Похожие презентации:
Қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты. Пайдалану рационалдығының негізгі принциптері
1.
Қазақстан – Ресей Медициналық УниверситетіПрофилактикалық медицина курсы
“Экология”пәні
Лектор. Рыскулова А.Р.
Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты
пайдалану рационалдығының негізгі принциптері
2.
• Халықаралық табиғат қорғау қозғалысының қазіргі заманғыкезеңі ХХ ғасырдың соңғы 70 жылдарынан басталды, бұл
кезеңде әлеуметтік-экологиялық проблемаларды шешу
мәселесіне жер бетіндегі барлық алдыңғы қатарлы
мемлекеттер қатысуда. Осы процестің басы 1972 ж. 5 июньде
Стокгольмде
(Швеция) өткен қоршаған ортаның
проблемалары жөніндегі БҰҰ Конференциясы болды. Осы күн
бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні болып
жарияланды. Конференция қоршаған ортаны қорғау
саласындағы атқарылатын іс-шаралардың жоспарын бекітіп,
оған 100 аса нақты ұсыныстар енгізілді және осы ісшараларды жүзеге асыруға басшылық жасайтын арнаулы
ұйым –ЮНЕП (UNEP- United Nations Environmental Program –
Программа ООН по окружающей среде) 1972 жылы құрылып,
бұл ұйым БҰҰ негізгі ұйымдарының бірі болып табылады.
Экономикалық және Әлеуметтік кеңестері арқылы ЮНЕП
жыл сайын өзінің атқарған жұмыстары жайында БҰҰ Бас
Ассамблеясына баяндама жасап отырады.
3.
• ЮНЕП бағдарламасы үш түрлі функционалдық бағыттатабиғатты қорғау саласындағы іс-шараларды жоспарлап,
ұйымдастыруды жүзеге асырады:
• 1. қоршаған ортаның жағдайын бағалау – бақылаудың
глобальды жүйесі;
• 2. қоршаған ортаны басқару;
• 3. қосымша іс-шаралар (экология және қоршаған ортаны
қорғау саласындағы білім беру мен мамандар дайындау).
• ЮНЕП сол сияқты қоршаған орта компоненттерін
қорғау, пайдалану және қалпына келтіру бағытында
басқа да халықаралық ұйымдардың атқаратын
жұмыстарын басқарушы ұйым болып табылады.
4.
• ЮНЕСКО – (ағыл. UNESCO – United Nations Educational,Scientific and Cultural Organisation – Білім беру, ғылым және
мәдениет саласындағы БҰҰ )
1946 жылы құрылып,
мемлекеттер арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет
салаларында
бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жолында жұмыстар атқаруда. Бұл ұйымның
қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі – 1970 жылы
қабылданған “Адам және биосфера” ғылыми бағдарламасы
болып табылады.
• ФАО (ағыл. FAO – Food and Agricultural Organization UN – БҰҰ
Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы) – 1945 жылы
құрылып, әлем халықтарының тіршілік жағдайларын жақсарту
жолында ауылшаруашылығын дамыту мен азық-түлік
ресурстары мәселелерімен айналысады.
• ВОЗ – Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы – 1946 жылы
құрылып, қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықтың
денсаулығын қорғау мәселелерімен айналысады.
5.
• ВМО – Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым – 1951жылы БҰҰ арнайы мекемесі ретінде құрылып, қоршаған
ортаның глобальды мониторингіне байланысты табиғат
қорғау функцияларын атқарады, олардың ішінде:
• қоршаған ортаны ластаушы заттардың жалпы таралуы;
• Жердің озон қабатына әсер ететін факторларды зертттеу.
• МОТ – Халықаралық еңбек ұйымы – БҰҰ арнайы
мекемесі, 1919 жылы Ұлттар Лигасы жанынан құрылып,
еңбек қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету және
биосфераның ластануын азайту жолында жұмыстар
атқарады.
• МАГАТЭ – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық
агенттік – 1957 жылы құрылған.
