1.12M
Категория: ЛингвистикаЛингвистика

Етістіктің түрленуі. Шақ туралы түсінік

1.

Етістіктің түрленуі.
Шақ туралы түсінік

2.

Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік.Етістік туралы алған білімдерін
пысықтау. Етістік түрлерін ажырата білуге
үйрету.
Ә)Дамытушылық.Сөйлеу тілдерін
жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін
дамытуға ықпал жасау.
Б)Тәрбиелік.Талдауға алынған мысалдар
арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке,
бауырмалдыққа, туған жерін сүюге баулу.

3.

«Біліміңді байқап көр»
1-деңгей.
Есімдік дегеніміз не?
Есімдіктің мағынасына қарай неше түрі бар?
Нұсқау және көрсету,сілтеу мағыналарын білдіретін
есімдіктің қай түрі? Мысал келтір.
Өздік есімдігі дегеніміз не?
Жалпылау есімдігі дегеніміз не?Мысал келтір.
Белгісіздік есімдігіне мысал келтір?
Болымсыздық есімдігі дегеніміз не?
Белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің
түрі?
Жауап алу мақсатында қойылатын есімдіктің түрі
қалай аталады?

4.

“Сөз таптары” атты тайпалы ел болыпты. Ол тайпа өсіп - өнген іргелі үлкен ел
екен. Ынтымақты, бірлігі мықты болған екен. Ел тоғыз патшалыққа бөлініпті.
Соның бірі – Етістік. Ол елді Етістік атты хан басқарыпты. Ол ханның сегіз ұлы
болыпты. Олар: Болымды, Болымсыз, Салт, Сабақты, Етіс, Есімше, Көсемше,
Тұйық.
Сөз таптары
Зат есім
Шылау
Еліктеу
Үстеу
Сын есім
Етістік
Сан есім
Есімдік

5.

Етістіктің қимыл іс-әрекетті білдіретіндігі
белгілі. Ал, іс-әрекет белгілі бір кезеңде іске
асады, орындалады. Қимылдың болу кезеңі
сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп
тұрған сәтке байланысты қимылдың өту
кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Мысалы:
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
(Ы.Алтынсарин)
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы.
(Абай)

6.

Шақтың түрлері
Осы шақ
Келер шақ
Өткен шақ

7.

Міне, осы мысалдардан көргеніміздей ісәрекеттің өту кезеңі мағынасы жағынан
мынадай болуы мүмкін.
•Сөйлеп тұрған сәтте болып жатқан қимыл, іс-әрекет;
•Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-
әрекет;
•Сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін болуға
тиісті қимыл, іс-әрекет.
Міне, қимылдың болу мезгілі үш түрлі болады. Соған
сәйкес етістіктің шақтары да үш түрге бөлінеді.
Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-әрекет –осы шақ,
әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ,
сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен іс-әрекет
өткен шақты білдіреді.

8.

2-деңгей 2 бөлімнен тұрады.
1-бөлім. Шығармашылық жұмыс
«Мені әңгімеле».Дарынды оқушылар суретке өз
беттерімен тақырып қойып,етістіктерді
қатыстырып,5 минут уақыт ішінде қысқаша
әңгіме құрайды.

9.

10.

бай үшін бұл, еңбек мезгілі,
әурені болмақ.
Әуезов “Абай жолы”)
өшіріп жаз, етістіктерге
ау жаса

11.

2-бөлім. «Балық аулау» ойыны

12.

1.Балық.
Дара етістіктерді ата.
Жазып отыр,келді,жүгіріп
келеді,жуынды,оқыды, айтып
болған еді,тереді,сөйле.

13.

2.Балық.
Есімше етістіктерді ата.
Айтқан,келді,келетін,сөйлер,
бармайды,барған,оқитын еді,
жазар.

14.

3.Балық.
Көсемше етістіктерді ата.
Келіп отыр, айтты, жүргізді,
жазғалы отыр,айтыпты, келеді,
еритін, жапқалы,санай,алып
барады.

15.

ІІІ деңгейдің тапсырмасы: өлең
жолдарына морфологиялық талдау
жаса.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім,
Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
"Жасымда ғылым бар деп ескермедім" Абай

16.

Сергіту сәті.«Кім
шапшаң?»
Сандардың орнына әріпті қойып, мақал-мәтелд
А1, Б2, Д3, Ж4, З5, Қ6, Л7, М8, Р9, С10, Т11, Ы1
1.6.12.7.10.12.5.3.12. 4.16.8.10.1.10.1.14. 1.9.11

17.

Дұрыс жауабы:
Ақылсызды
жұмсасаң,
Артынан өзің
барарсың

18.

4-деңгей. «Жоғалған сөз,шешімін тап»
• Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,
Соқыр мылқау ... тірі жанды.
• Қазақтың қара өлеңі-құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар ...
• Сағымы сайран ...
• Бораны ...

19.

5-деңгей.Морфологиялық талдау.
1-топ. Домбыраны қолға алсам,
Ағылған жыр мен күй көрсем.
(Жамбыл)
2-топ. Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
(Абай)
3-топ. Мал өсірсең,қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.
(Мақал)

20.

Р.с
Тапсырмалар
1
Етістік -қимылдың,іс-әрекеттің түрлі
белгісін,мезгілін,мекенін білдіретін сөз табы.
2
Етістіктер тұлғасына қарай негізгі және туынды
болып екіге бөлінеді.
3
Қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын
білдіретін етістікті болымды етістіктер дейді.
4
Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіретін
етістіктің шағы келер шақ деп аталады.
5
Етістік құрамына қарай болымды және
болымсыз болып екіге бөлінеді.
6
Етістік қалай? қайтіп? қалайша? деген
сұрақтарға жауап береді.
Дұрыс
Бұрыс

21.

Мысалдар
Жазды
Күлмес
Жатыр
Кетпекші
Кешке келемін
Алмадыңыз
Айтыпты
Қарайтын
Барарсыз
Оқып отыр
Білген
Осы шақ
Келер шақ
Өткен шақ

22.

Мысалдар
Осы шақ
Келер шақ
Жазды
Өткен шақ
+
Күлмес
+
Жатыр
+
Кетпекші
+
Кешке келемін
+
Алмадыңыз
+
Айтыпты
+
Қарайтын
+
Барарсыз
Оқып отыр
Білген
+
+
+

23.

V. Бекіту: топтық жұмыс.
"Арқан тарту" ұлттық ойын
элементі арқылы өтеді.
Ережесі: оқушылар екі топқа бөліп,
етістік, етістіктің шақтары бойынша
екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.
Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап
берген топ жеңіске жетеді.

24.

Үйге тапсырма
«Қыран түлегіне -қайырылмас
қанат сыйлайды,
ұстаз түлегіне – алға
бастар талап сыйлайды»
English     Русский Правила