Объективті жақтың қосымша белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу тәсiлi әрекеттiң қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне елеулi әсер ететiн жағдайда заңшығарушы оны әрекеттiң ауы
Жасалу орны - қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы болған, яғни, қылмыстық құқық бұзушылық әрекет басталған, аяқталған немесе қылмыстық нәтиж
Қылмыстық құқық бұзушылық құралы мен қаруы маңыздылығы жағынан қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу тәсiлiнен кейiн екiншi тұрады. Қылмысты
Объективті жақтың қосымша белгілері
Оқыңыздар!!! Оңай емес!!!
776.50K
Категория: ПравоПраво

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтiк жағы

1.

2.

Адам әрекеттерiнiң iшiнде қылмыстық құқық
бұзушылық iс-әрекет өзiнiң қауiптi болуымен
ерекшеленедi.
Осы қылмыстық құқық бұзушылық iс-әрекетiнiң
сыртқы көрiнiсi белгiлерiнiң жиынтығын қылмыстық
құқық бұзушылықтың объективтiк жағы құрайды.

3.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтiк жағына
қылмыстық құқық бұзушылықтың сыртқы көрiнiсiн
сипаттайтын мына белгiлер жатады:
ОБЪЕКТИВТІ ЖАҒЫ
белгiлi бiр объектiге
қол сұғатын әрекет
немесе әрекетсiздiк қоғамға
қауiптi
зардаптар
қылмыстық құқық
бұзушылықтың
жасалу тәсiлi,
уақыты, орны,
жағдайы және т.б.
әрекет
(әрекетсiздiк)
пен зардап
арасындағы
себептi байланыс

4.

- ІС-ӘРЕКЕТ – ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢМЕН ТИЫМ САЛЫНҒАН
ҚАНДАЙ ДА БІР ӘРЕКЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
- ІС-ӘРЕКЕТ – ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚҚА
ҚАЙШЫ
- ІС-ӘРЕКЕТ – НАҚТЫ, САНАЛЫ ЖӘНЕ
ЕРІКТІ ТҮРДЕ ЖАСАЛУЫ ТИІС
- ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТА ЕКІ ТҮРІ КӨРСЕТІЛЕДІ
ӘРЕКЕТ
(АДАМНЫҢ БЕЛСЕНДІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ)
ӘРЕКЕТСІЗДІК
(ЕНЖАР МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ)
НАҚТЫ ІС-ҚИМЫЛДАР АРҚЫЛЫ
АДАМҒА ЖҮКТЕЛГЕН
МІНДЕТТЕРДІҢ БОЛУЫ
СӨЗ АРҚЫЛЫ
АДАМНЫҢ ӨЗІНЕ ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРДІ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНА НАҚТЫ МҮМКІНДІКТЕРДІҢ
БОЛУЫ

5.

МАТЕРИАЛДЫҚ
азаматтарға, заңды тұлғаларға және мемлекетке
келтiрiлген мүлiктiк зиян және жеке адамға
келтiрiлген дене жарақаттары; яғни, материалдық
зардаптар сыртқы дүниенiң белгiлi бiр заттарын
жою, бүлдiру, қасиетiн өзгертумен немесе оларды
тұрақты немесе уақытша пайдалану мүмкiндiгiнен
айырумен байланысты зардаптар
тiкелей келтiрiлген зияндар, алынбаған
пайда, қажеттiнi ала алмау, азаматтың
денсаулығына келтiрген зиянды қалпына
келтiрумен байланысты шығындар
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС
қылмыстық заңмен қорғалатын
қатынастарға қатысушылардың
мүдделерiн сыртқы дүниенiң
материалдық заттарына және адамның
денесiне әсер етпей бұзумен ұштасқан
жағымсыз өзгерiстер;
- саяси, -моральдық,
- ұйымдастырушылық, - әлеуметтiк
және т.б. зияндар

6.

СЕБЕПТІ БАЙЛАНЫС
Адамның жасаған iс-әрекетi мен осы iс-әрекет
нәтижесiнде туындаған зиянды зардап арасындағы
байланыс
адамның iс-әрекетi кемiнде қоғамға қарсы, яғни, белгiлi
бiр зиянды зардаптарды тудыру мүмкiндiгiн иемденетiн
әрекет болуы тиiс
адамның қоғамға қауiптi әрекетi қылмыстық
зардаптың себебi болып танылу үшiн ол әрекет зиян
келтiрудiң қажеттi жағдайы болып табылуы қажет
мезгiлi, уақыты жағынан қылмыстық құқық
бұзушылықтың объективтiк жағын құрайтын iс әрекет
қоғамға қауiптi зардаптың алдын алуы қажет
белгiлi бiр қылмыстық құқық бұзушылықта себептi
байланыс бар деп тану үшiн iс әрекет пен зардап
арасындағы объективтi байланыспен қатар
субъективтi байланыс – кiнәнi анықтау қажет.

7. Объективті жақтың қосымша белгілері

Уақыты – бұл қылмыстық құқық бұзушылық жасалған белгiлi бiр жыл,
ай, тәулiк, сағатпен есептелетiн уақыт аралығы.
Мысалы, ҚК 401-бабы «Соғыс уақытында немесе төтенше жағдай
кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, сол сияқты осындай
жағдайларда ұйымның жұмысына кедергi жасау».
Ал кейбiр жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу
уақыты жауаптылықты ауырлататын немсе аса ауырлататын белгi
ретiнде қарастырылады.
Мысалы, ҚК 342-бабының 3-бөлiгi бойынша «ұрыс жағдайында немесе
төтенше жағдай кезінде жасалған қашқындық».