6.
• ХХ ғасырдың 90 - жылдарының соңында бүкіл әлемде кейбірмәліметтер бойынша табиғат қорғау және жалпы экологиялық
мәселелермен айналысатын үкіметтік емес халықаралық
экологиялық ұйымдардың саны 200-500 болды.
• Халықаралық табиғат қорғау одағы – МСОП – 1948 жылы
Францияда құрылды, бұл одақ Қызыл кітапты шығарудың
инициаторы болды.
• Бүкіләлемдік табиғат қорғау қоры – 1961 жылы құрылып,
қазір оның құрамында 27 ұлттық бөлімшелері және 5 млн
жеке мүшелері бар. Қордың негізгі қызметі табиғат қорғау ісшараларына қаржылай көмек көрсету болып табылады.
• Халықаралық заңгерлер ұйымы (МЮО) – 1968 жылы
құрылып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық
мәселелерді шешумен айналысады. Рим клубы – бұл
халықаралық үкіметтік емес ұйым биосфераның даму
перспективаларын зерттеу мен Адам мен Табиғат арасындағы
қатынастардың сәйкестігі қажеттігі жөніндегі идеяларды
таратуға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде
үлкен үлес қосты.
7.
• Халықаралық экологиялық сот (МЭС) - 1994 жылызаңгерлердің
ұсынысы
бойынша
Мехикодағы
конференцияда
бекітілді.
Оның
құрамында
24
мемлекеттен эколог-заңгерлер жұмыс істейді. ГРИНПИС
(Greenpeace – “Зеленый мир”) – тәуелсіз халықаралық
қоғамдық ұйым, 1971 жылы Канадада құрылған, негізгі
мақсаты қоршаған ортаның деградациясына жол бермеу
бағытында жұмыстар атқару, оның 1,5 млн аса мүшесі
бар, оның 1/3 бөлігі американдықтар, 32 елде
бөлімшелері бар.
• Бүкіләлемдік табиғат хартиясы (ВХП) 1982 ж. 28
октябрьде БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданды.
Стокгольм Деклорациясы сияқты Бүкіләлемдік табиғат
хартиясы да мемлекеттердің экологиялық саясатының
бұдан арғы кезеңде қалыптасуына себеп болған
халықаралық
қауымдастықтардың
экологиялық
жұмыстарының бағытын анықтаушы болды.
8.
• Хартияда төмендегідей негізгі принциптер атап өтілді:• 1. Адамзат өзінің табиғаттың бір бөлігі екенін түсінеді,
сондықтан табиғатты қорғап, оның негізгі прициптерін
бұзбауға тырысу керек;
• 2. Жер бетіндегі тіршіліктің генетикалық негізіне қауіп
төндіруге болмайды, кез келген тіршілік формасының
популяциясы қорғалуға тиіс, ол үшін қоршаған ортаны
қорғау керек;
• 3. Жердегі барлық аймақтар, құрлық та, су да белгілі
талаптарға сәйкес қорғалуы керек, кейбір теңдесі жоқ
аймақтар ерекше қорғауға алынуы керек;
• 4. Табиғи ресурстар талан- таражға салынбай, арнайы
принциптер негізінде тиімді түрде пайдалануы керек,
биологиялық ресурстар олардың табиғи жолмен қалпына
келу мүмкіндіктері шегінде ғана пайдалануы керек,
ресурстарды бірнеше қайтара пайдалану, яғни аз
қалдықты технологиялар бойынша пайдалану толық
жүзеге асырылуы керек.
9.
Экология саласындағы ҚР заңнамалық актілері
1. Табиғатты қорғау туралы (экологиялық) заңнамалар:
“Экологиялық кодекс” 09.01.2007;
ҚР Заңы “Ерекше қорғалатын аймақтар туралы”, 1997;
ҚР Заңы “Жануарлар дүниесін қорғау, молайту және
пайдалану туралы”, 1993;
2. Табиғи-ресурстық заңнамалық актілер:
Жер кодексі, 2003;
Су кодексі, 2003;
Орман кодексі, 2003;
“Атмосфералық ауаны қорғау” ҚР Заңы, 2002;
ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы “Мұнай туралы”,
1995;
ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы “Жер қойнауы
және оны пайдалану туралы”, 1996;
ҚР Заңы “ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс салу
туралы”, 2001.
