1.40M
Категория: МедицинаМедицина

Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының даму ерекшеліктері

1.

Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының даму
ерекшеліктері

2.

Жоспары:
Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының даму
ерекшеліктері
Нәрестенің қимыл-әрекеттері
Нәрестенің зейіннің дамуы
Нәресте есі
Нәрестенің эмоциялық сезімі

3.

Жас ерекшелік психологиясының негізгі әдіснамалық
принциптері
Заттасқан
болмыстағы
психикалық
құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойындау.
Психикалық
құбылыстарды
танудың
генетикалық бағытын ұстану және оларды даму
үдерісінде зерттеу.
Психика мен іс-әрекеттің ажыралмас
болатынын қолдау.
бірлікте
Адам психикасын биологиялық және әлеуметтік
жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару.

4.

Нәрестелік кезеңнің даму ерекшеліктері
Нәресте – бір жасқа дейінгі сәби.
Бірінші ай
Жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы айын бейімделу кезеңі деп те
атайды. Бала әдеттегі ортадан, яғни ананың жылы жатырынан тыс жерде
өмір сүруді үйренеді. Осы уақытта, сәби:
Көп ұйықтайды, тәулігіне шамамен 20 сағат ұйықтайтын болады.
Көп тамақтанады.
Бұл кезде ата-ана – балаға қолайлы жағдай жасауы керек. Қатты ыстықтап,
суықтап қалмауы тиіс және нәрестені уақытында тамақтандырып,
жаялығын да уақытымын ауыстырып тұру қажет.
Әрине, сәбиді қолда көтеріп, онымен сөйлесіп, ән айтып, махаббатқа бөлеу
өте маңызды.
Бір айға қарай, бала ашық түсті ойыншықтарға назар аударып, оларды
көзімен және басын айналдыра қадағалай алады. Ал нәрестелер көретін
алғашқы түс – қызыл болмақ.

5.

Екінші ай
Бала екі айға толарда оның көру қабілеті мен естуі жақсарады. Сондай-ақ, нәресте 30
сантиметрден жарты метрге дейінгі заттарға қарай алады. Сәби шамамен 15 минут заттарға
немесе басқа да ойыншықтарға қарап тұра алады.
Екі айлық кезде балалар басын көтеріп, біраз уақыт тік ұстап тұратын болады.
Кейбір нәрестелер бір жағымен арқаға қарай аунауды біле бастайды.
Бала өзінің қолына қарап, зерттейді. Ол жұдырығын аузына апарып, соруы мүмкін.
Нәрестелік рефлекстер бұрынғыдай сақталады, бірақ аздап жоғала бастайды.
Эмоционалдық сала да дами бастайды. Екі айда «тірілу кешені» қалыптасады. Бұл дағды
баланың даму кестесінде ерекше орынға ие болады. Себебі, бұл жүйке жүйесінің қалыпты
жұмысын растайтын бір жасқа дейінгі маңызды кезеңдердің бірі.
Екі ай толғанда бала ата-анасын танып-біліп, оларды көрсе қуанады.
Екінші айында бала ата-анасына өзінің алғашқы саналы күлкісін сыйлайды. Егер ол әлі
күлімдемесе, алаңдаудың қажеті жоқ. Демек, бұл қуанышты сәт сәл кейінірек болады дегенді
білдіреді.
Екі ай толғанда бала былдырлай бастайды. Ал балаларға өздерінің былдырлап сөйлегені
ұнайды. Олар оны қуана тыңдайды.
Сондықтан, баламен жиірек сөйлесіп, оған ән айтуыңыз керек, сонда сәбиіңіздің де сізбен бірге
әндеткенін көресіз!

6.

Үшінші ай
Бір айдың ішінде балада физикалық, психикалық, эмоционалдық дағдылары
жетіле береді.
Бала басын күннен күнге жақсы ұстайтын болады;
Сәби ішімен жатқанқа білегін тіреп көтеріліп, жан-жағына қарай алады;
Бала үшінші айына қарай жұдырығын жазып, қолына сылдырмағын алып,
қызығушылық тудырған заттарға созыла бастайды;
Балалар қолына қарап, зерттеуін жалғастырады; айдың соңына дейін ең белсенді
балалар аяғын тануға көшеді;
Бала қолына алған барлық затты аузына салатын болады;
Бала дамуының үшінші айы эмоциялық спектрдің кеңеюімен сипатталады.
Кейбір балалар күлуді білсе, басқалары енді күлімдей бастайды;
Бала жақын адамдарының бет-әлпетіне мұқият қарап, көңіл-күйін біліп, олардың
бет қимылына еліктей алады;
Баланың тілі дами береді. Оларға ұзақ былдырлап отырған ұнай бастайды.

