Похожие презентации:
Болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
1.
Инновациялық білім беру факультетіМектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Тақырыбы: «Болашақ мамандардың зерттеушілік
мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық
шарттары»
Магистрант: Темирханов З. Ж.
Ғылыми жектекшісі: Жумашева Н.С.
п.ғ.к. қауымдастырылған профессор м.а
2.
МАЗМҰНЫ1
1.1
1.2
1.3
2
2.1
2.2
2.3
КІРІСПЕ
БОЛАШАҚ
МАМАНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
КІРІСПЕ
4
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
1НЕГІЗДЕРІ
ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Болашақ
мамандардың
зерттеушілік мәдениетінің мәні
1.1
Болашақ
мамандардың
зерттеушілік
мәдениетінің
мәні
17
Болашақ
мамандардың
зерттеушілік
мәдениетінің
мүмкіндіктері
Болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың
педагогикалық
1.2
Болашақ
мамандардың
зерттеушілік
мәдениетінің
мүмкіндіктері
25
шарттары
мамандардың
зерттеушілік
мәдениетін
қалыптастырудың
1.3 Болашақ
педагогикалық шарттары
45
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
2ЖҰМЫСЫ
Болашақ
мамандардың
зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың мазмұны
ТӘЖІРИБЕЛІК
ЖҰМЫСЫ
2.1 Болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың мазмұны
67
Болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың
әдістері мен
Болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың әдістері мен 73
2.2
технологиялары
технологиялары
Болашақ
мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік
2.3 Болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған 81
-эксперимент жұмысының нәтижесі
тәжірибелік -эксперимент жұмысының нәтижесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІТІЗІМІ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
4
17
25
45
67
73
81
83 83
86 86
3.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Ж. Тоқаев мұғалімдердің Тамызконференциясында сөйлеген сөзінде мұғалім даярлаудың күрделі тұстарын қазақ
халқының танымымен байланыстырған. Ал бұл болса, болашақ педагогтердің жоғары
білім алу барысында келешектегі кәсіби қызметіне ұлттық құндылықтар негізінде
бағдарлы даярлануын, яғни практикалық дайындығын күшейту қажеттілігін
арттырады. Осыған байланысты болашақ бастауыш сынып мұғалімінің жаңартпалы
оқу үдерісінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте ғылыми ізденіс
қабілетін қалыптастыру өзекті болып табылады . Өйткені жоғары білімнің сапасын
арттыру аспектілерінің бірі болашақ мамандардың құзыреттілік белсенділігін және өз
бетімен білім алуға деген икемділігін арттыруға себеп болатын әрекет-болашақ
мамандардың зерттеу әрекеті. Сол себепті, болашақ мамандардың зерттеу әрекеті
жоғары білімнің құрылымдық мазмұндық реформалануымен тікелей байланысты.
Ғылыми әрекет мамандарды даярлау үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады және
оқытушылар мен студенттер мәдениетін қамтиды. Болашақ мамандардың зерттеу
мәдениеті біріккен оқу-тәрбие және ғылыми-инновациялық үрдістердің құрамдас
бөлігін құрайтын ЖОО-да білікті мамандарды дайындаудың міндетті бөлінбес бөлігі
болып
табылады.
4.
Зерттеу мақсаты:болашақ мамандардың зерттеушілік
мәдениеті арқылы шығармашылығын қалыптасырудың
педагогикалық шарттарын теориялық негіздеу және
тәжірибелік
эксперимент
жұмысында
тексеру.
Зерттеу объектісі: жоғары оқу орнында білім беру процесі.
Зерттеу пәні: болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениеті
арқылы
шығармашылығын
қалыптастыру.
Зерттеу болжамы: болашақ мамандардың ғылыми мәдениеті
тиісті деңгейде қалыптасады, егер студенттерде танымдық
қызығушылықтары, өзбеттілігі, шығармашылық белсенділігі,
зерттеу біліктілігіне тырысушылығының қалыптасуына
мүмкіндіктер болса, СӨЖ-ры тиімді ұйымдастырылса, онда
ғылыми мәдениет негізін құрауда мотивацияның қалыптасуын
қамтамасыз етеді.
5.
Зерттеу міндеттері:• 1.Болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениеті арқылы
шығармашылығын қалыптастырудың теориялық
негіздерін айқындау;
• 2. «Зерттеу мәдениеті» ұғымдарының мәнін нақтылау;
• 3.Болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін
қалыптастыру технологиясының тиімділігін тәжірибелікэксперимент жұмысында тексеру және ендіру.
6.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:• - болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін
қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
• - «зерттеу мәдениеті» ұғымдарының мәні нақтыланып
негізделді;
• - болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін
қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды,
өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері берілді.
7.
Көптеген ғалымдар зерттеу мәдениеті деп ғылыми-зерттеудітүсінеді. Бұл түсініктің түсіндірмесі энциклопедиялық басылымдарда,
Н.В.Кузьмина, А.И.Кочетов, А.Я.Найн, П.Т.Приходько, В.И.Рузавиннің
және т.б. еңбектерінде берілген. Алайда берілген нұсқалар болашақ
мамандардың зерттеу мәдениетінің ерекшелігін толық суреттемейді.
Болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін олардың оқу әрекетімен
тікелей байланысты. Оқыту процесінің жалпы құрылымына сүйене
отырып, болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу мәдениетіне талдау
жасадық.
Ю.К.Бабанский бойынша, оқыту процесінің құрылымы
өзара байланысты компонентердің тұтастай жүйесін білдіреді: мақсатты,
ынталандырушы-мотивациялаушы, мазмұнды, операциялы-әрекеттік,
бақылаушы-реттеуші,
бағалаушы-нәтижелі.
Зерттеу мәдениетінің мақсаты мен міндеттері мемлекеттік білім
стандартының, кәсіби білім бағдарламасының талаптары негізінде,
сонымен қатар болашақ мамандардың алдағы даярлық деңгейін,
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде анықталады.
8.
