Алматы технологиялық университеті
Құрт массасын алдын ала дайындау үшін қажетті жабдық
Зерттеуге арналған матрицалар түрлері
Мөлшерлеуге арналған конус
3.18M
Категория: ПромышленностьПромышленность

Ұлттық қышқыл сүт өнімін (құрт) мөлшерлеу және қалыптастыру жабдықтарын әзірлеу

1. Алматы технологиялық университеті

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
ҰЛТТЫҚ ҚЫШҚЫЛ СҮТ ӨНІМІН (ҚҰРТ) МӨЛШЕРЛЕУ ЖӘНЕ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖАБДЫҚТАРЫН ӘЗІРЛЕУ
Жетекші: т.ғ.д., профессор С.С.Джингилбаев.
Докторант: О.М.Байділдаев

2.

2
Диссертацияның мақсаты мен міндеттері
Диссертацияның мақсаты: Құртты өндіру процесінің өнімділігін арттыру мақсатында, құртты
өндіру барысында құрт массасын мөлшерлеудің және пішін берудің кинематикалық және
динамикалық параметрлерін анықтау.
Диссертацияның міндеттері:
Құртты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторларды анықтау.
Құрт массасын алдын ала дайындау үшін қажетті жабдықты таңдау
Құрт массасының адгезиялық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік беретін арнайы матрицаны
жасау
Машинаның қалыптастырушы беттерінің қозғалысының оңтайлы кинематикалық және
динамикалық параметрлерін анықтау
Осы машинаны қолданудың экономикалық тиімділігін анықтау
Құрт массасын мөлшерлеуге және құртқа пішін беруге арналған құрылғылардың жұмыс
органдарының тиімді параметрлерін анықтау.
Құртты өндіру бойынша шағын көлемді желінің технологиялық сызбасы мен машинаны жасау.

3.

3
Ғылыми жаңалығы
Ғылыми жаңалығы – рецептурасына қарай құрт массасының физикомеханикалық және реологиялық қасиеттерін ескере отырып, құрт массасын
мөлшерлеу және құртқа пішін беру процестерін теория жүзінде зерттеу;
Бұл диссертациядағы ғылыми зерттеулер Қазақстанның ұлттық өнімі –
құртты дәлме-дәл мөлшерлеуге және одан әрі пішін беруге арналған бірегей
құрылғыны әзірлеуге және жасауға бағытталады.

4.

4
Кіріспе
Тұтқыр-аққыш тағам орталарын мөлшерлеу және пішін беру процестері –
тағам технологиясындағы ең күрделі процестердің бірі. Орта Азия халықтарының
ұлттық өнімі – құртты өндіру барысында бұл процестер күрделі мәселелер
туындатады.
Бұл құрт өндірісіндегі энергияны көп қажет ететін негізгі процестерді
ғылыми зерттеудің жоқтығымен, оны қайта өңдеуге арналған жабдықтың
болмауымен, құрт массасының реологиялық қасиеттерінің төмен дәрежеде
зерттелуімен, соның салдары ретінде дәлме-дәл мөлшерлеуге және пішін беруге
арналған құрылғылардың жоқтығымен байланысты.

5.

5
Құртты мөлшерлеуге және пішін беруге арналған
жабдыққа шолу

6.

6
Патенттік ізденіс
Пішін беру принципі құрт үшін де қолданыла алатын, ет жентегіне пішін беруге арналған құрылғы белгілі. Ол сығымдайтын құралы бар
бункерден, тік білікке орнатылған піспекпен, пішін берілген өнімді кесу және оның салмағын реттеу механизмі бар ұяшықты ротормен
жабдықталған. Салындысы бар жылтыратылған ірімшіктерді өндіруге арналған желі белгілі, оның құрамында ірімшік қалыптағыш, глазурьді
жағуға арналған бөлімі бар глазурь, ауа салқындатқышы және орау машинасы бар. Сонымен қатар, ірімшік қалыптаушы-бұл бір немесе бірнеше
толтырғыштың осьтік немесе коаксиалды кіруіне арналған құралдары бар автоматты қалыптау және экструзия машинасы. Ауа салқындатқышы
көлденең канал түрінде жасалады, онда суық ауаның қарама-қарсы ағыны жылтыратылған ірімшіктерді салқындатады (RU 2172102 С1, кл. А01J
25/00, 2001 г.).
Сипатталған сызықтың кемшілігі оның айтарлықтай өлшемдері мен жоғары энергия сыйымдылығы болып табылады.
табылады. Толтыру өнімдерін дайындауға арналған қалыптау және экструзия машинасы белгілі, оның құрамында жүктеу түйіні, корпуста бірбіріне параллель орналасқан және ауыстырылатын саңылаулармен жабдықталған, көп бағытты пышақтары бар кем дегенде екі жұп шнек тәрізді
қондырғы, кескіш элементтері бар диафрагмалық кесу түйіні және түйіннің циклдік көтеру-түсіру жетегі бар.және диафрагмалық кесу түйінінің
астында орналасқан транспортер (KN 400 RHEON машинасының жұмыс және техникалық қызмет көрсету нұсқаулығын қараңыз). Шығарылым:
ақпан 1997 г., с. 1-21).
Ең жақын аналогы-экструдер, оның ішінде бұрандалы корпус, тесіктері бар матрица, бұранданың соңғы бөлігінің дизайнында тегіс цилиндр
түрінде жасалған торпедо түріндегі саптама бар [Г. Шенкель. Шнековые прессы для пластмасс. Принцип действия, конструирование и
эксплуатация. Под ред. А.Я. Шапиро, пер. с. немец. Г.П. Делекторского. - Л.: Государственное научнотехническое издательство химической
литературы, 1962].
Белгілі экструдерді қолданған кезде, өнімнің саптаманың дизайнына байланысты алдын-ала төсеніш аймағында пайда болады, сонымен қатар,
бұл экструдер матрицаның ортасына экструдталған өнімді бермейді.
Құрылғының кемшілігі-оның төмен өнімділігі