7.

Төртінші ай
Бала дамуының төртінші айында сәби физиологиялық және психологиялық
тұрғыда тез өзгереді:
Төрт айлығында бала басын нық ұстайды. Баланы қолға ұстағанда да, ішімен
жатқызғанда да ол басын бұрып, заттарға қарай алады;
Үш айдан төрт айға дейін бала өз бетімен аунайды. Белсенді балалар төрт
айлығында бөлмеден бөлмеге домалап барады немесе тіпті жер бауырлап
қозғалады.
Төртінші ай – заттарды саналы түрде тани бастайды. Бала сылдырмақты өзі алып,
онымен ойнай алады;
Бала жақындарын жақсы ажырата алады;
Бұл кезеңде анасынан бөлек қалу қорқынышы басым болады, сондықтан бала
оны бір секундқа да жібергісі келмей, бірден жылай бастайды. Сондықтан оған
көбірек көңіл бөліңіз, және бұл кезең де жақын арада өтіп кетеді;
Төрт айында баланың сүйікті ойыншықтары пайда болады және ол айнадағы
көрінісіне қызығушылық танытып, әртүрлі дыбыстарды мұқият тыңдауы мүмкін.

8.

Бесінші ай
Бала дамуының бесінші айында сәбиде маңызды әлеуметтік дағдылар байқала
бастайды: ол жақындарын басқалардан бөле бастайды. Бала ата-анасының
қолында қуана-қуана отырады, бірақ оған басқа адам жақындаса немесе оны
көтеруге тырысса, бүртию немесе тіпті жылауы мүмкін.
5 айында бала әртүрлі заттармен ойнай алады. Ол заттарды қолға алып, лақтырып,
ұрып, аузына да салады. Сондай-ақ, бес айында баланы суреттері бар кітаптар
қызықтыруы мүмкін. Әсіресе, олар бет әлпеттері әртүрлі адамдардың суретіне
қарағанды жақсы көреді. Түрлі-түсті журналдарға қызығады.
Сондықтан, оған суретте бейнеленген нәрсенің не екенін айтып, қарапайым
өлеңдер оқып беріңіз. Осылайша, баланың сөйлеуін дамытуға да үлес қоса аласыз.
Осы жаста балаға «ана, әке» секілді қарапайым сөздерді үйретуге болады. Кейбір
айлық балалар осы сөздерді қайтауы мүмкін.
5 айлығында балалар барлық жерде қуанышын күлімдеу арқылы білдіреді. Ол
жарқынырақ күліп, ренжігенін де білдіре алады. Яғни, эмоциялардың барлық түрін
игеруді жалғастырады. Егер оған ересектердің өзіне назар аударғаны керек болса,
онда бала қыңырлана бастауы мүмкін.

9.

Алтыншы ай
Бала дамуының алтыншы айы.
6 ай – қоршаған кеңістікті зерделейтін кезең. Бала қолына түскен заттың бәрі аузына
салып, ойыншықтарды бұза алады;
алты айда күнделікті алғашқы дағдылар қалыптасады: тамақтану уақыты
басталғанда, балалар қасықтың қандай екенін біледі; ересектер ұстайтын
шыныаяқтан ішуді үйренеді.
баланың ақыл-ойы дамиды. Олар бұл уақытта өз әрекеттерінің салдарын түсіне
бастайды: мысалы, ол ойыншықты лақтырса, құлап түсетінін және қандай да бір
заттың түймесін басса дыбыс шығатынын біледі;
тілінің қалыптасуы жалғасады. Алты айлық балалар буындарды сенімді қайталай
алады, «з», «с», «ф» секілді алғашқы дауыссыз дыбыстарды меңгереді.

10.

