Геометриялық нивелирлеу. Биіктік өсімшелерін өлшеу

1.

Жер ресурстарын басқару, сәулет
және дизайн факультеті
«Жергеорналастыру және геодезия» кафедрасы
Оқытушы туралы мәліметтер: Капасова Айзада Зарлыковна– т.ғ.к,
«Жергеорналастыру және Геодезия» кафедрасының аға оқытушысы,
ЖРБСжД факультеті, (каб. 6113), байланысу телефон: 39-79-47; 8700-669-75-34; идентиф.номер ZOOM № 427-809-09-13; пароль 1953,
электрондық почта [email protected]
Пән:
ГЕОДЕЗИЯ
Оқыту бағдарламасы: «Геодезия және картография»
Білім беру бағдарламасының тобы: В074-«Қала құрылысы,
құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс»
Дайындау бағыты: 6В073-«Сәулет және құрылыс»
Білім беру саласы: 6B07 –«Инженерлік, өндеу және и құрылыс
саласы»
1

2.

ПӘН БОЙЫНША ОҚУ УАҚЫТЫН ШАМАМЕН БӨЛУ
Триместр
апталары
1
Дәрістер
2
2
2
2
2
2
2
2
ЗЖ
3
3
3
3
3
3
3
СОӨЖ
2
2
2
2
2
2
СӨЖ
8
8
8
8
8
Барлығы
15
15
15
15
15
2
3
4
10
Барлығы
2
2
20
3
3
3
30
2
2
2
2
20
8
8
8
8
8
80
15
15
15
15
15
150
5
6
7
8
9
2

3.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:
1. Нурпеисова М.Б. Геодезия. - Оқулық. -Алматы: Эверо, 2015. -276 б.
2. Г.Г.Поклад, С.П. Гриднев. Геодезия: учебное пособие для вузов. – М.:
Академический проект, 2017. -592с.
3. Игильманов Ж.А., Кусаинова Г.Д., Игильманов А.А. Геодезия.– Оқу
құрал.- Астана, 2013-145с.
4. Капасова А.З. Геодезия. – Оқу құрал. -Қарағанды, 2014. -120 б.
5. Кочетова Э.Ф., Акрицкая И.И., Л.Р.Тюльникова, А.Б.Гордеев Н.
Инженерная геодезия: учебное пособие. Новгород: ННГАСУ, 2017. –
158 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Инструкция по топографической съемке в масштабах 1:5 000, 1:2000,
1:1000, и 1:500. http://www.racurs.ru/
2. Инструкция по топографической съемке в масштабах 1:5 000, 1:2000,
Москва, ЦНИИГАиК.
3. Условные знаки для топографических планов масштабов 1: 5000,
1:2000, 1:1000, 1:500. http://geo-fond.ru/docs/uz-top.pdf
3

4.

7-Дәріс.
Геометриялық нивелирлеу. Биіктік өсімшелерін өлшеу әдістері.
Нивелир және оның құрылысы. Лазерлі және сандық нивелирлер.
Техникалық нивелирлеу
(1-сағ)
Дәріс жоспары:
1. Геометриялық нивелирлеу. Биіктік өсімшелерін өлшеу әдістері
2. Нивелир және оның құрылысы
3. Лазерлі және сандық нивелирлер
4. Техникалық нивелирлеу
4

5.

1. Геометриялық нивелирлеу. Биіктік өсімшелерін өлшеу
әдістері
Жергілікті
жердегі
нүктелердің
биіктіктерін
немесе
өсімшелерін анықтау мақсатымен жүргізілетін өлшеулерді
нивелирлеу деп атайды. Нивелир /фр. «Niveler» -деңгейлеу, деңгей/
деп аталатын геодезиялық аспаптың атқаратын міндеті:
салыстырмалы биіктікті геометриялық тәсілмен өлшеу, онымен
қашықтықты да өлшеуге болады. Нивелирлеудің геометриялық,
физикалық механикалық, стереофотограмметриялық деген бірнеше
әдістері бар.
Геометриялық нивелирлеуде екі нүкте биіктіктерінің
айырмашылығы (биіктік өсімшесі) горизонталь нысаналау
сәулесінің көмегімен анықтауға негізделген. Мұнда дүрбісі
горизонталь орналасқан нивелир деген аспап пен рейка
қолданылады.
5

6.

