Похожие презентации:
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы
1.
КәсіподақТексерген: Исаева Айнур
Орындаған:Жорабек Нұрсұлтанбек
Тобы:Ю-21-3
2.
3.
«Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы»Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі –
Федерация) салалық кәсіптік одақтармен өзге ұйымдыққұқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйым
болып табылады. Салалық кәсіптік одақтарды (бұдан әрі –
салалық кәсіподақтар), аумақтық (облыс, республикалық
маңызы бар қалалар, астана деңгейіндегі) кәсіподақтар
бірлестіктерін біріктіреді.
4.
Федерация республикалық деңгейдегі әлеуметтікәріптестікте қызметкерлердің, мүшелік
ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады және
Қазақстан Республикасының Конституциясына,
Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар
туралы» заңына және Қазақстан Республикасының
басқа да нормативтік құқықтық актілеріне,
халықаралық құқықтың жалпыға бірдей
принциптері мен нормаларына, осы Жарғыға
сәйкес жұмыс істейді.
Федерация қызметінің мәні кәсіподақ мүшелерінің,
мүше ұйымдарының құқықтарын қорғау бойынша
міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ осы Жарғыда
қарастырылған мақсаттарға жету үшін басқа да
ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру болып
табылады.
5.
Федерация Жарғыға сәйкес өз мақсаттарына жету үшін:1) өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді
және қорғайды, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзінің
өкілеттігі шеңберінде, жұмыс берушілермен, жұмыс
берушілер бірлестіктерімен (қауымдастықтар мен одақтар),
және басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара ісқимылдарында жұмыскерлердің мүдделерін білдіреді;
2) әлеуметтік әріптестік жүйесін барлық деңгейде дамытуға
қатысады және ықпал етеді;
3) әлеуметтік әріптестік бойынша республикалық үш жақты
комиссияның жұмысына қатысады;
4) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және
Қазақстан Республикасының Үкіметімен Бас келісімді (одан
әрі – Бас келісім) жасасуда әлеуметтік әріптестіктің бір тарабы
болып табылады, Бас келісім жобасын әзірлеу және жасасу
бойынша келіссөздерге қатысады және олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
6.
5) азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен заңды мүдделерінеқатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге бастамашылық етеді
және қатысады;
6) еңбек заңнамасының сақталуына және әлеуметтік-еңбек қатынастарың
қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаларды жүзеге
асуына қоғамдық бақылау жүргізеді;
7) жұмыспен қамтуды, еңбекті және қоршаған табиғи ортаны қорғауды
қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды, адамның
лайықты өмір сүруі мен еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайларды
жасауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және
қалыптастыруға қатысады;
8) жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен
заңды мүдделеріне қатысы бар заң жобаларының тұжырымдамаларына,
заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер жобаларына
сараптама жүргізеді;
9) заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан
Республикасы Парламенті мен жергілікті өкілдік органдары
депутаттарының сайлауына қатысады;
10) Қазақстан Республикасының еңбек қатынастары, азаматтық құқықтар,
әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелер бойынша халықаралық
шарттарды, конвенцияларды ратификациялауына және жүзеге асыруына,
халықаралық құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормаларын
заңнамалық бекітуі мен іске асыруына күш салады;
7.
11) ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысады, жұмыскерлердіңҚазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген еңбек,
әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың
басқа да тәсілдерін пайдаланады, мүшелік ұйымдардың ұжымдық ісқимылдарын үйлестіреді және бағыттайды;
12) мүшелік ұйымдарға құқықтық, соның ішінде медиация сұрақтары
бойынша көмек көрсетуді жүзеге асырады;
13) өз мүшелік ұйымдарының және кәсіподақ мүшелерінің құқықтары
мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюға, Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес сотта, еңбек арбитражында
немесе арбитражда, мемлекеттік органдарда олардың мүдделері үшін
әрекет етуге құқығы бар;
14) мемлекеттік органдарға, олар қабылдаған, кәсіподақ мүшелерінің
құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін нормативтік
құқықтық актілерді толығымен немесе ішінара жою немесе өзгерту
туралы жүгінуге;
15) мемлекеттік органдардың кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен
заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін актілері бойынша сотқа жүгінуге;
16) кәсіподақтың аумақтық бірлестіктерінің жергілікті атқарушы және
өкілетті органдармен, жұмыс берушілер бірлестіктерімен, саяси
партиялармен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен байланыс
орнатуға және бекітуге жәрдемдеседі;
17) заңнамаға сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
8.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі еңбек заңнамасыныңжәне қауіпсіздік пен еңбекті қорғау нормаларына мемлекеттік еңбек
инспекторларымен,еңбекті қорғау бойынша техникалық
инспекторларына бақылауды жүктей отырып, қауіпсіздік және
еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің және қауіпсіздік пен
еңбекті қорғаудың ішкі қызметтерінің шешімімен бекітіледі.Еңбекті
қорғау бойынша техникалық инспектор өндірістегі жазатайым
оқиғаларды тергеуге және мемлекеттік еңбек инспекторлары
жүргізетін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын кешенді
тексеруге қатысады. Жұмыс берушілерден және ұйымның басқа да
лауазымды адамдарынан өз функцияларын орындау үшін қажетті
ақпарат пен түсініктемелерді жазбаша алуға құқылы.
