96.86K
Категория: ЭкологияЭкология

Ремидиация бағларламасы

1.

Ремидиация
бағларламасы
Дайындаған: Сайлауов Айдос Ю21/5
Сұлтан Әділет Ю21/5

2.

Осы Ремедиациялау бағдарламасын әзірлеу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік
ұсынымдар) Қазақстан Республикасы Экологиялық
кодексінің 139-бабына сәйкес әзірленді және
экологиялық нұқсанның сипатына, сондай-ақ
экологиялық залал келтірілген табиғи ортаның
құрамдасына қарай ремедиациялау жөніндегі ісшаралардың мазмұнын, мерзімдерін, оларды
айқындау тәртібін айқындайды.

3.

Ремедиация дегеніміз не?
Ремедиация – экологиялық залал келтірілген табиғи ортаның құрамдасын
қалпына келтіру, өсімін молайту арқылы немесе, егер экологиялық залал
толық немесе ішінара орны толтырылмайтын болса – табиғи ортаның
осындай құрамдасын алмастыру арқылы экологиялық залалды жою
жөніндегі іс-шаралар кешені;

4.

Ремедиациялау мақсаты?
Ремедиациялау мақсаты – барлық қойылған міндеттерді орындауды және
экологиялық залал келтірілген объектіні, сондай-ақ жақын маңдағы зардап
шеккен аумақтарды қолайлы қоршаған ортамен үйлесімді, барынша
жеткілікті экожүйеге қайтаруды көздейтін ремедиациялау процесі
бағытталған түпкілікті нәтиже;

5.

Ремедиация міндеттері
Ремедиация міндеттері – экологиялық залалды жою өлшемшарттарын
әзірлеуге және қоршаған ортаның құрамдастарын қалпына келтіруге ықпал
ететін, таңдап алынған іс-шаралардың нәтижелерін нақты сипаттайтын
ерекше шешімдер;

6.

Ремедиациялау өлшемшарттары – ремедиациялау
бойынша таңдалған іс-шаралар ремедиациялаудың
қойылған міндеттеріне қаншалықты қол жеткізетінін
өлшейтін көрсеткіштер;

7.

Ремедиация түрлері:
Тікелей ремедиация – экологиялық
залал келтірілген табиғи ортаның
құрамдастарын қалпына келтіру
жөніндегі іс-шараларды жүзеге
асыру не оларды базалық жайкүйге дейін табиғи қалпына келтіру
үшін жағдайлар жасау.
Баламалы ремедиация – тікелей
ремедиациялау мақсаттарына
толық қол жеткізу объективті
мүмкін болмаған жағдайда қосымша
табиғат қорғау/қалпына келтіру ісшараларын жүргізуді көздейтін
ремедиация. Баламалы
ремедиациялау табиғи ортаның
ұқсас құрамдастарын қалпына
келтіру үшін жағдай жасау немесе
экологиялық залал келтірілген
жерге мүмкіндігінше жақын
орналасқан аумақта өзге де табиғат
қорғау іс-шараларын орындау
мақсатында жүргізіледі.

8.

Өтемдік ремедиация – экологиялық залал келтірілген
табиғи ортаның құрамдастары орналасқан аумақты не
экологиялық залал келтірілген кезден бастап табиғи
ортаның құрамдастары толық қалпына келтірілгенге
дейін туындаған аралық теріс әсерді өтеу мақсатында
мүмкіндігінше осындай аумаққа жақын орналасқан
аумақты жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру
арқылы тікелей және баламалы ремедиациялау
жөнінде шаралар қабылдауға қарамастан жүргізіледі.

9.

Ремедиация бағдарламасы бұрын жүргізілген қажетті зерттеулерге сүйенуі
тиіс. Қоршаған орта құрамдастарының көлемін, сипатын және басқа да
сипаттамаларын анықтау жөніндегі зерттеулер ремедиациялау
бағдарламасын әзірлегенге дейін жүзеге асырылады.
Зерттеудің мақсаты ремедиация бойынша іс-шараларға қатысты белгісіз
мәселелерді шешу және экологиялық залал шеккен қоршаған орта
құрамдастарының базалық деңгейін анықтау болып табылады.

10.

11.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Правила