Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру және қарау. Жүрек тұсын қарау, пульсті анықтау.
Сұрастыру Негізгі шағымдары: 1. Жүректің ауырсынуы 2. Ентігу 3. Жүректің қағуы. 4. Ісіну. 5. Жөтел, қан түкіру.
Жүректің ауырсынуы
317.00K
Категория: МедицинаМедицина

Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру және қарау. Жүрек тұсын қарау, пульсті анықтау

1. Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру және қарау. Жүрек тұсын қарау, пульсті анықтау.

Лектор: м.ғ.к., доцент Алимбекова Л.Т.

2. Сұрастыру Негізгі шағымдары: 1. Жүректің ауырсынуы 2. Ентігу 3. Жүректің қағуы. 4. Ісіну. 5. Жөтел, қан түкіру.

3. Жүректің ауырсынуы

• Жүректің ауырсыну сезімі жүректен тыс
себептерден болуы да мүмкін: нерв
талшықтарының қабынуы, қабырғаның
сынуы, остеохондроз және т.б.
• Жүректен болатын себептер: қолқа кеңеюі
(аневризмасы), жүрек бұлшық етінің
жансыздануы
(миокард
инфаркты),
жүректің тәж артериясы кенеттен тарылып,
О2 тапшылығы үдегенде (стенокардия)
ауырсыну дамиды.

4.

Жүрегі ауыратын науқастардан ауырсыну бойынша
анықтайтын жағдайлар (детализация):
1.
Ауырсынудың пайда болу себептері мен
жағдайлары (тыныштық күйде, қобалжығанда, физикалық күш
түскенде);
2. Оның
3.
орны (жүрек тұсы, жүрек маңы, төс сүйегінің артында, т.б.)
Ауырсынудың нақты сипаты (қысып, сыздап, сығымдап,
күйдіріп, түйнеп, шаншып, т.б.);
Қамтитын көлемі;
5. Ұзақтығы (минуттарға, сағатқа, тәулікке);
6. Ауырсынудың кезеңдік сипаты (ұстамалы, тұрақты);
7. Таралу бағыты (иррадиациясы) - қайда беріледі: сол қолына, сол
4.
иығына, мойынның сол жақ бөлігіне, сол жауырын астына, т.б.;
8.
Ауырсыну немен басылады
(тыныштық күй сақтағанда,
нитроглицеринді немесе валидолды тіл астына салғанда немесе т.б.
дәрмектерді қолданғанда көмек бар-жоғы).

5.

Ентігу

физикалық
күш
түскенде немесе тыныштық күйде
пайда болуы мүмкін.
Субъективті ентігу – науқас өзі
ентігемін деп айтады. Объективті
ентігу – дәрігер науқасты тексергенде
тахипноэ (тынысының жиілегені) бар
екенін анықтайды.
Жүрек
ауруларында
көбінесе
инспираторлық ентігу болады. Кейде
аралас ентігу болуы да мүмкін.

6.

Жүректің қағуы.
Оның екі категориясы бар:
а) субъективті категориясы – науқас өзі
жүрегінің қағып кеткенін сезінеді;
б) объективті – дәрігер тыңдағанда
анықтайды.
Ісіну.
Егер науқас жүрсе, ісіну аяғынан
басталады, ал егер де төсек тартып
жатса, бел аймағынан басталады және
ісіну кешке байқалып, таңертең
жойылады.

7.

Жөтел, қан түкіру.
Жүрек
демікпесінде
болады,
жөтел
көбінесе түнде байқалады. Науқасьың
тынысы тарылып, төсектен тұрып отырады,
біраздан кейін жөтел басылуы мүмкін,
өйткені жүрекке қуысты венадан (аяққолдардан) қан келуі азайып, соның
салдарынан жүрекке түсетін күш төмендейді
де, оның жұмысы жеңілдейді. Жүрек
демікпесіндегі жөтел мен тұншығуды бронх
демікпесінен айыра білу қажет.

8.

Жалпы қарау
Мәжбүр қалып – ортопноэ – науқастың бас
жағы биік (бірнеше жастық салып жатады),
аяқ жағы төмен болады.
Акрацианоз – науқастың ерні, бет ұштары,
тырнақтарының
ұшы,
мұрны
мен
құлақтарының ұштары кезеріп көкшілденеді.
Бұл қан айналым жүйесінде қан іркіліп,
гемоглобиннің құрамында СО2 көбеюінен
болады.
Егер терісі түгел көкшіл тартса, онда
жайылма цианоз деп аталады.

9.

Қарт адамда жүрек жұмысының
декомпенсациясы кезіндегі ісіну

10.

Веналық тромбоз

11.

Варикоздық ауру салдарынан ісінулер және
трофикалық өзгерістер

12.

Лимфалық ісінулер

13.