Тригонометриялық нивелирлеуде биіктік өсімшесін сол
екі нүкте арасындағы қашықтық пен көлбеу бұрышты өлшеу
арқылы анықтайды. Биіктік өсімшесін тригонометриялық
формулаларды қолданып есептейді. Нивелирлеудің бұл әдісі
көбіне тахеометриялық түсірісте тахеометр мен рейка
қолданылады.
Физикалық нивелирлеу жергілікті жердегі нүкте
биіктігі мен атмосфералық қысымға негізделген барометрлік
және бір-бірімен жалғасқан екі ыдыстағы сұйық зат
деңгейінің тең биіктікке негізделген гидростатикалық
нивелирлеулер деген екі түрге бөлінеді.
Механикалық нивелирлеу велосипедке, автокөлікке
орнатылған арнайы аспаптар көмегімен жүргізіледі. Мұндай
аспап жылжығанда, автоматты түрде жүрген жол мен
нүктелердің биіктіктері бейнеленген профиль сызылады.
Стереофотограмметриялық
нивелирлеу
биіктік
өсімшесін бір жердің екі қос фотосуреті арқылы анықтауға
негізделген.
6

7.

Геометриялық нивелирлеу
Геометриялық нивелирлеуде нүктелердің биіктік өсімшесі нивелир
деп аталатын аспап пен рейкалар арқылы анықталады. Нивелир
горизонталь жазықтыққа келтірілген дүрбі арқылы рейкадан есеп алуға
негізделген. Геометриялық нивелирлеудің "ортадан" және "алға"
нивелирлеу деген әдісі бар (1-сурет).
Ортадан нивелирлеу кезінде нивелир-нүктелер арасына, ал
рейкалар сол нүктелерге орнатылады.
Содан кейін А және В нүктелерінде тұрған рейкаларға кезекпен
қарап, дүрбінің визир сәулесінің осы нүктелерден биіктіктері "а" және
"b" есептелініп алынады. Егерде А нүктесін артқы, ал В нүктесін
алдыңғы деп белгілесек, онда "а" рейкадан алынған артқы есеп, «b» алдыңғы есеп болады. Содан В нүктесінің А нүктесіне қарағандағы
биіктігінің айырмашылығы былайша анықталады:
h=а-b,
(1)
мұндағы h -биіктік өсімшесі.
7

8.

1-сурет- Геометриялық нивелирлеудің түрлері
8

9.

Демек, ортадан нивелирлеу әдісінде биіктік өсімшесі артқы және
алдыңғы есептердің айырмашылығына тең.
Ескере кететін жағдай, егер а>b болса, онда h-тың оң таңбалы, ал
а<b болса, онда h-теріс таңбалы болғаны.
Нивелирді екі нүктенің ортасына орнатып, биіктік өсімшесін
осылайша анықтауды "ортадан" нивелирлеу деп атайды.
Ортадан нивелирлеудегі аспаптан рейкаға дейінгі қашықтық
нивелирлеу жұмыстың дәлдігіне, сол жердің рельефіне байланысты
және де екі қашықтық бір-біріне тең болуы қажет.
Алға нивелирлеу әдісінде нивелир дүрбісінің оқуляры мен А
нүктесі бір тіктеуіш сызық бойында орналасады да, есеп алынатын
рейка екінші нүктеге орнатылады. Бұл жағдайда визирлік остің А
нүктесінен биіктігін і рулеткамен өлшеп, В нүктесі тұрған рейкадан
"b" есебін алады. Көрсетілген суретке сай, биіктік өсімшесі былайша
анықталады:
h=і- b,
(2)
мұндағы і-аспап биіктігі.
9

10.

Екі нүкте арасындағы өсімше белгілі болса, В нүктесінің биіктігін
мына формула арқылы анықтауға болады:
НВ=НА+h ,
(3)
яғни, келесі нүктенің биіктігі алдыңғы нүкте биіктігіне өсімшені
қосқанға тең.
2-сурет- Аспап горизонтын анықтау
10

11.

