Рухани жаңғыру орталығы Хайдаров Есқайрат Ерболатұлы аға оқытушы,тарих ғылымдарының кандидаты
ІV МОДУЛЬ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН Тақырып 3. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі және 1946-1964 жылдардағы Қазақстан
Дәріс сұрақтары
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Дәрістің жалғасы: Соғыстан кейінгі және «Хрущевтық жылымық» жылдарындағы Қазақстан
4.39M
Категория: ОбразованиеОбразование

Рухани жаңғыру орталығы Хайдаров Есқайрат Ерболатұлы аға оқытушы,тарих ғылымдарының кандидаты

1.

2. Рухани жаңғыру орталығы Хайдаров Есқайрат Ерболатұлы аға оқытушы,тарих ғылымдарының кандидаты

3. ІV МОДУЛЬ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН Тақырып 3. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі және 1946-1964 жылдардағы Қазақстан

4. Дәріс сұрақтары

1. Қазақстан ҰОС жылдарында (1941-1945);
2. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан.
(1945-1953 жж.);
3. «Хрущевтық жылымық» жылдарындағы
Қазақстан (1953-1964 жж.).

5. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

6.

• 1940 жылы 18 желтоқсанда Гитлер КСРО-ға
қарсы соғыстың «Барбаросса жоспарын»
бекітті.
• 1941 жылы 22 маусымда фашистік
Германияның әскерлері Кеңес Одағына
басып кірді.
• Гитлердің жоспары бойынша «Остландия»
(Белоруссия мен Прибалтика), «Московия»
(Ресей жері), «Украина» (Украина, Ресей
жерлері), «Кавказ» (Армения, Азербайжан,
Грузия, Солтүстік Кавказ),«Гросс Түркістан»
(Орталық Азия елдері), «Еділ-Орал» отар
мемлекеттерін құру көзделді.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

• Соғыстың алғашқы кезеңінде-ақ 316атқыштар дивизиясы құрылды. Оның
командирі болып генерал И.В.Панфилов
тағайындалды.
• Соғыстың бастапқы үш айының ішінде 238,
310, 314, 387 және 391-атқыштар
дивизиялары құрылды.
• Соғыс кезінде республика бойынша 12
атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, 7
атқыштар бригадасы, әртүрлі әскер
түрлерінің 50-дей жеке полктері мен
батальондары құрылды.
• Олардың ішінен 3 атты әскер дивизиясы мен
2 атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық
бөлімшелері болып құрылды.

13.

• 1942 жылы күзде Каспий аймағына соғыс
жағдайы енгізілді.
• 1942 жылы 1 қыркүйекте Атырау қорғаныс
комитеті құрылды.
• 1942 жылы қазанда Орал облысы майдан
өңіріне енгізілді.

14.

• Қарулы күштер қатарына 1 млн. 200 мыңға
жуық қазақстандықтар алынса, еңбек
армиясына 700 мыңдай адам тартылды.
• 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына
42 мыңнан астам жас қазақстандық
жіберілді, 27 әскери оқу орны 16 мыңдай
офицер даярлап шығарды.
• Соғыс жылдары Қазақстанға мыңдаған
немістер, поляктар, кәрістер, кавказ
халықтары еріксіз көшірілді.

15.

• 1941 жылдың екінші жартысында барлығы
142 кәсіпорын көшіріліп әкелінді. Соғыс
жылдары Батыс аудандардан 220-дан астам
кәсіпорындар көшіріліп, іске қосылды.
• 1941-1945 жылдары барлығы 460 зауыт,
фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер
салынды. Бұл кәсіпорындардың көпшілігі
соғысқа қажетті бұйымдарды, оқ-дәрілерді
шығаруға бейімделді.

16.

• Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде
металл өңдеу мен машина жасау саласының
үлесі 1940 жылғы 16-дан 1945 жылы 35
пайызға дейін өсті.
• Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп
өндірісі соғыс жылдарында 37 пайызға өсті,
бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы
өсімнен 2 пайызға жоғары.

17.

• Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. Төрт
жыл ішінде 34 млн. тонна көмір шығарылды;
• Орал-Ембі мұнайлы ауданындағы
кәсіпорындар сұйық отын шығаруды 39
пайызға арттырды;
• Электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті;
• Республика мыс (35%), қорғасын (85%)
өндіруде жетекші орында болды;
• 1941-1945 жылдары ауыл еңбеккерлері
майдан мен елге 5829 мың т. астық, 734 мың
т. ет және басқа азық-түлік, өнеркәсіп үшін
шикізат берді.

18.

19.

20.

21.

22.

23.

24.

25.

26.

27.

28.

• Брест қамалын қорғау (1941 ж.маусым);
• Ленинградты қорғау (1941 ж.8 қыркүйек–
1944 ж. 27 қаңтар);
• Москва үшін шайқас (1941 ж.30 қыркүйек –
1942 ж. 20 сәуір);
• Сталинград үшін шайқас (1942 ж. 17 шілде
– 1943 ж. 2 ақпан);
• Курскі шайқасы(1943 ж. 5шілде – 23 тамыз);
• Днепр үшін шайқас (1943 ж. тамыз –
желтоқсан);
• Берлин операциясы (1945 ж.16 сәуір – 8
мамыр).

29.

• Брест қорғанын шекарашылар
К.Әбдірахманов пен В.Фурсов, атқыш
К.Иманқұлов, зеңбірекші Ғ.Жұматов және
басқа қазақстандықтар қорғады.
• Қазақстандықтар Лиепая, Перемышль,
Саарема аралы, Минск, Одесса мен
Севастополь үшін шайқасты.
• Партизандар қозғалысына қазақстандықтар
да араласты. Ленинград облысында 220,
Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина
мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық
болды. 300-дей қазақстандық қарсыласу
қозғалысына қатысты.

30.

• Республикаға И.С.Арискиннің,
А.Жұмағалиевтің, К.Ғ.Омаровтың,
З.У.Құсайыновтың есімдері мәлім.
• Қазақстандық саяси қызметкерлер
Г.Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин,
Б.Оразбаев және басқалары партизандар
мен тұрғын халық арасында жұмыс жүргізді.
• Г.Ахмедьяров, Қ.Қайсенов, Н.А.Морозов,
С.А.Олексенко, С.О.Төлешев, В.И.Шаруда
партизан одрядтары мен құрамаларының
командирлері болды.

31.

• Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11649
адамға Кеңес Одағының батыры атағы
берілді, олардың 497-і қазақстандық, 97-і
қазақ.
• Ұшқыш-штурмовиктер Т.Я.Бигелдинов,
Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқышистребитель С.Д.Луганский Кеңес Одағының
батыры атағын екі реттен алды.
• КСРО халқы көп шығынға ұшырады – 27
млн. астам адам мерт болды. Оның ішінде
1996 жылғы дерек бойынша 602939
қазақстандықтар бар.

32. Дәрістің жалғасы: Соғыстан кейінгі және «Хрущевтық жылымық» жылдарындағы Қазақстан

33.

• 1946 жылы 18 наурызда 1946-1950
жылдарға арналған төртінші бесжылдық
жоспары қабылданды.
• Теміртау металлургия зауыты, Ақтөбе
ферроқорытпа зауытының үшінші кезеңі,
Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты,
Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы,
Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері іске
қосылды.
• 1946 жылы 16 қыркүйекте ауылш/дағы
қиындықтарды жою туралы қаулы
қабылданды.1949 жылы малшаруашылығын
дамыту жоспары қабылданды.

34.

• Елдегі әкімшіл-әміршіл жүйе ХХ ғасырдың
40-50 жылдары күшейе түсті.
• И.В.Сталиннің жеке басына табынушылық
белең алды.
• Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық
іс», «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып
жатқан кезде Қазақстанда «Бекмаханов
ісі» ұйымдастырылды.

35.

• Тарихшы Е.Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың
20-40 жж. Қазақстан» атты еңбегіндегі
көзқарастары үшін буржуазияшыл-ұлтшыл
деген айыптар тағылып, жазықсыз
қудаланды.
• ХХ ғасырдың 40- жылдары және 50
жылдардың басында еліміздің көрнекті
қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов,
Қ.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е.Смаилов,
жазушы Ю.О.Домбровский нақақтан
таңылған саяси айыптармен жазаланды.

36.

