстер.
Көңіл-күйдің тез өзгеруі.
Кеңестер
Балаңыздың мінез-құлқындағы өзгерістерге мұқият, ерекше көңіл бөлгеніңіз жөн.
Өзіңіздің сол жастағы қызықты шақтарыңыз туралы балаға әңгімелеп беріңіз! Жағымсыз жақтарын айтудың қажеті жоқ!
Балаңыз қандайда бір күдікті жағдай тудырса, оны жайлап ашық әңгімеге шақырыңыз!
Балаңызбен сөйлесерде әр сөзіңізге мұқият болыңыз, бос әңгімеден балаңыз сізден жалығып кетуі мүмкін.
Бұл кезеңде ұл балаға анасы жағынан, ал қыз балаға әкесі жағынан қолдау аса қажет!
Балаңыздың қолынан келмейтін нәрсені талап етпеңіз, мұндай жағдайда бала сіздің талабыңызға сай, өтірік және дөрекі сөздер айту
Балаңыз бір жаман сөз айтатын болса, бұл әзірге әдет болып кетпей тұрғанда, жедел түрде қолға алыңыз!
Балаңыздың көңіліне келетін сөздер айтпаңыз! Мүмкіндігіңіз келгенше, сұраған заттарымен қамтамасыз етіңіз!
Балаңызға мейірімді болыңыз және өз махаббатыңызды көрсете біліңіз!
Назарларыңызға көп рахмет!
517.00K
Категория: ПсихологияПсихология

Жеткіншек жастағы балалардың ата-аналарына психологиялық кеңес

1. « Жеткіншек жастағы балалардың ата-аналарына психологиялық кеңес »

Мектеп психологы: Жақыпжан Ж.Е.
2022 жыл

2.

Жеткіншек жасы – баланың
жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы
жағынан қалыптасуы. Жеткіншек
шағы /11-15 жас / ең қиын кез
болып есептелінеді.
•Жеткіншекте “мен” деген пікір
қалыптаса бастайды. Дене
бітімінде және мінез-құлқында да
өзгерістер бола бастайды .

3. Жеткіншек жасының кризасы

11-13 жастағы кризесті көбінесе, 3
жастағы кризиспен салыстырады, бірақ
бұл қоршаған ортаны тану және білу
емес. Ол адамдардың ара қатынасы,
адамның қоғамдағы рөлі, адамдардың
психикасының дамуының өзгеруі болып
табылады.

4.

Жеткіншек бастан
өткізетін құбылыс?
Өзін ересек
сезіну
Көңіл-күйдің
тез өзгеруі
Жыныстық
жетілу
Ішкі конфликт
Мен-таңғаларлық адаммын
Менің ешкімнен айырмашылығым жоқ
.

5. Ішкі конфликт.

Мен- бұл мен.Мен
бәрін өзім білем.
Мен не істейтінімді
өзім білем.
Мен өзімнің
ортамдағы
адамдарға ұқсауым
керек. Мен
ешкімнен өзгеше
болмауым
керек
2010 год
Ішкі конфликт.

6. Жеткіншектер арасындағы комплекстер.

• Құрдастарынан өзінің келбеті жөнінде
сөздерді ауыр қабылдау.
• Шамадан тыс қоғам өзінің ойын сіндіру
қажеттілігінің болуы.
• Шамадан тыс өзімшілдік немесе
тұйықтылықтың болуы.
• Эмоционалды тұрақсыздық, көңіл-күйдің тез
өзгеруі байқалады. Эмоционалды
тұрақсыздық-ұлдарда 11-13 жаста, қыздарда
13-15 жас аралығында көп байқалады.

7. Көңіл-күйдің тез өзгеруі.

• Достармен араласу қажеттілігі
тұйықталумен алмасады;
• Нәзіктік, бауыр басу қажеттілігі,
агрессия мен қаталдықпен алмасады.
• Көтеріңкі көңіл -күй мен қуаныш,
апатиямен алмасуы мүмкін.
• Өзіне сенімді болу, өзінің ойын ашық
жеткізу қабылеты тез арада өзіне
сенімсіздікпен алмасады.
• Романтикалық көңіл-күй тез арада
басқа жағымсыз эмоцияға алмасуы
мүмкін.
• Ойының тұрақсыздығы.

8.

Балаңыз өтпелі кезеңде...
Балаңыз өтпелі кезеңнің ішінде. Бұл
кезең ата-ана мойнына үлкен міндетті
жүктейді. Сізден аса сабырлық пен
ептілікті талап етеді. Әрине,
балаңыздың бар тіршілігін өз
қолыңызбен жасауыңыз мүмкін емес.
Дегенмен де, бағыт-бағдар беруге
толық мүмкіндігіңіз бар.

9. Кеңестер

• Балаңыздың айтқанын зейін қоя тыңдаңыз.
Егер балаңызбен тіл табысу қиынға түссе, көлікте,
қараңғыда сөйлесіп көріңіз. Жасөспірімдердің жүзбе
жүз келгенде ойын айта алмауы – жиі кездесетін жайт.
Сөйлескенде сүйіспеншілігіңізді жеткізе алсаңыз ғана,
оның сеніміне кіре аласыз. Әңгімелесу барысында
сізбен сыр бөлісер болса, оған бас салып ақыл айтудан
гөрі, өз басыңыздан өткен сондай оқиға төңірегінде айта
келе, ойыңызды жеткізу әлдеқайда тиімдірек.

10. Балаңыздың мінез-құлқындағы өзгерістерге мұқият, ерекше көңіл бөлгеніңіз жөн.

11. Өзіңіздің сол жастағы қызықты шақтарыңыз туралы балаға әңгімелеп беріңіз! Жағымсыз жақтарын айтудың қажеті жоқ!

12. Балаңыз қандайда бір күдікті жағдай тудырса, оны жайлап ашық әңгімеге шақырыңыз!

13. Балаңызбен сөйлесерде әр сөзіңізге мұқият болыңыз, бос әңгімеден балаңыз сізден жалығып кетуі мүмкін.

14. Бұл кезеңде ұл балаға анасы жағынан, ал қыз балаға әкесі жағынан қолдау аса қажет!

15. Балаңыздың қолынан келмейтін нәрсені талап етпеңіз, мұндай жағдайда бала сіздің талабыңызға сай, өтірік және дөрекі сөздер айту

арқылы қорғануы мүмкін.

16. Балаңыз бір жаман сөз айтатын болса, бұл әзірге әдет болып кетпей тұрғанда, жедел түрде қолға алыңыз!

17. Балаңыздың көңіліне келетін сөздер айтпаңыз! Мүмкіндігіңіз келгенше, сұраған заттарымен қамтамасыз етіңіз!

18. Балаңызға мейірімді болыңыз және өз махаббатыңызды көрсете біліңіз!

19. Назарларыңызға көп рахмет!

English     Русский Правила