Деңгей жазықтықтан нивелирдің визирлік осіне дейінгі
тіктеуіш сызықты аспаптың горизонты АГ деп атайды. Аспап
горизонты 2-суретке сай мынаған тең:
АГ=НА+а немесе АГ=НВ+b,
(4)
яғни, аспап горизонты АГ нүкте биіктігіне НА сол нүктеде
орналасқан рейкадан алынған есепті "а" қосқанға тең. Аспап
горизонты арқылы да нүктелер биіктіктерін анықтауға болады.
Мысалы, 2-суреттегі екі пункт арасындағы С нүктесінің
биіктігі Нс төменгі формула арқылы анықталады:
Нс= АГ-с,
(5)
мұндағы, с-С нүктесіне қойылған рейкадан алынған есеп.
Әдетте, аспап горизонты бір станцияда тұрып, бірнеше
нүктелердің биіктіктерін анықтағанда қолданылады.
Егерде нивелирленетін екі нүктенің арасы 100 м-ден аспаса,
онда екеуінің арасындағы биіктік өсімі жалғыз станциядан
анықталады, мұны қарапайым нивелирлеу деп атайды.
11

12.

Егер 3 - суретте көрсетілгендей, А және В нүктелерінің
арақашықтығы едәуір қашық болса, онда өсімшені–hВ анықтау үшін
нивелирді бірнеше станцияға орналастырып, күрделі нивелирлеу
жүргізіледі, 3-суретке сәйкес нүктесінің А нүктесінен өсімшесі әр
станциядағы биіктік өсімшелерінің
қосындысына тең:
n
n
n
hAN i hi i ai i bi
(6)
мұндағы a1
- барлық артқы есептердің қосындысы;
b1 - барлық алдыңғы есептердің қосындысы.
3-сурет- Күрделі нивелирлеу
12

13.

Ақырғы нүктенің абсолют биіктігі (64) формуласына сәйкес
былайша анықталады:
n
H В H А hi
i
2. Нивелир және оның құрылысы
Нивелир жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін
өлшеуге қолданылатын аспап. Нивелир өлшеу дәлдігіне қарай үш түрге
бөлінеді:
1) Н–05 дәлдігі өте жоғары нивелир 1 км-лік қос жүрістегі
өсімшемен анықтаудың орташа дәлдігі 0,5 мм-ге тең.
2) Н–3 дәл нивелир (4-сурет). Орташа квадраттың дәлдігі 3 мм.
3) Н–10 техникалық нивелир. Өсімше анықтау дәлдігі 10 мм
аспайтын нивелир түрі.
Енді геодезиялық жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген
нивелирлер Н 3 құрылыса тоқталамыз.
13

14.

4-сурет- Көру дүрбісінде цилиндрлік деңгейі бар Н-3 дәл нивелирі: 1көтергіш бұрандалар; 2-дөңгелек пішінді деңгей теңгерме ; 3элевациялық бұранда; 4-диоптриялық сақинасы бар көру дүрбісінің
окуляры; 5-нысана; 6-кремальера; 7-көру дүрбісінің объективі; 8-бекіту
бұрандасы; 9 –жетекші бұранда; 10 - цилиндрлік деңгей; 11 – цилиндрлік
деңгейдегі түзету бұрандалар
14

15.

Нивелир біліктері, оларға тән геометриялық
алғышарттарға сену. Нивелир біліктерінің 4 түрі бар,
оларға берілетін анықтамалар (5-сурет)
5-сурет- Н-3 дәл нивелир біліктері:
II1.... нивелир айналым білігі;
U1/U1/... дөңгелек пішінді теңгерме білігі;
UU1... цилиндр пішінді теңгерме білігі;
VV1... дүрбіні нысаналау білігі
15

16.

1. Н 3–нивелирі 3,4 кластық және техникалық нивелирлеу үшін
қолданылады. Оның негізгі бөлшектеріне: цилиндрлік деңгей (6)
қондырылған дүрбі (8), көтергіш винттер (13) бар қондырғы (2),
штатив бекіту үшін жасалған винт оймасы бар серіппелі пластинка
(1) жатады (6-сурет).
6-сурет- Оптикалық нивелир Н3
16

17.

Цилиндрлік деңгеймен бір коробкада орналасқан призмалы
құрылған деңгей үлбіреуігінің бейнесін көз алдына келтіреді.
Нивелирге қойылатын басты талап нысаналау сәулесінің
горизонталь болып орналасуы. Оны горизонталь жағдайда дәл келтіру
элевациондық бұранда (3) арқылы жүргізіледі, яғни деңгей
үлбіреуігінің ең шетін ұштастыру арқылы (7-сурет).
7-сурет- Нивелирдің дүрбісінің көру аясы
17

18.

