Похожие презентации:
Отбасындағы қарым-қатынастың бала тұлғасын қалыптастырудағы рөлі
1.
“Үшағаш негізгі орта мектебі”коммуналдық мемлекеттік мекемесіМектеп психологы: Жумаева Нурия Сафиоллақызы
2.
Мақсаты: тұлғаның дамуы барысында отбасының балатәрбиесіндегі болмыс-бітімін қалыптастыру,
дүниетанымын жетілдіру
Міндеттері:
Отбасындағы
психологиялық
айқындау.
қарым-қатынастың
бала
дамуына
әсер ету ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін
Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына әсерін
ғылыми теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу.
Отбасындағы қарым
психологиялық әсері.
-
қатынастың
бала
дамуына
отбасылық жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру
3.
Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдірумәселесі отбасынан бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз
ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі — бұл талдауға
жатпайтын мәселе.
Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік
ерекшеліктерімен көзге түседі. Себебі, олар — өзіндік мінез-құлқымен, бетәлпетімен бір-бірінен ерекшеленетін тұлға, әрқайсысы ерекше
жаратылған.
Ал тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның
дүниетанымы жетіледі. Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы
қарама-қайшылықта болады» деседі, енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен
келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп
тұжырымдайды.
Адамның сан қырлы әлемін танып-білуі, ұрпақ өмірге келмей тұрып, ана
құрсағында бастау алатынын, яғни, тұлғалық болмысы қалыптасу үшін
қам-қарекет жасау керектігін әрбір әке-шеше жете ұғынуы қажет
Тұлға рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани
саналылықты меңгереді.Яғни, тұлғаның рухани санасы
отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық,
ұғынысуды сезінуі абзал.
4.
Жазушы- педагогЖ. Аймауытов: «Баланы
тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің
өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі,
бала айтып ұқтырғаннан гөрі,
көргеніне көп еліктегіш келеді.
Солай болған соң балаға не жақсы
мінезбен, не іспен көрсету керек», дейді.
5.
Алайда, бұл арада, бір адамның ғана еңбегіне емес, барлық отбасымүшелерінің қарекетіне аса көңіл аударумыз қажет.
Отбасындағы әр адам — тұлғаның барлық өмір ағымында бірге еріп
жүретін маңызды феномендерінің бірі. Олардың жеке тұлғаға әсерінің
маңыздылығы, күрделілігі, жан-жақтылығы мен проблемалылығы еш
уақытта назардан тыс қалмауы тиіс.Себебі қандай да болмасын
жолдың алғашқы қадамынан басталатыны сияқты, адамның жеке
тұлғасының қалыптасуы да отбасынан, отбасы мүшелерінің қарымқатынасынан басталады. Адам қандай дәрежеге жетеді, жалғыз
тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кеміс болып
қалыптасады ма, мұның бәрі көбіне ол адамның балалық шағында
қаншалықты дұрыс ата-аналық тәрбие алғанымен қоса, отбасы
мүшелерімен, айналасындағы адамдармен
қандай қарым-қатынаста
болғанына байланысты
болып келеді.
6.
СөйлесуҚабылдау
Ақпарат беру
Қарым-қатынас
Түсіну
Ой алмасу
Мойындау
Бағалау
Қарым-қатынас - адамдар арасындағы байланыстың
орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен
ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көп
жақты процесс.
7.
Қарым-қатынас — адамзат өмірінің аса маңызды және негізгісферасы болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып,
өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара
пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта
ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды.
Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, екі не
бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылықжорықтар арасында келісім, не өзара түсінік тұрғысында, не болмаса
қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле
үрдісі іске асады. Отбасы қарама-қатынасында, олардың ішінен
келісім, өзара түсіністік, бірінің
екіншісіне бой ұсынуы, бірінің екіншісін
құптауы секілді қарым-қатынасының
қазіргі кездегі басты ерекшелігі — әр
тұлғаның өзіндік жеке дара мағлұмат
байлығының болуы, өзара қарымқатынас осы мағлұмат алмасу кезінде
өте тығыз орнығуы ықтимал.
8.
Жеке тұлғаның жанжақты дамуынамыналар қажет:
Баланы жан –
жақты тану;
Отбасындағы тәрбие
үрдісін баланың өзіндік
ерекшеліктеріне,
мүмкіндіктері мен
қажеттіліктеріне
бағыттау;
Отбасындағы
қарым-қатынастың
қалыптарын
жақсарту, балаға
ортада өзін-өзі
ұстауды үйрету
9.
Нәтижесінде, отбасы — баланың тұлғалық негізі қаланатынөмір сүру және даму ортасына айналады. Баланың даму
жақтарының қайсысын алмасақ та, отбасы төмендегі
маңызды қызметтерді атқара отырып қандай да болмасын
жас кезеңінде шешуші рөл атқарады:
•Баланың физикалық және эмоционалдық дамуын ретке келтіру;
•Баланың психологиялық жынысын дамытуға ықпал ету;
•Баланың ақыл-ойының дамуына ықпал ету;
•Баланы әлеуметтік нормалармен таныстыру;
•Құндылық бағдарды қалыптастыру;
•Әлеуметтік қорғау.
Осы қызметтердің жүзеге асырылуына отбасы мүшелерінің
әр түрлі ұрпақтарына тән отбасылық қарым-қатынастық
климат, отбасылық өмірдің реті (отбасындағы бір-біріне деген
талаптарының деңгейі), іс-әрекет мазмұны да мүмкіндік
жасайды.
10.
Қарапайым тілмен айтқанда, отбасы бала үшін өмір мектебі, ондамейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік т.б
адамгершілік қасиеттері дамиды және қалыптасады. Сол себепті де
жасөспірімдерді тәрбиелей отырып, оларды әр түрлі кездесетін
қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете алу керек. Осы орайда айта
кету керек, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптары,
сөзсіз, баланың тұлға болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады..
Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет
етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ал бала үшін ата-ана игілік
жасаушы, айтушы болып табылады. Баланы тәрбиелеу өте ұзақ және
күрделі процесс болғанымен, қарым-қатынас игіліктеріне орай
педагогикалық түрде әрбір ата-ананың қолынан келетін іс. Жас шыбық
илеуге қандай икем болса, бала тәрбиені қабылдауға сондай бейім болып
табылады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі ұрпақ біздің болашағымыз. Ертеңгі еліне
қызмет ететін әрбір азамат, бүгінгі баланың сапалы да, тәртіпті
қоғам мүшесі болып шығуы, оның отбасында да сондай мүшелік орын
алуында. Бұл істе ұрпақ тағдыры үшін бәріміз бірігіп атсалысуымыз
керек.
Бала дұрыс болса, қоғам да дұрыс болады.