• Ә.Әбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин,
С.Бегалин және басқа белгілі ғалымдар
мен ақын-жазушылар саяси және
буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер
жіберді деп дәлелсіз айыпталды.
• Қудалауға ұшыраған Қазақ ССР Ғылым
академиясының Президенті Қ.Сәтпаев
пен аса көрнекті жазушы әрі ғалым
М.Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетіп
қалуға мәжбүр болды.

37.

• И.В.Сталиннің өлімімен (1953 ж. наурыз)
және Л.П.Берияны өкімет билігінен кетірумен
байланысты КСРО-да бүкіл қоғамды
дүрліктірген қысымшылық әрекеттер
жойылды.
• 1956 жылы ақпанда Мәскеуде КОКП-ның ХХ
съезі өтті. КОКП-ның Бірінші хатшысы
Н.С.Хрущев бастаған коммунистік партия
тарапынан И.В.Сталиннің жеке басына
табынушылықтың шығу себептеріне, мәні
мен көріністеріне және оның салдарына
талдау жасалып, айыпталды.

38.

39.

40.

• 1946 жылы қыркүйекте Қазақстан
Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы болып Ж.Шаяхметов сайланады.
Кейін оның орнын 1954 жылы П.Пономаренко
алмастырды.
• Республиканы 1955-1956 жж. Л.И.Брежнев,
1956-1957 жж. И.Д.Яковлев, 1957-1960 жж.
Н.И.Беляев, 1960-1962 жж. Д.А.Қонаев,
• 1962-1964 жж. И.Ю.Юсупов басқарған.
• 1964 жылы қазанда Н.С.Хрущевті ел
басшылығынан құпия түрде кетірді.

41.

42.

1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп
орындары мен цехтар іске қосылды. Олар:
• Жезқазған кен байыту фабрикасы,
• Өскемен тау-кен машиналары
жабдықтарын жасау зауыты,
• Соколов-Сарыбай комбинатының алғашқы
кезектері,
• Талдықорған, Өскемен, Петропавл,
Қостанай кірпіш зауыттары,
• Ақтөбе хром қоспалары зауыты,
• Шымкент гидролиз зауыты,
• Қарағанды, Семей, Шымкент, Сазтөбе,
Өскемен цемент зауыттары.

43.

• 1950 жылдардың екінші жартысында өндіріс
техникасы мен технологиясын дамытуға
көңіл бөлінді.
• Кен өндіру операциялары
механикаландырылды.
• Түсті металлургияда тұтас цехтар
автоматтандырылды.
• Шымкент пресс автоматтары зауыты 20-дан
астам машина түрін шығарды.
• Алматы ауыр машина жасау зауытының сым
созу стандары іске қосылды.
• Өскемен конденсатор зауытында төмен
вольтты конденсаторлар шығарылды.

44.

• 1954 жылы қаңтар-наурыз айларында КОКП
Орталық Комитетінің Пленумы «Елімізде
астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және
тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы
қабылдады.
• Қазақстандағы тың жерлерді игеретін
аудандар: Қостанай, Ақмола, Солтүстік
Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар
облыстары.
• 1954-1962 жылдары Қазақстанға 2 млн.
адам келді. Қазақтар ел тұрғындарының
үштен бірінен де аз болды.

45.

• 1954 жылы көктемде Қазақстан тың игеретін
аудандарында 120-дан астам кеңшар
құрылды.
• 1954-1955 жылдары 337 астық кеңшары
құрылды.
• 1954 жылы тың жерлер астықтың 40
пайыздан астамын берді.
• 1956 жылы республикада 16 млн. т. астық
жиналды.

46.

• 1958 жылы тамыз айында Карағанды
облысы Теміртау қаласында кеңестік
жүйеге қарсы бас көтеру болды.
• Теміртауда салынып жатқан металлургия
комбинатына жұмысқа 1958 жылдың
соңына дейін 132 мың адам келді. Олар
тұрмыс жағдайларына наразы болды.
• Тамыздың 1-і күні бір топ жастар ашық
наразылық білдірді,бұл әрекеттері
толқуға ұласты.
• Көтеріліс үш күнге созылды. Оны басуға
әскерлер тартылды, қару қолданылды.
English     Русский Правила