706.60K
Категория: СоциологияСоциология

Кәсіподақтар - жаһандану процесінің белсенді мүшелері

1.

Орындаған: Бахытова Жансая

2.

Кәсіподақтар - жаһандану процесінің белсенді
мүшелері.
Кәсіподақтар
жалданбалы жұмысшылардың
мүдделерін қорғайды
еңбек ресурстарының ғаламдық нарығында
өз пайдаларына қаржылық түсімдердің
артуы үшін күреседі.
Кәсіподақтардың бүкіл тарихы осы үздіксіз күреске арналады. Осы күрестің
барысында - жұмысшылардың еңбекақысын көбейту, жұмыссыздық деңгейін
азайту, қамтылмаған жұмысшыларды кәсіподаққа тарту, жалақының уақытылы
төленуі үшін күрес жүргізіледі. Кәсіподақтардың және жұмысшылардың бірлескен
қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да мүмкіндіктері әлемнің барлық
үкіметтері мен жұмыс берушілерімен кез кел¬ген мәселелерді шешудің ең күшті
тетігі болып табылады.

3.

Кәсіподақ, кәсіби одақтар
өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін,
өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқтары мен мүдделерін қорғау
үшін құрылатын ерікті ұйымдар; қызметінің сипаты мен кәсіби
мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан азаматтардың бұқаралық
ерікті қоғамдық бірлестіктері
Қазақстан Республикасының Кәсіптік одақтар туралы
заңы бар ол 2014жылы 27 маусымда қабылданған

4.

Егеменді Қазақстан Республикасында
кәсіподақтардың құқықтық жағдайы
Конституциямен
Еңбек туралы заңдар кодексімен
халықтың жұмыспен қамтылуы туралы
халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы туралы
заңдармен
басқа да заңдармен айқындалады

5.

Кәсіподақтар өзінің қызметін
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы және
халықаралық актілер мен келісімдерде бекітілген өзге де заң нормалары
шеңберінде,
өздері қабылдаған жарғыларға сәйкес, мемлекет органдар мен саяси,
қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз жағдайда
жүзеге асырады.

6.

Олармен өзара қарым-қатынастарын әріптестік пен құрметтеушілік,
сұхбаттастық пен ынтымақтастық негізінде құрады. Кәсіподақтардың
құқықтарын шектейтін немесе олардың заңда көзделген құқықтарын жүзеге
асыруына кедергі жасайтын қандай да болсын араласушылыққа тыйым
салынады. Кәсіподақ өз мүшелерінің мемлекет және шаруашылық
құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпкерлермен қарымқатынасындағы құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қажет болған жағдайда
бұларды қорғауға жәрдемдеседі.
Ұжымдық шарттар мен тиісті деңгейдегі тарифтік келісімдер жасасады; олардың
арасындағы жекелей және ұжымдық еңбек дауларын шешуге көмектеседі.
Кәсіподақ пен жұмыс беруші арасындағы даулар бойынша түпкілікті шешімдерді
сот шығарады. Қазақстанда, негізінен, федерацияға біріккен

7.

ҚРКФ басқру органдарына:
1.Жоғарғы орган –сьез
2.Басшылық орган- бас кеңес
3.Атқару орган-атқару комитеті
4.Бақылау-тексеру орган-тексеру комиссиясы

8.