• Болашақ мамандардың зерттеу мәдениетінің ерекшелігі болыпсубъективті сипаттағы жаңаны «ашу» табылады. Бұл көптеген
ғалымдардың зерттеулерінде сендіре дәлелденген. Мысалы,
Т.В.Кудрявцев шығармашылықтың екі түрін қарастырады:
«өзіне арналған» шығармашылық және «басқалар үшін»
шығармашылық.
М.М.Поташник
«Педагогикалық
шығармашылық: даму проблемасы және тәжірибе» атты
еңбегінде
педагогтың
шығармашылығы,
зерттеу
мәдениетінемой жүгірте отырып, педагогикалық ғылымда
танымал келетін өзіне арнап бір жаңаны ашу шығармашылық
акт болып табылатынын көрсетеді.
• Кез-келген жаңа білім бұрынғы біліммен және тәжірибемен
байланысты болады. Сондықтан, біздің ойымызша, зерттеу
мәдениетінің әрбір кезеңінде негізгі рольді барлық білім мен
іскерліктің, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің өзектенуі
алады.
9.
Зерттеу еңбектері мыналар:Е.И.Регирердің «Зерттеушінің қабілеттерін дамыту»
еңбегінде көрсетілген «тұлғалық сапаларының»
жеткілікті түрде анықталмау фактісі басқа
ғалымдардың еңбектерінде зерттеушінің әртүрлі
сипаттамаларының болуын көрсетуге мүмкіндік
береді.
Психология мен дидактикада болашақ мамандардың
белсенді дамуы үшін ақыл-ой мәдениетінің
тәсілдерін қалыптастырудың ерекше маңыздылығын
көрсететін зерттеулер бар (Е.Н.Кабанова-Меллер,
В.А.Кондаков, А.В.Усова және т.б.). Е.Н.КабановаМеллердің «Оқушылардың ақыл-ой дамуы және
ақыл-ой мәдениетінқалыптастырудың тәсілдерін
қалыптастыру» атты еңбегінде ақыл-ой және оқу
жұмыстарының тәсілдеріне салыстыру жасалады,
оларды қалыптастыру жолдары көрсетіледі.
Оқу және ғылыми-зерттеу іс-әрекет процесінде
студенттің әртүрлі тұлғалық сапаларын ескеру және
дамыту қажет және бұл Ю.К.Бабанский,
И.Г.Герасимов, В.И.Загвязинский,Н.В.Кузьминаның,
еңбектерінде бірнеше рет атап көрсетілген.
Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый,
В.Г.Разумовский және т.б. зерттеулерінде «оқу
шығармашылық іс-әрекеті» түсінігі қолданылады
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру және ол Е.Я.Голант,
Б.П.Есипов, М.Н.Скаткин, П.И.Пидкасистыйдың
еңбектерінде көрсетілген.
Танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру
(В.В.Давыдов, Н.А.Менчинская және т.б)
Іс-әрекеттің бағдарлы негізін құрайтын
жалпыланған білімді қолдану (П.Я.Гальперин,
Н.Ф.Талызина, А.И.Раев және т.б)
Оқыту мазмұнына әдіснамалық білімді кірістіру
(И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый);
Оқу мәдениетінің өзін-өзі бақылауын жүзеге асыру
(Л.И.Рувинский).
Болашақ мамандардың шығармашылық іскерлігін
дамыту қажеттілігі идеясы көптеген
зерттеушілермен ұсынылды (В.И.Андреев,
А.М.Матюшкин, М.Горунов, М.М.Поташник және
т.б). Ғылымда кездесетін өңдемелерді жалпылай
отырып, В.Н.Романенко және Г.В.Никитина
10.
«Оқу шығармашылық іс-әрекет» және «оқу-зерттеу іс-әрекеті» түсініктеріне терең
талдау В.И.Андреевтің «Оқу-зерттеу мәдениетін эвристикалық бағдарламалау»
еңбегінде жасалған. Автордың талдауларын мына қорытындыларға жатқызуға
болады:
Оқу-зерттеу әрекеті – педагогтың ұйымдастыруымен тікелей және жанама
басқарудың басым дидактикалық тәсілдерін қолдану арқылы жүргізілген Болашақ
мамандардың іс-әрекеті және бұл болашақ мамандардың іс-әрекеті заңдылықты
байланыстар мен қатынастарды түсіндіру мен дәлелдеуді, эксперименталды
бақыланған немесе теориялық талданған фактілер, құбылыстар, процестерді
іздестіруге бағытталған және бұл іс-әрекетте танымның ғылыми әдістерін
өзбетімен қолдану басым келеді және нәтижесінде студенттер білімді белсенді
игереді, өздерінің зерттеу іскерліктері мен қабілеттерін дамытады.
«Оқу шығармашылық іс-әрекет» және «оқу-зерттеу іс-әрекеті» түсініктері жақын
түсінік және түрлі айырмашылық ретінде қарастырылуы мүмкін.
Бұл түсініктерді теңдестіру және қарама-қарсы қоюға болмайды, өйткені болашақ
мамандардың оқу-зерттеу іс-әрекет процесінде шығармашылықтың элементтері
міндетті түрде болады және әртүрлі деңгейлерде: логикалық, логикалықэвристикалық, басымырақ эвристикалықта.
11.
Оқу-шығармашылықіс-әрекетке
іс-әрекет
өнімінің
жеке
маңыздылығы тән. Оны жүзеге асыру нәтижесінде психикалық жаңа
құрылымдардың көрінуі жүреді.
Қарастырылып
отырған
түсініктер
бір-бірінен
айрықша
ерекшеленетінін көріп отырмыз. Зерттеу іс-әрекеттің өзіндік
ерекшеліктері бар және олардың арасында басым болып табылатыны:
- оның мақсаттарының оқу мақсаттарына бағыныштылығы;
- зерттеу мәдениетініңнегізгі мотивтері – танымдық;
- оқытушылардың
және
ғылыми
қызметкерлердің
жетекшілігімен ғылыми-зерттеу мәдениетін жүзеге асыру;
- ғылыми жұмыс процесінде студенттерде кәсіби өзбеттілікті,
өзінің кәсіби қызметінде практикалық міндеттерді
шығармашылықпен шешуге қабілеттілікті қалыптастыру;
- болашақта кездесуі мүмкін проблемалы ситуацияларды
тиімді шешу үшін қажетті мәліметтерді кеңейту.
