7.19M
Категория: ИсторияИстория

Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті. 5-дәріс

1.

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ
ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
ПӘН АТАУЫ:
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану,
психология) »
5-дәріс. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті
Мухитов Орынбасар Максатович
саясаттану ғылымдарының магистрі

2.

Қ А РАС Т Ы Р Ы Л АТ Ы Н СҰРАҚТАР :
1.Қазақ мәдениетінің бастаулары.
2.Көшпенділер өркениеті.
3.Көшпенділердің жол серігі.

3.

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ БАСТАУЛАРЫ ТҮРКІ
МӘДЕНИЕТІНІҢ ЖАЛҒАСЫ.

4.

1.Қазақ
1.ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ
БАСТАУЛАРЫ.
мәдениетінің бастаулары.
Әлемдік
мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ
мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан
Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі
жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық
суперөркениеттің
солтүстік
шығыс
жағын
мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы
мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік
тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл
мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны
кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып,
кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін
айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы
дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады.
Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды
номадалық
(көшпелілік)
өркениет
ерекшеліктерінен бастайық.

5.

2.Көшпенділер өркениеті. Әрбір ұлттық мәдениет бос
кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді.
Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи
ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды
қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс»
ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының
кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға
болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер
егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық
белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни
қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен
төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың
қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде
болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық
жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас
еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың
арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет
олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін
дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде
экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап
деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.
2.КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІ.

6.

7.

Табиғат аясындағы мәдениетті қатыпсеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін
пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі.
Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз
қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады.
Шексіз далада бір орында тоқталып қалу
көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол
мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға
бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды.
Әрине
бұл
қозғалыс
негізінен
қайталанбалы, тұрақты сипатта болады.
Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге
емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне
айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат
құбылыстарына тәуелді болып қалады.

8.

Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына
тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының
ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру
арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады. К.Ясперстің
пікірі бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер суару жүйелерін
жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар
жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды. ([2]. — М.,
1991. — С. 71, 72). Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл
әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің
сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу көптеген жағдайда
зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн.
Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа
қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам шумерліктердің
Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үнді-герман тайпаларының
оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік тайпаларының
Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен Үндіге
көшпенді түрік-моңғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Белгілі
ғұлама М.Вебердің пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті игеруі
«халықтардың Ұлы қоныс аударуы» атты құбылысты әкелді. Бұл қазіргі
өркениетгердің қалыптасуына үлкен себебін тигізді. Осы айтылғандардан
адамзат тарихында жылқыны пайдалана білудің маңызы зор болғандығын
көреміз.
3.КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ЖОЛ СЕРІГІ.

9.

К Ө Ш П Е Н Д І Л Е РД І Ң Ж ОЛ С Е Р І Г І
Енді қарастырып отырған өркениеттің
кеңістікті игеру құралдарына тоқталып өтейік.
Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі
жылқының ерекше бір қызметіне назар
аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру
арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде
үлкен қадам жасады. К.Ясперстің пікірі
бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер
суару
жүйелерін
жасаумен,
жазудың
ашылуымен, этностардың пайда болуымен
қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін
өте маңызды болды.

10.

Музыка тарихына шолу
• Қобыз
• Даңғыра
• Домбыра
• Сыбызғы
Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте
тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген
адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған
адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі
ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалы даңғыра, қурайдан
жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра
іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы
"адырнасын ала өгіздей мөңіреткен" деп келетін жыр
жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіптартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық
Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін
бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптың көне түрі болуы
мүмкін.
Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған қала деп аталатын
дөңгелек бекіністен домбыра сияқты екі ішекті аспапта
ойнап
отырған
адамдардың
бейнесі
табылған.
Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі.
Академик
В.В.Виноградовтың
пікірінше,
қазақтың
домбырасы мен қырғыздың қобызы сиякты аспап кем
дегенде бүдан екі мың жыл бүрын пайда болған, қазақтың
қобызы осы күнгі виолончель, скрипкалардың арғы атасы.

11.

1. Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін
Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің
мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті
ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық
басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография,
археология, педагогика, антропология, философия, дінтану,
семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды
қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени
процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді.
Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге
ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта
бастады.
Мәдениеттану саласында қазақ халқының сақ (скиф)
мәдениетімен сабақтастығын зерттеуде ауыз әдебиеті мен
этнографияның маңызы зор. Кеңестік кезеңде этнография,
ауыз әдебиеті салаларындағы ұлттық маңыздылығы бар
тақырыптарға шектеу жасалып, тарихтан аластатылды.

