Похожие презентации:
Жеткіншек шақтағы танымдық процестің даму ерекшеліктері
1.
« ALT АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ЖШСТақырыбы: Жеткіншек шақтағы танымдық процестің даму
ерекшеліктері
Орындаған: Амандық А.А
Тексерген: Тайберен А.Т
2023/2024
2.
МазмұныІ БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЖЕТКІНШЕК ШАҚҚА
БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ.
1.1 Жеткіншек шаққа сипаттама
1.2 Танымдық процестердің жеткіншек шақтағы ерекшеліктері
1.3 Жеткіншек шақтың танымдық процестерін дамыту жолдары
ІІ БӨЛІМ. ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Жеткіншек кезеңнің баланың дамуындағы алатын орны мен мазмұны
2.2 Жеткіншектік шаққа өтудегі жаңа құбылыстар
2.3 Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық физиологиялық және
психологиялық алғышарттары
2.4 Ересектік сезім-жеткіншек жасының негізгі психологиялық құрылымы
ретінде
3.
1.1 Жеткіншек шаққа сипаттамаА.С.Макаренконың тәрбиелеу жүйесі жеткіншектік шақтың ең қиын
әлеуметтік-моральдық проблемаларын класссикалық шешудің үлгісі. Бұл
жүйенің табысты болуы көбіне-көп мағынадан еді: А.С.Макаренко,
біріншіден жеткіншекті қоғамдық пайдалы еңбектің әр алуан түрлеріне
баулу арқылы әрбір жеткіншекті ұжымның және бүкіл қоғамның өміріне
белсене қатысатын жағдайға қойды, ал екіншіден ересектер мен
жеткіншектердің арасындағы қарым-қатынастардың бәрін қоғамдағы
ересектер моралының нормаларына негіздеп құрды, сөйтіп ұжым өмірінің
демократиялық централизм нормаларына негізделген ұйымдық формаларын
тапты.
4.
1.2 Танымдық процестердің жеткіншек шақтағы ерекшеліктеріЖеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі
өзгерістер сана-сазімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында
бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы
басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің
пайда болуы болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне
жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Ш.Бюлердің идеясына қарағанда жеткіншектің ойлауы бөбектің ойлауымен салыстырғанда
бірнеше жаңа қасиеттерге ие болады, яғни үш жастағы баланың ойлауымен салыстырғанда анық
болып, әрі қарай үдейді және нығаяды, өседі және үлкейеді. Бұл ауысқанда интеллектілік
операция пайда болмайтындықтан жасөспірімнің белгілі мазмұнға ие болмайды, ал жалпы
дағдарыс жүйесі мен жетілуде оның алатын орны тіпті шамалы. Қабылдаудың таңдамалылығы әр
түрлі обьективтік және субьективтік себептерге де байланысты болып келеді.
5.
1.3 Жеткіншек шақтың танымдық процестерін дамыту жолдарыТәрбиеленуі қиындардың пайда болуы мен оларға сипаттама
беріп, қайта тәрбиелеу туралы айтсақ психолог С.Т. Шацкийдің
«Болашақтың азаматы интернационалист, коллективші,
ұйымдастырушы, реалист, өз ісіне адал, нағыз берілген және өз
ісінің шебері болуы керек»,- деген қағидасы еске түседі. Қайта
тәрбиелеу процесін ұжымдастырғанда оқушылардың
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін педагогтар білулері
қажет. Себебі, қандай да бір педагогикалық ықпалдар
жасалмасын, олар баланың ішкі жан-дүниесімен сабақтасып жатуы
тиіс. Оқушының ішкі позициясы жеке адамның дербес қасиеті
болып саналады. Л.С.Рубинштейннің «детерменизмді түсіну
заңына талдау беріп, сыртқы себептер ішкі жағдайлардың тікелей
қатысуымен шешіледі»- деуі ден қоярлық. Өйткені жеке адамның
ішкі жағдайы сыртқы әсерлерге таңдамалы түрде
қарайтындығымен айқындалмақ. Сондықтан қайта тәрбиелеу
процесінің нәтижелілігі педагогикалық ықпалдардың жеке
адамның ішкі жағдайларына байланысты жоспарлы, мақсатты
түрде ұжымдастырылуы арқылы шешілмек. «Қазақстан
Республикасының 12 жылдық білім беру Концепциясында»
әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен
қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық
моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген.
6.
Педагогикада арнайы танымдық қызығушылықты зерттеуменшұғылданушы Г.И.Щукина танымдық қызығушылықты:
-Қоршаған орта құбылыстары мен түрлі заттарын тану бағыты
ретінде;
- Іс-әрекетке талпыну, негізгі ой, қажеттілік ретінде;
- Психикалық процестер қарқынды, іс-әрекет нәтижелі және
қызықты өту үшін жеткіншектің белсенділігін талаптандырушы
ретінде;
- Қоршаған орта құбылыстары мен заттарына, процестерге ерекше
таңдамалы қатынас ретінде қарастырады.
Жеткіншектердің танымдық қызығушылығын қалыптасуына ең
алдымен пән мұғалімдерінің ықпалы зор. Ол үшін мұғалім сабақта
қызықты, тартымды оқыту үшін пайдаланатын әдістерді оқу
барысында маңызды мақсаттарды ескергені жөн:
Танымдық қызығушылықты тек қана оқыту, балаларды сабаққа
тарту, қызықтыру құралы деп қарамай, сонымен қатар баланың ішкі
психологиялық жан-тербеністері, жекелік ішкі процестерін
қалыптастыруда маңызы ерекше деп қарау.