Съез Бас Кеңеспен кемінде бес жылда бір рет шақырылады. Съезді шақыру мен оның болжамды күн
тәртібі туралы Съезге екі ай қалғанға дейін хабарланады. Съезге делегаттардың өкілдік нормасын
Федерацияның Бас Кеңесі белгілейді.
Съез:
1) Федерация қызметінің стратегиясын айқындайды;
2) Федерацияның Жарғысын, Федерацияның Тексеру комиссиясы туралы Ережені, сондай-ақ оларға
өзгерістер мен толықтыруларды еңгізуді бекітеді. Съезд осы құқықты Бас Кеңеске арнайы ресімделген
өкілеттілік бойынша табыстауға құқылы;
3) Федерация төрағасын сайлайды және қызметінен босатады;
4) Бас Кеңесті құрайды;
5) Федерацияның Тексеру комиссиясын сайлайды;
6) аса маңызды еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдер, қарарлар,
мәлімдемелер, үндеулер қабылдайды;
7) Федерацияның органдарының құзыреттерін, ұйымдық құрылымын, өкілеттіктерінің қалыптасу мен
тоқтатылу тәртібін белгілейді;
8) осы Жарғыны қолдану мәселелері бойынша апелляцияларды қарайды;
9) Федерацияның Бас Кеңесінің және Федерацияның Тексеру комиссиясының қызметі туралы есептерді
тыңдайды;
10) Федерацияны қайта ұйымдастыру, қызметін тоқтату және оны тарату туралы шешімдер қабылдайды.
Егер Федерацияға мүше ұйымдардың кемінде үштен екісі болса және олардан сайланған делегаттардың
кемінде үштен екісі қатысса, Съез құқылы деп есептеледі.
Дауыс беруге қатысқан делегаттар дауысының жартысынан қөбі берілсе, Съездің шешімдері
қабылданды деп есептелінеді. Съезд шешімдерін қабылдаған кезде дауыс берудің тәртібін делегаттар
айқындайды.
Федерацияның кезектен тыс Съездерін Федерацияның Бас Кеңесі шақырады немесе Федерацияның
мүшелік ұйымдардың кемінде үштен бірі өкілетті органдардың талабы бойынша шақырады. Кезектен
тыс Съезд шақыру туралы шешім және оның болжамды күн тәртібі бір ай бұрын хабарланады.

9.

Бас Кеңестің құрамы Федерацияның мүшелік ұйымдарынан тікелей өкілеттіктер табыстау принципі бойынша бекітіледі.
Бас Кеңес өз қызметі туралы Съезд алдында есеп береді. Бас Кеңесті Федерацияның Төрағасы басқарады.
Бас Кеңес:
1) осы Жарғыда белгіленген Федерацияның мақсаттары мен міндеттерін іске асырады;
2) Съездердің шешімдері мен жарғылық міндеттерді орындау, кәсіподақтар мүшелері мен мүшелік ұйымдардың еңбек,
әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі Федерация қызметінің негізгі бағыттарын
белгілейді;
3) Федерацияның активтерін бақару бойынша өкілетті ұйымның есебін тыңдайды және бекітеді;
4) Федерацияның мүшелік ұйымдарымен жарналарды төлеу мен аударудың бірегей тәртібін белгілейді;
5) Федерацияның меншігін иелену, пайдалану және оған иелік ету тәртібін белгілейді;
6) Федерацияға мүшелік жарналар есептеуге және төлеуге байланысты қаржылық есептілік көрсеткіштер тізбесін айқындайды;
7) мүшелік ұйымдармен Федерацияға ұсынылатын статистикалық деректер тізбесін айқындайды;
8) Жарғыны және Федерация органдарының шешімдерін орындалуы, сондай-ақ олардың қызметі туралы Федерация және
мүшелік ұйымдар басшыларының есептерін тыңдайды;
9) Федерация Съезіндегі өкілдердің қатысу нормаларын бекітеді;
10) Федерация Жарғысын және Тексеру комиссиясы туралы Ережені бекіту және оларға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу
туралы Съезге ұсыныстар жасайды;
11) Федерацияның төрағасы лауазымына кандидатураларды ұсыну тәртібін айқындайды;
12) Съездер аралығындағы кезеңде Федерацияның төрағасын сайлайды және қызметінен босатады;
13) Атқару комитетінің ұсынысы негізінде, Федерацияға жаңа мүшелер қабылдау немесе мүше ұйымдарды одан шығару
туралы шешім қабылдайды;
14) Федерацияда есеп беру-сайлау науқанын өткізу туралы шешім қабылдайды;
15) Бас Кеңестің жұмыс тәртібін бекітеді;
16) бейнелемесі туралы ережені бекітеді;
17) Съезге өзінің жұмысы туралы есеп береді;
18) Федерацияның мүшелік ұйымдары мен Съезі берген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

10.