Ісінумен
қатар,
ауыр
жағдайларда
анасарка болуы мүмкін – бұл дененің толық
ісінуі.
Мойын тамырлары (веналары) білеуленуі
мүмкін, ұйқы артериясының қатты соғуы
(пульсациясы) көрінуі мүмкін. Веналардың
білеуленуі - қанның іркілуінен болады. Ұйқы
артериясының көзге көрінерліктей қатты әрі
тез соғуы “каротидтер биі” деп аталады, ол
қолқа қақпағының жетіспеушілігінде болады.
Науқастың басы тамыр соғуымен сәйкес
теңселуі Мюссе белгісі деп аталады.

14.

Микробтар
қанға
өтіп,
сепсистік
эндокардит дамыса, терінің түсі сүт қосқан
кофеге ұқсап, ақшыл-бозғылттанып, сарғыш
тартады. Денеде және конъюктивада қан
құйылған нүктелер пайда болады (Лукин
белгісі).
Үлпершек (перикард) сұйықтыққа толса
немесе
жоғарғы
қуыс
венаны
кеуде
қуысының артқы жағында өскен ісік қысып
тұрса, бет пен мойын ісінеді – бұл Стокс
“жағасы” деп аталады.
Қолқаның сағасы тарылса, кеуденің
алдыңғы жағындағы веналар білеуленіп,
қабырға
аралық
тамырлардың
соғуы
күшейіп, қолмен сипағанда байқалып тұрады.
Саусақтардың тырнақтары дөңестенеді.

15.

Жүрек пальпациясы.
Жүрек
ұшы
түрткісінің
(ЖҰТ)
пальпациясы: ол үшін науқасты сол қолмен
демеп, оң қолдың алақанын кеуденің сол
жағына, төс сүйегінің негізіне қойып, ал
саусақтарын қолтық жаққа қаратып ІV-V-VІ
қабырға аралықтарға параллелді қойып
алып, алдымен алақанмен, содан кейін үш
саусақтың жұмсақ бетімен сырттан ішке
қарай қабырға аралықтарын баса сипай
отырып, жүрек ұшы түрткісі басталған жерді
тауып алу керек.

16.


Оның бірнеше қасиеттерін сипаттау керек:
ауданы (көлемі) - қалыпты жағдайда 1-2 см2;
Орны - V қабырға аралықта бұғана орта
сызығынан 1-1,5 см ішке орналасады;
Күші;
Биіктігі;
Серпімділігі.
Күші, биіктігі, серпімділігі
жағдайда орташа болады.
қалыпты

17.

ЖҰТ-нің балалардағы ерекшелігі:
1-2 жасқа дейін сол жақ ІУ қабырға
аралығында бұғана орта сызығынан 1-2 см
сыртқа орналасады;
2-7 жасқа дейін
сол жақ У қабырға
аралығында бұғана орта сызығынан 1 см
сыртқа орналасады;
7-12 жасқа дейін сол жақ У қабырға
аралығында бұғана орта сызығында немесе
0,5-1 см ішке орналасады.

18.

Жүрегі ауру адамда ЖҰТ-сі көбінесе
сыртқа қарай ығысады. Ол сол қарыншаның
гипертрофиясы
мен
дилятациясына
байланысты болады. Осы жағдайда жүрек
ұшы түрткісі VІ қабырға аралықта бүғана
орта сызығынан сыртта анықталуы мүмкін.
Кейде ЖҰТ-ң күшінің және биіктігінің
артуы да, сол қарыншаның гипертрофиясы
және дилатациясына байланысты болады.
ЖҰТ сезілетін аймақтың диаметрі 2 см2тан кем болса, ондай түрткі шектелген деп, ал
одан артық болса, жайылмалы деп аталады.
Амплитудасына қарай ЖҰТ биік немесе
төмен болуы мүмкін. Бұл жүректің соғу
күшіне байланысты.

19.

Жүрек ұлғайған сайын жүректің тығыздығы
артып, ЖҰТ серпімділігі жоғарылайды.
Қолқа қақпақшаларының ақауынан, бүйректің
созылмалы ауруларынан ұлғайған жүрекке жайылмалы, биік, қатты әрі серпімді ЖҰТ тән.
Сол қарыншасы кеңейген әрі ұлғайған жүректі
пальпациялағанда, ЖҰТ қатты, серпімді, күмбез
сияқты болады, сондықтан ондай түрткі күмбез
тәрізді түрткі деп аталады.
Оң қарынша гипертрофияланғанда, жүрек
аневризмасында ІІІ-ІV қабырға аралықтарда сол
жақтан төс қырында пульсация анықталуы мүмкін
– жүрек түрткісі (соққысы) деп аталады.

20.