8.

Жасалу жағдайы. Бұл жағдайлар бiрде жасалған қылмыстық
құқық бұзушылықтың қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн едәуiр
жоғарлатып, жауаптылықты ауырлатушы белгi ретiнде танылса,
кейде жеңiлдетiлген қылмыс құрамын құрауға септiгiн тигiзедi.
Мысалы, ҚК 120-бабы 3- бөлiгiнiң 4 тармағы бойынша зорлау
қылмысы төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер
барысында жасалса жауаптылықты аса ауырлатады.
Ал, ҚК 102 және 112- баптарында қажеттi қорғану шегiнен
шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру немесе денсаулыққа ауыр
зиян келтiру негiзгi құрамға қарағанда жеңiлдетiлген қылмыс
құрамдарын құрайды.

9.

Жасалу тәсiлi –
бұл қылмыстық құқық
бұзушылықты жасау үшiн адамның қолданған
әдiс, амалдары.
Бiрқатар қылмыстық құқық бұзушылық тек белгiлi
бір тәсiлмен ғана жасалуы мүмкiн. Мұндай
жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылықтың
тәсiлi заңда қылмыстық құқық бұзушылық
құрамының мiндеттi белгiсi ретiнде көрсетiледi.
Мысалы, меншiкке қарсы жымқыру қылмыстары
бiр-бiрiнен осы қылмыстың жасалу тәсiлi
бойынша ажыратылады. ҚК 188-бабы «Ұрлық»,
яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау, ҚК 191бабы «Тонау», яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау.

10. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу тәсiлi әрекеттiң қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне елеулi әсер ететiн жағдайда заңшығарушы оны әрекеттiң ауы

Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу тәсiлi әрекеттiң
қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне елеулi әсер ететiн жағдайда
заңшығарушы оны әрекеттiң ауырлатушы белгiсi ретiнде
қарастырады.
Мысалы, ҚК 149-бабының 2-бөлiгi бойынша тұрғын үйге
қол сұғылмаушылықты бұзу күш қолданып не оны қолданамын
деп қорқытып жасалса жауаптылықты ауырлатуға негiз
болады.

11. Жасалу орны - қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы болған, яғни, қылмыстық құқық бұзушылық әрекет басталған, аяқталған немесе қылмыстық нәтиж

Жасалу орны - қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы болған,
яғни, қылмыстық құқық бұзушылық әрекет басталған,
аяқталған немесе қылмыстық нәтиже туған белгiлi бiр аумақ.
Жасалу орны да, егер ол нақты қылмыстық құқық бұзушылық
құрамының мiндеттi белгiсi ретiнде заңшығарушымен қылмыстыққұқықтық нормаға енгiзiлсе, әрекеттi саралауға әсер етедi.
Мысалы, ҚК 281-бабы «Жарылыс қаупi бар объектiлерде немесе
жарылыс қаупi бар цехтарда қауiпсiздiк ережелерiн бұзу», ҚК 457-бабы
«Шайқас даласында өлгендер мен жаралғандардың заттарын ұрлау», ҚК
391-бабы «ҚР мемлекеттiк туын сауда кемесiнде заңсыз көтеру».
Ал мына қылмыстарда қылмыстың жасалу орны жауаптылықты
ауырлататын белгi ретiнде қарастырылады.
Мысалы, ҚК 191-бабының 2-бөлiгi 4 тармағы «Тұрғын,
қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған
тонау», ҚК 242-бабының 2-бөлiгi «Төтенше экологиялық жағдай
аумағында жердi бүлдiру».

12. Қылмыстық құқық бұзушылық құралы мен қаруы маңыздылығы жағынан қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу тәсiлiнен кейiн екiншi тұрады. Қылмысты

Қылмыстық құқық бұзушылық құралы мен қаруы
маңыздылығы жағынан қылмыстық құқық бұзушылықтың
жасалу тәсiлiнен кейiн екiншi тұрады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың қаруы мен құралы деп
жанды және жансыз компоненттердi қолданып кiнәлiнiң
қылмыстық-құқықтық қорғау объектiсiне әсер ету әдiстерiн
айтамыз.
Қылмыстық құқық бұзушылық қаруы – бұл материалдық
объектiлерге әсер ететiн заттар. Оларға: атыс қаруы, суық
қару, құрылғылар қару ретiнде пайдаланатын өзге де заттар
жатады.
Қылмыс құралы мен қаруы ҚК мына баптарында мiндеттi белгi
ретiнде кездеседi: ҚК 125-бабының 2-бөлiгi «4» тармағы, ҚК
130-бабының 2-бөлiгi, ҚК 148-бабының 2-бөлiгi.

13. Объективті жақтың қосымша белгілері

Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған уақыты, орны,
тәсілі, жағдайы, құралдары мен қарулары қылмыстық құқық
бұзушылық құрамының объективті жағының ҚОСЫМША
белгілері. Қылмыстық істер бойынша олар іс-әрекетті саралауға
ешқандай әсері жоқ.
Алайда қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективті
жағының қосымша белгілері диспозицияға шығарылған болса
оларды дәлелдеу МІНДЕТТІ болып табылады.

14. Оқыңыздар!!! Оңай емес!!!

English     Русский Правила