Похожие презентации:
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
1.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіГуманитарлық -педагогикалық институты
Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы
КЯЛ-22-1д оқу тобының докторанты
Сардарова Эльвира Асанбековна
2022-2023 оқу жылы
2.
Докторлық диссертация тақырыбы: «Жоғары оқуорнында болашақ филолог маманның әдістемелік
даярлығын инновациялық технологиялар негізінде
қалыптастыру»
Ғылыми кеңесші:1.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университеті Қазақ тілі білімінің теориясы мен әдістемесі
кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының
докторы
Сулейменова
Жарқынбике
Нуайқызы;
2.Түркия мемлекеті,
Анкара Хаджы Байрам Вели
университетінің профессоры, PhD доктор Четин
Пекаджар.
3.
Тақырыптың өзектілігі• Қазіргі заманауи педагогикалық білім парадигмасы жоғары оқу
орындарында болашақ мұғалімдердің кәсіби-әдістемелік даярлығын
жаңаша бағытта дамытуды талап етеді. Инновациялық мектептерде
оқушыларға заман талаптарына сәйкес тәрбие-білім бере алатын,
олардың пәндер бойынша функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудың
дидактикалық
ұстанымдарын
меңгерген
мұғалімдер даярлау қажет.Осы тұрғыдан келгенде, мамандардың өз
пәні бойынша кәсіби теориялық-әдістемелік білімді жете меңгеруі
маңызды.
• Қазақ тілін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының жаңаша
идеяларын негізге алады. Осымен байланысты ЖОО-да қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімдерін сапалы даярлауда кәсіби бағыттағы
пәндерді оқыту аясында әдістемелік даярлығын оқытудың
инновациялық технологиялары негізінде қалыптастырудың маңызы
зор. Оқытудың инновациялық технологиялары болып танылған
дыбыстық -бейне (аудио- визуалды), АКТ, интербелсенді,
альтернативті, қашықтан оқыту, т.б. оқыту технологиялары және
осыған орай жаңаша мазмұндағы оқу-әдістемелік құралдармен
қамтамасыз ету, білім сапасын бағалау өлшемдерін анықтау– маман
даярлығындағы өзекті мәселелер.
4.
• ЖОО-да филолог-студенттердің әдістемелік даярлығын қалыптастыруүшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Болашақ қазақ тілі
пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығы, оны қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық
негіздері,
жаңа
технологиялық
әрекеттерді қолдану жүйесі, әдістемелік даярлық қалыптастырудағы
теориялық пәндер жүйесінің алатын рөлі,мәселелері қазақ тілін оқыту
дидактикасында әлі жете қарастырылмаған.
Болашақ маманның әдістемелік даярлығын қалыптастыру
белсенді, кәсіби-шығармашылық қабілеті дамыған, бәсекеге қабілетті
тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік береді. Әдістемелік даярлық
жүйесі – болашақ маманның кәсіби деңгейіне қойылатын негізгі
міндетті сапа.
• Жаңа әдістемелік жүйе маманның кәсіби ортасында бәсекеге
қабілеттілігін, кәсіби табысты болуын, заманауи педагогикалық
инновацияларды меңгеріп, жаңаша әдіәстемелік жүйені кәсіби
әрекетінде тиімді қолдана білу дағдыларын игеруге мүмкіндік
береді.
Оқытудың жаңа технологиялары негізінде әдістемелік
даярлығы қалыптасқан кәсіби тұлға моделінің ғылыми негіздерін
анықтау, мазмұнын ашу, тәжірибеден өткізіп, анықталған жүйенің
тиімділігін анықтау тақырыптың өзектілігін белгілейді.
5.
Негізгі міндеттері:1
2
ЖОО-да филолог студенттердің әдістемелік даярлығы мәселесінің
зерттелуінің қазіргі жағдайын анықтау;
әдістемелік даярлық ұғымының маңызы мен мәнін ашу;
3
әдістемелік даярлық қалыптасу деңгейлері мен шарттарының
педагогикалық-психологиялық ұстанымдарын айқындау;
4
ЖОО-да филолог-студенттердің әдістемелік даярлығын
инновациялық технологиялар негізінде қалыптастырудың
теориясы мен әдістемелік жүйесінің нәтижелерінің тиімділігін
дәлелдеу;
5
болашақ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерін даярлаудағы
әдістемелік жүйенің құрылымдық-мазмұндық моделін құрастырып,
бағалау өлшемдерін ұсыну
6.