12.
Болашақ мамандардың зерттеу мәдениетіне арналған көптегенеңбектерді талдау кез-келген оқу және оқудан тыс зерттеуді ғылымизерттеу жұмысы деп атайтыны туралы қорытынды шығаруға
мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, бұл факт зерттеу мәдениеті
жүйесіндегі болашақ мамандардың зерттеу мәдениетініңорны мен
мақсатын түсінуді қиындатады. Бұл туралы осы түсінікті
қарастырудың әртүрлі аспектілері дәлел бола алады. Мысалы,
А.А.Вербицкий болашақ мамандардың іс- мәдениетінің үш негізгі
формаларын бөліп көрсете отырып, болашақ мамандардың ғылымизерттеу
мәдениетін оқу-кәсіби
мәдениетіне жатқызады,
В.А.Сластенин, Л.С.Подымова болашақ мамандардың ғылымизерттеу әреретін инновациялық іс-әрекетке студенттерді даярлаудың
ең маңызды нұсқасы ретінде қарастырады, басқа зерттеулерде
түсінік белгілі бір құрамдарын көрсетумен енгізіледі.
13.
Берілген жұмыста болашақ мамандардың зерттеумәдениеті деп құбылыстар, процестерді түсіндіруге,
олардың байланыстары мен қатынастарын орнатуға,
фактілерді теориялық және эксперименталды негіздеуге,
танымның ғылыми әдістері арқылы заңдылықтарды
анықтауға бағытталған ғылыми сипаттағы іздену ісәрекеті және оның нәтижесінде «жаңалықтардың»
субъективті сипаты белгілі бір объективті маңыздылықты
және жаңашылдықты меңгереді деп түсінеміз.
14.
зерттеу мәдениетінің құрылымы мен қызметтері осы бағыттағыпедагогикалық ЖОО-да студенттерді даярлаудың мақсаттарымен
анықталады.
Кәсіби теориялық білімді тереңдету және дамытуда, оларды
тәжірибеде қолдану;
Барлық студенттерге өзбетімен ғылыми-зерттеуді қою және жүргізу
дағдыларын меңгертуде;
Білім берудің өзекті мәселелерін шешуге көбірек қабілетті
студенттерді қатыстыруда;
Студенттерге олардың шығармашылық қабілеттері көрінетіндей
ғылыми бағытты негізді таңдау мүмкіндігінде;
ЖОО қабырғасында ғалымдарды, зерттеушілерді, оқытушыларды
тәрбиелеуде;
Болашақ маманның сапалы кәсіби қалыптасуында;
15.
Ғылыми-зерттеу мәдениетінде сыртқы және ішкі кері байланыс орыналады.
Айтылған
байланыстардың
болуы
В.А.Якунин,
С.И.Архангельскийдің еңбектерінде көрсетілген. С.И.Архангельский ішкі
кері байланыс жүйенің қызмет ету жағдайынан қателер мен басқа да
ауытқуларды өзбетімен анықтау және түзету негізінде жеке студенттің
білімді
жетілдіруге
мүмкіндік
береді.
Біздің ойымызша, ішкі кері байланыстың көрсеткіштерін анықтау күрделі.
Сыртқы кері байланыс оқытушыға бағытталады. Ол оқытушыға болашақ
мамандардың білім, іскерлік және шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесін
меңгеру нәтижесінің белгілі бір көрсеткіштеріне сүйене отырып ғылыми
зерттеу әрекеті процесінің жағдайына бағыттайды. Сыртқы кері
байланыстың көрсеткіштері арасында зерттеу мәдениетінде болашақ
мамандардың белсенділігін, семинарларда, сөйлеуін аудиториядан тыс өздік
жұмыстарды
және
т.б.
көрсетуге
болады.
16.
Қазіргі болашақ мамандарды даярлау проблемасын шешу, оқу-тәрбиепроцесінің нәтижелі өтуіне мүмкіндік туғызатын педагогикалық шарттар
кешенін қарастыруды талап етеді. Педагогикалық шарттарға біз өзара
байланыста болатын дидактикалық элементтер жиынтығын жатқыздық:
оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары, әдістері, құрал-жабдықтары.
Педагогикалық шарттарды қарастыра отырып, оларды болашақ
мамандардың ғылыми-зерттеу қызметін қалыптастыру процесінің
арнасына көшіру мынадай компоненттерді бөліп көрсетуге мүмкіндік
берді:
1)ұйымдастырушылық - оқытуды ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау
бағытында құру: рефераттар, курс жұмыстары, ғылыми жобалар,
болашақ мамандардың шығармшылық жұмыстары;
2)мазмұндық: болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу қызметінің
моделінің болуы.
3)бағалау-нәтижелік: орындалу барысына, іс-әрекеттердің тәсілдерінің
қорытындысына рефлексивті талдау; ғылыми-зерттеу қызметінде
тәжірибе алмасу.
17.
Педагогикалық шарттар ғылыми әдебиеттерде оқу процесін нәтиже жетістігіменқанағаттандыратын, сыртқы қажетті талаптардың жиынтығы деп түсіндіріледі
(Мемлекеттік стандартқа, жұмыс, оқу жоспарына және пәннің жұмыс
бағдарламасына сәйкес).
И.П.Подласый педагогикалық процестер барысында өтетін шарттар жүйесін
сыртқы және ішкі шарттар бағытында қарастырады, мәселен: ішкі мектеп
шарттарына материалдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық және т.б. жатса, ал
сыртқы шарттар қызметіне, мәселен, халықтық білім беру жүйесі жатады: табиғигеографиялық, қоғамдық, өндірістік, мәдени және т.б. шарттар жатады.
