Әдебиет әлемі және қазақ руханияты
182.95K
Категория: ЛитератураЛитература

Әдебиет әлемі және қазақ руханияты

1. Әдебиет әлемі және қазақ руханияты

Қазақ руханияты туралы сөз болғанда қазақтың
күйшілік өнері туралы айтпай кету мүмкін емес.
хІх
ғасыр қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы
Махамбет Өтемісұлы болса тек жалынды ақын
ғана емес, жауға қарсы найзасымен қатар
дауылды күйлерін қатар сілтелеген айбынды
халық батыры.

2.

Ә.Кекілбаев: «Махамбеттің адам таң
қалатын жері де сол, бола берместі
болдырта бергендігінде ғой.Алдымен
Махамбет болу қиын, ал Махамбет
болған соң ақын,батыр, күйші болу да
оңай сияқты. Адуын ақыннан қалған
асқаралы азаматтың жүрек соғысы мен
тынысының кардиограммасындай көп
жайды аңғартып, көп нәрсені түсіндіріп
тұр»
Қ.Ахмедияров: «Менің көз алдымда
Махамбет от жүректі, өжет қайсар,
жанкешті күреске, астындағы аты мен
қолындағы қару-жарағы, домбырасы
ғана емес, сазгерліктен де кенде
болмаған».

3.

«Ақжелең»
«Өкініш»,
«Жайық асу»
Қайран
Нарын
«Жорық»
Махамбетттің күйлері 17,
кейбір деректерде 20-ның үстінде
делінген.
«Жұмыр-Қылыш»
«Қиыл қырғыны»
«Тарлан»
«Исатайдың Ақтабаны-ай»

4.


Сүйіндіков Оразғали
Жұмашев Өтеген
Бозаев Көшәлің
Иманбаев Қанаш.
Махамбет күйлерін
тартып, бүгінгі
күнімізге жеткізген
домбырашылар
Бұл
домбырашылардан
күйлерді ерінбей
жинап, зер таспаға,
магнитофон
оентасына жазып,
күй аңыздардан
хатқа түсірді
• Ысмағұлов Мұстафа
• Көшекбаев Нәубет
• Ахмедияров
Қаршыбай
Бұл кісілер
Махамбеттің бүгінгі
күнімізге жеткен
күйлері жазылған
зертаспаны тарту
етті

5.

«Өкініш» күйі.
1839ж. Махамбет жасырынып Ақ Жайықтың күн батыс
бетіне өтеді. Жолдасы мен Нарында қалған әкесіне, балашағасына барып, олардың хал-ахуалын білмек болады.
Орда қаласынан 50-60 шақырымдай жердегі ҚарғалыҚарсақпайға түнделетіп жетеді. Оның бұл маңға барғанын
біреу Жәңгір ханға хабарлайды. Бұндағы танысының
үйінде Махамбет әңгіме-дүкен құрып, домбыра тартып
отырғанда иттер үреді. Үй иесі сыртқа шығып, тыңтыңдаса, бір топ аттылы көрінеді. Ізінше қайтып келіп: «Шамды сөндіріңдер. Бір топ бейсауыт адам келеді», - деп
сақтандырады. Махамбет домбырасын іргеге қарай ысыра
салып, сауытын киіп, найзасын қолына алып, сыртқа
шығады. Суыт келе жатқан адамдардың тегін емес екеніне
көз жетеді де, дереу атқа қонып, жолдасымен шағыл
құмдардың арасына қарай тартады. Сөйтіп, ол өзінің туып
– өскен жұртына тағы да қайрыла алмай, Ақ Жайыққа
қарай бет алады. «Өкініш» күйінің дүниеге келуіне осы
жағдай себеп болса керек.

6.

«Жұмыр, Қылыш»
Бір аста Баймағамбет сұлтанның шаш ал десе, бас
алатын нөкерлері Махамбет пен Жақияға тор құрады.
Бұларды Жұмыр мен Қылыш қалқан болып қорғап
қалады. Ақын арыстай екі азамат туралы ризашылығын
күймен толғап-жеткізуді ойлады. Сөйтіп, Махамбет
тобылғыдан домбыраға тиек жасап, әлгі күйдің сазын
тарта бастайды. Бұл күй - Жұмыр мен Қылышқа
арналады. Мен үшін бұл екі батыр семсерлерін
жалтылдатып, екі қапталында тұрып алғанда, Исатай
ағасы мен Барақ, Ерсарылар тіріліп келгендей болады.
Сол кезден бастап Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш» күйі
ұрпақтан ұрпаққа жол тартады.

7.

Қорытынды
Махамбет - көшпелілер өркениетінің осынау
жарық дүниемен шырқырап қоштасқан соңғы үні.
Тарих
сахнасына
шығарған
көшпелілер
мәдениетінің буырқанып келіп жартасты соққан
ақжал толқыны – Махамбет. Ол поэзияда қандай
дара болса, күйде де сондау оқшау
А.Сейдімбек
English     Русский Правила