742.29K
Категория: ПсихологияПсихология

Психологияға кіріспе

1.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫ
2-модуль
Әлеуметтік-саяси білімдер модулі
«ПСИХОЛОГИЯ»
Психологияға кіріспе
Лектор: ассист. проф. Нуралина Б.А.

2.

№1 тақырып. Психология ғылымының зерттеу пәні
Дәріс мақсаты: Психология ғылымының теориялық және
әдістемелік негіздерін ашу.
Жоспары:
Психологияның пәні және оның міндеттері.
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны және салалары.
Психология ғылымының даму тарихы

3.

Психологияның пәні және оның міндеттері.
Адам көптеген ғылымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді.
Психологияның зерттеу пәнінің негізінде, адам болмысының табиғаты,
психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының
заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің
жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Психологияның зерттеу пәні
әр ғасырда адам табиғатына байланысты өзгеріп отырды.Енді осыған
талдау жасап көрейік.
Пәннің атының өзі грек тілінен аударғанда психология жан туралы
ғылым (психо- «жан», логс- «ғылым») дегенді аңғартады. Жанды зерттеу
және түсіну – психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болды.
Сонымен психология алғашқыда жан туралы ғылым ретінде анықталды.
Бірақ бұл жанның не зат екенінне жауап табу оңайға соқпады. Әр тарихи
дәуірлерде ғалымдар бұл сөз мағанасына қилы түсіндірді.

4.

19-ғасырдан бастап психология пәні туралы жаңа түсініктер пайда
бола бастады. Сезіну, ойлау, тілеу қабілеттері сана деп атай бастады.
Сонымен психика санаға теңестірілді. Жан психологиясының орнына
сана психологиясы келді.Алайда сана ұзақ уақыт бойы басқа табиғи
үрдістерден оқшауланған ерекше құбылыс ретінде түсіндірілді.
Сонымен ең соңында психологияның негізгі зерттеу пәні болыпадамдағы психикалық құбылыстардың пайда болуын, дамуын және
қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым ретінде құрылды.

5.

Психикалық құбылыстардың түрлері
Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді;
1.Психикалық процестер дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
2.Психикалық ерекшеліктер дегеніміз - бір адамды екінші
адамнан ажырытуға нгегіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы
ерекшеліктер.
3.Психикалық күй дегеніміз - адамның түрлі көңіл күйінің
тұрақты компоненттері.

6.

Психологияның негізгі міндеттері оны оқып үйренуге
негізделген арнайы мұқтаждықтан келіп туындайды:
-Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын
оқытып үйрету оның негізгі міндеті.
-Зерттелуші құбылыстардың мән- мағанасын ашып көрсету;
-Психологияның негізгі тірек категорияларының мәнін ашу;
-Психологияның практикалық міндеттерін айқындау;
Психологияның жеткізуге бағытталған тиімді әдістерді таңдап
алу деп көрсетеді белгілі психолог ғалымдар.

7.

8.

Психология үшін қоғамдық
ғылымдармен
байланыс
үлкен маңызға ие. тарих,
экономика,
этнография,
педагогика ғылымдарымен
тығыз байланыста болады.

9.

Философиялық
ғылымдар
мен
психологияның
байланысы ол адам туралы
нақты ғылыми деректерді ұлы
ғалымдардың ой- пікірімен
салыстыра отырып таладау
болып табылады.
Психология
қай
ғылым
саласымен байланысса да,
оның
зерттеу
нысанасы
жалғыз ақ, ол - адам, оның
психикалық
процестері,
қалыптары және қасиеттері.

10.

Психологияның салалары.
Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері оның басқа
ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес. Көп жағдайда
олардың қоғамдық практикалық қажеттіліктеріменде белгіленеді.
Психологияның салаға жіктелуі оның адамның іс- әрекетінің
мазмұнымен реттеледі. Осының негізінде
психологияның
төмендегідей салалары бөлініп шығады.

11.

Еңбек психологиясы- Қоғамдық өнімге бағытталған
әрекеттің психикалық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми
ұйымдастырудың психологиялық тараптарын зерттеумен
бірге психология ғылымының салаларына айналған
білімдерге жіктеледі.

12.

Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің
психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақылойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, оқу
материалдарын меңгеруі мен ұстаз- шәкірт арасындағы өзара
қарымқатынастарды
реттеудің
түйінді
мәселелерін
қарастырады. Ол
мынандай
тармақтарға
бөлінеді:оқыту
психологиясы, тәрбие психологиясы деп қарастырады.

13.

Медициналық психология - дәргерлердің іс- әрекетінің
және аурудың мінез- құлқының аспектілерін зерттеу мен
айналысады. Ол
мынандай
бөлімдерден тұрады:
нейропсихология,
психопрофилактикадан, психогигиенадан,
психотерапиядан т.б бөлімдерден тұрады.

14.

Заң психологиясы - құқыққа
қатысты мәселелерді реттеу және
олардың тәжірибе
жүзінде
қолданудың
психологиялық
мәселерін зерттейді.Бұлар: сот
психологиясы,
қылмыс
психологиясы, еңбекпен түзеу
психологиясы деп бөлінеді.

15.

Арнайы психология - бұл адам
дамуының бірқалыпты даму жолынан
ауытқуын,
ми
ауруына
шалдыққандардың
психикалық
күйзелістері мен осы саладағы әр
қилы
аурулардың
себептерін
қарастырады. Олар:
Олигофренопсихология - ақыл- есі
кем
адамдардың
психологиясын
зерттейді.
Сурдопсихология - саңырау не керең
адамдардың психикасын зерттейді.
Тифлопсихология - нашар көретін
адамдар
мен
соқырлардың
психикасын зерттеумен айналасады.