Жоғарыда айтылған әдебиеттерге теориялық талдау жасау, сондай-ақ өзіміздің
тәжірибелеріміздегі мәліметтер ғылыми-зерттеу саласында болашақ
мамандардың потенциалды мүмкіндіктерін табысты түрде жүзеге асырылуын
қамтамасыз ететін негізгі педагогикалық шарттарды анықтауға мүмкіндік берді:
студенттерде зерттеу мәдениетіне және оның нәтижесіне деген қызығушылықты
қалыптастыру; ғылыми-зерттеу қызметі процесінде "студент-оқытушы"
жүйесіндегі субъект-субъектілік өзара әрекетті ұйымдастыру; факультетте оқу
пәндерін тереңдетіп оқыту және Болашақ мамандардың ғылыми үйірме
жұмысының бірлігін қамтамасыз ететін зерттеу орталығын құру; зерттеу
тақырыбын таңдауда еркіндік беру негізінде әрбір студенттің іздену белсенділігін
дамыту, зерттеу жұмысы мазмұнының интегративті сипатын пайдалану және жеке
танымдылық тәжірибені ескеру; танымның ғылыми әдістерін және зерттеу
тапсырмалары мен проблемаларын шешудің технологияларын үйрету; "мектепжоғары оқу орны" ғылыми-зерттеушілік дайындау жүйесінде болашақ
мамандардың ғылыми-зерттеу әрекет түрлерінің сабақтастығы.
18.
Болашақ мамандардың кәсіби дайындығын арттырудағы зерттеу жұмыстарыныңнегізгі түрлеріне оқу-зерттеу және зерттеу мәдениеті жатады (СОЗЖ және СҒЗЖ).
Болашақ мамандардың оқу-зерттеу жұмысы оқу-тәрбие процесінің жүйесіне
кіреді де, негізінен, семинарлық, практикалық, зертханалық сабақтарда жүзеге
асырылады.
Болашақ мамандардың оқу-зерттеу жұмысының мақсаты - теориялық білімдерді
тереңдету және ғылыми проблемалардың шешімдерін іздестіру әдісін игеру.
Сондықтан, болашақ мамандардың оқу-зерттеу жұмысы проблемалық оқумен
тығыз байланысты. Ал, болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмысы
студентті ізденуге баулудың неғұрлым жоғары дәрежесімен сипатталады және
әдетте, оқу процесінің шеңберіне симайды, Болашақ мамандардың ғылыми
қоғамдары мен үйірмелерінде және ғылыми зертханаларда зерттеу жұмыстарын
жүргізеді. Ғылыми-зерттеуге қатыса отырып, студент алған білімдерін бекітеді,
толықтырады және оны жоғары сатыға көтереді.
19.
Зерттеуші ғалым Б.Т.Кенжебековтың пікірінше, «жоғары білімді маманның кәсібиқұзыреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің және ішкі
психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін
іске асыру дайындығына, былайша айтқанда, іскерлігі мен мүмкіндігіне сай
жұмыс істеу қажеттілігінен келіп шығады». Оның құрамын субъектілік, нысандық
және пәндік компоненттерден тұрады деп анықтайды. Субъектілік компонент
«болашақ маманның мақсатта болушылық, өндіргіштік және дамытушылық
негізде өзіндік диагностиканы, өзіндік өзгертулерді, өзіндік бағалауды және
өзіндік талдауды, сонымен қатар кәсіби іс-әрекеттегі диагностиканы, өзгерісті,
бағалауды және талдауды іске асыру шеберлігі ретінде маманның өзіндік
сапасын» сипаттайды.
20.
Қазіргі танда Қазақстанның көпшілік жоғары оқу орындарында жаћандануүрдісінің талаптарына лайық пайдаланылып жүрген жоғарыда көрсетілген
ереженің мазмұнын талдай келе біз мынадай қорытындыға келдік. Біріншіден
жаңа оқу жүйесінің демократизациялану мен гуманизациялануға
бағытталғандығын көрсетеді. Екіншіден оқу жағдайындағы оқу үрдісінің
бұрынғы дәстүрлі жүйеден педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарағанда
ұйымдастырылуы, оқу-әдістемелік, бақылау және қадағалау жүйесінің
мүлдем басқаша екендігін байқатады. Үшіншіден оқу үдерісінде бұрын соңды аса
мән берілмеген оқытушы мен студенттің, студентпен - студент арасында сенім мен
ынтымақтастық, диалогтық және мәдени қарым-қатынастын қажеттілігін
аңғартады. Төртіншіден оқу үрдісінде студенттерге қойылатын талаптардың жанжақты екендігін байқауға болады, атап айтқанда студенттерді өздігінен іздене
білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыратын жүйе болып
табылады. Бесіншіден оқу үрдісінің субъектілерінің атқаратын қызметіне
байланысты жаңаша атауларын көрсетеді (мысалы, оқытушы-тьютор, эдвайзер,
офис-тіркеуші және т.б.).
21.
Біз қарастырып отырған оқыту жүйесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі, ол оқупроцесінің соңғы нәтижелерін қадағалау формаларын педагогикалық,
психологиялық, әдістемелік тұрғыдан күшейтуде болып табылады. Бұл үдеріс
бұрынғы жүйеге қарағанда күрделеніп оқытушылармен студенттерге оқу
үдерісіне деген талаптарын ынталандырады. Бақылау формаларының келесі түрі
мына ережеге байланысты жүргізіледі.
Сонымен оқыту жүйесінде оқу үдерісін ұйымдастыру мен болашақ
мамандардың білім деңгейін бағалауды бірнеше кезеңге бөліп, оларды арнайы
ережелер бойынша өткізу, жаңа жүйеде болашақ мамандардың өздігінен жұмыс
істеуіне аса зор мән беріліп отырғанын анғартады. К.М.Арапова жоғары оқу
орындарында оқу-тәрбие жұмысын реформалауға, білім беру жүйесін
жетілдіруге, сол арқылы түпкі сапалық нәтижеге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті
жан-жақты білімді азаматтар қалыптастыру жолындағы кредиттік оқыту
жағдайында қалыптасқан. Болашақ мамандардың өздігінен орындайтын
жұмыстарының түрлерін оқу үдерісінде және одан тыс қалыптасқан өз бетінше
педагогикалық жүйе деп қарастырған болатын (сурет 2).
22.
Ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру -рефлексиялық әрекеттер арқылыжүзеге асырылады. Рефлексияға байланысты педагогикалық еңбектерде Д.Дьюи,
Л.С.Выготский, В.В.Семенов, Е.В.Бондаревская, т.б. студенттің рефлексиялық
үдерістерді меңгеруі, оның өзіндік әрекеттерін дамытуға ықпалы зерделенген.
