Жоспар.
Этиология
Жұғу жолы
Приондар және медициналық құралдар
Құтыру
Құтыру туралы жалпы түсінік.
Құтырудың белгілері
Құтырудың таралуы.
Алдын алуы шаралары.
Вакцинасы,қарсы көрсеткіштері.
Қарсы көрсеткіштері.
Ит тістеп алғанда не істеу керек?
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
822.50K
Категория: МедицинаМедицина

Құтыру

1.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Кафедра: Жұқпалы аурулар кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Құтыру
Орындаған: Тугаева Әсем
Тексерген: Сарсембиева А.А
Факультет: Жалпы медицина
Топ: 025-01

2. Жоспар.


Кіріспе.
Негізгі бөлім.
A.
B.
Құтыру туралы түсінік
Құтыру ауруының таралуы
C.
Алдын алу шаралары.
D.
Вакцинасы, қарсы көрсеткіштері
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

3. Этиология


Адам азық құрамында болатын приондармен жұқтырыла алады. Ас қорытатын
тракттiң ферменттерiмен бүлiнбейдi. Олар iшектердiң қабырғаларына сiңiрiп кете
алмайды, тек қана зақымдалған тін арқылы ене алады. Олар ақыр соңында орталық
жүйке жүйелеріне түседі . Приондарды тәжірибе жүзiнде тышқан организміне ауатамшылы жолмен жұқтыруға болатынын дәлелдеген.
Приондар денеге парентеральді жолмен кiре алады . Приондарды жұқтыру жағдайлары
бұлшықетке препараттарды енгiзулерде, сонымен бiрге нейрохирургиялық
операцияларда аспаптармен миға жұқтыруы сипатталды.

4. Жұғу жолы


Приондардың молекулалық сипаты туралы мәлімет аз. Жұқтыру жағдайлары
шамамен 100 000 молекулалар шақыра алады. Кейбiр тәжiрибелерден кездемедегi
приондарды пайда болуы үшiн тек қана прион болатын материалы бар кездеменiң
уақытша байланысуы жеткiлiктi, және приондар организмдерге мәңгiлiк енгiзiлу
шарт емес. Мысалы, прионмен зарарланған хирургиялық инструменттердi
қолдану көкейкестi байланысты болып табылады.

5. Приондар және медициналық құралдар


Приондар дезинфекциялық әдiстке өте төзімді.Оларға
иондайтын, ультракөгiлдiр немесе микротолқынды шығару
iс жүзiнде әсер етпейді. Дәрiгерлiк тәжiрибеде әдетте
қолданылатын дезинфекциялық қосылыстарға оларға өте
аз мөлшерде әсер етеді. Белоктың құрамын бұзатын күшті
аммонилаушы реактивтер, күштi тотықтырғыштар
құртады.
Жоғары температураларға приондар төзімді болып келеді.
Тiптi автоклавтауда 134 C-та 18 минут iшiнде приондарды
толық жою мүмкiн емес, және приондар жұқтыру
шақыруға қабiлеттi формалары тiрi қалады. Егер приондар
металлдың бетiнде немесе шыныларда сіңсе ,немесе
автоклавтаудың алдында формальдегидтiң әсерiне душар
қылса, жоғары температураларда приондар өсе өседi.

6. Құтыру


Бұл дерт көз жұмуға әкеп соғатын жүйке жүйесінің тозу
белгілері: қозушылық, агрессиялық, ой қабілетінің
төмендеуімен сипатталады. Алғашқы құтыру ауруын Авл
Корнелий Цельс сипаттаған(біздің дәуірге дейінгі I-ғасыр),
ол оны судан үрей деп атаған. Құтыру ауруы адамдарға
көбінесе, үй хайуанаттарынан – иттерден, мысықтардан
(сирек кездеседі), сондай-ақ ет қоректі аңдардан (қасқыр,
түлкі) тарайды. 1885 жылы Луи Пастер адамды аурудан
сақтайтын антирабиялық вакцина ойлап тапқан.

7. Құтыру туралы жалпы түсінік.