Бас Кеңес өзінің отырыстарының арасындағы жұмысқа басшылық жасау үшін Федерация Төрағасының ұсынысы бойынша Атқару комитетін сайлайды. Федерация
төрағасы Атқару комитетін басқарады.
Атқару комитетінің құрамына:
1) лауазымы бойынша Федерация төрағасының орынбасарлары кіреді, бірақ олардың саны Атқару комитетіндегі жалпы мүшелердің санының үштен бірінен
аспауы тиіс;
2) Федерация Төрағасының ұсынысы бойынша Федерацияға мүшелік ұйымдардың басшылары кіреді.
Осы Жарғыға сәйкес Федерациядағы мүшелігін тоқтатқан мүшелік ұйымның басшысы – Атқару комитетінің мүшесі Атқару комитетіндегі мүшелігін тоқтатады.
Атқару комитеті:
1) Съездің және Бас Кеңестің шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
2) Федерацияға мүше ұйымдардың заңды мүдделерін негізге ала отырып, Федерацияның Бас келісімге жасаған ұсыныстарын қарастырады және қызметкерлердің
еңбек және әлеуметтік құқықтары мен заңды мүдделеріне байланысты заң жобалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге қатысты ұсыныстарды
қарастырады және үйлестіреді;
3) Федерацияның халықаралық жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды; Федерацияның халықаралық кәсіподақ бірлестіктеріне мүшелігі туралы шешім
қабылдайды;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіподақтардың бұқаралық акцияларын, оның ішінде жиналыстар, митингілер, көше шерулері, демонстрациялар, тосқауылдар
және басқа ұжымдық іс-қимылдар, ереуілдер өткізу туралы шешім қабылдайды;
5) Федерацияға жаңа мүшелерді қабылдау мен олардың шығуын қарастырып Бас Кеңеске ұсыныс еңгізеді;
6) Федерацияға мүшелік ұйымдардың арасындағы дауларды шешуге жәрдемдеседі;
7) мүшелік ұйымдардың, олардың органдарының Федерация Жарғысына, Бас Кеңестің және кәсіподақтар Федерациясы Атқару комитетінің қаулыларына қайшы
келетін шешімдері мен іс-әрекетін күшін жою және (немесе) тоқтата тұру туралы мүшелік ұйымның өкілетті органына ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ осы Жарғыда
белгіленген міндеттерді мүшелік ұйымның орындамауы туралы ұсыныс жасау;
8) Жарғы және Атқару комитетінің шешімдерінің орындауы туралы Федерация басшылары мен мүшелік ұйымдардың ақпараттарын қарастырады, мүшелік ұйымдар
мен кәсіподақ мүшелеріне өз қызметі туралы хабарлап отырады;
9) Федерация төрағасының ұсынысы бойынша Федерацияның құрылымын, штат кестесін бекітеді, Федерацияның кірістері мен шығыстарының сметасын бекітеді;
10) Федерацияның жыл сайынғы қаржылық шаруашылық тексерісін бекіту туралы шешім қабылдайды;
11) Федерация мүлкіне иелік ету, пайдалану, иелену тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді;
12) Бас Кеңесті шақырады, күн тәртібінің жобасын және оны өткізетін жерді белгілейді;
13) Федерация төрағасының ұсынуы бойынша, кейінгі Бас Кеңестің бекітуімен, Федерация төрағасының орынбасарлары мен кәсіподақтардың аумақтық (облыс,
республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде) бірлестіктерінің басшыларын сайлайды және қызметтен босатады;
14) кәсіподақ қызметкерлерінің және белсенді қатысушыларды мемлекеттік және басқа наградалармен марапаттау туралы белгіленген тәртіппен өтініш-тілек білдіреді,
кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ мүшелерін Федерацияның наградаларымен марапаттайды;
15) Федерацияның филиалдары мен өкілдіктерін ашу туралы, Федерацияның басқа заңды тұлғаларды ұйымдастыруы немесе жұмысына қатысуы туралы шешім
қабылдайды;
16) Федерацияның Бас Кеңесі белгіленген тәртіппен берген басқа да функцияларды орындайды.

11.

Федерацияның Тексеру комиссиясы Федерацияның қаржы-шаруашылық
қызметіне, мүшелік жарналардың есептелуі мен түсуіне, ақшаның дұрыс
жұмсалуына, кәсіподақтар Федерациясы мүлкінің пайдаланылуына және
Федерацияның сайланбалы органдарының шешімдерінің орындалуына
бақылауды жүзеге асыратын негізгі бақылау – тексеру органы болып
табылады.
Федерацияның Тексеру комиссиясы Федерацияның мүшелік
ұйымдардың өкілдерінен Съезде сайланады, өз қызметінде Съезд
бекітетін Тексеру комиссиясы туралы ережені басшылыққа алады.
Тексеру комиссиясының төрағасы Тексеру комиссиясының отырысында
көпшілік дауыспен сайланады, лауазымы бойынша Федерация Съезіне
делегат болып табылады, Бас Кеңестің және Атқару комитетінің
жұмысына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
English     Русский Правила