Мысалы, Е.В.Бондаревскаяның ойынша, рефлексиялық әрекеттер адамның
қаншалықты еркін ойлай алатынына байланысты. Рефлексиялық толғанысты
үнемі жүргізуді басшылыққа алу арқылы оқытушыдер мен студенттерді өзінің
әрекеттеріне талдау жасауға, өзі үшін маңызды проблемаларды анықтай алуға
және шешу жолдарын табуға үйренеді. Л.А.Выготский, Ж.Пиаже т.б. психологғалымдар ойлаудың шығармашылық түрін рефлексиялық мазмұнымен
байланыстырады. Олардың ортақ пікірі бойынша рефлексия өз тәжірибесінен
байыптай, зерттей отырып, проблемаларды терең талдау, бағалау, арқылы
нәтижелі қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
23.
ЖОО-дағы зерттеушілік мәдениетін келесі педагогикалық шарттардан тұрады:«өзіндік - рефлексиялық зерттеулер», «танымдық зерттеулер»,
«мотивацияны дамыту және қалыпастыру», «ғылыми-әдіснамалық білім»
Болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу мәдениетіндегі «өзіндік - рефлексиялық
зерттеулер ұйымдастыру шарттарының орындалуы негізінде тұлға өз
дамуының, білімінің субъектісі болып қалыптасады (С.И.Рубинштейн,
Ш.А.Амонашвили). Оның мәні: тұлғаның өзін құндылық ретінде қабылдауға негіз
болатын рефлексиялық қарым-қатынас орнату: зеттеушінің ой-пікірімен,
мақсатымен, проблемаларымен санасу.
Танымдық зерттеулер ұйымдастыру шарттарының мазмұны тұлғаның
танымдық әрекеттерінің субъектісі ретіндегі көзқарасын қалыптастыру: өзіндік
таным, өзіндік қажеттіліктерін айқындау, өз мүмкіндіктерін рефлексиялық
қажеттіліктер негізінде пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады.
Ғылыми-зерттеу мәдениетіне болашақ мамандардың жағымды мотивациясын
дамыту және қалыптастыру. Мотивациялық әрекет факторы ретінде: шынайы
мәселені белсенді зерттеуге қажеттілік, әлі шешілмегенге, жаңаға ұмтылу,
Болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттері, ғылымыи тақырыпқа немесе
ғылыми пәнге қызығушылықтың дамытуы немесе жоғары қызығушылықтың
болуы, ғылыми білімге ұмтылуы, «жаңалықты ашуға құмарлығы».
24.
Зерттеуді жүргізу үшін алдын ала эксперименттік жұмыстың жалпы бағдарламасы жасалды:
Зерттеу үшін психологиялық тесттерді таңдау, сауалнама құру, жүргізілетін жұмыстар
бойынша бағдарлама құру (қараша, 2021);
Алғашқы мәліметтерді алу мақсатында психологиялық-педагогикалық диагностиканы
ұйымдастыру және жүргізу (желтоқсан, 2021);
Зерттеу нәтижелерін өңдеу және қорытындылау, студенттерді психологиялық-педагогикалық
көрсеткіштер бойынша бөлу, арнайы сабақтардың бағдарламасын құру (сәуір-тамыз, 2022);
Кешенді түрде психологиялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру: арнайы дәріс
және семинар сабақтары, интерактивті сабақтар, арнайы курс (қыркүйек, 2021 жыл және
ақпан, 2023);
Қалыптастырушы эксперименттің тиімділігін анықтау үшін психологиялық-педагогикалық
диагностиканы қайтадан ұйымдастыру және жүргізу (наурыз, 2023);
Педагогикалық-психологиялық жұмыс бағдарламасының тиімділігін талдау,
қорытындылары мен ұсыныстарды безендіру (сәуір, 2023 жыл).
Зерттеушілік мәдениетінің қалыптасу деңгейлерін анықтау үшін олардың жұмысын
бақылау, үйірмелерге және конференцияларға қатынасуы, дәріс, семинар, практикалық
сабақтағы үлгерімі, ағымдық, аралық, қорытынды бақылау және педагогикалық жүйедегі
болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару нәтижелері мен анкета алу
арқылы зерттеушілік мәдениетін ретінде болашақ мамандардың тұлғалық қатынасы мен
когнитивті дайындығы, жеке зерттеу белсенділігін анықтауды көздедік.
25.
Зерттеу жұмысымыздың анықтаушы экспериментінде Болашақ мамандардың зерттеумәдениетініңқалыптасу деңгейі төрт өлшем бойынша (жоғары, жеткілікті, орта,
төмен) анықталған болатын.
Студенттерге жүргізілген анкеталық тапсырмаларымыз келесі сұрақтардан
құралды:
Зерттеушілік мәдениеті туралы сіз не білесіз? Ол қандай негізгі категориялардан
тұрады?
Педагогикалық эксперимент дегеніміз не?
Сіз басқаның көмегінсіз педагогикалық экспериментті ұйымдастыра аласыз ба?
Сіз тәжірибелі-эксперименталды жұмыстардың сатыларын білесіз бе?
Жұмыс сәтті болуы үшін қандай зерттеу біліктілігі қажет? Өзініздің зерттеу
біліктілігіңізді қаншалықты бағалар едіңіз?
Сіз ғылыми-зерттеу жұмысымен қанша уақытқа дейін айналысар едіңіз?
Реферат, шағын зерттеу, курстық жұмыс жазғанда қандай мақсатты көздейсіз?
Сіздің жұмысыңыз қаншалықты түрлі қарама-қайшылықтарды қарастырады?
Сіз «ескі» тұрып қалған мәселені жаңаша шеше алар ма едіңіз?
Сіз үшін қайсысы жақын- күдіктене отырып зерттеу және дәлелді іздеу ме немесе
ереже мен постулаттар негізінде жұмыс жасау ма?
Сіздің зерттеуіңізде рефлексия міндетті компонент болып табылады ма?
Сіз оқытушының көмегін қашан қолданасыз?
26.
Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді нақтылау үшін студенттерге
зерттеу бойынша эксперименталды және бақылау тобында келесі жеке
тапсырмалар, яғни шығармашылық даму жағдайын анықтау мақсатында
О.Н.Лукачевичтің ұсынған әдістемесін жүргіздік.