Цилиндрлік деңгейдің сыртқы жабық төрт түзетпе
бұрандалары бар. Нивелирдің вертикаль осін алдын ала тік
бағытқа келтіру үшін, дөңгелек деңгей (12) орнатылған және
оның үш түзетпе винттері бар.
Ең алдымен дүрбінің көздегіші (7) мен бекітпе (10)
арқылы бағыттап, одан кейін жетекші винт (11) көмегімен дәл
көзделеді. Дүрбідегі жіптер торының анық көруін қамтамасыз
ететін кремальера (3) бар.
Элевациондық винтпен деңгей үлбіреуігінің екі шеті
ұштастырылғаннан кейін, жіптер торының ортаңғысы арқылы
рейкадан есеп алынады (6-сурет). Есеп әрқашанда төрт
таңбалы сан болып келеді, яғни көрсетілген мысалда есеп 1150
мм-ге тең (7, в-сурет).
18

19.

SOKKIA С330 оптикалық нивелирі 8-сурет.
Сенімді магниттік демпферлік компенсатормен. Итеру және
дірілдеу кезінде визуалды осьтің тұрақты күйін қамтамасыз етеді.
SOKKIA c330 оптикалық нивелирі геодезиялық штативпен бірге (тегіс немесе
сфералық басымен) тегіс емес бетке де оңай орнатылады және көпіршікті
деңгей тез нөл пуктке келтіріледі. Горизонтальды бұрыштарды өлшеуге
арналған шеңбер (1° бөлу бағасымен). Қашықтық өлшегіш жіптер
бойынша қашықтықты өлшеу мүмкіндігі бар (қашықтықтың мәні
жоғары және төменгі қашықтық өлшегіш жіптер бойынша санақ
айырмашылығын 100-ге көбейту нәтижесінде алынады)
8-сурет- SOKKIA С330 оптикалық нивелирі
19

20.

3. Лазерлі және сандық нивелирлер
Лазерлі нивелирлер – лазер сәулесі арқылы горизонталь,
вертикаль немесе көлбеу жазықтықтарға бағыт беру үшін қажет.
Лазерлі нивелирлердің оптикалық нивелирлерге қарағандағы негізгі
ерекшелігі – құрылған жұмыс жазықтығын көру мүмкіндігі. Бұл
аспаптар геодезиялық құрылыста бөлу және монтаждау
жұмыстарын, әр түрлі жабдықтарды тексереді. Олардың
бағыттарын белгілеуге, бағыт беруде, қабырғаларды тұрғызуда,
аспалы төбелерді, едендерді тегістеуде, плиталарды салуда,
ландшафтық жұмыстарды автоматтандыруда, т. б. көптеген
жұмыстарда кеңінен қолданылады.
20

21.

9-сурет. Лазерлі нивелирлер: а)-кіші-лимка; ә)-зенит
лимка; бв)-горизонт 1Л/К1
21

22.

Кіші-лимка – шағын лазерлі нивелир, горизонталь
жазықтықтарды құру үшін қажет. Аспапты кез келген жерге
немесе конструкциялардың бір элементтеріне бекітіп қойып,
жұмыс істей беруге болады. Вертикаль жазықтықтарды құру
үшін 90° бұратын пентапризма қолданылады. Аспап жинағына
нивелир, бұратын пентапризма, АА типті 2 батарея, көздеуіш,
шпилька, паспорт, қапшық кіреді.
Зенит лимка – вертикаль сәуле мен горизонталь
жазықтықты құруға қажет қарапайым зениттік аспап. Сәулені
вертикаль бағытқа келтіру үшін екі элевациялық бұрандалар
және екі цилиндрлік деңгейлеуішпен жабдықталған. Ол
горизонталь жазықтықты құру үшін 90°-қа бұратын
пентапризмасы бар. Стандартты жинаққа: аспаптың өзі,
бұратын пентапризма, АА типті 2 батарейка, көздегіш, құжаты,
қабы кіреді.
22

23.