Практикалық маңызы: Зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдарыәдістемелік жүйе ұғымының теориялық мәселелерін нақтылай түсуге,
ЖОО-да қазақ тілін оқытудың жаңаша әдістемесінің ғылыми негіздерін
анықтай түсуге үлес қосады. Сондай-ақ ғылыми пайымдауларын
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Оқытудың жаңа технологиялары»
«ЖОО-да қазақ тілін оқыту әдістемесі», т.б. ғылыми курстарды
оқытуда пайдалана алады. Зерттеу барысында қолданылған әдістерді
ЖОО-да теориялық, тәжірибелік дәрістер оқу барысында қолдануға
болады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері: Зерттеу
педагогиканың жалпы дидактикалық қағидаттары мен пәндік білім
беру жүйесінің жаңа стратегиялық бағыт-бағдараларына негізделеді.
Сонымен қатар зерттеудің әдістемелік жүйесі оқытуэксперименттік
тәжірибелер
мен
олардың
нәтижелерімен
қорытныдыларының тиімділік деңгейлерімен сапалық дәрежелеріне
негізделеді.
Зерттеу әдістері: сипаттама, талдау, жүйелеу, статистикалық
сауалнама,
лингвокогнитивтік,
инновациялық,
тәжірибелікэксперименттік
зертеу
әдістері,
диагностикалық
алгоритм,
педагогикалық -психологиялық тренинг, озық тәжірибелерді жинақтау,
педагогикалық бақылау, тест, диагностикалық карта, эксперттік бағалау
әдісі,
рефлексия,
т.б.
әдістері
қамтылады.
7.
Зерттеудің ғылыми жаңалығыәдістемелік даярлық ұғымының өзекті мәселелері жөніндегі
зерттеулердегі ғылыми тұжырымдар жүйеленіп, зерттеу
тақырыбына сәйкес сараланады;
1
2
3
кәсіби-әдістемелік пәндерді меңгерту арқылы болашақ
маманның әдістемелік даярлығын қалыптастырудың
әдіснамалық, психолингвистикалық, когнитологиялық
ғылыми негіздемесі жасалады, жаңаша оқыту әдістерімен
жаттығу-тапсырмалар кешені әзірленеді;
әдістемелік даярлықты жаңа технологиялар негізінде
қалыптастырудың кешенді оқу-әдістемелік бағдарламасы
әзірленеді,
эксперименттік
тәжірибеде
тиімділігі
дәлелденіп ұсынылады
8.
Күтілетін негізгі нәтижелері• әдістемелік даярлық ұғымының маман даярлау сапасын
арттырудағы мәні ашылады;
• оқытудың инновациялық технологиялары мазмұны
айқындалып, тәжірибеде жүзеге асырылады;
• болашақ қазақ тілі мен әдебиеті маманының әдістемелік
даярлығын қалыптастырудың дидактикалық, психолингвистикалық негіздемесі жасалады;
• кәсіби пәндерді оқыту жүйесінде маманның әдістемелік
даярлығын қалыптастыруға байланысты оқу-әдістемелік
кешен (тапсырма-жаттығулар жүйесі әзірленеді)
• эксперименттік-тәжірибе нәтижелерінің талдауларымен
қорытындыларының сандық, сапалық, диагностикалық
анықтамалық карталары ұсынылады.
9.
Диссертация жоспарыБолашақ филолог маманның әдістемелік даярлығы
тұжырымдамасының ғылыми-теориялық негіздері
1.1. ЖОО-да филолог мамандарды даярлау жүйесінің дамуы мен
қалыптасуы
1.2 Болашақ филолог маманның әдістемелік даярлығы ұғымының мәні
мен мазмұны
1.3. Болашақ заманауи филолог мұғалімін даярлау жүйесінің
құзыреттілікке негізделуі
2
Болашақ филолог маманның әдістемелік
даярлығын
инновациялық технологиялар негізінде даярлау жүйесінің
әдіснамалық тұғырлары
2.1 Оқытудың иновациялық технологиялары болашақ филолог
мұғалімнің әдістемелік даярлығын қалыптастыру жүйесі ретінде
2.2 Болашақ филолог маманның
әдістемелік даярлығын
инновациялық
технологиялар
негізінде
қалыптастырудың
когнитивтік стартегиясы (концептуалды негіздері, лингвистикалық
білімді игерудің, Б.Блум таксономиясы негізінде лингвоәдістемелік
ойлау мен конгитивтік қабілетін дамыту)
2.3 Болашақ филолог маманның
әдістемелік даярлығын
инновациялық
технологиялар
негізінде
қалыптастырудың
дидактикалық қағидаттары
1
10.