9.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясыныңмүшелік ұйымдарындағы еңбекті қорғау инспекторларының саны 17 мыңнан
асады, 118 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады, соның ішінде 112 мыңы
жойылды. Еңбек қауіпсіздігі мен сол саладағы заңнамалық базаның жұмысы
мен жетілдірілуіне қарамастан, өндірістік авариялар жалғасуда және көбінесе
қайғылы жағдайға әкеп соға отырып, экономикалық шығындарды тудырады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Халықаралық еңбек
ұйымының (ХЕҰ) жоспарларын қолдай отыра, жыл сайын Дүниежүзілік
Әлеуметтік әділеттілік күніне, Дүниежүзілік еңбек күніне, Дүниежүзілік акция
күніне арналған іс-шаралар өткізеді.
Әлеуметтік серіктестік аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар
федерациясы Қазақстан Республикасының Үкіметімен және республикалық
жұмыс беруші бірлестіктерімен бас келісім жасады. Бүгінгі таңда Бас
келісімнің мерзімі 2021-2023 жылдар аралығында.
Ұжымдық келіссөздер негізінде салалық кәсіподақ ,ұйымдары салалық
министрліктермен және жұмыс беруші одақтармен салалық
келісімге(тарифтік) қол қояды.Республикада 25 келісімдер жасалды.
Кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі жұмыс берушілердің жергілікті
атқарушы органдарымен өңірлік келісімдер жасайды (14 аймақ және Астана,
Алматы және Шымкент калалары).
Қазіргі таңда 17 аймақтық келісімдер жасалды. Республикадағы ұйымдар мен
кәсіпорындар деңгейінде 146 мыңнан астам ұжымдық келісім бар. Олардың
ішінде, кәсіподақтар бар республиканың кәсіпорындарында
15 мыңнан астам ұжымдық шарттар жасалды, ұжымдық шарттық
қатынастарды қамту 97 пайыздан асады.
10.
Ұжымдық келісімдердің негізгі бөлігі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар,денсаулық және білім беру ұйымдарында. Жасалған ұжымдық
келісімшарттардың көп бөлігі ұйымдардың жұмысын тұрақтандыру, еңбек
ақының өсуін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту,
заңнамамен реттелмеген, адам ресурстарының сапалық деңгейінің
жоғарылауы, еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің денсаулығын
жақсарту қолға алынған.
Елімізде заманауи уақыт күресімен негізделген әлеуметтік серіктестік
жүйесі құрылған. Шешім қабылдаудың қайталанбайтын төрт дәрежесі
анықталды:республика-сала-аймақ- өңдіріс- кәсіпорын.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының маңызды
функцияларының бірі - әлеуметтік серіктестік, республикалық үшжақты
комиссияның жұмысы және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес республикада
әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу
бойынша үшжақты комиссиялар жұмыс істейді. Комиссия жұмысындағы
негізгі бағыт – еңбек.
Әлеуметтік серіктестіктер үнемі еңбек қатынастарын реттеу
бойынша кеңес береді. Қазақстанмен Халықаралық еңбек ұйымының
190 конвенциясының ішінде 24-і бекітілді, оның 8-і негізгі болып
табылады. Іргелі конвенцияларды бекіту, үшжақты ұсыну және ұжымдық
келіссөздер қалыптастыру мен дамытуда маңызды рөл атқарды.
11.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы және оныңмүшелік ұйымдарының федерацияның маңызды бағыттарының
бірі: қауіпсіздік және еңбекті қорғау проблемалары және
оларды жою және жұмысшылардың жұмыс беруші мен
мемлекеттік органдарының алдындағы құқықтарын қорғауды
қамтамасыз ету және нығайту болып табылады.
Кәсіподақтар заңнамалық және нормативтік актілерді жетілдіру
арқылы ұлттық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саясатын одан әрі
дамыту мен нығайту үстінде.Нөлдік жарақат түпкі мақсат болу
үшін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының маңызды
болуын қамтамасыз ету,жұмыс беруші еңбек қауіпсіздік
жағдайларын жасау жауапкершілігі және жұмыс берушілерді
тиімді қауіпсіздік жүйесі,еңбек қауіпсіздігін нығайтуға
жігерлендіруге бағытталған экономикалық шаралар жүргізілу
керек.
Жұмысшылардың мекемелерде еңбекті қорғау процесіне
қатысуы ХЕҰ Мемлекетаралық стандартын сәтті жүзеге
асырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.