Похожие презентации:
Сөз таптары туралы жалпы түсінік
1.
Сөз таптары туралы жалпытүсінік
2.
12
Қазақ тілінде сөз
таптастырудың негізгі ұстанымдары
туралы
Сөз таптарының шығуы мен дамуы
И.И.Мещанинов: “Сөйлемде зат есім – бастауыш немессе толықтауыш, сын есім – анықтауыш,
үстеулер – пысықтауыш, етістіктер – баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сөз таптары
сөйлем мүшелері болу арқылы бөлініп шықты”.
3.
Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп бөлгені белгілі.Бір тілдең өзінде де сөздер әр заманда түрліше
таптастырылып отырғаны белгілі. Мәселен, 1914 жылы
баспадан шыққан А. Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты
оқулығында сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау
сөздер деп екі үлкен топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат
есім, сын есім, сан есім, есімдік деген бес сөз табын
жатқызған. Ал, шылау сөздерге үстеу, демеу, жалғаулық,
одағай сөздерді жатқызған
Ахмет Байтұрсынов «Тіл құралдың» 1915 жылғы
басылымында сөз таптары туралы пікіріне біраз
өзгерістер енгізген. Оқулықтың бұл басылымында ғалым
сөздерді бұрынғы басылымдағыдай екі үлкен топқа
бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген: зат 5есім, сын есім, сан
есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағай
4.
Сөздерді осы түрде таптастыру текқазақ тіліне ғана қатысты құбылыс емес.
Мысалы, 2004 жылғы Д. Э. Розенталь, И.
Б. Голуб, М. А. Теленковалардың
авторлығымен шыққан «Современный
русский язык» атты оку
кұралында «самостоятельные и
служебные части речи» деп бөліп, одан
басқа модаль сөздер, одағай және
еліктеуіш сөздер топтары бар деп есептеп
және олардың әрқайсысына қысқаша
анықтама берген.
5.
Сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары болып саналса ,екіншілері бойынша сөз таптары сөздердің формальды –грамматикалық
категориялары, үшіншілері бойынша , сөздердің таза грамматикалық топтары
болып саналады.
Мысалы, Шахматовтың пікірі бойынша әрбір сөз табы мағынасы сөздің
лексика. мағынасы мен оған қосымша
грамм.ұғымдардың/категориялардың жиынтығынан құралады деген.
Орыс тіліндегі зат есімдерде негізгі атауыш түсініктер (основные
знаменательное представление) грамматикалық жекелік-көптік, тек
(род), септік категорияларымен ұштасады да, етістіктерде –
грамматикалық шақ, рай, етіс, жақ және т.б. категориялармен ұштасады.
А. А. Шахматовтың бұл жерде «мағына» жайында емес, «түсінік» жайында
әңгіме етуінің себебі оның грамматикалық теориясына тән психологизмге
байланысты екендігі аңғарылады.
6.
Тағы бір мысал Ф.Ф. Фортунатов және оның мектебі сөзтаптарын формальды-грамматикалық (дәлірек айтқанда
морфологиялық) категория деп қарады. Ф.Ф. Фортунатов
сөздерді «түрленетін» сөздер деп топтастырады да,
«түрленетін» сөздерді «жіктелетін» (етістіктер), «септелетін»
(зат есімдер) сөздер септелетіндердің ішінде тек (род)
категориясына орай сөз түрлендіруші формаларға ие болатын
сөздер (сын есімдер) деп іштей жіктейді. Ф. Ф. Фортунатов
үстеулерді «түрленбейтін», бірақ сөз тудырушы формаларға ие
болатын топқа жатқызады.
7.
Жеке тұрғанда беретін дербес лексикалық мағынасы , өзіне тән морфологиялық тұлғалық жүйесі ,сөйлемде өз алдына мүше болатын және бола алмайтын
Жеке тұрғанда беретін дербес лексикалық мағына бар, өзіне тән морфологиялық
тұлғалық жүйесі бар, сөйлемде өз алдына мүше болып қызмет атқаратын сөздерді н
е г і з г і с ө з д е р дейді. Мысалы: бала, тас, ақыл, ой, жақсы, сегіз, мен, олар, кім, кел,
дәл, уһ, ойпырмай
Жеке тұрғанда дербес лексикалық мағына бере алмайтын, тұлғалық өзгерістерге ене
алмайтын және сөйлемде өз алдына жеке мүше бола алмайтын сөздер КӨМЕКШІ
сөздер дейді. Мысалы: және, мен, бен, үшін, туралы, ғана, ғой, сайын, дейін, шамалы,
бірақ, я, яки және т.б