“ҚАЙНАР” АКАДЕМИЯСЫ ЖАСТАР ҰЙЫМЫ ҰСЫНАДЫ
Құрметті біздің алтыннан ардақты ұстаздарымыз
1.28M

8 марта

1. “ҚАЙНАР” АКАДЕМИЯСЫ ЖАСТАР ҰЙЫМЫ ҰСЫНАДЫ

2. Құрметті біздің алтыннан ардақты ұстаздарымыз

Көктем мерекесі
көңілдеріңізге қуаныш
сыйлап, жүздеріңізге
нұр шашсын. Әрқашан
шаңырақтарыңыздың
берекесі болып,
үйіңізден жылылық
кетпесін. Сіздерге зор
денсаулық, мол бақыт,
жанұяларыңызға
береке-бірлік
тілейміз!

3.

Біздің қазіргі қоғамымызда
ұстаз тек білімнің берекебірлігін ойлайтын тұлға
ғана емес, ол мемлекеттің
өмірге және саяси
мәселелерге белсене
араласатын қоғам мүшесі.
Сондықтан біздің елімізде
ұстаздарымыздың
әлеуметтік қорғалуына,
олардың өмір сүру деңгейін
арттыруға айрықша маңыз
беріледі.
Аяулы ұстаздар! Сіздердің
атыңызға айтылатын ақ
алғыстар мен жылы сөздер
ешуақытта
толастамасын. Көктемнің
басымен келетін мерекелік
көңіл-күй Сіздердің
сергектіктеріңіз бен күшжігерлеріңіздің қуат көзіне
айналсын. Сіздерге және
отбасылыраңызға әрқашан
бақыт және сәттіліктер
тілейміз!

4.

Жақсы сөз – жарым
ырыс демекші,
қуаныштан жүздері
балбұл жанған
ұстаздардың алдында
барша азамат мәңгі
қарыздар екеніне
тоқталып, шын
көңілден
құттықтаймыз.
Жер бетіндегі
жақсылық атаулы
алтын
ұстаздарымыздың
үлкен жүрегімен
әрленеді десек, жылына
бір тойланатын
мерекеде олардың
еңбектерін бағалап, сый
құрмет көрсету
парызымыз.

5.

Бұл күн ізгіліктің,
мейірімділіктің,
әдеміліктің нышаны.
Сіздер өмірді
нұрландырып,
шаңыраққа шаттық
нұрын себесіздер.
Сіздердің
қолдауларыңыз
әркімнің жүрегінде
сенімділік ұялатып,
шуақ сыйлайды. Осы
айрықша
қасиеттеріңіз
мәңгілік салтанат
құрып, елге ырысқұт дарысын.
Сіздерге көтеріңкі
көңіл-күй тілейміз!

6.

Ұстаздар қауымын
кім-кімді де әдемі
әсерге бөлей келетін
көктемнің жарқын
да шуақты
мерекесімен
құттықтаймыз! Әр
отбасының берекебірлігін
қалыптастырып,
халқымыздың
дәстүрі мен салтын,
оның мәдениеті мен
тарихын, тілін
қадірлеуді ұрпақтан
ұрпаққа жеткізіп
келе жатқан Сіздерге
шынайы ризашылық
сезімімізді
білдіреміз.

7.

Ұстаздар, Сіздер –
адамзаттың ең бір асыл
перзенттері ғана
емессіздер, сонымен
бірге табиғат
бойларыңызға ақыл мен
төзім, іскерлік те
дарытқан абзал да ізгі
жансыздар! Баршаңызға
мол бақыт, істеріңіздің
сәтті болуын, Қазақ
еліндегі бейбіт пен
тыныш өмірдің шырқы
бұзылмауын тілейміз!
Әр шаңырақтың ырысы
ортаймасын,
балаларыңыз бен
жақынжұрағаттарыңыздың
барлығы да аман-сау,
денсаулықтары мықты
болып, Сіздердің
әрқайсыңыздың жанжүректеріңізден
ертеңгі күнге деген сенім
мәңгілік айнымасын!

8.

Ұстаз әрқашан
халықтың арожданы, ізгіліктің,
нәзіктіктің және
және дархан көңілдің
көрінісі болып келді
және болып қалмақ,
бүгінгі мереке оларға
деген шынайы құрмет
белгісі. Ұстаз өзінің
табиғатынан-ақ
кішіпейілділіктің,
жоғары
адамгершіліктің
және мейірімділіктің
айнасы. Сондықтан, ол
бүкіл қоғамның
арқауы ретінде
келісім мен
тұрақтылықтың
нығаюына ықпал
етеді.
English     Русский Правила