Құтыру - бұл орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және өлім-жітіммен
аяқталатын, қоздырғышы рабдовирустар тұқымдастығына жататын
жануарлар мен адамдардың табиғи ошақтық ауруы. Көбінесе бұл ауруды
тасымалдаушы - етқоретілер (ит, мысық, қасқыр, қарсақ, түлкі, т.б.)
болып табылады. Жануарлар және адамға тістеу арқылы немесе терідегі
жараға ауру жануардың сілекейінің жағылуы кезінде жұғады. Құтыру
вирусы алдымен зақымданған жерде болып, артынан омыртқа жұлынына
және бас миына түседі, одан кейін сілекей безіне түсіп, жүйке жүйесін
зақымдап, сілекей арқылы далаға шығады. Сонымен қатар вирус көзді,
өкпені, бүйректі, бүйрек үсті безін, бұлшық еттерді, қарын асты безін, сүт
бездерін (сүт арқылы шығады) зақымдайды. Құтырудың клиникасы тек
бүкіл ағзаны зақымдағаннан кейін ғана пайда болады. Жануарларда
инкубациялық кезең 14 күннен 90 күнге дейін созылады.

8. Құтырудың белгілері


Хайуандарда
Бір түрлі күйде болады, кейде
сұлық жатады,
мазасызданады, ашуланшақ
болады;
Аузы көбіктенеді — ішіп-жей
алмайды;
Жанына жолағанның бәрін
қауып, тістеуі мүмкін.
Хайуан 5 күн 7 күннің
аралығында өледі.
Адамдарда
Тістеген жер ауырып, ысиды;
Алқынып демалады, түрі жаңа
гана жылаған адам сияқты
болады;
Ауырсынып және қиналып
жутынады, аузының
сілекейі қоюланып,
желімдесе береді;
Адамды үрей билейді,
ашуланшақ келеді,
құтырынып, алас урады;
Өлім алдында талма үстап,
дене құрысып сал болып
қалады.

9.

. Инкубациялық кезең біткеннен кейін жануарларда клиникалық ауытқулар басталады:
Мүйізді ірі қараларда арынды (буйная) және тыныш (тихая) түрінде өтеді. Арынды түрінде
малдың қозуы күшейеді, әдеттен тыс мінездер көрсетеді, тісін шықырлатады, қарлығып жиіжиі мөңіреу, ыңырсу, көзі қанталайды, адамға, басқа малдарға шабуыл жасау, аузынан көп
мөлшерде сілекей ағу, азық қабылдамау, күшену, тәлтіректеп жүру байқалады. Жануар жиі
бүкірейеді немесе мүлдем жатып қалады, кейін салданулар (паралич) пайда болып, 4-6 күнде
мал өледі. Ал тыныш түрінде ешқандай қозу, шабуыл жасау сияқты клиникалық белгілер
болмайды. Аузынан сілекей ағып, бүкірейіп, күшену, ыңырсу сияқты белгілер байқалып,
артынан салданып 2-4 күнде өледі.
Ұсақ малдарда (қой-ешкі) клиникалық белгілері мүйізді ірі қарамен бірдей болады. Тек
шабуыл жасау сияқты белгілері әлсіз болып келеді. Сіресулер тез байқалады және 3-8 күнде
өліммен аяқталады.
Иттерде көбінесе арынды түрде өтеді. Ауру көбінесе оғаш мінез көр-сетуінен басталады жабырқау немесе әдеттен тыс көңілді болуы. Адамдарға және жануарларға шабуыл жасау,
тәбетінің қатты ашылуы көзіне көрінген затты кеміріп, жұтуы (извращённый аппетит),
өңешінің салдануы, мойнын созу және құсу кезіндегі белгілер сияқты қимылдар жасайды.
Дауысы қарлығып, үруі үзік-үзік шығады, бұл белгілер 1-3 күнге созылады. Бұдан ары иттің
мазасыздануы және қозуы күшейіп, астыңғы жақтың салдануы, сілекей ағу, көзінің қызаруы,
азық пен судан бас тартуымен жалғасады. Кейіннен барлық бұлшық еттері сал-данып, ит 8-11
күнде өледі.
Жылқыларда да арынды түрде өтеді, яғни жанындағыларды тістеп, теуіп, қуалау сияқты
белгілер береді. Тістелген жерін қасып, тістеп жұлып тастау, азықты мөлшерсіз, ажыратпай
қабылдау (извращённый аппетит). Жиі-жиі зәр шығаратындай қимылдар жасайды. Бұлшық
еттері тез арада салданып, жұтыну қабілетінен айырылады. Дауысы қарлығып кісінейді,
тәлтіректеп жүрісі бұзылады. 4-6 күнде жылқы өледі.

10. Құтырудың таралуы.