Горизонт 1Л/К1 лимка – жазықтықты құрудың ең
қарапайым конструкциялы нивелирі. Биіктіктерді жобадан
жерге көшіру және ғимарат ішіндегі бөлуді жүргізу үшін
горизонталь лазерлі сәуле құрады. Пентапризмалы
саптаманы қолдану арқылы вертикаль жазықтықта да жұмыс
істеуге болады. Аспапты жұмыс бабына келтіру,
компенсатор (Горизонт-Лимка) немесе лимка-горизонт
моделіне цилиндрлік деңгей арқылы жүргізіледі. Стандартты
жиынтыққа: аспаптың өзі, көздегіш, АА тәрізді 2 батарейка,
құжат, қапшық кіреді.
23

24.

Dini 12/12t/22 сандық нивелирі
Сандық нивелирлер – қазіргі заманғы көптеген жұмысты
атқаратын геодезиялық аспап. Ол дәлдігі жоғары оптикалық
нивелирден, мәліметті сақтап қоятын электронды құрылғыдан
және алынған нәтижелерді өңдейтін есептеу программасымен
қамтамасыз етілген жабдықтан тұрады. Басқа нивелирлерге
қарағанда сандық нивелирлердің басты айырмашылығы – ішінде
орналасқан электронды құрылғы. Электронды құрылғы арқылы
арнайы рейкадан өте жоғары дәлдікпен санақ алуға болады.
Сандық нивелирлерді қолданғанда уақыт үнемделіп, өлшеу
процесі жылдамдатылады. Өлшеу үшін аспапты рейкаға көздеп,
бейнені айқындап, санақ алу пернесін басса жеткілікті. Аспап
өлшеулерді өзі автоматты түрде жүргізеді, алынған нәтижелер
мен рейкаға дейінгі ара қашықтықты цифрлы түрде көрсетеді.
DіNі
электронды
нивелирлеріндегі
алдыңғы
қатарлы
технологиялар мен қолайлы интерфейсы, жұмыстың сапасы мен
өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады.
24

25.

10-сурет. DiNi 22 нивелирі: 1-айқындаушы бұранда; 2тұтқасы; 3- деңгейлеуіш; 4- клавиатурасы; 5горизонталь
бағытта
бұрайтын
бұранда;
6батареясы; 7- жады; 8- штрих кодты рейка
25

26.

DiNi 12 және DiNi 12T электронды нивелирлері – өзара
биіктік пен ара қашықтықтарды дәл өлшеудің ең жақсы
құралы. DiNi 12T нивелирінің DiNi 12-ден айырмашылығы,
онда бұрыш өлшеуге қажет горизонталь лимбаның
орнатылғандығы. DiNi 12 және DiNi 12T аспаптары,
нивелирлік жүрістерді есептеуге және теңестіруге мүмкіндік
береді. Сандық DiNi 22 нивелирі дәлдігі төмендеу
жұмыстарды жүргізгенде қолдануға лайықталған. Өзара
биіктікті анықтаудың 1 км қос жүрістегі орташа квадраттық
қателігі ± 0,3 мм, дүрбінің үлкейтуі Г=32х есе.
Ішкі есепетеу программалық жабдығында, биіктіктерді
нивелир жүрістерінің орнын жобадан жерге көшіру, жүрісті
теңестіру бар. Ал DiNi12T аспабында, нүктелердің
координаталарын анықтайтын электронды тахеометрдің
режімі бар.
26

27.

4. Техникалық нивелирлеу
Топографиялық жұмыстар жүргізу кезінде түсіру пункттерінің
биіктіктері техникалық нивелирлеу арқылы анықталады.
Техникалық нивелирлеу сондай-ақ, инженерлік құрылыстарды,
теміржолдар мен тас жолдарды жобалау, құру және профиль
сызудан тұрады.
Трассаны белгілеу түсірілетін жерді алдын ала байқап,
келешекте салынатын құрылыстың осін белгілеп, пикеттерді және
құрылыс нүктелерін бекіту. Трассаның осі бойынша әр 100 м сайын
пикеттер мен плюстік ерекше нүктелер бекітіледі. Пикеттік
нүктелердің нөлден бастап неше жүз метр жүргізілгенін көрсетеді.
Плюстік нүктелер жердің ойлы-қырлы жерлерін белгілеуге керек,
олардың тұрған жерін анықтау үшін алдыңғы пикеттің плюстік
нүктеге дейінгі қашықтығы өлшенеді (11, а-сурет).
27

28.

