1.26M
Категория: ПравоПраво

Мердігер шарты

1.

Мердігер шарты.
Дайындаған Пайзуллаева Таңшолпан, Шермахан
Дильназ
Ю-21-5
Қабылдаған :Жусупбекова Мадина

2.

• Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап
(мердiгер) екiншi тараптың
(тапсырысшының) тапсырмасы бойынша
белгiлi бiр жұмысты атқаруға және
белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн
тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал
тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап
алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың
бағасын төлеуге) мiндеттi.

3.


Мердiгерлiк шарты:
консенсуалды
Ақылы
өзара шарт.
Жұмысты орындау үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi
және оның орындалу кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тәуелдiлiкке мердiгердiң
жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге әсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және
жасалуы бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары “тез” фотосуреттер дайындаумен
байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша қысқалығы болады,
және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының себептенушi негiзiнде болуы мүмкiн.

4.

Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы – екiншi тарапқа –
мердiгерге шарт бойынша келiсiлген
белгiлi-бiр жұмысты орындауға
тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде
азаматтық-құқықтық қатынастарының
кез келген тұлғасы бола алады.
• Мердiгер – шарт бойынша белгiлi
жұмысты орындауға мiндеттенетiн тұлға,
көбiнесе кәсiпкерлiк қызметiнiң
субъектiсi, жеке тұлға немесе жеке
кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бiр
реттi (жүйелi емес) негiзде мердiгерлiк
жұмысты кез келген әрекет қабiлеттiлiгi
бар жеке тұлға атқара алады.

5.

Мердiгерлiк шартының нысанасы – бұл мердiгер мен орындаған жұмыстың нәтижесi.
Мердiгерлiктiң нәтижесi әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен,
материалдармен байланысты, оларда өзiнiң бейнеленуiн табады.
Мердiгерлiк шартының нысанасы – бұл мердiгер мен орындаған жұмыстың
нәтижесi. Мердiгерлiктiң нәтижесi әрқашан олармен жұмыс жүргiзiлетiн белгiлi
заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзiнiң бейнеленуiн табады.
Кейбiр жағдайларда мердiгер мердiгерлiк жұмыстарды өзi орындауға
мiндеттенедi. Тапсырысшы жұмыстың жүргiзiлуiн бақылай алады, демек оларды
орындауға қойылатын белгiлi талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердiгер
жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуi, материалдарды арзанға
ауыстыруы мүмкiн және т.б. бұзушылықтарға жол беруi мүмкiн.

6.


Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуi керек. Баға әр кезде ақша сомасымен
белгiленедi, бiрақ төлеудiң нысандары әртүрлi болуы мүмкiн. Мердiгерлiк шартында орындалатын
жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсiлдерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және
тараптар баға туралы келiсiмге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға
қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi.
Бағаны есептеу үшiн, тараптарға келтiрiлген шығындар еске алынуы қажет. Егер, шарт негiзiнде
орындалатын жұмыстың күрделi құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзi бiрнеше олардың түрiнен
құрылса, бiрнеше кезеңдердi қамтыса және т.б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi
мүмкiн.
Смета бұл мердiгерлiк шарты бойынша орындалатын бар-лық жұмыстың құнын жұмсалатын
материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.

7.


Мердiгер шартта келiсiлген жұмысты өзiнiң тәуекелiмен орындауға мiндеттi. Яғни мердiгердiң
мойнында ол кәсiби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз
салдар болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетiнiң мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мiнез
құлығы ескерiлiп тиiстi дәрежеде өзгертiлуi мүмкiн. Оған жұмысты орындамағаны үшiн немесе дұрыс
орындамағаны үшi мердiгердi жауапкершiлiктен босататын жағдайлар да әсер етедi.
Мердiгер мемлекеттiк стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртiптерiн сақтауға және
нормативтi-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға мiндеттi. Осындай талаптар бiрiншi
кезекте кәсiпкер ретiнде жұмыс жасайтын мердiгерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнiң 632-б. 2-тармақ), бiрақ кәсiпкер емес мердiгердiң де жұмыс орындау кезiнде
мiндеттi қойылған талаптарынан шегiнуiне құқығы жоқ, егер мiндеттi талаптарды орындамаса оның
қызметiне тиым салынуы тиiс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгiленбесе немесе толық болмай шықса, онда
басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негiз ретiнде алынады. Мердiгер белгiленген
мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн
жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.

8.


Жасалған жұмысқа ақы төлеу мiндетi – тапсырысшының негiзгi мiндетi. Бұл мiндет жалпы тәртiп
бойынша мердiгер жасаған жұмысты толығынан тапсырған соң орындалуы тиiс. Шартта алдын-ала
жұмысқа ақы төлеу немесе жеке жұмыс кезеңдерiнде ақы төлеу мiндетi қарастырылуы мүмкiн. Ақы
төлену үшiн жұмыс уақытылы орындалуы керек. Жұмыс мерзiмiнен бұрын аяқталса, оған алдын алу
құқығы алдын ала төлеу тараптар келiсiмiне бұрын кiрсе, немесе тапсырысшы содан соң алдын ала
төлеуге келiссе пайда болады. Аванс төлемiн жасау немесе кепiлпұл беру осылар шарттарда немесе
заңнамада қарастырылған жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Аванс төле-мiнiң, кепiлпұлдың мөлшерi
де шарттармен немесе заңнамамен анықталады.
Мердiгерге тапсырысшыға қатысты құқықтарын өз бетiмен қорғау құқығы берiледi. (ҚР АК 9 бабы, 3тармақ). Бұл құқық затты ұстап қалу құқығы болып келедi (ҚР АК 624 бабы).
Тапсырысшы белгiленген бағаны немесе шартпен белгiленген өзге соманы төлеу мiндетiн орындамаса,
мердiгер шарт нысанасын (жұмыс нәтижесiн) орындамағанымен байланысты ұстап қалумен қатар
тапсырысшыға тиесiлi құрал-жабдықтарын да, жұмысты орындау үшiн берiлген пайдаланылмаған
материалдар қалдығын да және тапсырысшының өзге мүлiктерiн тапсы-рысшы керектi ақша соммасын
төлегенше бермеуге құқылы.

