Похожие презентации:
Әлеуметтену және бірегейлік
1.
Әлеуметтену және бірегейлік2.
ТұлғаИндивид
Мәртебе
Бірегейлік
3.
Тұлға - әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болыпсаналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам»,
«индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық
айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының
жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін
сипаттайтын жалпылама ұғым.
4.
Индивид«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана
тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал,
«тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары
тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде
қалыптасқан адамдардың мәні. Тұлға ұғымы жеке адамның даму нәтижесін, адамның бүкіл
сапаларының толық жүзеге асуын білдіреді. Тұлғаның дүниеге көзқарас, әлеуметтік
құндылықтар, идеялары негізінде іс-әрекетке дайындығын көрсететін мінез-құлық
принциптері- өмірлік ұстаным бағыты. Тұлға әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды сипаттайды.
Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға
дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді
жақтарын сипаттайтын сапасы.
5.
Мәртебе• Қоғамның негізгі іргетасы - мәртебе. Ол - адамның басқа топ мүшелеріне қатысты
қоғамнан алатын орны. Мәртебе «қол жеткізген» және «туабітті» болып екі санатқа
бөлінеді. Қол жеткізген мәртебе - адамның ғұмырында қол жеткізе алатын қоғамдағы
орны
6.
Бірегейлік• Бірегейлік – [лат. identificare – ұқсастыру, барабарландыру] – біреудің бір нәрсемен барабар
келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты.
• Психологияда бірегейлік – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі.
Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде бірегейлік мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып
қарастырылады
1. Жеке тұлғаның өзін дене бітімі, зияткерлік қабілеті,
өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы
2. Жеке тұлғаның өзін әртүрлі әлеуметтік
топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық,
демографиялық, діни, саяси, кәсіби, аймақтық және т.б.)
жатқызуы.
7.
• Маймылды енесінен айырып, оқшау өсіруКлассикалық тәжірибелер сериясы
бойынша психолог Гарри Харлоу мен
оның серіктестері маймылдарды толық
оқшаулап өсіргенде не болатынын
зерттеген.
Бұл тәжірибелер нәтижесінде тіпті туа
біткен мінез-құлықты да өзара әрекетке
түсу арқылы дамыту керек деген
болжам жасалған.
8.
• Әке болу - қол жеткізген мәртебе; сотталу да сондай.• Туабітті мәртебе - туғаннан немесе мұрагерлікпен берілген, өзгермейтін деп танылған мәртебе.
• Әлеуметтанушылар жыныс пен нәсілді туабітті мәртебе деп қарастырады.
• Әр адам бір мезгілде сан мәртебенің иесі болады.
• Сіз біреудің қызы немесе ұлы, спортшы, христиан, даяшы және тағы басқа болуыңыз мүмкін.
• Мәртебелердің осындай қосындысы мәртебелер жиынтығы деп аталады.
9.
Әлеуметтанушылар әдетте қоғамның мәртебелік құрылымын төрт мәселеге қатыстыталдайды:
• қоғамда бар мәртебелердің
жиынтығы мен түрлері;
саны.
Мәртебелер
• осы мәртебелердің адамдар арасында таралуы;
• түрлі адамның барлық мәртебелерінің мәртебелерге
ие болудың салдары, ресурстары және мүмкіндіктері
қосындысы.
• белгілі бір қоғамдағы мәртебелердің ықтимал
комбинациясы