12.

Мәдениеттанумен
барлық
ғылым
салалары
айналысады. Олар: философия, дінтану, тарих, этнография,
педагогика, антропология, этнопсихология, әлеуметтану,
саясаттану т.б. Бұл ғылым салалары қоғамда болып жатқан
процестерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ал мәдениеттану
тарихи кезеңдер мен өркениеттерді талдап, оның
қоғамдағы рөлін көрсету басты белгісі болып табылады.
Сондықтан көшпенділердің ділін, дінін, этнографиясын
және салт-дәстүрін философия ғылымының ғана
заңдылықтарына сай зерттеу тақырып аясын тарылтады.
Көшпенділердің б.з.б. өркениетті мемлекет болып өмір
сүргенін дәлелдеу үшін энциклопедиялық әр ғылымның
деректемелері қажет. Бүгінгі күні мәдениет ұғымын
анықтайтын екі жүздей ғылыми дефиниций бар. Олардың
бәрін төрт топқа бөліп талдауға болады. Қоғамдағы
адамдардың
материалдық
рухани
және
шығармашылықтары семантикалық шеңбер құрып —
мәдениет деген ұғымның жалпы мағынасын береді.

13.

Көшпенділердің мәдениеті мен тарихын
сараптауда көне артефактілердің маңызы зор.
Таулы Алтайдағы Қатан өзенінің бойындағы
қорғандардан қазба жұмыстары кезінде В.В.
Радлов 1865 жылы көптеген құнды дүниелер
тапты. Алтайдағы үлкен Улаған өзен
өңіріндегі Пазырық шатқалында сақ (скиф)
кезеңдерінен қалған әртүрлі көлемдегі бес
обаны 1929 жылы М.П. Грязнов, ал 1947- 49
жылдары С.И. Руденко археологиялық қазба
жұмыстарын жүргізген.
Ежелгі көшпенділердің дүниетанымы,
рухани дүниесі мен алғашқы дінінің пайда
болуы артефактілер арқылы анықталды.

14.

Жоғарыда айтылған ғалымдардың еңбектерінде ежелгі
көшпенділердің салт-дәстүрі, тілі, ділі туралы мағлұматтар
жоқтың қасы. Көшпенділердің антика дәуірінен б.з.б.
кезеңдермен байланысы жоқ, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін әр
дәуірдің мәдениеті өз алдына жеке қарастырылған.
Көшпенділерді (б.з.б VIII — ІV ғғ.) зерттеген ғалымдар иран,
парсы, грек деректеріне сүйеніп, сақтардың (скиф) қолөнері,
бейнелеу өнері мен кескіндеме мәнері антика өркениетті
мемлекеттердің «ықпал әсері немесе көшірмесі» деген пікірлер
қалыптастырды.
Скифологтардың арасында ондай пікірлердің қалыптасуына
империялық идеология ықпал етті. Ресей ғалымдарының
біржақты зерттеулерінің салдарынан көшпенділердің мәдениеті
мен тарихы тұтас жазылған жоқ.
Ежелгі суперэтникалық тайпалар мен қазақтардың мәденитарихи сабақтастығын толық қанды объективті зерттелуіне,
кеңестік идеология кедергі болды. Археология, этнография,
антропология мәселелеріне ресейлік, европалық ғалымдар ғана
арнайы тапсырмалармен зерттеулер жүргізді. Бұл тақырып қазақ
ғалымдарына «жабық» тақырып болды.

15.

Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан бері
жоғын түгендеуге мүмкіндік алды десек болады. Кезінде
айтылмаған тұжырымдар мен зерттеуге шектеу қойылған
тақырыптарды ғылыми тұрғыдан қайта қарауға мүмкіндік
туды.
«варварлар» мәдениетінен өркениеттілікке жақындату
үшін еліміздің археологтары да аз жаңалық ашқан жоқ.
Елімізге белгілі археологы -К.Байпақов:«Қола дәуірінде
алғашқы көшпенділердің мәдениеті қалыптаса бастаған.
Ерте темір дәуірінде өмір сүрген сақтардың (скиф)
мемлекеттік құрылысы болғанын, сол сияқты көрші
елдермен экономикалық мәдени және саяси қарым-қатынас
жасап, қалалар салған»-дейді. Бірақ бұл тайпаларды әлі де
ғалымдар бөлек халық ретінде қарастырады. Сондықтан
зерттеудің басты мақсаты б.з.б. VIII-ІV ғғ. Орта Азиядан
бастап Қара теңіз жағалауына дейін өмір сүрген сақтар
(скиф) мен қазақтардың генетикалық сабақтастығын
Евразия
аймағында
өмір
қарастырып,
сүрген
көшпенділердің
қазақ
хандығы
орнағанға
дейінгі
аралықтағы мәдениетін тұтас көрсету.