9.


Азаматтық заңнамада мердiгерлiк қатынастардың түрлерiнiң ең маңызды және ерекше белгiлерi
барлары реттелген. Мердiгерлiк шартының түрлi сипаттамасына мыналар кiредi:
1) тұрмыстық мердiгерлiк;
2) құрылыс мердiгерлiгi;
3) жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк;
4) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк.
Оларға Азаматтық кодекстегi мердiгерлiк қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке
параграфтар арналған. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне егер Қазақстан Республика-сының
Азаматтық кодексiнiң бұл түрлер туралы ережелерiнде өзгеше белгiленбесе мердiгерлiк туралы жалпы
ережелер де (нормалар) қолданылады.

10.


Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшының
тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға
арналған белгiлi-бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға
және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бiрге бұл шарт консенсуалды, өзара және
қайтарымды болады.
Құрылыс мердiгерлiк шарты бойынша, бiр немесе өзге саладағы мiндеттi талаптарға сәйкес келуi тиiс күрделi
жұмыстар жүргiзiлуiне байланысты, мердiгер жұмысты өзiнiң қамқорлығымен орындауымен бiрге, құрылысты
және онымен байланысты жұмыстарды жобалау құжаттамасына да сәйкес жүргiзуге мiндеттi.
Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шартының ерекшелiгi болып олардың нәтижесiнде
коммерциялық, ұйымдастыру техникалық маңызы бар жаңа ақпараттар өңделетiнi келедi. Сол ақпаратқа
құқықтар белгiлi бiр дәрежеде тапсырысшыға да және мердiгерге де тиесiлi болады.
ылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарында мердiгерлiк шарты
экономикалық қатынастарды бiр жақты реттеуден сақтайды. Бұл шарт өндiрiстiк салалардың қызметiн оның
неше түрлi қасиеттерiн қамтамасыз ететiн субъектiлердiң қызметiмен байланыстырады. Тағы да бұл шарт
шығармашылық (ғылыми) қызметтiң интеллектуалдық меншiк объектiнi өңделiп (оны жасау жұмыстары
аяқталғанға дейiнгi қызметтi) ол құқықпен қорғалатындай болғанға дейiнгi кезеңдерiн (тұстарын) реттеуге
мүмкiншiлiк бередi. Кейбiр жағдайларда қымбат тұратын зерттеулердi қаржыландырады. Сонымен қатар
мердiгерлiк шарты мердiгердiң шығармашылық (ғылыми-зерттеу) қызметiнiң нәтижесi болып келетiн
объектiге құқықтардың ауысуын да қамтамасыз ете алады.

11.


Өтемелі (ақылы) қызмет көрсету. Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының
тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір кызметті жүзеге
асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызметті көрсетушіге ақы төлеуге міндеттенеді.
Өтелмелі қызмет көрсету шарты оның субъектілеріне, бағасына қарай жазбаша нысанда бекітілуге тиіс, не ауызша
нысанда да бекітілуі мүмкін. Бұл шартты реттейтін нормалардың мағынасынан байқағанымыздай, шарттың мәнді
жағдайлары болып оның пәні мен бағасы туралы жағдайлар табылады.
Шарттың тараптары - атқарушы мен тапсырысшы. Мұнда мердігерлік шарттармен белгілі бір аналогия байқалады.
Бір тарапқа атқарушы мәртебесін беру оның алдағы әрекетінің шарт аясындағы тапсырысшыдан түсетін тапсырмамен
алдын ала келісіліп қоятындығын білдіреді.
Атқарушылар ретінде кез келген жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін. Сонымен бірге біз "арнайы" субъектімен
байланысып отырмыз. Егер атқарушы жеткілікті дайындықта болмаса, онда оның шартқа отыруы құқықтық маңызға
ие болмайды. Тиісті емес субъектінің қатысуымен жасалған мәміле орын алған нақты жағдайларға карай сол немесе
басқа бір негіздер бойынша жарамсыз деп танылуға тиіс. Мысалы, біреу тапсырысты орындау үшін талап етілетін
білімдер, дағдылар және т.б. бар екендігі туралы тапсырысшыны қасақана жаңылыстыруы мүмкін, онда мәміле
(өтелмелі кызмет көрсету шарты) алдау салдарынан жасалғандықтан жарамсыз деп танылуға тиіс. Жоғарыда
айткандай өтелмелі кызмет көрсету шарты жаңа институт болғандықтан оның субъектілік құрамының өзекті
мәселелері әлі жан-жақты ұғынылған жоқ. Кейбір жағдайларда қызмет көрсету жөніндегі кызмет кәсіпкерлік қызметтің
белгілеріне кіріп кетеді, сол себепті атқарушының қатысуы мүмкін болу үшін шартта, оны бекіту сәтінде, оның
кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болуы талап етіледі.
English     Русский Правила