Зерттеушілік мәдениетін ретінде болашақ мамандардың тұлғалық қатынасы
мен когнитивті дайындығы, жеке зерттеу бағдарламасын толық орындауға,
жеке зерттеу белсенділігі, шынайы проблемалық және болашақ мамандардың
жұмысты орындаудағы эвристикалық потенциалы, оқытушы және болашақ
мамандардың өзара әрекет атмосферасы алынды. Берілген критерийлерден
шыға келе зерттеушілік мәдениеті үдерісінде болашақ мамандардың
шығармашылық даму жағдайы анықталды.
27.
Эксперименттің бастапқы сатысында болашақ мамандардың жоо-дағы
ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруда келесі формалары мен
принциптерін анықтадық. Болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу
әрекеттерінің басымды формасы курстық және дипломдық жұмыстар болып
табылады. Ғылыми практикалық конференция да болашақ мамандардың
зерттеу мәдениетініңмаңызды формасы болып табылады. Сонымен бірге,
Болашақ мамандардың бұл іс-әрекет түріне белсенді қатынасуы және
тұлғалық қызығушылығының болуы көп емес екендігі байқалып отыр. Ереже
бойынша студентке жеке зерттеуін жүзеге асыру мүмкіндігіне сәйкес оған
белгілі тақырыптар тізімі ұсынылады. Көбіне тақырыптар студенттің
қызығушылығымен сәйкес келмеуі және теория мен практиканың қазіргі
деңгейін қанағаттандырмауы мүмкін. Тақырыпты студент оқытушының кеңес
беру көмегімен және өзбетімен өңдейді. Кейде тіпті оқытушының көмегі тек
жұмысты тексеру және оны бағалаумен шектелуі мүмкін фактілер кездеседі.
Кейде болашақ мамандардың жұмысты қорғауы тиісті деңгейде болмайды.
Сондықтан, жоғарыда айтылғандарды және анықтаушы эксперименттің
нәтижесін ескере отырып, ғылыми-зерттеу мәдениетінде болашақ
мамандардың шығармашыл дамуы өзекті зерттеу міндеттері болып табылады.
28.
Зерттеу мәдениетінің практикалық біліктілік пен дағдыны, теориялық
негіздерді меңгеруі сәйкесінше төмен және орташа деңгейді көрсетіп отыр,
біздің ойымызша студенттермен біріккен жұмыста педагогикалық
бағыттылықтың басымдылық етуі, оқу пәні, оқу ақпаратын ұйымдастыру және
жинақтауда ғылыми білімді жетілдіру жүрмейтіндігі, яғни ғылыми көзқарасты
бағалау критерийлерін анықтайтын педагогикалық мәселені және ғылыми
зерттеу әдістерін студенттермен бірігіп іздеу қарастырылмағандығымен
байланысты.
зерттеу мәдениетініңтеориялық негіздерін меңгеру деңгейі;
зерттеу мәдениетініңпрактикалық біліктілік пен дағдыны меңгеру деңгейі;
жеке зерттеу біліктілігін бағалау;
жұмыстың мәнін түсіну деңгейі;
мәселені өзбетінше анықтау деңгейі;
ұсынылған шешімдердің стандартқа сәйкес келмеуі;
рефлексия деңгейі
көрсеткіші.
29.
• Эксперименттік топтағы болашақ мамандардың ғылымизерттеу мәдениетінің шығармашылық дамуына когнитивті
дайындық деңгейі жалпы орташа есеппен жоғары -1,2 %
жеткілікті -34,5%, орта көрсеткіші 55 %, және төмен 5,1%
пайызды көрсетіп отыр.
• Ал бақылау тобындағы болашақ мамандардың ғылыми зерттеу
мәдениетінің шығармашылық дамуына когнитивті дайындық
деңгейі жалпы орташа есеппен жоғары -1,4 % жеткілікті -34%,
орта көрсеткіші 54,8 %, және төмен 5% пайызды көрсетіп отыр.
• Бұл ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың
байланысының болмауынан көрінеді. Тікелей бұл параметрмен
бірге жеке зерттеу біліктілігін бағалау параметрлері жүреді.
Берілген біліктіліктің мәні туралы ешқандай түсінігі болмаса да,
немесе олар туралы түсінігі шектеулі және тайыз болса да,
студенттер оны өзінше қабылдап бағалайды.
30.
• Зерттеу белсенділігі мен тұлғалық қатынасына кедергікелтіретін факторларды анықтау мақсатында
О.Н.Лукачевичтің ұсынған әдістемесін қолдандық. Бұл әдістеме
арқылы жаңаны алуға бағытталуы, пікірінің тәуелсіздігі, өзінің
пікірін ұстап тұру, ынталылық- өзбеттілікке ұмтылуы,
орындалған жұмысқа қызығушылығы, жұмысқа қанағаттануы
және психологиялық жайлылық дәрежелерін анықтай аламыз.
31.
3- сурет - Зерттелушілердің зерттеу мәдениетіне белсенділігі ментұлғалық қатынасына кедергі келтіретін факторлардың көрсеткіштері.
7
1
6
5
4
3
2
1
2
3
4
5
6
7
Жаңаны алуға бағытталмауы;
Пікірінің басқаға тәуелдігі;
Өзінің пікірін ұстап тұра алмауы;
Ынталылық- өзбеттілікке ұмтылмауы;
Орындалған жұмысқа қызығушылығының болмауы;
Жұмысқа қанағаттанбауы;
Психологиялық жайлылықты сезінбеуі
32.
Суретте көріп отырғандай ең қиындық келтіретін фактор болашақмамандардың жаңаны алуға бағытталмауы (7,2 ұпай), азаю реті бойынша
қарастырсақ, одан кейінгі кедергі келтіретін фактор- пікірінің басқаға
тәуелділігі, яғни өз пікірін көрсете алмауы (5 ұпай), ынталылық-өзбеттілікке
ұмтылмауы (3,5 ұпай), психологиялық жайлылықты сезінбеуі (3,4 ұпай),
орындалған жұмысқа қызығушылығының болмауы (2,8 ұпай) және
орындалған жұмысқа қанағаттанбауы (1,6 ұпай).
