Похожие презентации:
Ауа тамшы бактериалды инфекциясының қоздырғыштары. Менингококктар, бордотеллалар, коринебактериялар
1.
ПРЕЗЕНТАЦИЯТақырыбы: «Ауа тамшы бактериалды инфекциясының
қоздырғыштары. Менингококктар, бордотеллалар,
коринебактериялар»
Жоғары медициналық колледжі
Дантист 21-09 топ
Дайындаған: Умурбекова Динара
Қабылдаған: Қожалимова Ә.Ә.
2.
Neisseria туыстығында адам үшін екі патогенді микроб түрі бар: N.meningitidisжәне N.gonorrhoeae. Neisseria meningitidis - ті аурудың жұлын суынан
Вексельбаум 1887 жылы бөліп алған.
Менингококктар - қос қостан
орналасқан, бұршақ немесе кофе
дәні тәріздес, ойыс жағымен бірбіріне қараған, өлшемі 0,6- 0,8 х 1,21,5 мкм. Менингококктар
қозғалмайды, спорасы жоқ, бірақ
капсула түзеді. Грамм теріс боялады.
3.
Менингококктар аэробтар, 36-37°С температурада өседі. Олардыңөсуі үшін ылғалданған орта және көмірқышқыл газы қажет
Менингококктардың
биохимиялық белсенділігі аз.
Олар глюкоза мен мальтозаны
қышқыл түзе ыдыратады.
Протеолиттік қасиеті
дамымаған (сүтті ұйытпайды,
желатинді
ерітпейді).Менингококктарды
ң патогенділігі гиалуронидаза
және нейраминидаза
ферменттеріне байланысты.
4.
Менингококктар өте төзімсіз. 70°С температура 2-3 минутта, ал 55°Стемпература 5 минуттан кейін өледі.
Инфекция көзі. Ауру адам және бактериятасымалдаушы.
Таралу жолдары. Негізгісі ауа - тамшы жолы.
5.
Адамдағы аурулары:мұрын қуысының қабынуы
(назофарингит)
жұлынның қабынуы
(цереброспинальді эпидемиялык
менингит)
ми қабатының қабынуы (менингококкцемия)
6.
Менингококктар мұрын қуысының шырышты қабатына түсіп, сол жерден оларлимфаға немесе қанға түседі. Нәтижесінде паренхиматозды мүшелер
эндотоксиннің әсерінен терең өзгерістерге ұшырайды. Менингококкцемия
дамиды. Менингококктар ми қабатына түссе іріңді кабыну (менингит)
туындайды.
7.
Менингитте бас ауырады, желке тартылып, ауру құсады. Менингитпен балалар жиіауырады. Үлкендерде инфекция назофарингитпен аяқталады.
Алдын алу. Бактериотасымалдаушыларды ертерек тауып, назофарингитпен
ауыратындарды емдеу.
8.
Спецификалық алдын алу. Полисахаридтен тұратын А және Ссеротоптарының химиялық вакцинасы қолданылады. Алдын алуды
жеделдету үшін иммуноглобулин пайдаланылады.
Емі. Антибиотиктер: ампициллин, пенициллин, левомицетин
қолданылады
9.
БордотеллаларБұл аурулардың қоздырғыштары Bordetella туыстығына жатады.
1. Bordetella pertussis - көкжөтелдің қоздырғышы
2. Bordetella parapertussis - паракоклюштің қоздырғышы
3. Bordetella bronchiseptica - бұл бактериялар қатты жөтелмен
сипатталатын бронхопневмония ауруын туындатады
10.
Көкжөтелдің бактериялары - майда, сопақша келген таякшалар,өлшемі 0,3 - 0,5 х 1 - 1,5 мкм. Паракоклюш қоздырғышының өлшемі
үлкендеу. Екі микробтың да спорасы жок, козғалмайды. Арнайы
бояғанда капсуласы көрінеді. Грамм теріс.
11.
Көкжөтелдің қоздырғышы көмірсутегін ыдыратпайды және ақуыздардыферменттемейді. Паракоклюштің бактериялары уреаза мен тирозиназа
ферменттерін түзеді. Көкжөтел мен паракоклюштің бактериялары патогенді
ферменттерді: гиалуронидаза, плазмакоагулаза және лецитиназа түзеді
Көкжөтел мен паракоклюш
қоздырғыштары аэробтар.
Қоректік ортаны таңдайды,
35- 36°С температурада өседі.
.
12.
Инфекция көзі. Ауру адам. Әсіресе ауру бастапқы(катаральді) кезеңінде жұқпалы.