Жетінші ай
Жеті айлық бала айтарлықтай белсенді бола бастайды:
Жетінші айда балалар біраз уақыт бойы арқасын түзу ұстап отыра алады. Әсіресе
белсенді сәбилер қабырғаға тіреліп тұра алады, және қолын тіреп өз бетімен
тұруға тырысады.
Бала екі қолына да зат ұстап, оларды бір-біріне соққылап, ойнай алады.
Ойыншықтарды жерге қойып, лақтыра бастайды;
Жетінші ай – нәрестенің танымдық қызығушылығын ынталандыратын уақыт.
Сондықтан, оған айналасындағы заттар туралы айтып, денесінің негізгі бөліктерін
көрсетіп, атаңыз.
Жетінші айда балалар ата-анасының өтініші бойынша заттарды көрсете алады.
Мысалы, көз қайда? сағат қайда? деген сөздер;
Жеті айлық сәбилер ересек адамдарға еліктей бастайды, бұл оларды
тамақтандыруды жеңілдетеді;
Бұл кезде бала жануарлар шығаратын дыбыстарға еліктеп, «ав-ав», «ме-ме» деп
айта алады;

11.

Сегізінші ай
Бала сегіз айында орнынан тұруға тырысатын болады.
Сегіз айлық бала еңбектеп, өзі тұратын бөлмені зерттейді. Сонымен қатар,
бөлмелердің орналасуын біліп алған соң, үйдің ішінде еңбектеп, қозғала
бастайды.
Бұл кезеңде бала өздігінен отыра алады.
Баланың ойындары мағыналы бола бастайды. Сәби ойыншықтарды қорапқа
немесе кез-келген нәрсеге салуды біледі. Кейбір балалар пирамида құрастырып,
сақиналарын кигізіп, қайта бұзады. Шыныаяқтарды бір-біріне қоюға тырысады.
Бұл кезде бала қасықты өзі ұстап, тамақтанғысы келеді. Сондықтан баланың бұл
қалауын жігерлендіру қажет, сонда кейінірек балаңызға осы дағдыларды
үйретудің қажеті болмайды.
Бала ойыншықты алып кел, люстраны көрсетші деген сияқты қарапайым
сұрақтарды түсінеді. Көптеген балалар денесінің қандай да бір бөлігін көрсете
алады.
Сөйлеуі әрдайым жақсарады. Сәби ересектердің сөздерін қайталауға тырысады,
жаңа буындар құрайды. Дәл осы уақытта бала өзінің алғашқы саналы сөзін айтуы
мүмкін.

12.

Тоғызыншы ай
Тоғыз айлық бала аяғымен тұруға тырысуын тоқтатпайды;
Ол сенімді түрде орнынан көтеріліп, тіреуішке тұра алады. Диван, төсек, балалар
кереуетін жағалап жүреді;
Еңбектеу кезінде бұрылып, кері бағытқа қарай еңбектеп бара алады. Өздігінен
отырып, жатып, тұратын болады.
Бала көзі түскен барлық нәрселерге жетуге тырысады. Оларға қолы жетпесе,
шыңғырып наразылығын білдіруі мүмкін. Тоғыз айдында бала өзінің мінезін
белсенді түрде көрсете бастайды. Бұрын еш қарсылықсыз қабылдаған нәрселерді
жасатпай, тіпті киіну және жууыну кезінде қарсылық көрсетіп, жылауы мүмкін.
Сондай-ақ, бала анасын жоғалтып алудан қорқады және оны көз алдынан жібермей
отырады.

13.

Оныншы ай
Он айлық балалар ересектерге еліктеп, олардың мимикасын қайталағанды жақсы
көреді. Сондықтан, баланың осы қызығушылығын пайдаланып, онымен жаңа
қарапайым сөздер айтыңыз. Сонда бала сіздің айтқаныңызды қайталап, жаңа сөздер
жаттайды.
10 айлық балалар жануарлардың атын жақсы есте сақтайды тіпті, олардың дауысын
пародиялайды.
Бала көрсет, жасыр, әкел сияқты қарапайым өтініштерге жауап бере алады. Балалар
дене бөліктерінің қалай аталатынын біледі және көзін, мұрнын көрсете алады.

14.