Зерттеу нәтижелері көрсетіп тұрғандай, болашақ мамандардың
ғылыми-зерттеу мәдениетіне қызығушылығының болмауы, яғни ол
ішкі қажеттіліктен шықпағандықтан көпшілік студентер оған
салқынқанды қарайды, сондықтан біздің ойымызша берілген
факторлардың нәтижесін ескере отырып болашақ мамандардың
ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруға байланысты жұмыстар
жүргізу қажет.
33.
1 Кесте - Анықтаушы эксперимент нәтижесіндегі болашақ мамандардың зерттеу мәдениетініңдаму деңгейі (%)
Өлшемдер
Деңгейлер
Мотивациялық
жоғары
жеткілікті
орташа
төмен
жоғары
жеткілікті
орташа
төмен
жоғары
жеткілікті
орташа
төмен
жоғары
жеткілікті
орташа
төмен
Мазмұндықоперациялық
Еріктік
Рефлексивтік
Барлығы – 53 студент
Эксперименттік топ
Бақылау тобы %
%
(23 студент)
(30 студент)
2,9%
3,2%
21,3%
19,5%
41,4%
39,5%
38,5%
43,2%
3,6%
4,1%
15,3%
12,5%
36,5%
33,9%
32,8%
35,2%
2,2%
1,9%
25,3%
27,3%
45,1%
43,8%
30,9%
20,7%
1,2%
1,4%
25,9%
27,5%
37,5%
43,8%
28,4%
20,5%
34.
4- сурет - Анықтау экспериментінде болашақ мамандардыңғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру көрсеткіші
(мотивациялық)
50
40
30
Эксперименттің басында
41,1
38,5
жоғ ары
21,3
20
10
43,2
39,5
19,5
2,9
3,2
Эксп.топ
Бақ .
тобы
0
жеткілікті
орташа
төмен
35.
Тәжірибелі-эксперимент жұмыстарын жүргізудің осы аталған қағидаларына сүйенеотырып және жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың зерттеушілік
мәдениетін қалыптастыру туралы теориялық-әдіснамалық, әдістемелік
пайымдауларымызды дәлелдеу мақсатында мынадай міндеттерді шешуіміз қажет
болды:
-оқу үрдісінде болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу мәдениетін тиімді
қалыптастыруда СӨЖ-ның мүмкіндіктерін анықтау;
-СӨЖ-ның білімді тереңдетудегі, толықтырудағы, дағды мен іскерлікті
қалыптастырудағы, танымдық әрекетке қызығушылықты туғызудағы,
шығармашылықпен жұмыс істеудегі мүмкіндіктерін анықтау;
-СӨЖ-н орындау арқылы қалыптасқан пәндік білім, білік, дағдылар ойлау
операцияларын дамыту нәтижесінде Болашақ мамандардың біліктілігінің
қалыптасуын көрсету;
- оқыту жүйесінде СӨЖ-н ұйымдастыру арқылы студенттерде талдай білу, жүйелей
білу, жалпылай, дәлелдей білу, салыстыру, тұжырым жасай білу біліктерінің
қалыптасуын бақылау;
- оқыту жүйесінде СӨЖ-ң болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыруға
бағытталған әдістемелік жұмыстарының тиімділігін дәлелдеу.
36.
Аталған міндеттерді шешу мақсатына анықтаушы эксперимент мынадай бағыттардажүргізілді:
- болашақ мамандардың шығармашылық даму жағдайы ретінде зерттеу
мәдениетініңмазмұнын талдау, негізгі көрсеткіштер және критерийлер бойынша
болашақ мамандардың даму деңгейін алдын ала анықтау;
- оқыту жүйесінде СӨЖ-н атқару деңгейлері мен оған ықпал ететін факторлар мен
кемшіліктер анықталды;
-Кредиттік оқыту жағдайында СӨЖ-ың тиімділігін арттыруда оқытушылардың
әрекеті зерттелді.
Осы кезеңде көрсетілген бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының педагогикалық
процесінде дәріс пен практикалық сабақтарда СӨЖ-ның өтуін, олардың сандық
сапалық жақтарының көрсеткіштері, оқыту жүйесінің талаптарына сай ағымдық,
аралық, қорытынды бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда СӨЖ-ның бағалау
нәтижелері талданып, студенттерді өздігінен реферат, баяндама, эссе жазу мен қатар
курстық жұмыс, жобаны орындау деңгейлері зерттелді.
37.
Осы кезеңде көрсетілген бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының педагогикалықпроцесінде дәріс пен практикалық сабақтарда СӨЖ-ның өтуін, олардың сандық
сапалық жақтарының көрсеткіштері, оқыту жүйесінің талаптарына сай ағымдық,
аралық, қорытынды бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда СӨЖ-ның бағалау
нәтижелері талданып, студенттерді өздігінен реферат, баяндама, эссе жазу мен қатар
курстық жұмыс, жобаны орындау деңгейлері зерттелді.
Осы бағыттағы зерттеу жұмыстары үшін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университетінің «Бастауыш білім беру деңгейінің педагоггі» мамандығы
студенттерінің өздігінен жұмыс істеу, яғни ғылыми зерттеу әрекеті зерттелінді.
Экспериментке 53 студент қатысты, оның 33 бақылау тобында, 20 – эксперимент
тобында.
Анықтаушы эксперименттің нәтижесінде алынған болашақ мамандардың берген
жауаптары мен бақылау жұмыстары, нәтижелері пән оқытушыларымен пікірлесе
отырып талданып, СӨЖ-ды атқару деңгейлері анықталды.
Бұл кезеңдегі зерттеу нәтижелері 2-ші тарауының 1-ші тармақшасында көрсетілді.
Оқыту жүйесінде СӨЖ-ды атқару деңгейінің төменгі дәрежеде болуы 42,1%, орташа
деңгей 46,2%, жеткілікті деңгейі – 10,9 %, жоғары деңгей – 12,5 % екендігін
анықтадық.
38.