7.

7
Патент №30737

8.

8
Зерттеу
Осы диссертация аясында жүргізілетін зерттеулердің нәтижесінде өндірістегі құртты мөлшерлеуге және
оған пішін беруге арналған арнайы жабдықтың болмауымен байланысты мәселе шешілетін болады. Әзірленген
құрылғыларды тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары жағдайында қолдану саланың қол еңбегіне деген тәуелділігін
азайтуға, өндірістік шығындардың құнын төмендетуге және құрттың өзіндік құнын төмендету арқылы
экономикалық нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ әрбір өңірдің ерекше рецептураларына қарай
ауылдық жерлерде құртты өндіретін жаңа шағын өндірістер құру есебінен әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге,
сәйкесінше жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Тұтқыр-аққыш тағам ортасын мөлшерлеу және оған пішін беру процестері - тамақ технологиясындағы ең
күрделі процестердің бірі болып табылады. Дәл осы процестерде пішін берілетін материалдың барлық физикамеханикалық қасиеттері байқалады. Құрт массасы секілді тұтқыр ортаны мөлшерлеу кезінде заттың фазалық
күйін, сондай-ақ оның түсірілген күшке танытатын жауабының сипатын ескеру қажет. Құртты мөлшерлеген
кезде негізгі операциялардың параметрлері мен режимдерін ғылыми тұрғыда негіздеу қажет, олар: тұтас ортадан
белгілі бір мөлшерді қалыптастыру үшін бір бөлікті бөліп алу, алынған мөлшердің көлемін немесе салмағын
өлшеу, өнімінің алынған мөлшеріне пішін беру – құртты жасау.
Осылайша, құрт өндірісіне арналған бірегей мөлшерлеу және пішін беру құрылғыларын жасау жөніндегі
ғылыми қолданбалы зерттеулер өзекті міндет болып табылады.

9. Құрт массасын алдын ала дайындау үшін қажетті жабдық

9
Құрт массасын алдын ала дайындау үшін
қажетті жабдық
Салмағы
Қуаты
Ені
Тереңдігі
Шнектің айналу жиілігі (айн/мин)
Өнімділігі
55
380 В
765 мм
765 мм
250 айн/мин.
600 кг/сағ
Құр массасының структурасы өзгеріп жабысқақ
масса пайда болады

10.

10

11. Зерттеуге арналған матрицалар түрлері

11
Зерттеуге арналған матрицалар түрлері

12.

12
Жобаланып отырған қондырғының 3D форматтағы
сызбаларының көрінісі

13. Мөлшерлеуге арналған конус

13
Мөлшерлеуге арналған конус

14.

14
Құртты қалыптастыру бөлігінің сызбасы

15.

15
Жобаланып отырған қондырғының 3D форматтағы
сызбаларының көрінісі

16.

16
Мөлшерлеу және қалыптастыруға арналған қондырғының сұлбасы

17.

17
Қорытынды
Құртты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторларды анықталды.
Құрт массасын алдын ала дайындау үшін қажетті жабдық таңдалды
Құрт массасының адгезиялық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік беретін арнайы
матрицаны жасалды
Машинаның қалыптастырушы беттерінің қозғалысының оңтайлы кинематикалық және
динамикалық параметрлері анықталды
English     Русский Правила