573.99K
Категория: ПравоПраво

26 бап салыстыру

1.

26-БАП.ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУҒА БОЛМАЙТЫН
26 баптың 1тармағының 1тармақшасына токталсак:
ЖАҒДАЙДАЙЛАР
1) Медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайына
байланысты істеуге болмайтын жұмысты орындауға;
Орындаған: Абдулла Меруерт
Әкімшілік кодекс бойынша
83-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын:
1) мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу;
2) мүгедектігі бар адамдардың мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу;
3) жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды
кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет
(әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
алып келеді.
3. Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік
оңалту түрлерімен қамтамасыз етпеу –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

2.

26баптын 1тармағының 2тармақшасына токталсақ:
ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының
сақталуын қамтамасыз етпегені үшін жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, сондай-ақ орындалуы
олардың денсаулығы мен имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмыс,
алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) он сегіз жасқа толмаған
азаматтармен;
Әкімшілік кодекс бойынша
133-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын
темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді,
тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуы
1. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі
бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың
электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуы –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –
қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап
жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

3.


Қылмыстық кодекс бойынша
144-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту
Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнім жасауға, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнім таратуға, жарналамауға және
сатуға тарту –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра
отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының
заңымен жүктелген өзге адам жасаған;
2) көрінеу жас балаға қатысты жасалған;
3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес
жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4.

• 26-баптың 1тармагынын 3тармакшасына байланысты
Әкімшілік кодекс бойынша
681-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау
Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы
холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының
бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5.


Қылмыстық кодекс бойынша
366-бап. Пара алу
1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не
лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына
жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты
осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар,
өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен елу
еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
1-1. Құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенгеннен елу еселенгенге
дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, айтарлықтай мөлшерде жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенгеннен алпыс
еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші, 1-1 немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) қорқытып алу жолымен;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) iрi мөлшерде;
4) бірнеше рет жасалса, –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенгеннен жетпіс
еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, 1-1, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасалса, –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенгеннен сексен
еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiкті, мүлiкке құқықты
немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс
болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.

6.

• 26баптын 1тармакшасынын 4тармакшасына сайкес
• 517-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының
халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы
• 5.Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген
мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны
саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасу
үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек
қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не
рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі
мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен
шығарып жiберуге әкеп соғады.

7.


519-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту
1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жергілікті атқарушы орган беретін, өз
бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін
рұқсаттары жоқ шетелдіктердің және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға
(кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған
әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
26баптын 1тармагынын 7тармакшасына сәйкес
5. Жұмыс берушi жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) еңбекшi көшiп келушiлердi iшкi iстер
органдары беретiн тиiстi рұқсатсыз тартуы немесе бiр жұмыс берушi жеке тұлғаның бiр мезгiлде бестен көп еңбекшi көшiп келушiмен үй
шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуы –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
English     Русский Правила