Аурудың қоздырғышы вирус болып табылады,
ал жұқпа көзі және жұқпа қоры –жұқтырылған
мал. Вирус ауру басталғанша дейін 8-10
күннің ішінде жұқпалы сілекеймен білінеді.
Вирус қаңғыма иттерде айналып, мысықтар мен
ауыл шаруашылық малдарында таралады.
Таралу механизмі – қарым-қатынас
арқылы, адам әдеттегідей мал қапқан кезде,
құтыру ауруымен ауыратын науқастардың
сілекейінен таралады. Аэрогенді таралу жолы
да ықтимал ( жарғанаттар мекендейтін
үңгірлерде, зертхана ішіндегі жұқтыру),
тамақтан және трансмиссивтік – жәндіктердің
шағуы арқылы. Дәрігерлерге кеш қаралу, егу
тәртібінің бұзулу, егулердің аяқталмау
салдарынан құтыру ауруы белең алады .

11.

Клиникалық түрде 3 кезең белгіленеді: бастапқы (депрессиялық),
қозушылық және сал аурулар кезеңі. Ауру алдындағы белгілер
бұрыннан жазылған жара орны солқылдап аурады және күйдіріп
ашиды, шаққан жер қызарып, іседі. Дене қызуы орташа
немесе субфебрильді.
Науқас мұңайып, іштей түңіледі, кейде ашуланшақтық, тамақ ішпеуі,
әлсіздік, бас ауруы мен нашар ұйықы мазасыздандырады.
Науқастарда кеудесі қысқаны байқалады. Қозушылық кезеңі дене
қызуы - 37 ºС, жалпы қозушылық, судан үреймен сипатталады.

12. Алдын алуы шаралары.


Алдын алу шаралары- алдын алу егулер, қаңғыма және
құтырма иттерді жою, үй жануарларын дұрыс ұстау
ережелерін сақтау ҚР және басқа елдерде үй
жануарларының тасымалдануын бақылау арқылы мал
арасында жүйелі түрдегі жоспарлы күрес.
Елді мекендерде иттер мен мысықтарды ұстау, тіркеу және
есепке алу тәртібін жергілікті әкімшілік белгілейді.
Белгілі кәсіптегі тұлғалар арасында (ит аулаушылар,
ветеринарлық зертхана қызметкерлері, аңшылар) құтыру
ауруының жұқтырылуына жол бермеу үшін алдын алу егу
курсын жүргізеді. Мал тістеген
немесе тырнағанға ұшыраған науқастарды дереу
травматологиялық бөлімшеге, ал ол болмаған жағдайда егу
тағайындап, жасау үшін хирургия бөлімшесіне жібереді.

13. Вакцинасы,қарсы көрсеткіштері.

Құтыруға қарсы инактивацияланған дақылдық вакцина сириялық
атжалманның бүйрегінен алынған клетка дақылдарында өсірілген
құтыру вирусының вакциндік штамынан дайындалады.Вирус
ультракүлгін сәуленің әсерімен инактивацияланады,
мұздатып,лиофильдік әдіспен құрғатылады.Дайын препарат қызғылт
ақ түсті таблетка,стерильді дистилденген суда еріткенде қызғылт
түсті шамалы жылтырайтын сұйыққа айналады.Ерітілген вакцинада
түйіршектелген бөлшектер болмауы тиіс.1 ампулада 3мл вакцина
бар,тоңазтқышта (4°) құрғақ жағдайда сақтайды, пайдалану мерзімі1,5 жыл.
Қанғыбас иттерді ұстайтындарға,құтыру вирусымен жұмыс жасайтын
ғылыми зерттеу және диагностикалық лабораториялардың
қызметкерлеріне сақтану мақсатында алдын ала егу
жүргізіледі.Вакцинаны уақыт аралығын 10 күн сайын екі қайтара 3
мл- ден жыл сайын қайталап егеді.
Егу мақсатында егудің екі нұсқасы бар.Шартты курс бойынша сырт
қарағанда дені сау хайуанаттар адамдардың кез келген жерін
тістегенде 3-4 иньекция жасалынады.Дені сау хайуанаттар 10 күн
бойы ветеринардың бақылауында болғанда,оларда ешқандай ауру
белгілері байқалмауы керек.Шартсыз курс құтырған хайуанаттар
тістегенде ,тырнағанда немесе денеге олардың сілекейі тигенде
жүргізіледі.

14.

15.


Құтыруға қарсы егу мынандай жағдайларда атқарылады:
Нағыз құтырған,құтыруға күдікті немесе белгісіз хайуанаттар
тістегенде,тырнағанда,тері мен кілегей қабаттарға сілекей жұққанда;
Құтырған немесе құтыруға күдікті хайуанаттардың сілекейімен немесе
миымен ластанған заттармен жарақаттанғанда;
Тістегенде тісі киімді тесіп өтсе,жыртылса және де киімі тоқымадан әрі жұқа
болғанда;
Тістеген, тырнаған немесе сілікей жұққан кезде хайуанаттар сау
болғанымен,10 күн ішінде олар ауырса, өліп немесе жоғалып кетсе;

16. Қарсы көрсеткіштері.

