Похожие презентации:
Ежелгі Мысырдағы дәрітану
1.
Ежелгі Мысырдағыдәрітану
2.
Құнарлы Ніл өзенінің төменгі жағалауыдамыған Мысырдың ежелгі ошағы болған.
Б.э.д. VI мыңжылдықта алғашқы тұрақтар
пайда болған, кейін олар үлкен қалаларға мемлекетке айналған. Б.э.д. 3200 жылы ол
жеке мемлекет болып құрылды.
Тұрғындардың тұрмыс жағдайларының
жоғары деңгейде болуының арқасында ежелгі
әлемдегі химия, медицина және фармация
саласындағы әйгілі білімдер осы жерде
шоғырланды.
3.
Жалпы ежелгімысырмәдениеті тәрізді, Мысырда
фармация туралы
мәліметтер көзі саркофактарда,
пирамидаларда және басқа
да құрлыстарда жазылған
көптеген иероглификалық
жазбалар, соның ішінде
бастысы- папирустар
(Мысырда жазба хаттарды
жазуға қолданылатын Ніл
кеңістігінде кең тараған
папирус өсімдігінен
дайындалған орамдар).
4.
Папирустарды орыс египтологтары оқып,зерттеген. Ежелгі мысырлықтар
математика, астрономия, географияны
меңгеріп қана қоймай, медицина және
фармация аймағындағы ілімдерді де
кеңінен меңгерген.
5.
Олар 4 негізгі элементтерге (ауа, су, жер және от) сүйенеотырып, адам ағзасын құрайтын және оның саулығы мен
сырқатына негіз болатын негізгі 4 шырын туралы ілімді
ойлап тапты. Сонымен қатар пневма туралы ілім пайда
болды, оған сүйене отырып адам тыныс алған кезде
ауада көрінбейтін заттар оның өкпесі мен жүрегіне еніп,
ара қарай барлық денесіне тарайды деген. Адамның
денсаулығы оның қаны мен пневмасының қалыпты
жағдайымен анықталған, қалыпты жағдайдың бұзылуы
оның ауруына әкеп соқтырған. Осыдан барып емдеу
іріңді заттарды алып тастау, жаман қанды соруға
бағытталған. Құсық туғызатын, ішекті тазалайтын, тер
шығаратын дәрілер тағайындалған.
6.
Анатомия ілімін жақсы меңгергендіктенмәйітті бальзамдау, мумиялау оларға
жеңіл түсті. Ежелгі Мысырда қолданылған
бірқатар анатомиялық терминдер адамның
көптеген мүшелері, оның ішінде жүрекқантамыр, бауыр, ми туралы мәліметтерді
кеңінен білгендіктерін аңғартады.
Мысырлықтар жүректен шығатын «22 қан
тамырға» аса көңіл бөлді.
7.
Тыныс алу жолдарының ауруы, тері ауруы,ішек ауруы, қан кету, көз ауруы (кең
тараған) туралы кеңінен жазылған
мысырлық кітаптар табылды. Б.э.д. Vғ.
Мысырға саяхат жасаған гректің
тарихшысы Геродот «мысырлықтарда ерте
кезден бастап әрбір дене мүшесін білетін
дәрігер болған» деген. Бұл Ежелгі
Мысырда дәрігерлер арасында жеке
мамандар болғандығын куәландырады.
8.
Кеңінен дамыған косметологияның отаны– Мысыр деп саналады. Медицинаның бұл
саласын мысырлықтардың ақсүйектері
ғана пайдаланды. Емдік медицинаның
бірқатар саласы бай адамдырдың ғана
сұранысын қанағаттандыруға бағытталдыбұл уқалау, сумен емдеу, құрамы күрделі
қымбат дәрі-дәрмектерді қолдану.
9.
Сақталған медициналық папирустардыңішінде ең әйгілілері: әйелдер ауруларына
арналған Кахунадан шыққан папирус, оның
бір тарауы әйелдерді қалай босандыруға
бағытталған - шамамен б.э.д. 2000 ж,
хирургия іліміне арналған зерттеушісі
есімімен аталған Смит папирусы - б.э.д. 1500
ж., қомақты медициналық Эберес папирусы
(б.э.д. ІІ ғ. ортасы), балалар ауруына емдеуге
арналған Бругш папирусы (б.э.д. 1450-1350
жж.).
10.
Эберс папирусында өсімдіктерден әр түрлішырындар мен бал алу жолдары
көрсетілген 800 рецептен тұратын
«Дененің барлық мүшелеріне арналған
дәрілерді жасау кітабы» деген бөлімі бар.
11.
Мысырда науқастарды емдеу үшінжақпалар, судағы ерітінділер, жуу,
шашырату, клизма, компрестер, қыша
қағаздар, жапсырмалар, тұнбалар,
қайнатпалар және дәрілер пайдаланылған.
12.
Мысырда тері ауруларына қарсы дәрі-дәрмектер кеңінен тараған, сондықтан
көптеген тарихшылар бұл елді
дерматология отаны деп санайды.
Мысырлықтардың дәрі жасау үлгісі осы
заманғы үлгіге өте ұқсас: әдетте дәрінің
құрамы негізгі, көмекші және қалпына
келтіруші заттардан құралады.
13.
Фармаки немесе Фармаци (аудармасы«қорғаушы, құтқарушы, сауықтырушы»
дегенді білдіреді) деп аталып кеткен
дәрігерлік өнердің құдайы Тотты
мысырлықтар емдеу ісінің жарылқаушысы
деп есептеген. Сондықтан да болар, түбірі
«фарма» болып келетін – фармация,
фармацевт, фармакопея сөздері осы
заманға дейін келіп жеткен.
14.
Гигиенаға аса көңіл бөлінген. Ақсүйектертұратын аудандарда су құбырлары
орнатылып, канализациялар тартылған. Әр
бір үйде хауыз болған. Шекті тазартуға,
тамақты шектеуге кеңес берілген.
Қоғамдық және жеке бас гигиенасын
реттеп отыратын заңдар болған.
15.
Ежелгі Мысырда дәрітану және емдеу жүргізукәсіби дәрігерлердің еншісінде болған, бірақ
осы кездің өзінде кейбір бақсылық ұйымдар
терең химиялық білімдерінің арқасында
фармацияның дамуына айрықша үлес қосқан.
Тіпті «химия» терминінің өзі Мысырда пайда
болған. Мүмкін оның сыры түбірі «Мысыр»
дегенді білдіретін «хеми» сөзінде жатса керек.
Мысырлық медицина мен фармацияның
мұрасы Ежелгі Шығыс, Ежелгі Греция, Рим
және әлемдік медицина мен фармацияның
дамуына үлкен әсерін тигізген.