16.

Салыстырмалы психологияпсихиканың филогенетикалық
түрлерін қарастырады. Мұнда
адам мен жануар психикасын
саластыра
отырып
зерттеу
жүргізеді. Сондай- ақ әртүрлі
адамдарда болатын психикалық
ерекшеліктерді де зерттейді.

17.

Жас ерекшелік психологиясы - әр адамның жасына байланысты
психикалық
заңдылықтарын,
ерекшеліктерін,
тұлғаның
психологиялық қасиеттерін әр түрлі психикалық үрдістердің
онтегенезін зерттейді. Бұл сала келесі тармақтардан тұрады: балалар
психологиясы,
жеткіншектер
психологиясы,
жасөспірім
психологиясы, ересек адам психологиясы, гернетопсихология деп
қарастырады.

18.

Әлеуметтік психология- адам
мен қоғам арасындағы қатынас
мәселелерімен айналысады. Бұл
салада адамдардың белгілі бір
негізде
ұйымдасқан
топтар
арасындағы
өзара
қарымпсихологиялық
қатынастағы
сырын
құбылыстардың
зерттейді. Қазіргі
кезде
әлеуметтік психология қарқынды
түрде
дамуда.
Әсіресе
әлеуметтік- зкомомикалық, саяси
идеялардың
адам
психологиясына әсері және оны
жеңудің
немесе
талдаудың
жолдарын қарастырады.

19.

Спорт психологиясы- спортшылардың әрекетіндегі
психологиялық ерекшеліктерді қарастырады.

20.

Әскери психология - әскери
әрекеттер
кезінде
адамның
мінез- құлқы, басшылар мен
олардың
арасындағы
қатынастың
психологиялық
жақтарын зерттейді.

21.

Басқару психологиясы- адам әрекетін
тиімді түрде ұйымдастыру, басшылық ету
ретінде қарастарылып, ұйымдастырылудың
белгілі бір мақсатын шешуге бағытталады.

22.

Психология ғылымының даму тарихы
Жалпы және әлеуметтік психология- жалпы және әлеуметтік
психология материалдарынан құралып, өзіндік пәні және зерттеу
әдістері, тарихи даму жолы бар психология ғылымдарының
фундаменталды салаларынан тұрады.

23.

Жалпы психология психологиялық зерттеулердің облысы ретінде
антикалық заманда философия ғылымының шеңберінде қалыптасты.
Дербес ғылым саласы ретінде бөлінуге ХІХ ғасырда 1879 жылы
Германияда В.Вундттің алғашқы эксперименттік лабораторияның
ашылуы себеп болды. Жалпы психология табиғи психологиялық
заңдылықтар мен феномендердің интегралды, жүйелі, жоғары күрделі
шарттастырылуы. Дегенмен, қазіргі уақытта отандық ғылымда
қалыптасқан тұрғыдан келуге байланысты, жалпы психологияның
зерттеу пәні ретінде адамдардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасындағы,
мінез-құлқының
психологиялық
механизмдеріне
қатысты
фундаменталды фактілер мен заңдылықтар зерттеледі.

24.

Жалпы психология мен әлеуметтану ғылымдарының аралығында бола
тұрып, әлеуметтік психология
әлеуметтік қажеттіліктер
мен
қызығушылықтар, сана және өзіндік сана, әлеуметтік-психологиялық
климат қоғамдық пікір сияқты психологиялық қайтақұрулармен қатар,
мынандай топтық феномендер: адаптация, сендіру, еліктеу және т.б.
зерттейді. Отандық психологияда іс-әрекеттік теория тұрғысынан
қарастыратын болсақ әлеуметтік психологияның пәні ретінде мінезқұлық механизмдері мен заңдылықтарын зерттеу, жеке тұлғалар мен
топтардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы, олардың әлеуметтік
қауымдастықпен байланыстылығы мәселелері алынады. Қазіргі даму
кезеңіндегі жалпы психологияның өзекті мәселелері бұл- оның
теориялық-әдіснамалық негіздерін кеңейту мен бекіту, қазіргі зерттеу
әдістерін өңдеу, табиғи және лабораториялық тіршілік жағдайларында
адамның
психикалық
процестерінің
дамуы,
қызметтері
мен
құрылымын,өмірлік іс-әрекет субъектісі адам тұлғасының даму
заңдылықтарын анықтау және барлық психология ғылымдарының
зерттеу тәжірибелерін жинақтау мен жалпылау.

25.

Әлеуметтік психологияның негізгі қолданбалы бағыттары, бұлқарым-қатынас пен өзара әрекет мәселесі,үлкен әлеуметтік топтар
мәселесі, соның ішінде, этнос мәселесі,қоғамдағы бұқаралық әлеуметтік
процестер (саяси, діни, этникалық, демографиялық), Қазақстан
Республикасының
полиэтностық
және
полимәдени
орталар
жағдайларындағы тұлғаның әлеуметтенуінің психологиялық аспектілері.
«Жалпы және әлеуметтік психология» курсы мамандары кәсіптік
дайындау процесінде және әртүрлі жас категорияларындағы, әлеуметтік
топтардағы адамдармен жұмыста іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге
қажетті фундаменталды пәндердің бірі болып қарастырылады.

26.

27.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Правила