Похожие презентации:
Мұхтар Әуезов «Көксерек»
1.
Ақпанның жиырма екісі, сәрсенбіСынып жұмысы
Мұхтар Әуезов
«Көксерек»
2.
Оқу мақсаты:8.1.4.1 ОРТА КӨЛЕМДІ ПРОЗАЛЫҚ, ДРАМАЛЫҚ ЖӘНЕ
ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДАН ҮЗІНДІ ТЫҢДАУ, ТАҚЫРЫБЫ
МЕН ИДЕЯСЫН ТАЛДАУ;
3.
«Стоп-кадр» әдісі4.
Өткен тақырыпты пысықтаусұрақтарына жауап беріңіздер.
Мұхтар Әуезов кім?
Мұхтар Әуезовтың қандай шығармаларын білесіздер?
5.
Жаңа сөздерЖота-хребет
Жортты-бек рысью
Шапшиды-набросился
Төменде-ниже
Төну-приближаться
6.
Сұрақтарға жауап беріңіздер.Қалай ойлайсыздар,
қасқыр қолға үйрене ме?
Оқиға қалай аяқталуы
мүмкін?
Көксерек орала ма?
Табиғатқа қиянат келтіріп,
оның тыныштығын бұзуға
болады ма?
7.
Мәтінмен жұмыс«Көксерек» — адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін
шығарма. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған.
Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы
сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту
арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма.
Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам
мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың
өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін
енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын
бостандықты сағынады. Ауыл тұрғындары Көксеректі жақтамайтұғын.
8.
Құрмаштың нағашысы қасқырды, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісінауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың бөлтірігін
ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға
шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті
талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай
Көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралмайды. Ол бір ұрғашы
қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7
аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір
жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл
адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой
бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл
жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа
Көксерек шабады. Ол көксеректі оның бір құлағының астындағы еннен таниды.
"Көксерек" деп шақырады.
9.
Ауылда бір аңшы бір төбет итті асырайды. Ол ит қасқыр алатын ит екенін ауыладамдары мойындайды. Ол бір қасқыр ұстайды. Өзі көкжалдай болады. Ол Көксеректі
іздеуге бірнеше адам болып шығады. Жаңағы тайыншадай итті бірге алып шығады.
Олар Көксеректі бір сайдың жотасынан кездестіреді. Сол мезетте үлкен төбет
көксерекке арыстандай атылып, жолбарыстай бақырып тұра ұмтылады. Екеуі біраз
арпалысады. Екеуінің күші тепе-тең болады. Екеуі бір-бірімен тістесіп, екеуінін
ауыздары қарысып қалады. Сол кезде ит иесі мен ауыл тұрғыны келіп Көксеректі
бауыздап жібереді. Төбет ит сол кезде зорға демалады. Олар ауылға Құрмаштың
апасына Көксеректі алып келеді. Сол кезде апасы "Менің баламның жазығы не?" деп
айтады. Апасы қайғыдан құса болады .
10.
Жазылым6-тапсырма.
Әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасаңыздар.
1 .Оқиғаның басталуы:
2. Дамуы:
3.Шиеленісуі:
4. Шарықтау шегі:
5. Шешімі:
11.
Айтылым8-тапсырма. Көксеректің әрекетін ретімен айтыңыздар.
1. Құрмаш Көксерекке қалай жолықты?
2. Әңгіме аяқталғанда қандай сезімде болдыңыздар?
3. Қандай ой туды?
12.
Сабақты қорытындылау«Әңгіме кестесін»
Әңгіменің
аты
Авторы
Кейіпкерлері
Немен
аяқталды?
Не үйретті?