Трассаны белгілеумен қатар, трасса осіне перпендикуляр бағытта
түсірілетін нүктелерде бекітіледі. Мұндай түсірулерді кесе көлденең
нивелирлеу деп атайды. Көлденең профильдердің ұзындығы 20-25 м-ге дейін
жетеді (11-сурет).
11-сурет- Техникалық нивелирлеу
28

29.

Трассаны белгілеу кезінде пикеттің журналы жасалып, оған
бекітілген барлық нүктелер салынып, жер ерекшеліктерінің схемасы
жасалынады (12-сурет).
12-сурет- Пикеттік журнал
29

30.

Трассаның қисық сызықпен кездесетін нүктесін қисықтық
басы, аяғын қисықтық аяғы ҚА, ортасын қисықтық ортасы ҚО
деп белгілейді (13-сурет). Бұл үш нүкте қисықтың негізгі нүктелері
болып есептеледі де, олар трассаның бұрылу бұрышы φ, қисықтық
радиусі R, жанасу сызығы Т, қисық доғаның ұзындығы К,
биссектриса Б және қалдық Д арқылы анықталады.
Трассаның бұрылу бұрышы φ тікелей өлшенеді, қисықтық
радиусі техникалық нормалар бойынша алынады, ал қисықтық
қалған элементтері мына формулалар бойынша
T Rtg / 2
K
R
180
D 2T K;
13-сурет – Қисықты негізгі нүктелерде бөлу
30

31.

Нивелирлеу бір бағытта орындалады. Рейкалар бойынша
есептеулер тек қана ортаңғы жіптен алынады. Әдеттегі екі жақты
рейкаларды қолданғанда станциядағы жұмыс атқару реті
төмендегідей болады:
1) артқы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу;
2) алдыңғы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер
алу.
3) аралық нүктелердегі рейканың тек қара жағынан есеп алу.
Станциядағы салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы екі
немесе біржақты рейкаларды қолданғанда 10мм-ден аспауы тиіс.
Жүрістердегі қателік fn= 50 L мм-ден аспауы керек,
мұндағы L-жүрістің км-лік ұзындығы.
Немесе
f шекті 10 мм n
n - нивелирлік жүрістегі станциялар саны.
31

32.

СӨЖ тақырыбы:
1. Геометриялық нивелирлеу
2. Н-3 нивелирінің құрылысы
3. Нивелирдің біліктері
4. Нивелирдің тексермелері
Тақырыб
бойынша
тест
сұрақтары:
1. Техникалық нивелирлеу жүрістегі рұқсат етілетін биіктік
үйлеспеушілікті
А)fhрұқ=25мм L
В)fhрұқ=10мм n
С)fhрұқ=10мм L
D)fhрұқ=20мм L
Е)fhрұқ=20мм n
анықтау
дұрыс
формуланы
көрсетіңіз:
32

33.

2. Бiр нүктенің екiншi бiр нүктенiң деңгейлiк бетiнен
бiршама қашықтығының айырмасы:
А) абсолют биіктік Н;
В) шартты биіктік Н/;
С) салыстырмалы бuiктiк (h);
D) ақиқат биіктік;
Е) жобалық биіктік.
3 А нүктесінің абсолютті биіктігі НА = 653,500 м. А
нүктесінен В нүтесінің өсімшесі hАВ = +10.000 м. В
нүктесінің биіктік белгісін тап.
A) 663.500 м
B) 660.500 м
C) 665.800 м
D) 664.600м
E) 661.200 м
33

34.

4 А нүктесінің абсолютті биіктігі НА = 456.500 м. А нүктесінен В
нүтесінің өсімшесі hАВ = - 10.400 м. В нүктесінің биіктік белгісін
тап.
A) 446.100 м
B) 440.500 м
C) 455.800 м
D) 454.600 м
E) 411.200 м
5 Қазақстан Республикасында биіктік белгісін қандай
теңізден есептейді?
A) Балтық теңізі
B) Каспий теңізі
C) Арал теңізі
D) Қара теңізі
E) Охот теңізі
34

35.

Назарларыңызға рахмет!
35
English     Русский Правила