Көкжөтел мен паракоклюштің бактериялары
төзімсіз. 56°С температурада олар 20-30 минут
ішінде жойылады. Күн сәулесінің тіке әсері оларды
1-2 сағат ішінде жояды.
13.
Көкжөтел мен паракоклюштің қоздырғыштары аурудыжедел туындатады, науқас тынбай жөтеледі. Тыныс алу
жолдарының шырышты қабатына түскен микробтар сол
жерде өседі, біразы өледі. Микроб жасушасы өлгенде
белінген токсиндер орталық жүйке жүйесіне әсер етіп,
тыныс алу жолдарының шырышты қабатын тітіркендіреді
де, жөтелу рефлексін қоздырады. Нәтижесінде науқас
жанталаса жөтеледі. Aypy 3 кезеңнен тұрады: катаральді,
жөтелден қысылу, аурудың қайтуы.
14.
Алдын алу. Ауруларды тауып, оңашалау.Көкжөтелмен ауырғандармен қатынаста
болған, әлсіреген балаларға иммуноглобулин
егіледі.
Спецификалық алдын алудың негізгі шарасы
- балаларды АКДС- пен (коклюштыдифтериялық сіреспе вакцинасымен)
иммуизациялау. Вакцинаны 6 айға дейінгі
балаларға 3 рет егеді, содан соң
ревакцинация жасалады.
Емі. Аурудың алғашқы кезеңінде көкжөтелге
қарсы иммуноглобулин егіледі. Емдеу үшін
эритромицин және ампициллин
қолданылады.
15.
Коринебактериялар. ДифтерияДифтерия қоздырғышы
Corynebacterium
туыстығына жатады.
Дифтерия қоздырғышын
- Corynebacterium
diphtheriac Т. Клебо 1883
жылы ашқан, ал Ф.
Леффлер 1884 жылы таза
дақылын бөліп алған.
16.
Дифтерия қоздырғышы аздап иілген, жіңішке таяқшалар, өлшемі 3 - 6 x0,3 - 0,5 мкм, таяқшаның шеті қалыңдаған. Дифтерия таяқшасы
қозғалмайды, спора мен капсуласы болмайды. Грамм оң боялады.
Дифтерия
коринебактериясы —
факультативті
анаэроб.Олар 35-37°С
температурада өседі.
Карапайым қоректік ортада
көбеймейді. Оларды қан
немесе сарысу қосылғюан
қоректік ортада өсіреді.
17.
Дифтерия бактериясының үш биоварында цистиназаферменті бар, ол цистинді күкіртсутегін түзе отырып
ыдыратады
Дифтерия қоздырғышының
вирулентті штаммдары
экзотоксин бөледі. Ол екі
фракциядан тұратын,
термолабильді ақуыз. В
фракциясы токсинді ағзадағы
сезімтал ұлпаларға бекітеді, ал А
фракциясы токсикалық әсерге
жауапты.
18.
Инфекция көзі. Ауру адамдар мен бактериятасымалдаушылар. Таралу жолдары. Ауа- тамшы, тұрмыстық жанасу жолы
Адамда туындайтын ауру:
1) аңқа дифтериясы
2) мұрын дифтериясы
3) сирек кездесетіндеріне өңештің, бронхының, көздің, құлақтың, қынаптың, терінің
дифтериясы жатады.
19.
Дифтерия қоздырғышы шырышты қабатқа түсіп, түскен жерінде өседі, некроздайды.Жан жағындағы ұлпамен тығыз байланысқан жұқа қабық пайда болады. Шырышты
қабатта, құрамында бүлінген эпителий, фибрин, лейкоциттер және дифтерия
коринебактериясы бар, лас сұр немесе сарылау түсті қатпар пайда болады. Жұқа
қабатты шпателмен алғанда шырышты қабат қанталайды.Дифтерия
коринебактериясы өсу барысында некроздалған жерлерде экзотоксин көбейеді де
дәнекер тіні мен шырышты қабат ісінеді. Шырышты қабаттан ісік жұтқыншаққа,
бронхқа жайылып асфиксия пайда болады. Қанға түскен токсин жүрек етін, бүйрек
бездерін, жүйке жасушаларын бүлдіреді.
20.
Алдын алу. Ерте диагностикалау. Жекешелеу. Зарарсыздандыру.Токсигенді дифтерия бактериятасымалдаушыларды анықтау.
Спецификалық емі. Дифтерияға қарсы антитоксикалық сарысуды
қолданады. Оның мөлшері мен ретін емдейтін дәрігер анықтайды.
Микробқа қарсы препараттар да егіледі.