Он бірінші ай
11 айда балада өзін-өзі тану дағдысы дами береді. Бала тамақты қасықпен жегісі
келіп, шыныаяқтан су ішіп, киімін өзі киіп-шешуге тырысады.
Бала дамуының он бірінші айы – алғашқы саналы диалогтар орнайтын уақыт.
Сәби «иә», «жоқ», «болмайды» деген сөздердің мағынасын жақсы түсінеді; иә,
жоқ дегенді басын изеп білдіре алады.
Сонымен қатар, бала қызығушылық танытқан затқа қарап, саусағымен көрсете
алады. Осылайша, бала ересектермен қарым-қатынас жасай бастайды және атааналар мен бала бір-бірін жақсы түсінетін болады. Сондай-ақ, білетін сөздері
көбейеді. Бұл кезде бала «ана», «әке» секілді екі-үш сөзді анық айтуы мүмкін.
Он бір айлық балалар сыпайы қарым-қатынас дағдыларын меңгере бастайды.
Олар «сәлем» және «сау бол» деген қимылдарды оңай есте сақтап, қолын бұлғай
алады.
Бұл балаға әлі де ойын болғанымен, жағымды әдетті дамыту үшін, ата-аналар
балаға сәлемдесіп, қоштасуды үйреткені жөн.
11 айда балалар өте қатты сезімтал болады, тез күліп, жылай салады. Бейтаныс
жерде ұялып, бөтен адам көрсе қорқа бастайды. Ал бұл көріністер бала
психикасының қалыпты дамып келе жатқанын көрсетеді.

15.

Он екінші ай
Бала дамуыны он екінші айы – нәрестеден бала жасына дейінгі өтпелі кезең. Бұл
шектеу өте шартты болса да, психологиялық тұрғыдан ата-аналар бір жасар
баласынан 11 айлық кезінде жасаған әрекеттеріне қарағанда әлдеқайда көп
нәрсе күтеді.
Бала бір жасқа келгенде жүре бастайды.
Бір жаста олар кедергілерден аттап өтуді үйренеді. Алдымен ересектердің
қолынан ұстап өтіп үйренсе, содан кейін өздігінен жасайды.
Тұрмыстық дағдылары дамиды: бала тамақты қасықпен жеп, суды кеседен іше
алады.
Бір жасар бала өзіне айтқанның бәрін түсінеді. Ол көңіл-күйді жақсы оқи алады
және соған тез беріледі. Бұл жаста олар анасымен бірге қуанып, мұңайады.
Осыған байланысты, психологтар үлкендерге баланың көзінше жанжалдаспауға
кеңес береді. Өйткені, бала өз эмоцияларымен қалай күресуге болатындығын әлі
білмегендіктен, бұл оған ауыр жарақат әкелуі мүмкін.
Сәби тек өзіне айтылған нәрсені ғана түсінбейді, сондай-ақ өзі де көп нәрсе
құрастырып және жеке сөздер айтады. Бір жасар баланың сөздік қоры – екіден
он сөзге дейін жетеді. Кейбір нәрестелер одан да көп сөз айтуы мүмкін.
Он екінші айында баланың ойыны күрделене түседі. Бала кейбір ойыншықтарды
бөледі, оларды тамақтандырып, күтіп-қарауы мүмкін.

16.

Жас ерекшелік психологиясы:
• психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан
зерттеу;
• психикалық құбылыстардың физиологиялық
тетіктерін зерттеу;
• психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму
барысын талдау;
• психологиялық білімдерді адам өмірі мен ісәрекетіне жоспарлы ендіруге жәрдем ету.

17.

Жас ерекшелік психологиясындағы
психологиялық қасиеттері
таным процесі
Түйсік
Қиял
Зейін
Қабылдау
Ес - Елес
Ойлау
Сөйлеу
Эмоция
Ерік
Темпера
мент
Қабілет
Сезім
Мінез

18.

Олигофренопсихология - ми зақымы ауруымен туған
адам психологиясының дамуын,
Сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар
психикасын,
Тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың
психологиялық дамуын зерттейді.

19.

Нәрестенің қимыл-әрекеттері. Бала қимыл әрекетері өте
күрделі. Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы аса маңызды.
Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары
шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды. 5-6
айында бала затты қатты ұстап алады, бұл көру қабілеті мен
қозғалыс әрекеттерін күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы
сәттің әрі қарай дамуы үшін маңызы зор: ұстау – баланың
алғашқы мақсатқа бағыттылған әрекеті, заттармен әр түрлі әрекет
жасауды меңгеруінің негізі болп табылады.Қабылдау және әрекет
нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық ойлауды алғашқы негізін
қалаушы баспалдақ. 1 жылдың ішінде бала шеше алатын
танымдық әрекеттер, бастапқыда қабылдау содан соң белсенді
әрекет күрделене түседі. Жетістіктерге жету үшін бала көру және
қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық астына
қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен
жастықтың барлығын аудыры бастайды.
Бірінші жылдың соңында бала күрделі ойын әркетіне ене
бастайды. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде болса
нәресетелік кезеңде зат туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы
жөнінде айтуларына мұмкідік береді.