Ірі тамырлардағы систолалық дірілді
анықтау үшін, төс сүйегінің жоғарғы бөлігіне
мойынтырық ойығынан төменірек алақанды
көлденең қойып, төс тұтқасын және оның екі
жағын қолмен сезінеді. ІІ қабырға аралықты
сипағанда оң жақта (қолқа аневризмасында)
қолқаның, ал сол жақта өкпе артериясының
пульсациясын (кіші қан айналым шеңберінің
гипертензиясында) табуға болады. Қолқа
сағасы тарылғанда систолалық діріл төс
тұтқасынан немесе оның оң жағынан, ал өкпе
артериясы тарылғанда және артериялық
(боталлов) өзек жабылмай қалғанда - төстің
сол жағынан сезіледі.

21.

Төс арты пульсациясын анықтау үшін оң
қолдың алақанын төс бойымен қойып,
ортаңғы саусақты мойынтырық ойығына
орналастырады да, саусақтың ұшымен
пульсацияны сезеді. Бұл кезде науқас басын
шамалы еңкейтіп, ал иықтарын көтеріңкіреп
тұруы тиіс. Қолқаның төс арты пульсациясы
анықталған
жағдайда,
мойынтырық
ойығында пульспен синхронды толқындар
төменнен жоғары қарай сезіледі. Төс арты
пульсациясы
қолқа
доғасының
аневризмасында айқынырақ сезіледі немесе
атеросклероздық
зақымдануында,
артериялық гипертензияда және қолқа
қақпағының жетіспеушілігінде анықталады.

22.

Тирееотоксикозда (қалқанша без қызметінің
күшеюінде)
және
нейроциркуляцилық
дистонияда жүрек лақтырысы күшеюінен төс
артында пульсация анықталуы мүмкін.
Эпигастральді пульсация – эпигастральды
бұрышта
семсерше
өскіннің
қасынан
байқалады (оң қарыншаның гипертрофиясы
мен дилатациясында), дем алған кезде
пульсация жоғарылайды.
Бауыр
пульсациясы
(үш
жармалы
қақпақтың жетіспеушілігінде) оның орны
эпигастральды
пульсацияның
орнынан
төменірек анықталады.

23.

Жүрек
аймағын
пальпациялағанда
“мысық пырылы” анықталуы мүмкін, ол
мысықты сипағанда сезілетін ерекше
дірілге ұқсас. Ол қарынша-жүрекше
аралық тесік тарылғанда қанның құйын
тәрізді толқынмен өтуінен пайда болатын
миокардтың дірілі. Ол діріл кеуде
қуысының қабырғасына тарайды. “Мысық
пырылының”
диастолалық
және
систолалық түрлері бар, диастолалық - сол
жақ
атриовентрикулярлы
тесіктің
тарылуына, ал систолалық - қолқа
сағасының тарылуына тән.

24.

Пульсті анықтағанда, сол қарынша
жиырылған
сайын
қан
қолқаның
серпімді іргесіне күшпен соғылып, оны
кереді. Осы кезде пайда болатын ырғақты
тербеліс
артерия
іргелері
арқылы
таралып,
систолалық
қан
көлемі
төмендейді,
артериялық
қысымның
деңгейі аз мөлшерге ауытқып, олардың
іргелерінің серпімділігі жоғарылайды,
қансырағанда пульстің көлемі кішірейіп
– кіші пульс болады. Ол жіңішке жіп
тәрізді, сыздықтағандай әсер туғызады.

25.

Артериялық пульстің қасиеттерін анықтау.
Сол қарынша жиырылған сайын қан
қолқаның серпімді іргесіне күшпен соғылып,
оны кереді. Осы кезде пайда болатын
ырғақты тербеліс артерия іргелері арқылы
таралады, соны тамыр соғуы – пульс (лат:
pulsus-соғу) деп атайды.
Пульс жиілігі деп - бір минуттағы пульс
санын айтады. Қалыпты жағдайда 1
минуттағы пульс саны мен жүректің соғу
саны 60-90-ға тең. Пульс жиілігін анықтау
үшін оның санын 1 минут ішінде санау керек,
немесе 15 не 20 сек. санап, сосын оны төртке
не үшке көбейтеді.

26.

Қалыпты жағдайда пульс жиілігіне әсер ететін
жағдайлар:
Жыныс - еркектерге қарағанда әйелдерде пульс 6-8
соққыға жиі.
Төсекте жатқан адамда, отырғандағыдан 4-6 ретке, ал
түрған адамнан 6-8 соққыға кем болады.
Демді алғанда пульс жиілейді (өкпе кеңігенде кезбе
нерв тежеледі), ал демді шығарғанда сирейді
(өкпе басылғанда кезбе нерв қозады).
Дене қызметінде пульс жиілейді.
Тамақтан соң пульс жиілейді.
Қобалжу, қорқу, ашулану, қатты қуану кезінде пульс
жиілейді.
Бойы биік адамдарда пульс сиректеу болады.

27.