10.
• ҚОӘБ орындау кезінде талаптары міндетті түрдеескерілетін басқа да заңнамалық актілер:
• ҚР Заңы “Халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық
жағдайы туралы”, 1994;
• ҚР Заңы “Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше
жағдайлар туралы” 1996;
• ҚР Президентінің
заң
күші
бар
Жарлығы
“Приватизациялау туралы”, 1995;
• ҚР заңы “Радиациялық қауіпсіздік туралы”, 1998;
• ҚР Заңы “Тарихи-мәдени құндылықтарды пайдалану
және қорғау туралы”, 1992;
• ҚР Заңы “Техникалық реттеу туралы”, 2004;
• ҚР Қылмыстық кодексі, 1997;
• ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексі,
2001.
11.
• Заң күші бар актілер.• Базалық нормативтік құқықтық заң күші бар актілер:
• “Қазақстан Республикасындағы қоршаған табиғи ортаның
сапалық нормативтерін
дайындау тәртібі туралы”
Қазақстан
Республикасы Министрлер
кабинетінің
Қаулысы 24.01.1992 ж. №70;
• “Заң күші бар актілерді одан ары жетілдіру жөніндегі
жұмыстар туралы” –Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 14.01.97. №64;
• Атмосфераны ластаушы
заттарды
нормалау туралы
нұсқаулық – РНД 211.2.02.01 –97;
• Қазақстан Республикасының су қоймаларын ластаушы
заттардың төгіндісін нормалау туралы нұсқаулық – РНД
211.2.03.01 –97;
• Қазақстан Республикасындағы өндіріс орындарының
атмосфераға бөлетін ластаушы заттарының шектеулі
мөлшерлі концентрациясы (ПДК) жобасының мазмұны
мен рәсімдеу жөніндегі ұсыныстар -РНД 211.2.02.-97;
12.
• Өнеркәсіп қалдықтарының түзілу және жою мен пайдаланукөлемін нормалау тәртібі – РНД 03.1.03.01-96;
• Өнеркәсіп қалдықтарының қоймаларындағы, сол сияқты ашық
аспан астындағы жинақталған өнімдер мен материалдардың
қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы әдістемелік нұсқау - РНД
03.3.04.01-95;
• Қалдықтарды нормативтерден тыс және рұқсатсыж жою әсерінен
болатын экологиялық шығындарды есептеуге арналған уақытша
әдістемелік нұсқау - РНД 03.4.05.01-96;
• Алдын ала жоспарлау, жоспарлау, алдынала жобалау және жобалық
құжаттарды дайындау кезінде шаруашылық және басқа да
қызмет түрлерінің қоршаған ортаға әсерін (ҚОӘБ) бағалауды
орындауға арналған нұсқаулық – РНД 03.02.2007;
• Қазақстан Республикасындағы алдына ала жобалау және жобалық
материалдарға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге
арналған нұсқаулық -РНД 03.02.1997;
• “Қоршаған ортаны ластауға берілетін рұқсат беру ережелері” –
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 06.09.2007 ж., №1154.
13.
• ҚР ратификациялаған халықаралықэкологиялық
конвенциялар мен хаттамалар:
1. Дүние
жүзілік
метеорологиялық
ұйымның
конвенциясы –ҚР Жоғарғы кеңесінің Қаулысы “ДМҰ
конвенциясына қосылу туралы” 18.12.1992 және Министрлер
кабинетінің Қаулысы “ДМҰ конвенциясына қосылу туралы”
13.04.1993;
2. Мұнаймен ластану әсерінен болған шығын үшін
азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенция –
ҚР Министрлер кабинетінің Қаулысы 04.03.1994;
3.