II және III дәрежелі жүрек қан тамыр жеткіліксіздігі.
Туберкулездің айқын түрі,сусамыр,бауыр және бүйрек созылмалы аурулары.
Тиреотоксикоз және басқа да эндокринді бұзылыстар.
Антибиотиктерге күшті сезімталдықтың болуы.
Жүктілік.

17.


Қазақстанда санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың уақтылы
жүргізілуіне байланысты
Жыл сайын адамдар арасында құтырумен сырқаттанудың ішінара жағдайлары
ғана кездеседі. 2012 жылдың өткен кезеңінде құтырумен 4 адам сырқаттанды.
Барлық жағдайларда инфекция көзі қаңғыған иттер болған.
Қазақстанның ветеринариялық қызметінің деректері бойынша жыл сайын үй
жануарларының құтырумен сырқаттануының 350-ге дейін жағдайы тіркеледі.
2012 жылғы 1 шілдеге Қазақстанда ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлар
арасындағы құтыру бойынша 79 қолайсыз пункт тіркелген, онда 105 мал ауырып,
өлген.
Елімізде жануарлардың қабуы бойынша медициналық көмекке 75 мыңға жуық
адам жүгінеді. 2012 жылдың 6 айында медициналық көмекке 35 411 адам
жүгінген.

18. Ит тістеп алғанда не істеу керек?

•Жедел түрде хирург дәрігеріне қаралу керек.
•Жарақаттаған жануардың иесінің аты жөні,туған
жылы,мекен жайы, үй телефонын білуі керек.
•Қандай жағдайда да жарақаттаған жануарды өлтіруге
болмайды,себебі жарақаттаған жануарды мал дәрігеріне
көрсетіп 10 тәулік бойы бақылауы керек. Мал дәрігері сол
жануардың ден саулығы туралы анықтама беруі шарт.
•Ит тістегеннен кейін спиртті ішімдік қабылдауға
болмайды,мас адамға антирабикалық егу жасалмайды.

19. Қорытынды.

Адамдарды тістеген ит пен мысықтарды міндетті түрде иесіне немесе үйсіз
күйсіз жүретін жануарларды аулайтын арнайы мекемге, 10 күн ішінде
ветеринарлық мамандардың қадағалауына және оқшаулауға ветеринарлық
емдеу ұйымына әкелінсін. Оқшаулау мерзімі аяқталғаннан кейін дендері сау
жануарлар вакцинациядан кейін 30 күн ішінде қайтарылады. Ауруға душар
болған жануарлар Қазақстан Республикасының Заңына сай жойылады.
Жануарларды құтыру ауруына қарсы егілу жайлы арнайы құжаттарында
белгіленеді. Ауру жануарлардың болған барлық жеріне дезинфекция
жүргізіледі. Құтыру ауруы таралған жерден ауырмайтын жануарлардан
алынған жүн ауылдан арнайы ыдысымен тығыз материалмен ветеринарлық
куәлігінде жүн дезинфекцияға жататындығы жайлы көрсетуімен қайта
өңдейтін кәсіпорынға жеткізіледі. Ауырмайтын жануарларды жабайы
хайуанаттар тістесе, егілгеніне қарамастан өртеуге жіберіледі. Үй итін қысқа
шынжырмен ұстау керек. Міндетті түрде ауыз қабы болу керек және бөтен ит
пен мысықтарға жақындатпау керек, өйткені дала жануарлары өлім
тудыратын ауруды таратады. Сондықтан, әр адамды ит пен мысық тістесе,
міндетті түрде травматологқа көрінуі керек және толық емдік курсын аду
керек. Әр адам салауатты өмір салты үшін өзінің өміріне, денсаулығына өзі
қарау керек.

20. Пайдаланылған әдебиеттер.


В.К.Таточенко,Н.А.Озерецков “Иммунопрофилактика”
Москва,2007ж
Қазақ ұлттық энциклопедиясы 4 том
Григорьев В. Б. — Прионные болезни человека и
животных. — Вопросы вирусологии, т.49(№ 5), с.4-12,
2004 (обзор)
Покровский В. И., Киселев О. И., Черкасский Б. Л. —
Прионы и прионные болезни — РАМН, 2004, 384
стр., ISBN 5-7901-0038-4
English     Русский Правила