Похожие презентации:
Кейін, бұрын, соң септеуліктерінің қолдануына назар аударыңыз
1.
Ескерту! Кейін, бұрын, соң септеуліктерініңқолдануына назар аударыңыз.
Шетелге шығудан бұрын құжаттарды реттеп алу керек. Біреуге
ақыл айтудан бұрын ойланып алғаның дұрыс. Әріптесіммен
кездесуден кейін, достарыммен киноға бардым. Жолаушылар
бір аптадан кейін елге қайта оралды. Бір сағаттан кейін қараңғы
түсті. Олар келгеннен соң болған оқиғаны түсіндіріп берді.
Соң, кейін септеуліктері оқиғаны, процесті білдіретін сөзден
кейін де қолданылады: таңғы астан кейін (соң), жұмыстан кейін
(соң) демалыстан кейін (соң), сабақтан кейін (соң) әңгімеден
кейін, сапардан кейін, концерттен кейін, университеттен кейін,
мектептен кейін, операциядан кейін (соң және т.б.).
2.
Тапсырма: Кейін, бұрын, соң септеуліктерініңқолдануына назар адарып, көшіріп жазыңыздар.
Болашағың уақытыңды басқарудан басталады.
Бір істі бастаудан бұрын, уақытты дұрыс ұйымдастыруды
үйрену керек.
Профессордың
дәрісін тыңдаудан бұрын, еңбектерімен
танысып алсаң дұрыс болады.
Достарыңмен кездесуден бұрын, жоспарыңды қарап шық.
Кездесуден соң,
дұрыс.
айтылған әңгімелерді ой елегінен өткізген
Кітапты оқуды бастаудан бұрын, автор туралы ақпараттармен
танысу керек.