16.

«Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени
типі. Ерте заманда еуразиялық және афроазиялық аридтік
аймақта жайылымдық мал шаруашылығын жетілдіру негізінде
қалыптасты. Еуразиялық ұлы даланың ежелгі көшпелілеріне
сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, т.б. жатса, түркі-моңғолдық
кезеңде бұл мәдени тип әлемдік үдерістерге өзінің терең әсерін
тигізеді…
Көшпелі мал шаруашылығы жүйесі шыңдалған тұрмыстық
ерекшеліктері бар, ретке келтірілген және едәуір дамытылған
шаруашылық типін білдірді. Еуразия даласын мекендеген
көшпелі халықтардың негізгі өндірістік құралына айналған мал
шаруашылығы тамақ өнімдерін беріп қана қоймай, айырбас
үшін де пайдаланылды. Көшпелілік көшпелілердің мал жаюдың
тәсілдерін жетілдіре отырып, күнделікті тұтынатын тұрмыстық
заттар мен құралдардан бастап моральдық-этикалық танымтүсініктеріне дейін шыңдаумен болды… Қазақ мәденнетінің
негізгі архетипі саналатын Көшпеліліктегі маңызды мәселенің
бірі — ондағы әлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу
ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы.

17.

Еуразиядағы нарықтық коғамда зат иелену мен
азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса,
көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса
құнды болып ееептелінді. «Ата қоныс» ұғымы
көшпелілер үшін қасиетті, өз жерінің тұтастығының
кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол
сұғуға
болмайтындығын
мойындау
болды.
Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып
түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың
колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет
пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген.
«Құрғақ даланы, — дейді ағылшын тарихшысы,
социолог А. Дж. Тойнби (1889-1975), — тек бақташы
ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп,
табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай
жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік
және парасаттылық қасиеттерді калыптастырады.»

18.

Енді қарастырып отырған өркениеттің
кеңістікті игеру құралдарына тоқталып өтейік.
Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі
жылқының ерекше бір қызметіне назар аударған
жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы
адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам
жасады.
К.Ясперстің пікірі бойынша, тағылықтан
өркениетке өтуде жер суару жүйелерін
жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың
пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу
адамзат үшін өте маңызды болды. Жылқыны
пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл
әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл
әртүрлі
мәдениеттердің
сұхбаттасуына
мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу
көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы
жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн.

19.

20.

Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен
оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай (немесе
керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам
шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық
Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының
оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға
енгенін, түрік тайпаларының Кіші Азияны
жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен
Үндіге көшпенді түрік-моңғол тайпалары ылғи
қысым жасап отырған. Белгілі ғұлама А.Вебердің
пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті
игеруі «халықтардың Ұлы қоныс аударуы» атты
құбылысты әкелді. Бұл қазіргі өркениетгердің
қалыптасуына үлкен себебін тигізді. Осы
айтылғандардан адамзат тарихында жылқыны
пайдалана білудің маңызы зор болғандығын
көреміз.

21.

Көшпелілердің
сан
ғасырларға
созылған
тарихи-әлеуметтік
дамуы
барысында материалдық және рухани
игіліктер жинакталып, көшпенділердің
болмыс-бітімінің, рухани өрісінің кеңдігін,
өмірлік арман-тілектері мен дүниеге
талғам-түсініктерін
ашып
бейнеледі.
дәйектер
Ғылыми
негізделген
көшпенділіктің адамзат тарихында елеулі
рөл атқарғандығын дәледейді. Қазіргі
уақытта
көшпеліліктің
отырыкшы
өркениет елдерінің шаруашылығынан,
мемлекеттік атрибуттары мен қоғамдық
билік жүйесінен, мәдени бітімінен ешбір
кем емес екендігі дәлелденіп отыр.

22.

23.

Бақылау сұрақтары:
1. Көшпелілер мәдениетін түсіндіріңіз.
2. Түркілердің мәдени мұрасын зерделеңіз
3. Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары
негізінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы жайлы түсіндіріңіз.
English     Русский Правила