20.

Нәрестенің зейіннің дамуы. Бала туғаннан бастап бірден зейіні
реакциядан көрінеді. Ол әсіресе бірден шыққан дыбысқа, тым
ашық түстен қашады. 1 айлық балада «бұл не?» рефлексі пайда
болады. Егер бұндай рефлекс жануарда болса, тек биологиялық
функция түрінде болады. Бұл рефлекс балаға мәнді бөлуге, оны
тануға, онымен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді.
Қарапайым зейінге бала өзінің анализаторларын тоқтатп
қабылдай алады. Нәресте 2-3 аптадан кейін орташа дыбыс пен
қатты дыбысты, қозғалысты байқайды. Нәресте туғанда әрине
оған айтқанды түсінеді, тыңдайды. Нәресте бір айдың аяғында
жай емес заттарға көңіл аударады. Нәресте 2-3 айдан кейін
анасының белгілерін байқап онымен қатынаста бола
бастайды. Зейіннің дамуы затты ұғып, түсінуге мүмкіндік береді.
Нәрестеге 6 ай болғанда тітіркену «бұл не?» «онымен не істеуге
болады?» ауысады.Енді бала тек затты емес, оның сынын, оның
әсерін реттейді және ол бір уақытта кей затқа зейінін
шоғырландырады. Мысалы, шарды қорапқа салады, бір шарды
екінші шарға ауыстырады. Нәрестелік зейінге дамушы
ерекшеліктерін көрсетеміз.

21.

Нәресте есі. Нәрестенің танымдық дамуы оның психикаснда есзерденің аса қарапайым тетіктерінің қалыптасуынан кейін
басталады. Алғашында тану пайда болады. Ерте нәрестелік
кезеңде-ақ жаңа әсерлермен бұрыңғы бейнелерді байланыстыра
бастайды. Егер балаға жаңа қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы
оны қарайды, ол келесі күні қуыршаұт тануы мүмкін. 3-4 айында
ол үлкен адамның оған көрсеткен ойыншығын таниды. 4 айлық
бала өзіне тансы затты таныс емес заттан ажырата алады.
Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына
тығып қойсақ, 8 айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундтан
кейін оның қайда жатқанын есіне түіре алады. 1 жаста барлық
балалар 1-3 секундтан кейін таба алады. Олардың көбісі 7
секундтан кейін де ойыншықтың қай орамалдың астында
жасырынғандығын есіне түсіре алады. Мұндай жағдайда 8 айдан
кейін зердесінде қайта жаңғырту, образды қалпына келтіру бала
алдында ұқсас объекті болмаса да қалыптасады.
Нәрестелік кезеңде таныдық үрдістермен қатар эмоцилық дамуды
да бақылау қажет. Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен
қарым-қатынас жасауымен байланысты дамиды. Алғашқы 3-4
айда балаларда әр түрлі эмоциялық жағдайлар пайда болады: таң
қалу, физикалық (дене) дискомфортын сезгенде алданушылық
(қимылдың көбеюі, жүрек соғысының жиілеуі, көзінің жұмылуы,
жылау), қажеттілігін қанағаттандыру кезіндегі еркінсу.

22.

Нәрестенің эмоциялық сезімі. Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде
берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үрдістермен қатар
дамып отырады.
Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары,
мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепетеңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде
көрінеді.
Денесінің қысылғанын, не аурығанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ –қолын
қатты қозғалтып, доданып қатты ашулынғанын білдіріп айғайлап жылайды.
Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды
эмоциялық көңіл-күй байқалады.
Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері күрделенген
сайын сезімі де қиындап күрделене түседі.
2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі байқалады. Мұның
пайда болу себебі, үлкендер баланы барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп
мейірімділікпен еркелетсе анық көрінеді. Мысалы, әлемі ашық түсті ойыншық
сазды музкалық әуен болады. Жағымды сезім тудырушы әсіресе өзінің ең жақын
адамдарды анасына деген сүйіспеншілік ықылас ниетінен сезімін жақсы көреді.
Ол күлсе, күледі, бетін басып жаласа, қоса жылайды. Сондай-ақ
айналасындағылардың талап-тілектерін орындау негізінде де байқалады.
English     Русский Правила