Теңіз тірі
организмдерінің
қауіпсіздігі туралы
конвенция – Қазақстан
Республикасы Министрлер
кабинетінің Қаулысы 04.03.1994;
• Биокөптүрлілік туралы конвенция - Қазақстан Республикасы
Министрлер кабинетінің Қаулысы №918, 19.08.94;
• Дүние жүзілік мәдени және табиғи құндылықтарды қорғау
туралы конвенция Қосылу және ратификациялау 29.07.1994;
• Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Рама конвенциясы – ҚР
Президентінің Жарлығы “Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ
Рама конвенциясын ратификациялау”;
14.
• Шөлейттенумен күрес жөніндегі БҰҰ конвенциясы –Сенаттың қаулысы 28.06.97. ҚР Заңы, 07.07.1997 ж, №149-13
РК;
• Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясы – ҚР
Заңы 30.10.1997 ж.;
• Озон қабатын бұзушы заттар жөніндегі Монреал хаттамасы ҚР Заңы 30.10.1997 ж.;
• Озон
қабатын
бұзушы заттар
жөніндегі Монреал
хаттамасына Лондондық түзету - ҚР Заңы 07.05.2001 ж.,
№191-11;
• Энергетикалық хартия келісім-шарты және энергетикалық
хартияның энергетикалық тиімділік және оған сәйкес
экологиялық аспектілері жөніндегі хаттама -ҚР Президентінің
Жарлығы –18.10.1995;
• Жойылу қаупіндегі жабайы флора мен фауна түрлерінің
халықаралық сауда жөніндегі СИТЕС конвенциясы - ҚР
Президентінің Жарлығы 06.04.1999;
• Қоршаған ортаға әсер етуші факторларды әскери немесе кез
келген дұшпандық мақсатта қолдануға тыйым салу туралы
конвенция – Үкімет қаулысы 20.02.1995;
15.
• Қоршаған ортаға қатысты мәселелер жөнінде шешімқабылдау және әділ үкім шығару процестерінде қоғамдық
қауымдастық мүшелерін қатыстыру мен бұл жөніндегі
мәліметтерді ашық жариялау туралы конвенция – ҚР Заңы
“Қосылу туралы” №92-11 23.10.2000;
• Трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау
туралы конвенция - ҚР Заңы “Қосылу туралы” №86-11
23.10.2000;
• Өндірістік апаттардың трансшекаралық әсері туралы
конвенция - ҚР Заңы “Қосылу туралы” №91-11 23.10.2000;
• Трансшекаралық су ағыстары мен халықаралық көлдерді
қорғау мен пайдалану жөніндегі конвенция - ҚР Заңы
“Қосылу туралы” №94-11 23.10.2000;
• Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Рама конвенциясының
Киота хаттамасы- ҚР Президентінің Жарлығы 12.05.1999 ж.;
• Тұрақты органикалық ластаушы заттар туралы Стокгольм
конвенциясы – Қр Үкіметінің қаулысы 18.05.2001 ж.;
• Ұзақ қашықтықтарда ауаның трансшекаралық ластануы
туралы конвенция - ҚР Заңы “Қосылу туралы” №89-11
23.10.2000;
16.
• Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдаумен жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы ҚР Заңы “Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдау мен жоюды бақылау туралы Базель
конвенциясына ҚР қосылуы туралы” 15.02.2003 ж.;
• Су құстарының тіршілік ету ортасы болып
саналатын халықаралық маңызы бар сулы-батпақты
территориялар туралы конвенция (Рамсар) – Қосылу
туралы шешім қабылданды, 1997;
• Миграция жасайтын жабайы жануарлар түрлерін
қорғау жөніндегі конвенция (Бонн) - Қосылу туралы
шешім қабылданды, 1979;
• Миграция жасайтын Афро-Евразиялық сулы –
батпақтар құстарын қорғау жөніндегі конвенция Қосылу туралы шешім қабылданды, 1997;