Похожие презентации:
Салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық
1. САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
2. 205-бап. Салық органында тіркеу есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы
Салық органында тiркелу есебiне қою туралы, даракәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот
орындаушысының, адвокаттың тіркелу есебі туралы,
жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркелу есебі туралы
салықтық өтініш берудiң Қазақстан Республикасының
заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу –
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше
нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға,
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады. Осы баптың
бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан
кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, жекеше
нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және
адвокаттарға – сегiз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк
субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып
табылатын заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi
болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. 206-бап. Салық есептiлiгiн, сондайақ шартты банк салымына байланысты құжаттартабысетпеу
Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалықактілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық
есептілігін табыс етпеуі –
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше
нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға,
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген әрекетті
қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік
жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап
жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – он бес, дара кәсіпкерлерге, жекеше
нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және
адвокаттарға – отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк
субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып
табылатын заңды тұлғаларға – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. 207-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру
Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы, жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларғажасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын
салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу
пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ісәрекеттер (әрекетсіздік),жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға
жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын
салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз
пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық
төлеушінің кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан
Қазақстан Республикасының аумағына импортталған
тауарларды есепке қабылдамауы да салық салу объектiлерiн
жасыру деп түсініледі.
5. 208-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салық есебін жүргізуді бұзу
Салық төлеушіде есеп құжаттамасының болмауы және (немесе) ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген есеп құжаттамасын жасау және
сақтау жөніндегі талаптардың орындалмауы, —
дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан
кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, дара кәсiпкерлерге – жиырма бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк
субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды
тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды
тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi) есепке алу және сату
жөнiндегi операциялардың есеп құжаттамасында көрсетiлмеуi, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе
коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке
алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) құнының бес
процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды
тұлғаларға он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. 209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету
1. Салықтың және басқа да міндетті төлемдердің сомасындекларацияда, есепте, тауарларды әкелу және жанама
салықтардың төленгені туралы өтініште төмендетіп көрсету, егер
осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi
болмаса,
- жеке тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде,
дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот
орындаушыларына, адвокаттарға және шағын немесе орта
кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар
болып табылатын заңды тұлғаларға – салықтың және бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомасының
отыз пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып
табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
7. 210-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және (немесе) аудару жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
Салық агентінің ұстап қалуға және (немесе) бюджетке аударуға жататын салық сомаларынҚазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы
немесе толық ұстап қалмауы дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға,
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып
табылатын заңды тұлғаларға салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталмаған
сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды
тұлғаларға – елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Салық агентінің бюджетке аударуға жататын ұстап қалған салық сомаларын Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық
аудармауы дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға,
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып
табылатын заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды
тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Тұлға салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде
көрсетілген салықтардың ұсталған (ұсталуға тиіс) сомалары бойынша, оларды салық
органына қосымша салық есептілігін табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнінен
кешіктірмей бюджетке аударған жағдайда осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа
тартылмайды.
8. 211-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi, - даракәсiпкерлерге отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде,
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын
заңды тұлғаларға – шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы
сомасының бір жүз жиырма пайызы мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз пайызы
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. 213-бап. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделет тауарлардың жекелеген түрлерін
Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспежүкқұжаттарды ресімдеу, акцизделетін тауарларды декларациялау қағидаларын
бұзу, сол сияқты биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе
жүкқұжаттарды, сондай-ақ акцизделетін тауарлардың өндірілуі мен айналымы
бойынша декларацияларды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта
кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға
– жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан
кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын
немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз,
ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.