Пульс жиілеуін – тахикардия (90-нан
жоғары болса) деп атайды. Пульс сиреуін –
брадикардия (60-тан төмен болса) деп
атайды.
Пульсті анықтаудағы қажетті жағдайлар:
- артерия тері астына жақын (беткей) жатуы
керек.
- артерия сүйекке жақын жатуы керек.
- пульсті барлық беткей сүйекке жақын
жатқан артериялардан анықтауға болады,
(самай, ұйқы, білезік, сан, тізе арты, бақай
артериялары) негізінен қасиеттерін білезік
артериясынан анықтап сипаттайды .

28.


Анықтайтын қасиеттері:
Синхрондылығы – оң және сол жақта тамыр
соғуы бірдей болады.
Жиілігі (60-90 рет қалыпты жағдайда жүрек
соғуына сәйкес).
Ырғағы (дұрыс ырғақты) - әрбір соғу
аралығы бірдей болу керек.
Кернеуі – білезік артериясын саусақпен
басып, ондағы пульс толқынын жою үшін
қажетті күш көлемі арқылы анықталады.
Гипертонияда ол қатты, ал гипотонияда –
жұмсақ болады.

29.

Толықтығы – артерияны басып тұрып,
жібергенде толуы тез болса, ол толық,
яғни ол жүректің қолқаға айдайтын қан
көлеміне
байланысты,
жеткілікті
мөлшерде болса толық, ал қанның
мөлшері аз болса, онда әлсіз (бос) болады.
• Көлемі - қанның систолалық көлемі
жоғары,
артериядағы
қысымның
мөлшері
өте
ауытқыған,
артерия
іргесінің серпімділігі төмен жағдайда
пульс толқыны ұлғайып, көтеріледі - бұл
көлемі үлкен пульс.

30.

Систолалық қан көлемі төмендегенде
артериялық қысымның деңгейі аз мөлшерге
ауытқып, олардың іргелерінің серпімділігі
артады, қансырағанда пульстің көлемі
кішірейеді – кіші пульс болады. Ол жіңішке
жіп тәрізді, сыздықтағандай әсер туғызады.
Пульс тапшылығы – жүрек ырғағы
бұзылғанда
пайда
болады.
Жыбыр
аритмиясында жүрек соғу саны мен тамыр
соғу саны бірдей болмайды, пульс саны кем
болады.

31.

Пульс жиілеуінің себептері:
Жүректен тыс себептерге жататындар:
Дене қызуы көтерілгенде, 10С-қа көтерілуі жүректің
соғу жиілігін 1 минутта 8-10 соққыға жиілетеді.
Невроздар. Симпатикалық нерв жүйесінің тонусы
жоғарылауынан жүректің соғуы жиілейді.
Тиреотоксикоз - қалқанша безінің функциясы
күшеюінен, оның гормондары жүрек соғуын
жиілетеді.
Анемиялар.
Қан
азаюына
байланысты
компенсациялық реакция жүреді.
Дәрі-дәрмектермен улану (кофеин, никотин т.б.).

32.

Жүрек ауруларынан:
Эндокардиттер,
миокардиттер
және
перикардиттерде жүрек соғуының жиілеуі
қабыну заттарының әсерінен болады.
Қан айналысының бұзылуы.
Ұстамалы тахикардия (жүрек аритмиясының
бір түрі).
Қолқа қақпағының жетіспеушілігі.

33.

Пульс сиреуінің себептері:
Патологиялық жағдайда жүректен тыс себептерден:
Кезбе нервтің тонусын күшейтетін жұқпалы
аурулар.
Сарғаюдың кейбір түрлерінде - өт қышқылының
кезбе нервті қоздырады.
Бас сүйегі ішіндегі қысымның көтерілуінен кезбе
нервінің орталық жүйесінің қозуы.
Дәрі-дәрмектермен улану (дигоксин, хинин),
қорғасын, никотинмен улану. Бұл кезде жүректің
өткізгіш жүйесінің жұмысы бұзылады.
Кахексия.
Плевра және іш қуысынан аз уақыт ішінде мол
көлемде сұйықтық алу (n.vagus рефлекторлы
түрде қозуынан).
Микседема (зат алмасудың азаюы).

34.

Пульс сиреуінің жүрек-тамыр жүйесі жағынан
болатын себептері:
• Толық
атриовентрикулярлық
блок.
Импульс
синус
түйінінен
жүрек
қарыншаларына
жетпейді.
Сондықтан
қарыншалар
Ашоф-Тавар
түйінінен
шыққан импульстің әсерінен қозады.
• Қолқа сағасының тарылуы. Кедергі әсерінен
қанды айдау уақыты ұзарады.
• Қан қысымының тез жоғары көтерілуі, не
тез төмен түсуі.
• Синус ырғағының әлсіздік синдромынан.
English     Русский Правила