Болашақ мамандардың зерттеу мәдениетінің қалыптасу компоненттерінің дамудеңгейлерінің эксперимент басындағы және соңындағы көрсеткіштері беріледі (кесте 2)
2 кесте – Болашақ мамандардың зерттеу мәдениетінің даму деңгейлерінің көрсеткіші (%)
(ЭТ-33; БТ-20)
Компонеттер
Мотивациялық
Мазмұндықоперациялық
Еріктік
Рефлексивтік
Жұмыс
кезеңдері
анықтаушы
қалыптасты
рушы
қорытынды
Жоғары
ЭТ
БТ
Жеткілікті
ЭТ
БТ
Орта
ЭТ
БТ
Төмен
ЭТ
БТ
2,9
30,1
3,2
-
21,3
32,4
19,5
-
41,1
20,2
39,5
-
38,5
2,6
43,2
-
33,4
3,3
37,2
20,6
11,4
40,4
-
42,5
анықтаушы
қалыптасты
рушы
қорытынды
3,6
25,6
4,1
-
15,3
30,9
12,5
-
36,5
23,6
33,9
-
32,8
16,3
35,2
-
29,4
4,6
37,3
14,6
10,3
32,5
3,3
33,9
анықтаушы
қалыптасты
рушы
қорытынды
2,2
25,9
1,9
-
25,3
36,7
27,3
-
45,1
28,5
43,8
-
20,9
13,6
20,7
-
28,2
1,9
38,3
27,3
13,5
39,9
3,9
21,2
анықтаушы
қалыптасты
рушы
қорытынды
1,2
25,6
1,4
-
25,9
31,5
27,5
-
37,5
23,6
43,8
-
28,4
8,3
20,5
-
27,8
1,1
33,5
26,6
9,7
42,4
3,9
19,5
39.
3 кесте – Болашақ мамандардың зерттеу мәдениетініңқалыптасу деңгейлерініңкөрсеткіштерінің қорытынды нәтижелері (эксперименттің басы және соңы %),
(ЭТ-20; БТ-33)
Жұмыс
кезеңдері
Жоғары
Жеткілікті
Орта
Төмен
ЭТ
БТ
ЭТ
БТ
ЭТ
БТ
ЭТ
БТ
Басы
2,4
2,6
21,9
21,7
40,1
40,2
30,1
29,9
Соңы
29,7
2,6
36,5
22,2
11,2
38,8
2,7
29,2
40.
Қорытынды нәтижелерден мынаны көруге болады: егер эксперимент тобындаалғашында төмен деңгейді көрсеткен Болашақ мамандардың саны – 30,1% болса,
эксперимент соңында төмен деңгейді көрсеткендер 2,7% төмендеді, орта
деңгейдегілердің алғашында саны – 40,1% болса, соңында олардың саны – 11,2%
болды, жеткілікті деңгейді алғашында 21,9 % көрсетсе, соңында олардың саны –
36,5 % көтерілді, жоғары деңгейді алғашында 2,4% көрсетсе, соңында олардың саны
– 29,7% өсті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ.
41.
ҚОРЫТЫНДЫБүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне енуіне
бағытталған талпыныстары оқыту жүйесінде білім беру мазмұнын жаңарту, оқу
процесін жетілдіру, әсіресе жаңа жүйенің талаптарына сай оқу процесін
ұйымдастыруда Болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруда
дербестігі мен ізденімпаздығын, шығармашылығы мен оқу белсенділігін дамытатын
оқыту шараларын іздестіруге аса мән беруді талап етіп отыр.
Теориялық зерттеулердің тұжырымдарын талдау тақырыптың өзектілігін анықтауға,
мәселені ашуға және біздің зерттеуіміздің мақсаты мен міндеттерін анықтауға
мүмкіндік берді. Жүргізілген зерттеудің өзектілігі ғылыми жаңалықтардың
жетістіктерін тәжірибелік әрекетте шығармашыл қолдана алатын, яғни білім беру
саласының қазіргі заманғы жағдайларына жылдам бейімделе алатын, жоғары оқу
орнында ұйымдастырылатын педагогикалық құбылыс ретіндегі ғылыми-зерттеу
мәдениетін қалыптастыруға бағытталған өзіндік жұмыстың мәні туралы жаңа ғылыми
білімдерді тереңдету және меңгерту қажеттілігімен анықталады.
Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми еңбектерге оқу-әдістемелік әдебиеттерге
жасалған талдаулар «ғылыми-зерттеу», «өзіндік жұмыс» ұғымдарының мәні мен
мазмұнын анықтауға септігін тигізіп, ғылыми-зерттеу әрекеттерін қалыптастырудың
теориялық негіздерін айқындалды.
42.
ҚОРЫТЫНДЫЗерттеу жұмысымыз өз мақсатына жетті және арнайы өңделген және тәжірибелік жағынан
сыналған педагогикалық шарттары негізінде болашақ мамандардың зерттеу мәдениетінің
қалыптасуының нәтижесі ретінде көрсетілді.
Педагогикалық–психологиялық әдебиеттерді талдау негізінде біз ғылыми-зерттеу мәдениетін
қалыптастыру өлшемдері мен деңгейлерін айқындадық. Теориялық тұрғыдан анықталған
өлшемдер мен деңгейлік көрсеткіштерді эксперименттік-тәжірибеде зерттеу жүргізу арқылы
анықтап, нақты көрсеткіштерге қол жеткізу арқылы болжамымызды тәжірибелік тұрғыдан
дәлелдедік.
Теориялық қағидалар мен эксперименттік-тәжірибе жұмысының негізінде қорытындылар жасай
отырып, мынадай ұсыныстар беріледі:
Қазіргі қоғам сұранысы мен білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес болашақ мамандардың
зерттеу мәдениетін дамытуда өзіндік жұмысты тиімді ұйымдастырудың жаңа әдістемелік негізін
құру;
Оқыту жүйесінде өзіндік жұмыстың көлемінің ұлғаюымен және оның маңызының артуына
байланысты өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы болашақ мамандардың өздігінен білім алуға,
өзін-өзі дамытуға негізделе отырып жүзеге асыру;
Болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытудың шарты болып табылатын өзіндік
жұмыстардың маңыздылығын және қажеттілігін меңгрете отырып, ғылыми-зерттеу мәдениетін
қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орнының барлық курс студенттеріне «Болашақ
мамандардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастырудың жолдары» атты курстар енгізу.