7.
Жеткіншектердің танымдық белсенділігін ұйымдастыру-әрбіртанымдық үдерістің заңдылықтарын ескере отырып, білім беру
мәселелерін бірізді және тәжірибелік тұрғыда шешу үшін оңтайлы
жағдайлар жасау қажет. Танымдық әрекеттің негізінде жеткіншектердің
оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.
Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін,
оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін
өздігінен кітап оқып, бақылау, тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы
қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан
білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз
мүмкін емес. Яғни жеткіншектің белсенділігі оқу үрдісінің барлық
кезеңінде орын алуы қажет. Сабақ барысында жеткіншектің бойында
танымдық белсенділік пайда болса, жеткіншектердің ақыл-ой
қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, зейінділік,
байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.
8.
ІІ БӨЛІМ. ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ2.1 Жеткіншек кезеңнің баланың дамуындағы алатын орны мен мазмұны
Жеткіншектің кезеңінің шектері шамамен балалардың орта мектептің VVIII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 1415 жасқа дейінгі арлықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде
басталуы V сыныпқа өсумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы
мүмкін.
Жеткіншек кезеңінің баланың дамуыдағы ерекше орны оны «өтпелі,
бетбұрыс, қиын, сыналатын» кезең деген атауларды бейнеленген. Бұл
атауларды осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірден екіншісіне
өтуімен байланысты даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы
айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой,
адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны
мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық
жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің,
үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен
әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу
іс әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау
болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы
нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
9.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау,біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге
байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін,
мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады,
мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген
жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден,
болып жатқан өзгерістер екінің бірінде бір жағынна жеткіншектің өзінде,
әртүрлі елеулі субьективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, оны
тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады, жеткіншек ересектерді
ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың
әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік,
бүкпелік, тұйықтық). Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің
пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы
теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Бұл
проблеманың аса маңызды педагогикалық мәні бар.
10.
2.2 Жеткіншектік шаққа өтудегі жаңа құбылыстарӘлеуметтік ересектіктің дамуы дегеніміз баланың ересектер қоғамында оның
толықта тең құқылы мүшесі болып өмір сүруге даярлығының қалыптасуы. Бұл
процесс объективтік қана емес, субъективтік даярлықтың да дамуын
көздейді, ол іс-әрекетке ересектердің мінез-құлқына деген көзқарастарға
қойылатын қоғамдық талаптарды меңгеру үшін қажет, өйткені әлеуметтік
ересектіктің өзі осы талаптарды игеру процесінде дамиды. Жеткіншектік
шақтың басында балалар сыртпішіні жағынан да, мінез-құлқы жағынан да
ересектерге ұқсамайды: олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысыпжұлысып, тентектіктер жасайды, өз дегендерін істеп, байыз таппайды, қызу
да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ, ынта білдіріп,
ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-қатынасы да тұрақсыз, басқаның
ықпалына оңай көнгіш болады. Алайда балалығы қаз-қалпында болып
көрінетін сырт көрінісі алдамшы болады да оның сыртында жаңаның
қалыптасуының маңызды процестері жүріп жатады: жеткіншектер көп
жағынан әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді.
11.
2.3 Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық физиологиялық және психологиялықалғышарттары
Жеткіншек дамуындағы биологиялық фактор мәселесі баланың организмінде нақ
осы шақтағы биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан
туындайды. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басып, жыныстық жетілу процесі
өркендейді.Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және
физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.Организмнің қайта құрылуы
эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің әсіресе оның алдыңғы
бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі
секрецияның өте маңызды бездерінің қызметіне қолайлы жағдайлар жасайды.
Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер туғызады. Бұл
процестер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 13-15 жаста неғұрлым тез
жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып
отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11, ер балалар 12-13 жатса
жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.
12.
2.4 Ересектік сезім-жеткіншек жасының негізгі психологиялық құрылымы ретіндеЕресектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысудағы
ілгерілеушіліктерді ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін;
бұларды жеткіншек анық сезінеді және оны өз ұғымында да объективті
түрде неғұрлым ересек етіп көрсетеді. Қазіргі бар акселерация балада
осы жаңа өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі бағалаудың бұрынғы жылдарға
қарағанда ерте пайда болуына жағдай жасайды.
Ересектік сезімдерінің ендігі бер қайнар көзі — әлеуметтік негіздер.
Мұның өзі ере сектермен қарым-қатынаста бала объективтік тұрғыдан
балалық жағдайда болмай, еңбекке қатысып, елеулі міндеттері
болғандай реттерде туындауы мүмкін. Ересектердің сенімі және
жастайынан дербестікке жету әлеуметтік қана емес, субъективтік
тұрғыдан да баланы тез есейтеді. Бұған ұқсас мысалдар Ұлы Отан
соғысы жылдарында көп кездесті. Ересектік сезімнің жыныстық
толысудан көп бұрын пайда болуының мүмкіндігі бар жолды
Н.А.Некрасов бармақтай мұжық бейнесінде берген.
13.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардыңтаным үрдісін дамыту.
қоршаған орта туралы түсініктерін
қалыптастыру. Іс – әрекет
барысында өз ойын жүйелі, дұрыс жеткізе
білуге баулы. Ойын
арқылы ойлау тәсілдері, заттарды
салыстыра білу қабілеттерін
арттыру.