3 ЖОО-да болашақ филолог маманныңәдістемелік даярлығын
инновациялық технологиялар негізінде қалыптастыру әдістемесінің
тиімділігін
тәжірибелік-эксперимент
барысында
анықтаудың
нәтижелері мен қорытындылары
3.1 ҚТОӘ бойынша оқулықтар мен оқу құралдары – қазақ тілі мұғалімінің
әдістемелік даярлығының қалыптастырудың басты құралы ретінде
3.2 Филолог маманның әдістемелік даярлығын инновациялық технологиялар
негізінде қалыптстырудың әдістемелік базасы
3.2.1 Филолог студенттердің әдістемелік даярлығын жобалық жұмыстарды
орындау барысында қалыптастыру
3.2.2 Коучинг-технология құралдарын қолдану арқылы әдістемелік даярлықты
қалыптастыру
3.2.3 Оқу тренингтері - маманның әдістемелік даярлығын қалыптастырудың
тиімді технологиясы
3.2.4 Маманның әдістемелік даярлығын ақпараттық-коммуникациялық
технологиянегізінде қылаптастыру
3.2.5Филолог имұғалімнің әдістемелік органайзері: қызметі мен құрылымы
3.3 ЖОО-да болашақ филолог маманның
әдістемелік даярлығын
инновациялық технологиялар негізінде қалыптастыру әдістемесі бойынша
эксперимент нәтижелері мен қорытындылары
11.
I, II академиялық кезеңдер бойынша1. Кәсіптік оқу бағдарламасы. Оқу жұмысы
• Академиялық хат- 5кредит
• Синтаксистік парадигмалар-5кредит
• Қазақ әдебиетінің даму үдерісі және әдеби сын-5кредит
• Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихы-3кредит
• Ғылыми зерттеу әдістері-5кредит
Оқыған пән бойынша білім, білік, дағдыларды қалыптастыру.
Игерілген білімді докторлық диссертация жазуда пайдалану.
2.Әдебиеттермен жұмыс.Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге
талдау жасау және сұрыптау
3.Диссертация бойынша материалдарды жинау.Диссертация
бойынша Университеттің кітапхана қоры, облыстық білім жетілдіру
институты, облыстық кітапхана қорындағы материалдармен танысу,
талдау, жинау, сұрыптау.Зерттеу тақырыбы бойынша интернет
жүйесінде жұмыс жасау.
4.Педагогикалық практика. Педагогикалық практикаға дайындық
жасау, жоспарын құру, кеңес алу.Күнделік толтыру.Педагогикалық
практика есебін қорғау.
5.Мақалалар жазу. Тақырып бойынша бірнеше халықаралық, ҚР
жоғары аттестаттау комитеті ұсынған басылымға бір мақала
жариялау.
12.
Еңбектер тізімі1. Құзыреттілік-болашақ филолог маманның кәсіби даярлауды жүзеге асыру құралы/ Профессор
Ш.Т.Таубаеваның 75 жылдығына арналған «Үздіксізбілім беру жүйесіндегі педагогтердің
зерттеу мәдениетін дамыту: тәжірибе және инновациялар» Халықаралық ғылыми-практикалық
конференция ,Алматы қ., 17 ақпан, 2023 жыл,173-179 б.б.
2. About methodical preparation of future teachers by means of innovative games/ «Science and
education in the modern world: challenges of the XXI century» атты XII Халықаралық ғылымитәжірибелік конференция, ІІ том,Астана қ.,15 ақпан,2023жыл,35-40 б.б.
3. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – дәріс/Филология
ғылымдарының докторы, профессор Әбжаппар Аблақұлының құрметіне өткізілген
республикалық «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі», Алматы,03.03.2023,102-109 б.б.
4. Жүйелілік тұғыр негізіндегі озық білім беру технологиясы/ «педагогикалық қызметтің теория
мен практикасы: білім беру жүйесіндегі заманауи инновациялық технологиялар» атты
халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция, Қызылорда қ., 30 наурыз, 2023
5. Methodological training of future specialists in higher education based on a competence-based
approach «Педагогикалыққызметтіңтеорияменпрактикасы: білім беру жүйесіндегі заманауи
инновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция,
Қызылорда қ., 30 наурыз, 2023 ж
6. Системная подготовка педагогов к проектированию и реализации образовательных процессов в
рамках компетентностных подходов. «Теория и практика педагогической деятельности:
современные инновационные технологии в системе образования»международная научнопрактическая онлайн- конференция,30 марта 2023г.(баяндама оқу)
7. Құзыреттілік тәсіл негізінде болашақ жоғары білім мамандарын әдістемелік даярлау / Қорқыт
Хабаршысы, Қызылорда қ., мамыр,2023
8. Social conditions of Kazakhstan in the development of education in the late XIX – early XX centuries/
Вестник Оренбургского государственного университета/ ВАК РФ Серия педагогика 2022.№4, 612 с.
9. Professional teaching competence: methodological formation and implementation of the philology
students (Кәсіби педагогикалық құзыреттілік: филология студенттерін әдістемелік
қалыптастыру және жүзеге асыру)/ Торайғыров университетінің хабаршысы. Педагогикалық
серия , 2023.№2( )